36. Бейімбет Майлиннің пьесалары. «Майдан» пьесасының оқиғасы, тартыс сипатына талдау жасаңыз


Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, көркемдік кестелерін тарқатыңыз



бет7/7
Дата14.12.2022
өлшемі36,65 Kb.
#57346
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
36-42 Рита апай

42. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, көркемдік кестелерін тарқатыңыз.

Қазіргі таңда М.Жұмабаевтың поэмаларын зерттеп жүрген Ж.Балтоғаева өз еңбегінде М.Жұмабаевтың поэмаларын жанрлық түрге жіктеді:


«Тарихи шындыққа негізделген поэмалар –
«Батыр Баян».
* Аңыз өлең түріндегі поэмалар – «Қорқыт»,
«Қойлыбайдың Қобызы».
* Ертек үлгісінде – «Ертегі», «Оқжетпес».
* Мысал поэмалар – «Өтірік Ертек»,
«Жүсіпхан».
* Қисса – «Қанышбай қиссасы».
* Толғау – «Толғау», «Тоқсанның тобы»

Ақынның «Қорқыт»,«Қойлыбайдың қобызы» атты поэмаларының негізгі бастауы аңыз әңгімелер болып келеді. Сондықтан осы мақалада, поэманы талдай отырып аңыз әңгімелерімен салыстырамыз. Аңыз сюжеттеріне құрылған екі поэмадағы басты деталь – қазақтың ұлттық аспаптарының бірі – қобыз болып табылады. Ақын осы аталған поэмаларында қобыздың күйін, күшін, әсерін, күмбірін, сазын керемет суреттейді.


Ақынның «Қорқыт» поэмасында – өмірдің мәнін не екенін түсінбеген, ажалдан қашып құтылам деп ойлаған Қорқыт бейнесі суреттеледі. Ата-ана, туыс-туғанынан безіп, дала кезіп кеткен Қорқыт өлместің мәңгілік мекенін іздейді. Осындай Қорқыттың философиялық ойларын М.Жұмабаев өз философиясымен қатар қоя отырып, суреттейді.
Әсте, Қорқыттың осындай философиялық ойларына қарап отырып, қазақ жеріне әлі ислам дінінің келмеген кезінде өмір сүрді ме екен деп болжамдауға болады, ислам діні келсе де бұл кезеңдеадамдарәлідешамандықтанарылақойған жоқ еді. Ислам дінінде өмір сүрудің мәнін мен шарттарын, көптеген сұрақтарға жауап табуға болатындығына әбден көзімізді жеткізуімізге болады ғой. Ж.Балтоғаеваның еңбегінде: « Г.Н.Потаниннің де көрсеткеніндей «Өлімнен қорқу немесе қашу, өлімді құдай бұйырығындай
қабылдайтын исламдық дүниетанымға жат» деген пікірге негізделеді»[58]. Ал, Қорқыт болса, бұл сұраққа жауап таба алмады, тек, қайғырды, жылады, күңіренді. Ақын да, осы поэмасының соңында төрінен көрі жуық екенін, уақыт келсе, бір ажалдың келіп алып кететінін баяндайды. Мысалы:
«Ес білдім – аласұрдым сағым қуып, Жете алмай, бетті талай жаспен жуып.
Артымда – ор, алдымда – көр, өтеді өмір... Дариға, бесігімнен көрім жуық»[2, 189].
Ақын Қорқыттың басындағы «Өмір не?» деген сұрақты асқар таудан, желден, күннен айдан сұрауын психологиялық параллелизм арқылы өте шебер суреттеген десе де болады. Ол «өмір не?» деген сұрақты барлық табиғаттың жаратылысына қойып шығады. Мәселен:
«Не керек, Қорқыт кезді тынып жатпай, Ешбір зат тастамады зарын шақпай.
Көл мылқау, жері мылқау – бәрі мылқау, Өртенді ер жұмбағына жауап таппай» [182].
Ақынның поэмасында Қорқыт осылайша қайғырып, туып өскен Алтай аймағына келеді де, аяни түс көріп, қобызды өз қолынан жасайды. Қорқыттың сол қобызының үні, сарыны бүкіл даланы шарлайды. Әрине, Қорқыт өлсе де, артынан қобызы өлген жоқ. Ақынның айтуы бойынша, сол қобыздың үні Қорқыттың үніндей күңіреніп, тебіреніп шығады. Бұл үннен Қорқыттың үнін, сарынын, тілегін, мақсатын, амалын көре алғандай болады екенбіз.
Қорқыттың көрегенділігі, қасиеттілігі көрген түсінен ақ, байқалады. Қорқыт ұйықтап жатып, түсінде қобыздың жасалуы жөнінде аян келеді. Бұл аңызды М.Жұмабаев та Қорқыт поэмасында шебер қолдана бідген. Мәселен:
«Бір күні шошып тұрып көргендей түс, Кесіп ап, қарағайдан қылды қобыз, Қыл тағып, қобызына сөйлетіп ед,
Алтайды күңірентіп шықты лебіз»[186].
М.Жұмабаевтың Қорқыт атты поэмасы тікелей, Қорқыт туралы аңыздан алынғандығын, екеуінің рухани сабақтастығын айта кетеміз. Поэмада Қорқыттың басындағы рух пен сезімді, психологиялық күйлерді автор өз сөзімен жеткізіп тұр. Мұндағы Қорқыттың зары аытордың зарындай болып үндеседі.
Автордың поэманың басталар тұсында сұлу Алтайды керемет суреттеуі өте шебер-ақ. Алтайды бейіштей, жер жүзінде бұл тауға ешбір тау тең келмейтіндігін айтып кетеді. Автордың патриот ақын екендігін поэманың осы басталар тұсында да аңғарғандай боламыз. Мәселен:
«Сол күнде бір ер бопты алты алашта, Қаны бір қалың елмен, жаны – басқа. Елікпей ес білгелі еш нәрсеге,
Өзіңдей үйірілмеген албырт жасқа»[180].
Мұнда кездесетін «Алаш» сөзіне мән бере кетейік. Қорқыттың заманын да «Алаш» атауы қайдан жүр дегің келеді. Бірақ, бұл М.Жұмабаевтың поэмасы болып табылатындықтан, осы сөз арқылы не айтқысы келді. М.Жұмабаев Қорқыттың сарыны арқылы өзінің де философиялық идеяларын кеңіен ашқан бұл поэмада. Ақын бұл поэмада адам өлсе де, адамның артында қалдырған өнері өлмейтінін көрсетіп өтеді.
Осыны өз поэмасында арқау етеді.
«Өткен күн ойды әлдилеп, тербеткендей, Ойыңды Алтай бойына өрлеткендей.
Тыңдасаң құлағың сап сар даланы, Қорқыттың сарыны, әні күңіренткендей»
[189].
Осы поэма жолдарын оқи отырып, Қорқыттың сарыны, әні әлі өшпегенін, өлмегенін байқауымызға болады.
М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» атты поэмасы да тікелей аңыздан алынған поэма болып табылады. Бұл поэмадағы басты кейіпкер бақсы – Қойлыбай. Қойлыбайдың поэмада көрсеткеніндей жындармен, шайтандармен қарым-қатынаста болуы бақсылықты аңғартады.
«Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан. Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген.
Алдында жорғалаған шашты шайтан, Қойлыбай қобыз алса-ақ, қалбалаңдап, Қақаман жалғыз көзді жынның ері, Ерегіссе, тау-тасқа салған ойран.
Дарқанның Нәдір пері – аға жыны, Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған. Қойлекеңнің үшінші жан жолдасы – Шайтанның шу асауы батыр Шайлан» [190].
Поэма жолдарына қарап отырсақ, қазақта Қойлыбай асқан бақсы болған. Зерттеуші Ж.Балтоғаеваның айтуынша, бұл поэманың сюжеті тікелей Ш.Уәлиханұлының еңбегінен алынған. Ш.Уәлиханұлы өз еңбегінде бақсыларға түсінік бере кетіп, осы поэмаға арқау болып отырған сюжетті баяндап кетеді.
Бақсылық ұғымы қазақ халқында шаманизм негізінде пайда болған түсініктердің бірі. Қазақ жеріне ислам діні келгенімен, қазақ халқы шамандықтан әлі арыла қойған жоқ еді. Отқа май құю, ата бабаның аруағына табыну, айға, күнге қарап дәрет сындырмау секілді шамандық қалдықтары осы күнге дейін сақталып келгендігі белгілі. Әрине, біз мұсылман халықпыз. Мұсылман халқы болғандықтан, осындай надандық ұғымдарды түп-тамырымен жоюымыз керек сияқты. Міне, осындай қоғамда Қойлыбай секілді жын-шайтанмен жақын бақсылар өмір сүрген. Бұл аңыз осындай оқиғадан туындап отырғандығы белгілі. Бұл жөнінде Ш.Уәлихановтың Даладағы мұсылмандық туралы еңбегінен осы жөнінде мысал келтіре кетейік:
«Мұсылманшылық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңісе қойған жоқ. Ол келешекте халық жігінің ажырау қаупін төндіреді. Қырғыздар арасында Мұхаммедтің атын да білмейтіндер әлі көп және шамандар да даланың көп жерінде әлі өз маңызын жойған жоқ»[4, 76]. Қойлыбайдың бәйгеге қобыз қосып, оның бірінші келуі жын-шайтандардың Қойлыбайға көрсеткен қызметі болып табылады. Қойлыбай қобызды сексеуілге байлап, ат келетін кезде жынданады, қара терге малынады. Осы көріністі
М.Жұмабаев шебер суреттейді:
«Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды Аруақ қалшылдатып, дірілдетті.
Ауызынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп, Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Көздері қып-қызыл боп қанға толып, Сарыны сар даланы күңірентті»[191].
Қорытындылай келе, М.Жұмабаевтың аңызға негізделген поэмаларының негізі қобыз екенін аңғарамыз. Бірақ, ақынның Қорқыт поэмасындағы Қорқыттың философиялық ойлары, ақынның идеялары «Өмір не?» деген сұраққа жауапты қобыздың күмбір үнінен тапқан тәрізді. Әрине, өмірдің мәні не екендігін біз Ислам дінінен таба аламыз. Ия, онда айтылғандай, мына шолақ өмір Алланың сынағы болып табылады, Алланың парыздарын өтеуіміз болып табылады. Сондай ақ, ақынның Қойлыбайдың аңызы атты поэмасында да, қазақтың шамандықтан қалған бақсы атауының іс-әрекеті, жын-шайтандарға жақын болғандығы жақсы суреттеледі. Осы поэмаға арқау болған аңыз-әңгімелер М.Жұмабаевты көркем суреттелуі шебер поэма жазуға алып келгендігі белгілі болып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет