36. Бейімбет Майлиннің пьесалары. «Майдан» пьесасының оқиғасы, тартыс сипатына талдау жасаңыз


Бернияз Күлеевтің лирикалық туындыларына талдау жасаңыз



бет5/7
Дата14.12.2022
өлшемі36,65 Kb.
#57346
1   2   3   4   5   6   7
40. Бернияз Күлеевтің лирикалық туындыларына талдау жасаңыз
Бернияз Күлеев 1900 жылы қазіргі Орынбор облысы, Бөрте ауданында дүниеге келді. Кіші жүздің Әлім руынан шыққан.
1917-1918 жылдары Орынбор мұғалімдер семинариясында білім алған. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының кітаптарды бастырушы өкілі ретінде Қазан қаласында қызмет істейді. Осы жылдары (1922 жылы) ол Мағжан Жұмабаевтың бір томдық жинағын шығарып, оған «Бастырушыдан» деп түсінік жазған. Мағжан мен Бернияздың өте жақын араласқандықтарына ақын қайтыс болғанда жазған «Берниязға» өлеңі мен «Бернияз Күлеев» деген қазанама мақаласы мысал бола алады. Онда ақын өмірі туралы толыққанды дерек бар: «Бернияз Ақтөбе уезіне қарайтын Кіші жүз Әлім руынан. 11 жасына шейін үйінде молдадан сабақ оқыған. 11-12-де Томаркөл облыстық школында оқыған. Туған әкесі Бекен ол школдан алып, Ақтөбе гимназиясына берсе де, шығынын ауырсынып, қайтып алып, Бөрте болысындағы екі класты школға кіргізген. Бұл школды бітірген соң Бернияз 16 жылы Орынборға барып, даярланып, 17 жылы учительский школға түскен. Апалаң-топалаң заман тәртіпті ғылым алуға ырық бермей, онда бір-ақ жыл оқып, жас бала жеке тұрмысқа, әлеумет ісіне кіріп кетеді. 18-жылы Торғайдың облыстық комитетіне мүше болады. 20-жылы «Ұшқын» газетінің бір жазушысы болады. 21 жылдан былай қарай Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынбор жаққа анда-санда аз уақытқа келіп-кеткені болмаса, ылғи Қазанда болады. Сол Қазанда қайтыс болады».

Өлең жазумен жастайынан шұғылданған Бернияздың артында қыруар мұра қалған. Шағын лириканы терең меңгерген ақын «Іңкәр жүрек», «Қайда екен», «Жорық», «Гүл» атты кең құлашты поэмалар жазды. Сонымен бірге ол А.С.Пушкиннің «Қараңғы жазғы бір түні», «Ажал», «Сүю», «Мұң», «Бар ойым бастан кешті көзім көріп», Н.Г.Цыгановтың «Тұтқын», И.С.Никитиннің «Ай сәулесі қысқы кеште», «Жатыр ұйықтап барша халық» өлеңдерін тәржімалап, қазақша сөйлетті.


Ақын шығармаларынан үлкен орын алатын тақырыптың бірі – махаббат. Оның «Оның», «Алалық», «Сүйгеніме», ««Сүйікті қайғылыға», «Жіптіктей қолыңмен», «Ғ... тоташтың альбомына», «Айныған аруға», «От жұтамын, ойланамын зарланып», «Ғашығыма», «Шын сұлуға», «Шер шыдатпай саған арнап», «Жылы жүзбен шырай берген», «От жалындай өртеп ішті», «Ұшпақтағы жарыма», «Гүләндамға» атты лирикалық өлеңдері сүйіскен жастардың бір-біріне деген сағыныш сезімін жеткізуге арналған. «Қолаң шашты, қиғаш қасты, бота көз, Алма мойын, аршын төсті жар сүюді» арман ететін ақын бірде сүйгеніне ойын жеткізе алмай, «Сүйсем де, сүйе алмадым еріксізден, Қайтейін, қазақшылық әдеттен көр» деп қиналса, енді бірде сұлуға былай сыр ашады:


...Құлқың кіл сыр,


Күлкің сиқыр –
Өлген жан да тірілер.
Күлме, күлме,
Күлсең тіріде
Жүрек жүзге тілінер...

Келші бері,


Сүйші мені,
Суырылсын көмейім.
Сүй, құшақта,
От құшақта
Есім ауып өлейін!

Осы жолдардан Абай салған мазмұн, түр жаңалығын аңғарсақ, ақынның махаббат лирикасынан Шәкәрім мен Мағжанның да әсері байқалады. Ол бірде Шәкәрім сынды сұлулықтың алдында бүкіл аспан денелерін табындырып «Жүрсең – жер, күлгенде – көк сүйінеді, Ағаш-шөп сәжде қылып иіледі. Аспанның ажарлысы Ай менен Күн, Көркіңді көріп таң боп күйінеді» десе, енді бірде Мағжан сынды «Ақ төсін ақ тамақпен бірдей иіскеп, Балқиды бар сүйегім, жүрек иіп» деп сезім күйлерін жеткізуге тырысады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет