№35 (8386) 4 мамыр, сәрсенбі, 2016 жыл


Аудан əкімі    Қ.СƏРСЕНБАЕВ



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата26.01.2017
өлшемі5,74 Mb.
#2779
1   2   3   4

Аудан əкімі    Қ.СƏРСЕНБАЕВ.

Шиелі ауданы əкімдігінің 2016  жылғы « » сəуірдегі

№    қаулысына 1-қосымша

Жан басына шаққандағы

қаржыландыру мөлшері

Аудан атауы



Бір тəрбиеленушіге «Балапан» бағдарламасы 

бойынша 1 айда жұмсалатын шығын (теңге)

Балабақшалар

Шағын орталықтар

1

Шиелі ауданы



20374 тг кем емес

20374 тг кем емес

Мемлекеттік мектепке де-



йінгі ұйымдардағы ата-ана

төлем ақысының 1 айдағы

мөлшері

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бо-



йынша қызмет алатын жекеменшік мек-

тепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана

төлем ақысының 1 айдағы мөлшері

1

Алты еселенген айлық



есептік  өрсеткіштен артық

емес


Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен

артық  емес

Шиелі ауданы əкімдігінің 2016  жылғы «  » сəуірдегі

№    қаулысына 2-қосымша



2016 жылға ата-ананың 

ақы төлеу мөлшері

Проект

Об утверждении государственного 

образовательного заказа на 

дошкольное воспитание и обучение,

размеров подушевого финансирования

и родительской платы на 2016 год

В  соответствии с Законами Республики Казахстан  от 23  января 2001

года «О местном государственном  управлении и самоуправлении в Респуб-

лике Казахстан» и от 27 июля 2007 года «Об образовании» акимат района



ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить:

1) размер подушевого финансирования на 2016 год согласно приложе-

нию 1 к настоящему постановлению;

2) размер родительской платы на 2016 год согласно приложению 2 к

настоя щему постановлению.

3) финансирование с 1 января 2016 года согласно приложению 3 к

настоя щему постановлению.

2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на за-

местителя акима Шиелийского района  Есмаханову А.

3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти

календарных дней после дня его первого официального опубликования.



Аким района   К.САРСЕНБАЕВ.

Приложение 1 к постановлению акимата Шиелийского района от "___"

апрель 2016 года N ____

Размер подушевого финансирования 

на 2016 год

Найменование района



Расход на одного воспитанника по про-

грамме «Балапан» в месяц (в тенге)

Детские сады 

Мини-центры

1

Шиелийский район



не  менее 20374 тг

не  менее 20374 тг

Приложение 2 к постановлению акимата Шиелийского района от "  "

апрель 2016 года N_



Размер родительской платы на 2016 год

Размер родительской



платы в государственных

дошкольных организа-

циях в месяц

Размер родительской платы в частных

дошкольных организациях, получаю-

щих услуги по государственному за-

казу в месяц

1

Не больше шестикратного



месячного расчетного 

показателя

Не более десятикратного месячного

расчетного показателя



Үй сатылады

Шиелі кенті, “РУ-6” жанындағы “Арай” шағын ауданында 22х4,5

шаршы метр, 4 бөлмелі, террасасы, гаражымен бірге соғылған үй

сатылады. Жарық, газ, су келіп тұр. Үлкен үйге жері көтеріл ген,

қорша л ған. “Отау” ТВ, кондиционер ор натылған. Жер көлемі 10

сотық. Байланыс телефондары: 87028332658, 87058249172.



***

Шиелі кенті, Кәрімбаев кө шесі, №20 үй тез арада сатылады. Жері

12,5 сотық. Үй 6 бөлмелі + санитарлық торап. Бөлмелері  кең әрі

биік. Ауызсу ішке кіргізілген. Аулада 4  сарай, мал, тауық қора, ошақ,

гараж, жаз дық жабық күрке бар. Сатылу бағасы  келісім бой ынша.

Үй ішіндегі зат тары сатылады. 

Хабарласу телефондары: 87479060525, 87029140231.

***

Шиелі кенті, Ковтунов көшесі, №8 (№219 мектеп артында) 

3 бөлмелі үй сатылады. 

Хабарласу телефондары: 87026529030, 87782448237.

Бірлік күніне орай кентте

орналасқан «Ай-Ару» балабақ -

шасында «Татулық – достықтың

киелі бесігі» атты мерекелік

шара ұйымдасты рылды. Ертең -

гілікке ата-аналар мен аймақ -

тағы басқа да балабақшалар-

дың тəрбиешілері қатысты. Ын -

ты мақ пен бірлікті насихаттай-

тын, халықты берекелі тірлік

жасауға шақыратын шараның

ашылуында сөз сөйлеген бала -

бақша меңгерушісі Г.Мұсайым

жиылған қауымды мерекемен

құттықтап, жылы лебізін біл-

дірді.


Балабақша бүлдіршіндері

халықтар досты ғын дəріптейтін

тақпақтар айтып, түрлі ұлттың

биін биледі. Сонымен қатар, ар-

найы баяндама оқылып, бірлікті

тірліктен артық қойып, ынты 

-

мақты ырыстың діңгегі тұтып,



130-дан астам ұлт пен ұлыстар

бір шаңырақтың астында тату-

тəтті күн кешіп жатқандығы ай-

тылды. Көпұлтты еліміздің қой

үстіне бозторғай жұмыртқалаған

мамыражай күн кешуіне де бір-

лік себеп екендігі, Президен 

-

тіміздің бастамасымен құрылған



Қа зақстан халқы Ассамблеясы

да осы бағытта жұмыс атқарып,

мемлекетіміздің гүлденуіне өзін -

дік үлесін қосып жатқандығы

əңгіменің арқауына айналды. Ел

бірлігін айқындайтын көріністер

қойылып, отаншыл бағыттағы

əндер шырқалды. Шараны та -

машалауға келген ата-аналар

тəр биелік мəні жоғары ертең -

гілікке жоғары бағасын беріп,

ризашылықтарын білдірді.



А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

ÒÀÒÓËÛ¥ – ÄÎÑÒÛ¥ÒÛ£ ÊÈÅËІ ÁÅÑІÃІ

Ақмая ауылында жас келіндерге өнегелі

тəрбие беру жəне ене мен келіннің

арасындағы сыйластықты нығайту

мақсатында аудандық келіндер сайысы

өткізілді. Шараны Ақмая ауылдық округі

əкімдігінің бас маманы С.Пірімбет пен елді

мекеннің ардагерлер кеңесі төрағасы

К.Палмағанбетов ашып, қатысушыларға

сəттілік тіледі.

Аудан бойынша 16 ауылдың келіндері

бақ сынаған сайыс 4 бөлімнен тұрды. Алды-

мен өздерін таныстырған қатысушылар

өнерлерін көрсетіп, əдет-ғұрыпқа байланы-

сты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, салт-

дəстүрімізді насихаттайтын көріністер қойып,

əн шырқап, би билеп, көрермен қауымға

көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыстың қорытындысы

бойынша ақмаялық Ж.Досматқызы мен

майлытоғайлық А.Тəтенова 3-ші орынды иеленсе,

Ə.Тəжібаев ауылынан келген М.Жақановаға 2-ші

орын бұйырды. Алғабас ауылының келіні А.Ысқақова

жүлделі 1-ші орынды алса, Жиделіарық ауылынан

келген И.Əбдікереева бас жүлдені қанжығасына бай-

лап, келіндер сайысының жеңімпазы атанды.

А.АҚЫЛБЕКОВ. 

ҰЛАҒАТ


КЕЛІНІ ЖА¥СЫНЫ­ – КЕРЕГЕСІ АЛТЫН

Қарбаласқа толы мына өмірде күнделікті күйбең тір-

лік, қызмет деп жүріп жүйкеміздің де жұқара бастағанын

сезіне бермейтініміз бар. Болмашы сөзге керісіп, соңы

ынтымақ пен берекемізге сызат түсіп, дау-дамайға

ұласып жататыны жасырын емес. Неге? Бұл сұраққа бе-

рілер жауап та əрқилы.

Жуырда Алғабас ауылындағы №157 Б.Пəрімбетов

атындағы мектеп директоры Г.Ермаханованың бастама-

сымен қоғамдағы болып жатқан, қоршаған ортадағы

көріп-біліп жүрген оқиғаларды қалай қабылдап жүргенін

білмек мақсатта ұжым мүшелері арасында «Спектакльді

ұнатасыз ба?», «Соңғы рет спектакльді қашан

көрдіңіз?», «Спектакльден алған əсеріңіз қандай?» деген

сұрақтар төңірегінде сауалнама жүргізілді. Нəтижесінде

соңғы 5 жылда мұғалімдердің сахналық қойылым

көрмегендігі анықталған. Осыған орай білім ошағында

жағымды ахуал қалыптастыру үшін мектеп психологі

Л.Төлешова Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов

атындағы қазақ музыкалық драма театры əкімшілігімен

келісімге келді. Іле-шала Б.Темірбеков бастаған

А.Төлеуова, С.Əбдіразақов сынды əртістер мектепке ар-

найы ат басын бұрып, ұстаздар қауымын сан қырлы

өнерлерімен тəнті етті. Көрсетілген қойылымда өмірдің

құндылығы, кемшілік, қателіктерімізден сабақ алу, бес

күндік өмірдегі сыйластық, адамгершілік қарым-қатынас,

тəлім-тəрбие, өнегелі өмір суреттелгендіктен,

көрермендерінің ешбірін бейжай қалдырмағаны анық.

Шараны ұйымдастырушыларға мектеп ұжымы алғысын

жаудырып, көңілдеріндегі толғаныстарын білдіріп жатты.

Өнер – тəрбие құралы. Демек, өнегелі өмірді

қалыптастыруға септігі тиеді.



Қайрат ИСМАИЛ.

ТӘРБИЕ


ӨНЕР ӨНЕГЕЛІ

ӨМІРГЕ


ЖЕТЕЛЕЙДІ

Кезекшi редактор Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Газет редакцияныѓ компьютер

орталыѕында терiлiп, беттелiп, 

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында

басылды. Ћызылорда ћаласы, 

Бейбарыс Сџлтан к шесi, №4.

Тел: 8(7242) 40-06-68.

Таралымы 5849. Тапсырыс №498.

Газет Ћазаћстан Республикасы Байланыс ж

әне аћпарат агенттiгiнде 

19.06.2014 ж. ћайта тiркелiп, №14410-Г куќлiгi берiлген.

“ скен  ѓiр” аудандыћ газетi ЋР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi

жљйесi” талаптарына с



әйкес сертификатталѕан.

Газет ќр аптаныѓ  сќрсенбi, сенбi  кљндерi шыѕады.

Ћолжазбалар  ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.

Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi. 

Телефондар: 

Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -4-46-22

Бас редактордыѓ орынбасары - 4-47-32

Жауапты хатшы, есепшi 

Факс -4-49-07.

Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru



Бас директор 

Аманжол ОЃЅАРБАЕВ 

Шиелi аудандыћ 

“ скен  ѓiр” газетiнiѓ редакциясы

Бас редактордыѓ мiндетiн атћарушы

Тџтћабай ФАЗЫЛБЕК

Меншiк иесi: 

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

№35 (8386) 4 мамыр, сәрсенбі, 2016 жыл 

4

4

– Дəл бүгінгі уақыт та халық тарапынан ауыл

шаруашылығы жер 

лерін жалға беру жəне сату

мəселесіне қатысты түрлі пікірлер айтылуда.

Əсіресе, «Қасиетті жеріміз «тіс тегеннің аузында,

ұстағанның қолында» кетпей ме?» дегендей мазмұн -

дағы сауалды алға тартқан ағайынның үнін жиі ести-

міз. Сіз осы мəселеге қатысты не айтасыз?

– Бірден айтайын, біздің жеріміз шетелдік азаматтарға

сатылмайды. Сатылған да емес. Елбасымыз елдігімізді

еңселі, тəуелсіздігімізді тұғырлы ету мақсатында 100 қадам -

нан тұратын  «Ұлт жоспарын» құрғаны белгілі. Оның негізгі

мақсаты – Қазақстанды Мəңгілік елге айналдыру. Осы

орайда, «100 нақты қадамдағы» тапсырмаларды орындау

үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жердің жалға беру

мерзімін ұзарту да «Ұлт жоспарына» негізделген. 

Қазақс танда жерді шетелдіктерге сату мəселесі жоқ, болған

да емес. Жел сөзге еріп, қаңқу əңгімеге ергендерге Прези-

дентіміз Н.Назарбаев шетелдік азаматтарға жерді сатыл-

майтынын шегендеп айтты. Ұлтарақтай жер үшін қасық

қаны қалғанша шайқасқан ата-бабаларымыз бізге табиғаты

көз тартатын тамаша, Менделеевтің кестесіндегі барлық

элементтер кездесетін, байлығы мол, шырайлы, шұрайлы,

өзені көлмен, жазығы таумен ұштасып жататын, кең əрі

байтақ жазиралы даланы аманат етіп қалдырды. Біз сол

аманатты келер ұрпаққа табыстауымыз қажет. «Шетелдік-

терге жеріміз сатылайын деп жатыр» деген сөзді айтып

жүргендер – арандатушылар. Олар ынтымағы мен бірлігі

жарасқан елімізге қызғанышпен қарап, халық арасында

осындай қауесет таратқан. Əрине, мұндай хабарды есті-

генде, бұқара халықтың наразылығы туындауы заңды. 

Бұған дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

10 жылға жалға берілген. Енді қолданыстағы заңдылық -

тарға өзгеріс енуіне байланысты инвестиция тарту жағдай -

ын жақсарту мақсатында жерді жалға беру құқығын 25

жылға дейін ұзарту көзделген. Бар болғаны – осы. Түймедей

нəрсені түйедей етудің қажеті жоқ. Жерді жалға алған аза-

мат қаржы əкеледі. Жұмысты жүргізу үшін ол жердегі жол,

су, жарық мəселесін шешу керек. Игерілмей, бос жатқан

жерлерді жиде басып, ағаш өсіп кеткен. Оның үстіне су

жүретін ескі арналар көміліп, бітеліп қалған. Ал, мұндай

жерді игеру, ағаштардан аршу, тегістеу, тазалау жұмыстары

бір-екі жылдың көлемінде бітпейді. Мұны назардан тыс

қалдыруға болмайды.

– Осы күнге дейін жалға алып келген азамат -

тардың жері басқаларға сатылып кетпей ме?

– Күні бүгінге дейін жалға берілген жерлер сол жерді

пайдаланушының иелігінде болады. Заңда тек осы жалға

алған мерзімі біткен уақытқа дейін жер иесіне өзіне сатып

алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен бірге, осы жер

құнының 50 пайызын ғана төлеп, оны да 10 жыл мерзімге

бөліп төлеу жеңілдігі қарастырылғандығын да айту керек.

Жалға алушы жердің жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін

сатып алмаса, онда жер мемлекет есебіне өтіп, соңыра ғана

аукционға шығарылады.



– Аукционға қатысты да əңгіме көп. «Отыз тіс-

тен шыққан сөздің отыз рулы елге тарай ды» де-

мекші, жұртшы лықтың

көкейінде «Ол учаскелер

аукцион өтпей жатып

сатылып кетпес пе

екен» деген де күдік бар.

Бұл қаншалықты шын 

-

дыққа жанасады?

– Бұл ешқандай шын дыққа жанаспайды. Аукцион жер

заңына сəйкес бұған дейін де өтіп келген. Онда жалға алуға

жəне сатып алуға бұрыннан мүмкіндік берілген. Сондықтан,

жел сөзге ермеген жөн. Бұрыннан жалға берілген жерлер

аукционға шығарылмайды. Егесі əрмен қарай пайдалана

береді. Аукционға тек мемлекет қорындағы бос жерлер ғана

шығарылатынын былайғы жұрт білуі тиіс.



– Əлгінде жалға беруді 25 жылға дейін ұзарту

көзделгенін айттыңыз. Дей тұрғанмен, шетелдік аза-

мат уақытша пайдалануға алған жердің келісім-

шарты форс-мажорлық жағдайда мерзімінен бұрын

тоқтатыла ма?

– Жер заңнамасындағы өзгерістерге сəйкес шетелдік-

терге 25 жылға дейін жалға берілу көзделген. Ол жерлер тек

ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады жəне

оның мақсаты бойынша пайдалану үнемі бақылауда бо-

лады. Егерде жер заңнамасын бұзушылық анықталса, жерді

басқа мақсатқа пайдаланса, тиісті шаралар қабылдананып,

мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.



– Мұндай өзгерістердің түпкі мақсаты не?

– Бұл өзгерістер жерге деген көзқарасты өзгертуден

туындап отыр. Қазір негізінен ауыл шаруашылығы жерлері

ғана жалға берілген. Дегенмен, осы жалға алып отырғандар

арасында жерді пайдаланбағандықтан, жиде, арамшөп

басып, су арналары тазаланбай, ешқандай кəдеге аспай

жатқан жағдайлар кезедеседі. Меніңше, жалға алғаннан

кейін оған деген көзқарас мүлдем өзгеретіні анық. Сол се-

бепті, мемлекет оның иесіне жерді жеңілдікпен сатып алуға

мүмкіндік беріп отыр. Оның құнының 50 пайызын ғана

төлейді жəне 10 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Ол

иелігіне жерді алса, «ұрпағыма мұраға қалдырам» деп ба-

рынша күтім жасайды. Ең бастысы, ұлтарақтай жердің

қадір-қасиетін түсінеді.



– Қазіргі таңда жерді алуға қызығушылық таны-

тып отырғандар көп пе? 

– Қызылорда облысында 24 миллион гектар жер бар.

Осы жердің қазір 2,4 миллионы ғана ауыл шаруашылығы

мақсатында пайдаланылуда. Яғни, небəрі 10 пайызы ғана.

Облыс көлемінде жыл сайын 60-70 мың гектар жер айна -

лымға қосылып жатқанын ескерсек, алдағы уақытта егін

егіп, өнім өндіруге əлі де белсендірек қам-қарекет жасауы-

мыз керектігі аңғарылады. Жер көлемі жеткілікті, тек соны

ұқсататын адам табылса, қанеки. Оның үстіне ауыл шаруа -

шылығының əлеуеті зор екенін заманның өзі дəлелдеп келе

жатыр. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық интег-

рациямыз да əжептəуір жолға қойылды. Алыс-беріс жасауға

толық мүмкіндік қарастырылған. Тек істің көзін тауып, білек

сыбана кіріссеңіз болғаны. Шағын жəне орта кəсіпкерлікпен

айналысуға да мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар.

Осындай оңтайлы сəтті уыстан шығарып алмау қажет.

Халық соның барлығын өз игілігіне пайдалануы тиіс.

Əйтпесе, Абай атамыз айтқандай, қолымызды мезгілінен

кеш сермеп қалуымыз əбден мүмкін. Немесе біреудің еккен

қауыны мен қарбызын жеп отыруыңыз ғажап емес. Мұны

қарапайым халық терең түсінеді деп ойлаймын.

– Бүкпесіз əңгімеңізге рахмет. Еліміздің гүлденуі

жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан 

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

СҰХБАТ


¡І«ƒІ£ Δ≈—ІÃІ«√≈ ¡Ø√ƒ≈À≈— ¥¿«¤¥ ¥¿ª¿ ¿Àÿ…ƒ¤

АЛТАЙ МЕН АТЫРАУДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҰЛАН ҒАЙЫР КЕҢІСТІКТЕ ОРНАЛАСҚАН ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ АУМАҒЫ ЖӨНІНЕН

ƏЛЕМДЕ ТОҒЫЗЫНШЫ ОРЫНДА ТҰР. ЕУРОПАНЫҢ БЕС БІРДЕЙ МЕМЛЕКЕТІ СЫЙЫП КЕТЕТІН АТАМЕКЕНІМІЗ ҚАЗБА

БАЙЛЫҚТАРҒА ДА ТОЛЫ. ОЛ ШЕТІ МЕН БҰЛ ШЕТІНЕ КӨЗ ЖЕТПЕЙТІН, ҰШҚАН ҚҰСТЫҢ ҚАНАТЫ ТАЛАТЫН, ƏРБІР АЙМАҒЫ

МЕНМҰНДАЛАП СҰЛУЛЫҒЫМЕН ТАМСАНДЫРАТЫН, АҚ НАЙЗАНЫҢ ҰШЫМЕН, АҚ БІЛЕКТІҢ КҮШІМЕН БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ ТА-

БЫСТАП КЕТКЕН БАЙТАҚ ДАЛАМЫЗ БІЗГЕ ҚАШАНДА ҚЫМБАТ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА БИЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП КҮШІНЕ ЕНГЕЛІ

ОТЫРҒАН «ЖЕР КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ҚОҒАМЫМЫЗДА ҚЫЗУ

ТАЛҚЫЛАУЛАР БОЛЫП ЖАТЫР. ОСЫ ОРАЙДА ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ МƏСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ƏШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫНА БІРҚАТАР

СҰРАҚТАР ҚОЙҒАН ЕДІК.

Қай кезде де қоғам өмірінің барысына, ел

жағдайында болып жататын сан түрлі оқиғаларға,

өзгерістерге бейжай қарамай, жүрегінен өткізіп, əрдайым

өз заманы туралы толғана қалам тербеген көрнекті

қаламгер, қазақ руханиятының ірі тұлғасы Оразбек

Сəрсенбай ағамыздың бұл дүниеден бақилыққа кетке-

ніне де жыл толыпты-ау. Аяулы Орекең қайтыс болғанын

іссапарда жүргендіктен, кеш естідім, шығарып салуға

қатысып, топырақ сала алмадым, қазақ жұрты бір өзі

тұтас бір əлем іргелі азаматынан айрылғанын сезінген

өкініш күй кештім. Сезімім алдамапты, газеттерде оның

айтулы қаламдас тұстастары орны толмас қазаға егіле

көңіл айтып, жүрек түкпірінен шыққан қимастық,

сыйластық лебіздерін білдірді, Оразбек Сəрсенбайдың

қалам қайратына, азаматтық болмысына аса жоғары

баға берді. 

Сол пікірлерге ден қойсақ, замандастары былай деп

көңіл қылын шерткен екен. Əбіш Кекілбайұлы: «Өзі

өскен Сыр бойының табиғаты, мінез-құлықтары, ақ пе-

йілі өн бойынан түп-түгел көрініп тұратын еді. Алғашқы

əңгімелері мен повестерінен-ақ бет-жүзіңе қарамайтын

турашылдығы мен шыншылдығы көзге ұрады. Құдайға

шүкір, қаулап өсіп жатқан əдебиет орманында өз бағыт,

өз бағдарын түзеп, қазақ руханиятында бүгін бар, ертең

жоғалып кетпейтіндей баянды жол сала алған азғантай

əдебиет сүлейлерінің бірі Оразбек екені даусыз. Береке-

бірлікті, ар-ұжданды, обал-сауапты, пəтуа-парасатты

демі таусылғанынша əспеттеп өткен Оразбек

Сəрсенбаевқа бүгінгі қазақ қауымының айрықша ризагер

екендігі сөзсіз». Нұрлан Оразалин: «Қазақ көркем ойы

мен көркем сөзіне олжа салған осынау тебінгілі, текті

буынның көрнекті өкілдерінің бірі – Оразбек Сəрсенбай

өмірден озды дегенде жан-жүрегім күйзеліп, ішім ұлып

сала берді... Жасы үлкен аға, əдебиет үшін отқа да, суға

да түсуден тартынбайтын қабырғалы қаламдас, қажетті

жерінде Алаштың жоғын жоқтап, қазақтың амандығын

сұрар, ескі мен жаңаның арасына жалғау боп тартылар

жайдары замандас, сұңғыла мінезді суреткер сөздің де,

ойдың да, ортаның да көркі еді... Уəдеге берік, досқа

адал, қазақ десе қабырғасын сөгіп беруге дайын,

əдебиетті ары санаған нар тұлғаның тағы бірі, бірегейі,

қазақтың хас сипатты қаламгері, шынайы жазушысы

өмірден өтті...». 

Осынау лебіздерге ортақ əрі қызыл арқаудай өрілген

екі нəрсені аңғарар едік, біріншісі, Оразбек

Сəрсенбайдың ақ адал, биік азаматтық болмысы, екін-

шісі қазақ əдебиетінің мойындалған ірі тұлғасына

айналғандығы жəне тіршілігінде де, əдебиетте де өмірлік

ұстанымынан айнымай, жоғары талғамын

төмендетпеген арлылығы. Бұл лебіздер Орекеңе беріл-

ген шынайы баға екендігін уақыт əлі талай дəлелдейтін

болады. 

Оқырманды жазушының өмірбаянымен таныстырар

болсақ, Оразбек Сəрсенбай 1938 жылы 20 тамызда Сыр

елінде Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы

Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Əкесі –

Сəрсенбай Байкенжеұлы, анасы – Бибіайша

Төлепбайқызы шаруа баққан жандар екен. 2015 жылдың

5 мамырында Алматы қаласында 77 жасында дүниеден

өтті, Сыр перзентіне торқалы топырақ киелі Алатау

бөктерінен бұйырды, Кеңсай зиратына жерленді. Осы-

нау қысқаша қайырған өмірбаян астарында кең толғауға

тұратын, үнемі даңғыл жол болып сайрай бермеген, асу-

ларды еңсерген тұрлаулы өмір жатыр. Оған көзі қарақты

оқырман қауым жазушы кейінгі жылдары шығарған 1952

жылдан 14 жасынан өмір бойы жазып келген күнделік

жазбаларынан тұратын 2 томдық «Өмірнама» кітабынан,

газеттерде басылған сұхбаттарынан, замандастарының

естеліктерінен қанығар еді.  

Кəсібі – қауыншы диқан, болмысында діндар, тақуа

əкесі Сəрсенбай Байкенжеұлының шежіре əңгімесіне

қанып өскен Оразбектің енді білімге бас қойып мектеп

табалдырығын аттайтын кезеңі барлық ауылда бірдей

орта түгілі орталау мектеп жоқ, оқу іздеген балалар

ауыл-ауылды жағалап кететін кез еді. Ол 1945 жылдың

күзінде көрші Жансейіт ауылындағы 3 сыныптық мек-

тепке барады. Одан соң оқуын басқа «Ақтоған» (қазір

Досбол би атында) ауылындағы жеті жылдық мектепте

жалғастырады, оқуын аудан орталығы Шиеліде №45

қазақ орта мектебінде бітірді. Бұдан əрі таудай талап,

асқақ арман оны аяулы Алматыға жетелейді жəне

мақсатына жеткізеді де. 1957 жылы С.М.Киров (қазіргі

Əл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің

филология факультетінің қазақ бөліміне оқуға түседі.  

Жоғарғы оқу орнын тəмамдаған соң О.Сəрсенбай

туған жеріне қайтып оралып, Шиеліде М.В.Ломоносов

атындағы орта мектепте мамандығы қазақ тілі мен

əдебиеті пəнінің мұғалімі бола тұра, орыс тілі мен

əдебиеті пəнінің оқытушысы болып еңбек жолын бас-

тайды. Орекеңнің шығармашылық талпынысы мектепте

жүргенде-ақ басталып, университетте жалғасқан.

Елуінші жылдардың ортасынан Шиелі аудандық «Стаха-

новшы» (қазіргі «Өскен өңір») газетінде алғашқы

тырнақалды өлеңдері, хабар мақалалары жарияланып,

одан əрі Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі

«Сыр бойы»), республикалық «Қазақстан пионері»

(қазіргі «Ұлан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») га-

зеттерінде өлеңдері мен əңгімелері басылып,

шығармашылық лəззаттың дəмін татып қалған-ды. 

Оның 1962 жылы 6 желтоқсанда «Лениншіл жаста»

жарияланған «1961 жыл» деген публицистикалық поэ-

масы қазақ əдебиетіне құбылыс болып келгені бар.

«Алқынамын ауа жетпей бір жұтым... Ақ дидарын

көреміз бе шындықтың?» деп толғанатын дастаны бұған

дейін қазақ əдебиетінде айтылмаған тың сөз ретінде

қабылданған. Поэмада сталиндік қуғын-сүргін,  қазақтың

өткен дəуірдегі көрген қиыншылығы, отарлық езгіге

ұшыраған жағдайлары, ұлттық, тілдік мəселелер

көтерілген. Бұл шығарма сталиндік құрсаудан

қусырылып қалған қоғам одан кейінгі жылымық кезеңді

жаутаңдай бастан кешіп жатқанда, оны жастық жігермен

дүр сілкіндірген, жоғары басқару органдарын абыржыта

тіксіндірген, ақырында қатаң сынға ұшыраған екен. Бұл

кезде Оразбек 24 жаста еді. Орекең бұл шырмаулы

шығармасының толық нұсқасын 2005 жылы шыққан

«Жарық дүние» жыр жинағында жариялапты. 

Шиеліде көркемөнерпаздыққа да қатысып,

əпежептəуір əншілігімен де көзге түсіп үлгерген, бірақ,

көңілі əдебиетке ауып тұрған талапты жастың өр та-

ланты Шиелінің қоңыртөбел тіршілігіне қалай сыйсын,

ақыры 1966 жылы Алматыға оралып, атағы дүркіреп

тұрған жастар басылымы, өз газеті «Лениншіл жасқа»

журналистік қызметке тұрады. Шығармашылық жол

бұдан кейін жазушылардың «Жұлдыз» журналында,

«Қазақ əдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан

Жазушылар одағында əдеби кеңесші, «Жазушы»

баспасының бас редакторы, «Өнер» баспасының дирек-

торы қызметтерінде жалғасты. 1996 жылдың басынан

өмірінің соңына дейін «Қайнар» баспасының тізгінін

қолына бекем ұстады. 

Біржолата жазушылыққа ден қойып, алғашқы

прозалық жинағы «Даңқ» 1965 жылы жарық көрді. Одан

кейінгі жылдары «Жалғыз күрке», «Сағым», «Таңбалы

тас», «Бақыт құсы», «Жиде гүлдегенде», «Жақсының

көзі», «Замандас», «Уəде», «Шамшырақ», «Шеңбер»,

«Менің мекенім», «Өмірнама», «Адамның құны қанша?»

деген атаулармен əңгімелері, повестері, романдары,

əдеби сын мақалалары, рисала философиялық

толғаулары, жырлары 20-дан астам кітап болып

оқырман қолына тиді, қазақ əдебиетінің алтын қорын ба-

йытты. Сыншылар Оразбек Сəрсенбаев қазақ

əдебиетінде Чеховтың орыс əдебиетіндегі сезімтал

қарапайымдылығы мен өзіміздің Майлиннің ұғымтал

қарапайымдылығын бірдей ұстанған, ұштастырған

қаламгер деп таныған. Ең соңғы кітабы «Өмір – сынақ»

былтыр жазушы дүниеден өткен соң, бір айдан кейін

жарық көрді. Оның əңгімесі негізінде «Долана» көркем

фильмі түсірілді. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов

Шиеліден шыққан əйгілі комик артист Мейірман

Нұрекеевті осы фильмге түсірген екен. Жазушының

шығармалары ағылшын, венгер, корей, қырғыз, қытай,

марий, орыс, өзбек, татар, тыва, украин, эстон, якут, т.б.

тілдерге аударылып, қазақ əдебиетінің қуатын танытты.

Өзі де аудармашылықпен айналысып В.Короленко,

В.Иванов, Ф.Абрамов, Ф.Искандер жəне басқа танымал

жазушылардың шығармаларын ана тілімізде таныс-

тырды. Кейінгі жылдары имандылықты насихаттауға ден

қойды, «Құран Кəрім», «Мұхаммед пайғамбарымыздың

хадистері», «Шайтаннан сақтану жолдары», «Сиқырдан

сақтану жəне емделу жолдары», «Адал мен арам»,

«Мұсылмандық əдеп сабағы», т.б. ондаған кітаптарды

қазақшаға аударуға атсалысып, имандылық жолды

нұсқады.  

Біз бұл мақалада Орекеңнің шығармаларын талдап

жатпаймыз, оның еңбегі мен шығармашылығы қоғам мен

мемлекет тарапынан лайықты бағасын алды. «Уəде» по-

вестер мен əңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар

одағының М.Əуезов атындағы сыйлығы, «Шамшырақ»

романына халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығы,

«Шеңбер» романы үшін Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Құрмет», «Парасат» ор-

дендерімен марапатталды. «Қазақстан Республикасы

баспа жəне полиграфия ісінің қайраткері» атанды. Туған

елі Орекеңді қошеметтеп, Шиелі ауданының құрметті

азаматы атандырды.

Оразбек Сəрсенбай Сыр сүлейі Нартай туралы

«Шамшырақ» романын мынадай бір тəмсілмен

аяқтайды. Жеті қат жердің астында алтын сарайдың

ішінде көк сандықтың үстінде киелі Шамшырақ жанып

тұрады екен. Оған қолы жеткен адамның асыл

мұратының бəрі орындалатын көрінеді. Бірақ, барар

жолда жеті темір қақпадан өтуі керек. Əр қақпаның ал-

дында қылышы жалаңдаған, түсі суық қарауылдар

тұрады. Олардың əрқайсынының аты бар: Атақ, Дəулет,

Көрсеқызарлық, Күншілдік, Немқұрайлылық, Менмендік,

Мейірімсіздік. Егер осы қарауылдардан аман-есен өтсең,

киелі Шамшырақ тұрған алтын сарайдың құлыптаулы

есігі өзінен-өзі айқара ашылып сала бермек. Осылай си-

паттай келе Нартуған (Нартайдың кейіпкерлік аты) сол

қарауылдар қасынан қалай өткенін баяндайды жазушы

қиялы. Əр қақпаның алдында жалаң қылыш көтеріп

тұрған түсі суық қарауылдардың тұсынан аман өткен

кездері бар, қорқақтап кейін шегінген кездері бар, бірақ,

бағдарын өзгертпей ілгері жүруден танбаған. Түн-

түнектің арасына күміс сəулесін түсірген шындыққа

ұмтылудан қажымапты. Тындырғаны, тудырғаны лайым

мағыналы болсайшы деп тілейді. Адамға алдын болжап

білу жазбаған... 

Міне, осы тəмсілді Орекеңнің өзіне де қолдануға

болар еді. Оның бағдарын өзгертпей ілгері өткен өмір

жолы Шамшыраққа қолын жеткізгендей. Қазақтың дана

қарияларының қасиетті ұстанымынан əсте де айнымай,

болмыс-бітімі бұзылмай жеткен сирек тұлғалардың бірі

ретінде осылай дүниеден өткен аяулы аға, Оразбек

Сəрсенбай!



Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,

журналист-заңгер,      

Шиелі ауданының құрметті азаматы.

Астана қаласы.

СЫР САҢЛАҚТАРЫ

ÕÀÑ ÑÈÏÀÒÒÛ ҚÀËÀÌÃÅÐ

ЖАЙ-ЖАПСАРЫ

ТҮСІНДІРІЛДІ

Айнұр НАЗАРОВА,

«Өскен өңір».

Соңғы кездері ел ішіне «шетелдіктерге Қазақстан жері

сатылмақшы» деген мазмұндағы бейресми ақпарат

тарап, жұрттың назары осы мəселеге ауа бастаған-ды.

Əрине, мұның шындыққа жанаспайтыны жергілікті билік

тарапынан бұған дейін талай мəрте егжей-тегжейлі

айтылғанын да атап өткен жөн. Дегенмен, көпшіліктің

түсініспеушілігін туғызған жайтты, дəлірегі, ағымдағы

жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгелі отырған Жер

кодексіндегі өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен

түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық

топ өкілдері – «Нұр Отан» партиясы Қызылорда

облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Ибадулла Құттықожаев пен облыстық жердің пайдала-

нылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас-

шысы Қайрат Тоғызбаев кеше аудан орталығындағы

мəдениет үйінде халықпен келелі кездесу өткізді. Оған

аудан əкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары,

ауыл əкімдері мен құқық қорғау органдарының

қызметкерлері, өндіріс орындары басшылары мен арда-

герлер қатысты. Жиынды аудан əкімі Қ.Сəрсенбаев

жүргізіп, қатысушыларға басқосудың мəні мен мақсатын

түсіндірді. 

Аудан басшысы əуелі «Басқа мемлекеттердің азамат-

тарына Қазақстан жері сатылады екен» деп, жұртты

дүрліктіріп, арандатушылар көбейіп, тіпті, бұл ретте ар-

найы топтар тасада тұрып əрекет етіп жатқанын ашық

айтты. Сондай-ақ, Қ.Сəрсенбаев жердің шетелдіктерге

сатылмайтындығына қалың бұқараның назарын ау-

дарды.


Мұнан соң сөз кезегі Қ.Тоғызбаевқа берілді. Ол бүгінгі

таңда қолданыстағы Жер кодексінің біршама баптарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде айтып,

олардың əрқайсысына терең тоқталды. «Мемлекет бас-

шысы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын

жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт

жоспарының 35-қадамына сəйкес 2015 жылғы 2

қарашада «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Құжат

2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңа заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді

пайдалану мақсатында аукцион арқылы жеке меншікке

сату көзделген. 1 шілдеден бастап жер пайдаланушы

жалдау мерзімі аяқталғанға дейін жер учаскесін

кадастрлық құнының 50 пайыздық жеңілдетілген

бағасымен 10 жыл мерзімге ұзартып, жекеменшікке

сатып алуға құқылы» деген басқарма басшысы

жұртшылықтың талқылауында жүрген көкейтесті

мəселелерді тілге тиек ете келе, ешқандай жердің ешбір

шетелдікке  сатылмайтынын екпін түсіре айтты. 

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жерге

қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, тиісті мамандар



нақты жауап берді. 

МӘЖІЛІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет