№35 (8386) 4 мамыр, сәрсенбі, 2016 жыл



жүктеу 351.95 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата26.01.2017
өлшемі351.95 Kb.
  1   2   3   4

№35 (8386) 4 мамыр, сәрсенбі, 2016 жыл 

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі нің

бірнеше ұлттың өкілдері шоғырланған Шиелі

ауданы үшін орны ерек. Осы күні аудан орталы -

ғындағы М.Шоқай алаңында «Ынты мақ. Достық.

Бірлік» тақырыбында салтанатты шара ұйым -

дастырылды. 

Кешкілік серуенге шыққан Шиелі жұртшы лығы

үшін ауа райы өте қолайлы болды. Көк аспаннан

күлімдеп, айналаға нұрын төгіп, шат тығын сыйлап

тұрған алтын күннің өзі ын тымақты елге бақ қона -

тынын айтып тұрған дай. Тіпті, бетіңді салқын са-

малмен сипап өте тін жел тұла бойыңды рахатқа

бөлейді. Міне, осылайша, табиғат ананың өзі бірлік

күнін атап өтуге ерекше жағдай жасады. Бір-бірін

мейраммен құттықтап жатқан үлкен дер дің де,

ойынға тоймай, шаттыққа бөленген балалардың

да жүздерінен қуаныштың лебі есіп тұрды. Бұл бе-

реке мен бірлікті барлық тірлігінен артық қоятын

130-дан астам ұлт пен ұлыс мекендейтін Қазақс -

тан халқы достығы ның бір көрінісі болды. Жалпы,

Сыр өңірі 70-тен астам түрлі этнос өкілдерінің

құтты меке ніне айналса, Шиелі ауданында 17

ұлттың өкілі бір үйдің баласындай тату-тәтті күн

кешуде.

Салтанатты жиын өткізілетін орталық алаңда -



ғы сахна ерекше безендіріліпті. Еліміздегі сан

алуан ұлт өкілдерінің достығын бейнелейтін бил-

борд мерекенің мәнін ашып тұр. Шараның шы -

мылдығы көпұлтты еліміздің бірлігі мен халықтар

достығын насихаттайтын бимен ашылды. Одан

соң мінберге көтерілген аудан әкімі Шиелі жұрт -

шылығын мерекемен құттықтап, жылы лебізін біл-

дірді.


– Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бір-

лігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл –

ынтымақ пен бірліктің, татулық пен достықтың ме-

рекесі. Біз жерімізді, экономикамызды, әлеуметтік

тұрмыс-тіршілігімізді ауданда тұратын сан ұлт

өкіл дерімен бірге қоян-қолтық араласа жүріп кө -

тер  дік. Тамыры тереңде жатқан достығымыз өр -

кен деп, өсе берсін! Бүгінгі мерекелеріңізбен құт -

тықтай отырып, баршаңызға бейбітшілік, аманшы -

лық және молшылық тілеймін. Ел болашағының

сенімді кепілі – халықтар достығы нығая берсін! –

деді Қайратбек Сәрсенбаев. 

Мерекелік жиын ары қарай аудан өнерпаз дары

дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Г.Әбілова, Г.Әбдіразақова, А.Есімов, С.Көрегенов,

М.Әлиева сынды әншілер шараны әнмен әрлесе,

«Ақерке» және «Еркеназ» би топтарының бишілері

бимен көркемдеді. Н.Ибраев саксофонда ойнап,

жұрттың жүрегі нен жол тапса, әуез мектебінің

балғын әнші ле рі көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-

күй сый лады. Осылайша, шиеліліктер елдіктің

ерен үлгісін көрсетіп, ел мен жердің амандығын ті-

лесіп тарқасты.

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ



Азиз БАТЫРБЕКОВ,

«Өскен өңір».

«СЕРПІН – 2050»



ЖАСТАРДЫ

ЖҰМЫССЫЗ

ҚАЛДЫРМАЙДЫ

ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

ЖОБА

Басқосуды жүргізген аудан басшысы

əуелі өткен жылы «Серпінге» бө лін ген

грант тың 1800-і Сыр бойы жастарының

үле сіне тигенін жəне мұның келешегі һəм

саяси мəні зор жоба екенін айрықша атап

өтті. Сонымен қатар, жергілікті жердегі

білім сала сының жай-күйіне де қысқаша

тоқ тал ды. «Біздің балаларымыз мектепке

дейінгі ұйымдар мен 100 пайыз қам тыл -

ған. Үш ауысымды оқыту мен апат ты мек-

тептер мəселесі толығымен шешілген.

Аудан бюджетінің (10 жарым миллиард

теңге) 70 пайызы білім саласына

жұмсалып отыр. Алда – Ұлттық

бірыңғай тестілеу. Оған дай -

ын дық тың ғылықты, жүйелі

түрде жүргізілуде. Ал дың -

ғы қатар 

дан көрінеміз

деген үміт 

теміз. Был 

-

тырғы сынақтың қоры -



тын дысы бойынша ор -

та балымыз 79-ды құ -

ра ған-тын, биылғы ме-

жеміз – 90-нан жоғары

балл жинау», – деді ол. 

Мұнан соң сөз алған

М.Əбенов үс 

ті міз дегі жылы

«Серпін – 2050» жобасы ая сын -

дағы алғашқы кездесуді Шиелі ауда -

ны нан бастағанын тілге тиек етті. «2014

жылы 2050 талапкер оқуға түссе, былтыр

«Серпінге» бөлінген арнайы грант 3 есе

өсіп, 6200-ге жетті. Бұл ең алдымен, эко -

номикалық мақ сат тан туындап отыр. Қа -

зір əлемдік на рық та мұнай бағасы құл -

дырап, одан түсетін табыс азайды. Енді

экономикамыз қуатты болуы үшін өндіріс

орындарын көбірек ашуымыз керек. Сон -

да ғана шикізатқа тəуелді болмаймыз. Ал,

өндіріс ошақтарының басым бөлігі қайда

шоғырланған? Павлодар, Шы  ғыс Қа зақс -

тан, Қостанай, Ақтөбе, Ақ мола, Солтүстік

Қазақстан, Батыс Қа зақстан, Қарағанды,

Атырау облыс та рында. Өкінішке қарай,

көші-қон үдерісі есебінен соңғы уақытта

аталмыш өңір лердегі тұрғындардың саны

кеміп жатыр. Яғни, қанша зауыт, фабрика

салғаны мыз бен, жұмыс күші жетіспейді.

Павлодар об лысында бол дым, мектеп-

терде мұғалім тапшы. Шығыс Қазақстан

облысында автобус жүргізетін адамды,

жол-патрульдік полиция қызметкерін

шарқ ұрып іздеп жүр. Ал, Маңғыстау, Ал-

маты, Қызыл орда, Жамбыл жəне Оң түс -

тік Қазақс тан облыстарында – керісінше

жағдай. Халық са ны көп. Бала туу деңгейі

жылдан-жылға ар тып келеді. Егер осы

қарқыннан тай ма сақ, 2025 жылға дейін

Қазақстан бойынша еңбек етуге қабі летті

азамат тар дың 70 пайызы аталмыш бес

облыста тұратын болады, – деген ол мұ -

ның салдарынан туындайтын түйткіл дер -

ді санап берді. – Ба ла бақша мен мектеп

тапшы лығы үдейді. Колледждер мен уни-

верситеттер талапкерлерді қабылдауды

шек тейді. Жаппай жұмыссыздық етек

жаяды. «Серпін» бағдарламасы, міне,

осындай келеңсіздіктердің алдын алуға

ба ғыт талған». 

Сондай-ақ, Мұрат Абдуламитұлы жо -

ба шеңберінде, əсіресе, техникалық ма -

мандықтарға басымдық берілетінін атап

өтті. Оның айтуынша, 2015-2016 оқу жы-

лында бағдарламаға қатысқан 19 жоғары

оқу орнына 60 мамандық бойынша бө лін -

ген 5000 гранттың 3000-ы «Техникалық

ғылымдарға», 1500-і «Білім» бағытына,

300-і «Ауыл шаруашылығы ғылым да ры -

на», 200-і «Ветеринарияға» бұйырыпты.

Талапкерлерге 4 мамандық бойынша өз

қа лауымен кез келген қаладағы, кез кел -

ген жоғары оқу орнын таңдауға мүм кін дік

берілетінін ескерткен ол жастарды дұрыс

таңдау жасай білуге шақырды. Назар

ауда рар жайт, бағдарлама бойынша

грант иегері атанған түлек стипендия, жа -

тақхана жəне жұмыс орны мен қамта ма -

сыз етіледі. «Серпін» төңірегінде жан-

жақты ақпар берілген шара барысында

мектеп бітірушілер көкейлерінде жүрген

түрлі сауалдарын қойып, сол мезетте

тұшымды жауаптар алды. Өз кезегінде

Қызылорда қаласының тумасы, Қара 

-

ғанды техника-құрылыс колледжінде оқи



жүріп серпіндіктердің көшбас 

шы сына


айналған Жасұлан Жақыпов та мінберге

шығып, өз қатарластарын сапалы білім

алуға үндеді.

Айта өтейік, «Серпін» жобасы хақын -

да тереңірек білгіңіз келсе, serpin-2050.kz

сайтына кіруді ұмытпаңыз! Ал, оқып

жүрген студенттер жайлы ақпараттарды

serpin.biz сайтынан табасыз. 

Жиын соңында Қ.Сəрсенбаев орай лы

сəтті пайдаланып, Жер кодексі нормала-

рына қатысты пікірін білдіріп, жиналған

қауымды Қазақстан халқы ның бірлігі ме-

рекесімен құттықтап, əр шаңыраққа бе-

реке, бірлік, татулық тіледі.  



ҰЛЫ ДАЛА ӨСИЕТІ

Бақытты шаңырақ дегеніміз –

жалтылдаған сәнді сарай емес, 

жан жарыңның, жақын-жораларың мен

сүйкімді балаларыңның сыңғырлаған

күлкісі, ырысы мен ынтымағы.

АНАҚАРЫС.

Шиелі ауданының сексен жылға жуық тарихы бар «Өскен

өңір» газетіне 2016 жылдың екінші жарты жыл ды ғына жазылу

жүріп жатыр. Басылым қозғайтын тақырыбы 

ның сан

алуанды ғы мен ерекшеленеді. Газет беттерінен қа лың оқырман



эконо ми ка лық-әлеуметтік салалар, мәдени-әдеби өмір туралы

дүниелерді молынан таба алады. Яғни, әрбір адамның өзін

қызық ты ратын материалдарды оқуына мүмкіндігі бар. 

Ауданның апталық таралымы 12 мыңға жақын бас

басылымының тұрақты және жаңа оқыр мандарымен 2016

жылдың жартыжылдығында қайта қауышамыз деген сенім-

деміз. 

«Өскен өңір» – бәріңіздің сүйікті һәм керекті газетіңіз.



«Өскен өңір» – әр отбасының, әрбір мекеменің рухани серігі,

жаңалық жаршысы.  

Басылымның 6 айға жазылу бағасы төмен дегідей:

Жеке тұлғалар үшін – 2000 теңге.

Мекемелер үшін – 3000 теңге.

Еске салайық, «Қазпочта» АҚ-ның тасымалдау және тарату

қызметі тарифтерінің өсуіне байланысты басылымдарға жа-

зылу бағасын көтермеу мақсатында «Сыр медиа» ЖШС 2016

жылдың 1 шілдесінен бастап аталмыш мекеменің қызметінен

толық бас тартып отыр. Сондықтан, алдағы жартыжылдыққа

«Сыр медиа» ЖШС-не қарасты барлық газетке жазылу тікелей

«Өскен өңір» газетінің редакциясы мен серіктестік өкілдері

арқылы жүргізіледі.

Біздің есеп шотымыз:

«Сыр медиа» ЖШС

СТН 331 000 011 645

БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі 

Серия 33001 №0003930 17.08.2012

ИИК KZ349260701180488005

АО “Казкоммерцбанк”

БИК: KZKOKZKX    



«ӨСКЕН ӨҢІРГЕ»

ЖАЗЫЛУ ЖҮРІП ЖАТЫР

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем-

лекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы»

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаң -

тардағы Заңының  10-бабының 2-тармағын, 

18-бабының 4-тармағының 1)-тармақшасын

басшылыққа алып ШЕШІМ  ЕТЕМІН:

1. Аудандық мəслихаттың кезекті 2-сессиясы

2016 жылдың 13 мамырында сағат 17.00-ге аудан

əкімінің мəжіліс залына, тұрақты комиссия оты-

рысы аудандық мəслихат аппаратының мəжіліс за-

лына сағат 15.00-ге  шақырылсын.

Оның күн тəртібіне төмендегі мəселе енгізілсін:

2015 жылға арналған Шиелі ауданы бюджетінің

атқарылуы туралы 

2. Аудандық мəслихаттың кезекті 2-сессиясына

аудан əкімі, оның орынбасарлары, ауылдық округ

əкімдері, дербес бөлім басшылары шақы рылсын.

3. Аудандық мəслихат хатшысына, тұрақты

комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Рес -

публикасындағы жергілікті мемлекеттік бас қару

жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респуб -

ли касының  Заңының  10-бабының 3-тар ма ғының

талаптарына сай аудандық мəслихаттың кезекті 

2-сессиясын дайындау жəне өткізу тапсырылсын.



Ə.АБДУЛЛАЕВ,

Шиелі аудандық мəслихатының 

сессия төрағасы.

VI шақырылған аудандық мəслихаттың 

кезекті 2-сессиясын шақыру туралы

Замана толқынының ауырын да, жеңілін

де қабыл алған қазақ – ешбір қиындыққа

мойыма ған, төзімді халық. Біз – ғасырлар

бойы сынала жүріп шыңдалған елміз. Ел ба-

сына күн туған қилы-қилы кезеңдерде де

халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған –

ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік уақытта

басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен

қазанын ортайтпаған, қанағатшыл халқымыз

өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен,

орамды оймен, терең кемеңгерлікпен,

ешқашан да тарылмаған пейілімен еліміздің

тамырын жазып, бұтағын жайқалтып, құшағын

кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар

жерде ғана – береке мен ырыс, ауызбірлік пен

түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік

құрған жерде ғана қашанда нəтижелі іс бо-

лады. Тəуелсіз мемлекетімізде қалыптасқан

ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының

арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, іл-

гері басуда. 

Бүкіл əлем санасатын іргелі елдің тізгінін

нық ұстап, болашағын саралайтын Елбасы-

мыз бар. Оның қасында жалпақ жұрттың

қамын ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимей

тер төгетін азаматтар бар. Мемлекет

басшысының бес инс ти туттық реформасын

жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты

қадам» Ұлт жоспарында біртектілік пен бірлік

мəселесіне ерекше назар аударылған.

Мəселен, 85-қадамда «Мəңгілік Ел»

патриоттық актісі жобасын əзірлеу туралы

айтылса, 86-қадамда «Қазақстан халқы

Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен от-

басы» кең көлемді жобасын əзірлеу жəне

жүзеге асыру, ол қазақстандық тардың бір-

тектілігін нығайтады жəне азаматтық

қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай

туғызады» деп көрсетілген. 

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс

қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген

даналық сөз бар. Олай болса, «Ынтымағы

мен бiрлiгi жарасқан Қазақстанның көк

байрағы желбiрей берсiн, тəуелсiз елiмiз жай-

нап, гүлдене түссiн! «Ырыс алды – ынтымақ»

атты қанатты қағида мызғымас бiрлiгiмiздi,

берiк ауызбiршiлiгiмiздi, кiшiпейiл iзгiлiгiмiздi

нығайтып, игi iстердiң жалғасуына жол аша

берсiн!» дегім келеді.



Шырынкүл ҚАЗАНБАЕВА,

Социалистік Еңбек Ері. 

БІРЛІК – БАСТЫ БАЙЛЫҚ



ҒАСЫРЛАР БОЙЫ СЫНАЛА

ЖүРІП ШЫңДАЛҒАН

ТАТУЛЫқ ЖАРқЫН БОЛАШАққА БАСТАЙДЫ

Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялағалы

бері 25 жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде

мемлекетімізді өзге елдерге мойындатып,

əлемдік саяси аренадағы орнымызды ны -

ғайтып, əлеуетімізді арттырып, экономика-

мызды дамыту үшін қыруар жұмыстар ат -

қарылды. Алдымен, «Қазақстан – 2030» стра-

тегиясы қабылданып, əлемдегі дамы ған 50

мемлекеттің қатарына кіру жоспарланды.

Елбасымыздың сындарлы саяса ты ның арқа -

сында бұл межеге мерзімінен бұрын қол жет-

кізіліп, мемлекетімізбен əлем нің азулы елдері

санаса бастады. Спортшыларымыз əлем

жəне олимпиада ойын дарының жеңімпаздары

атанып, көк туымыз ды биікке көтерді, əнұра -

ны мызды əуелете шырқатты. Елордамызды

Сарыарқаның төрі не көшіріп, қысқа уақыттың

ішінде дүниежүзі таңданыспен қараған Аста -

намыздың еңсе сін биіктеттік. Біз бұл жетістік-

термен тоқтап қалмауымыз керек. Сол себеп -

ті, мемлекетімізді одан ары қарай дамыту

мақсатында «Қазақстан – 2050» стратегиясы

əзірленіп, «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт

жоспары бекіді. Өткен жылы қазақ хандығы -

ның 550 жылдығы мерекеленсе, биыл егемен-

дікті еншілеп, тəуелсіздіктің тəжін кигенімізге

25 жыл толмақ. Бұл – тəуелсіз Қазақс танның

азаматтарының рухына рух, күшіне күш қоса -

тын, ертеңгі өмірге жігерлендіретін ерекше ме-

реке. Келер жылы төрткүл дүние көз тігіп

отырған «ЭКСПО – 2017» көрмесі өтеді. 

Біз жеткен жетістіктеріміз бен бағын дырған

белестеріміздің барлығына ынтымақ пен

бірліктің арқасында қол жеткіздік. Қа шаннан

жарасымды тірлігі мен берекелі бірлігі арқылы

танылған халқымыз татулықтың жарқын

болашаққа бастайтынын ұмытқан емес.



Серғара ІЗТІЛЕУОВ,

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагері,

отставкадағы полковник.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақс -

тан – 2050» стра  те гиясында айқындалған басым дық тарды

жүзеге асыру бағытында талай тірлік қолға алынғаны аян.

Соның бірі – дамы ған 30 елдің қа тарына қосылу үшін бі-

лікті мамандар даярлау мə се лесі. Осы ған орай, Үкі мет

«Мəңгілік ел жастары – ин дус трияға!» əлеуметтік жобасын

ұсын ғанды. «Серпін – 2050» деп аталатын бұл жо баның

басты мақ саты – елдің түк пір-түк піріндегі еңбекке қабілетті

халық са нын теңестіре отырып, кадр тапшы лы ғы сезілетін

ай мақтарға жас мамандарды тарту. 2014 жылы тұ сауы ке-

сілген игі бастама би ыл да жалғасын таппақ. Бұл жай ын да

Шиелі кентіндегі №47 М.Ломоносов атын дағы қазақ орта

мектебінде өткен жиында сөз бол ды. Онда аудан əкімі

Қайратбек Сəр сенбаев пен «Мəң гілік ел жастары – индус -

трияға!» – «Серпін – 2050» əлеу меттік жо басының рес -

публикалық үйлестіру кеңесінің төр ағасы, «Өрлеу» БАҰО»

АҚ Директорлар ке ңе сінің төраға сы Мұрат Əбе нов мектеп

бітірушілер мен ата-аналар ға, ұс таз  дарға бағдар  ла ма ту -

ралы кеңінен мағ лұ мат берді.

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК,

«Өскен өңір».

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасы -

ның Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын

жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен

сапта жүрген сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз.

Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақ -

стандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар қандай

марапатқа болса да лайықты. Біз бүгін ерлік пен

батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан

соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан

өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым

етіп, басымызды иеміз. Уақыт алмасады, ұрпақтар

өзгереді. Бірақ, туған Отанға деген сүйіспеншілік,

ерлік, жауынгерлік рухымыз қалпын бұзбайды.

Шиелі жұртшылығы бүгінгі күні еліміздің қор -

ғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының

игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін

қосуда.

Бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын



құрметтейтін, айбынды армияның атағын асқақ -

тат қан нағыз ерлердің мерекесі. Өйткені, Қазақ -

стан Республикасының Президенті, Қарулы Күш  -

терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев

атап өткендей, кез келген елдің егемендігі, ол

экономикалық және саяси ғана емес, сонымен

бірге, әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана

нағыз егемендікке айналады.



Қадірлі Отан қорғаушылар!

Осы айтулы мереке қарсаңында Сіздерге зор

денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық ті-

леймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, еліміздің

тыныштығы жолында сапта тұрған қырағы сарбаз -

дарымыздың қызметіне Шиелі жұртшылығы аты-

нан сәттілік тілеймін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, 

аудан әкімі Қ.СӘРСЕНБАЕВ.

ҚҰТТЫҚТАУ



ҚҰРМЕТТІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР 

ЖАУЫНГЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

№35 (8386) 4 мамыр, сәрсенбі, 2016 жыл 

2

2

Шиелі ауданы əкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы ««Шиелі

аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ере-

жесін бекіту туралы» №764 қаулысы. 

Нормативтік құқықтық акт 2016 жылы 12 сəуірде нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5464 болып ен-

гізілді.

«Шиелі  аудандық білім бөлiмi»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне

өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23 қаңтардағы Заңына жəне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан

Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 

8) тармақшасына сəйкес Шиелі ауданының əкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы

əкімінің орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



Аудан əкімі             Қ.СƏРСЕНБАЕВ.

2016 жылғы 1 наурыздағы Шиелі ауданы əкімдігінің №764 қаулысымен

бекітілген  

«Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

бiлiм беру мектептерiнiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне

бағынысты ведомстволары бар.

3. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз

қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына,

Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де

нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сəйкес жүзеге асы-

рады.

4. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi-



мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып та-

былады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген

үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына

сəйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi,

егер заңнамаға сəйкес осыған уəкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан

азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз

құзыретiнiң мəселелерi бойынша заңнамада белгiленген тəртiппен «Шиелі

аудандық бiлiм бөлiмi» басшысының бұйрықтары түрiнде рəсiмделетiн ше-

шiмдер қабылдайды.

8. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң

құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сəйкес бекi-

тiледi.


9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120700, Қазақстан Респуб-

ликасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі

№19.

10. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекеме сi -



нiң жұмыс кестесi: 

1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге

дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);

3) сенбі жəне жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республи ка сының

заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

11. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi»

коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

12. Осы Ереже «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк

мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады. Шиелі аудандық бiлiм

бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Шиелі

ауданының əкiмдiгi болып табылады.

13. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк меке -

месiнiң қызметiн қаржыландыру аудан бюджетiнен жүзеге асырылады.

14. «Шиелі аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне

кəсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлiмнiң функциялары болып табылатын мiндет-

тердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 


Каталог: upload -> osken onir
upload -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
upload -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
upload -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
osken onir -> Семинардың бағдарламасы 8 бөлімнен тұрды. «Кітапхана ақыл-білім ордасы» тақырыбында мектеп директоры А. Есім
osken onir -> Жастар үшін маңызға ие фо рум басталғаннан кейін алғашқы
osken onir -> АҒымдағы ақпараттар былтыр қажылық парыздың өтелу сәтінде 769 адам аяқасты тапталып бақилық болса, 934 адам зардап шеккен. Қайтыс болғандардың
osken onir -> Сонау, 1983 жылдан бастау алатын бұл мерекенің ерекшелігі елдің, жердің өткен
osken onir -> Ì à ð æ à í û Ñ û ð ä û ң – Ø è å ë і №21 (8372) 16 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет