Этностық жаңсақ нанымдар — ұлттық сана-сезімнің
қалыптасуының бастапқы көрінісі
Мақалада сана-сезімді тұлғаның құрылымдық компоненті ретінде қарастырудағы ғылыми
көзқарастарға талдау жасалған. Этностық жаңсақ нанымдар ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы
биосфералық жүйесіндегі тұлға бағыттылығының пстихофункционалдық өзгермелі компоненті
ретінде зерттелді. Сонымен қатар ұлттық сана-сезім, бір жағынан, əлеуметтік категория, екінші
жағынан — əлеуметтік-психологиялық феномен ретінде əлеуметтік психологияның зерттеу пəні
болатындығы көрсетілді.
С.Бони, Б.А.Амирова
Этнические предубеждения — первичная предпосылка
формирования национального самосознания
В статье представлен анализ подходов исследования национального самосознания как компонента
структуры личности. На основе данного научного анализа определено, что этнические предубеждения
являются основой формирования национального самосознания в биосферной системе направленности
личности. Также рассмотрено самосознание как предмет исследования социальной психологии, что
является, с одной стороны, социальной категорией, с другой — социально-психологическим феноме-
ном и психофункциональным трансформирующим компонентом самосознания личности.
References
1 Кон И.С. В поисках себя: Личность и ее самосознание. — М.: Политиздат, 1984. — 335 с.
2 Поршнев Н.Ф. Противопоставление как компонент этнического самосознания. — М.: Наука, 1973. — 320 с.
3 Уледов А.К. Духовное обновление общества. — М.: Наука, 1990. — 314 с.
4 Калтахчян С.Т. К вопросу о понятии национального самосознания // Вопросы истории. — 1996. — № 8. — С. 3–6.
5 Дробижева Л.М. Этническое самосознание русских в современных условиях // Советская этнография. — 1991. —
№ 1. — С. 3–13.
6 Чагай Л.П. Национальное самосознание личности: сущность, противоречия, проблемы формирования: Дис. ... канд.
филос. наук. — М., 1993. — 208 с.
7 Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию. — М.: Ин-т практической психологии, 1996. — 344 с.
Ethnic bias — primary background of formation …
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014
155
8 Нельсон Т. Психология предубеждений: Секреты шаблонов мышления, восприятия и поведения. 2-е междунар. изд.
— СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК; М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2003. — 384 с.
9 Əмірова Б.Ə. Этностық жаңсақ нанымдар: теориясы мен практикасы. — Павлодар: ПМПИ баспасы, 2009. — 395 б.
ƏОЖ 37.15.3.001
М.М.Түсіпова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Е-mail: TusupovaMM@mail.ru)
Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге асырудың
психологиялық аспектілері
Мақалада ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілген гуманистік басымдықты жүзеге асырудың
психологиялық аспектілеріне тоқтала отырып, білім беру саласында қолданылған технократия жəне
гуманизм парадигмаларына сипаттама берілді. Педагогикалық ғылымның өзекті мəселесі болып
саналатын оқыту барысындағы педагогтың оқушымен субъект-субъектілі қарым-қатынас орнатудың
психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар білім берудегі тұлғаға бағдарланған
гуманистік парадигманың А.Маслоудың «Гуманистік психология» теориясы бойынша берілетін өзін-
өзі өзектендіру сияқты жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары мен өзара байланысы
көрсетілген.
Кілт сөздер: парадигма, технократизм, гуманизм, мотивация, мотив, қажеттілік, технология,
құзыреттілік, мониторинг.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың принциптерінің бірі ретінде білім берудің гуманистік басымдығы көрсетілген. Сондықтан
бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа
мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру
жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог
қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа
идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық [1].
«Гуманизм» терминін қазақ тіліне аударғанда «ізгілікті» деген сөздің мазмұнымен тұстас келеді,
олай болса, белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін гуманистік ортаны құруда, алдымен, педагог
қауымының бойында ізгілікті қасиеттердің табылуы шарт. Гуманистік психология теориясының
негізін салған американдық психолог А.Маслоу (1908–1970). ХХ ғасырдың 60-шы жылдары өзін-өзі
өзектендірген, ізгілікті қасиеттерді бойына жинаған адамға тəн қасиеттер деп келесілерді көрсеткен
екен:
шындықты толығымен қабылдау жəне оған адекватты қатынаста болу (өмір шындықтарын
бұрмалаусыз қабылдау, түсіну);
өзін жəне өзгелерді қабылдау (өмірде əркімнің өз орыны бар, ешкімде біреудің қалауына
сəйкес болуға міндетті емес, адамды барлық болмысымен қабылдау жəне сыйлай білу);
өзінің сүйікті ісімен кəсіби тұрғыда айналысу, сол іске бағдарлану;
əлеуметтік ортадан тəуелсіз болу, өзіндік дербес пікірінің болуы;
басқа адамдарды түсуге қабілетті, адамдарға деген кеңпейілділік;
тəжірибесімен бөлісу, объективті баға бере білу;
жақсылық пен жамандықтың мақсаты мен тəсілдерін ажырата білу (мақсатқа жетуде кез
келген тəсіл тиімді бола бермейді);
жүріс-тұрыстың шынайы болуы;
əзілге бейім болу;
өзін дамыту, қабілеті мен потенциалды мүмкіндіктерін ашып, шығармашылық жұмыста,
махаббатта, өмірде өзін-өзі өзектендіру;
жаңа мəселелерді шешуге дайын болу, өз тəжірибесіндегі міндеттер мен қиындықтарды
саналы сезіне білу, өз қабілеттерінің мүмкіндігін білу [2].
М.М.Түсіпова
156
Вестник Карагандинского университета
Қазіргі білім саласындағы жаңа формация педагогтеріне қойылатын талаптар мен құзыреттілік
моделі жасалуда. Педагогке қойылған талаптарға сəйкес болу үшін педагогтың өзімен жұмыс
жасауына тура келеді. Алдымен бұл өзгерістер адамның ойлау стилін өзгертуден бастауды қажет
етеді.
«Мен қандаймын?» жəне «Қандай болуым керек?» деген сұраққа дəйекті жауап алу үшін білім
беру жүйесінде қолданылған гуманизмге қарсы бағыттағы технократизм парадигмасының сипатына
тоқталып кетейік.
Технократизм адам іс-əрекетін ұйымдастыруда қаталдық (əміршілдік) формасын көздейді жəне
өз атауында тұрғандай механикалық, техногенді сипатқа ие. Механикалық принципті негізге алған
автоматтандырылған жүйе адамға дайын жүріс-тұрыс пен ойлау тəсілін қолдануды талап етеді. Бұл
ойлау жүйесіне стереотип болып қалыптасып, оның өмір бойына созылады, өйткені адам оның
шектеуінен шыға алмайды, бойындағы əмбебап мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Технократия
принципін ұстанушылар барлық жағымды қасиеттерді біріктіретін жүріс-тұрыс моделін аз уақыт
ішінде адам бойында қалыптастыруды көздейді, бірақ адамның адам ретіндегі құндылығы, өзіндік
рухани байлығы, өзін жетілдіру мəселелері назардан тыс қалады. Технократизм парадигмасы адамға
нұсқау беру арқылы көптеген шектеулер қояды, ол қоғамға, əлеуметтік топтарға, тіпті кеңістігі мен
шығармашылығы жағынан шектейді. Адамзаттың табиғатпен үйлесімді даму мүмкіндігін шектейтін
технократизм идеясын сынға алған кеңес философтары В.Соловьев, П.Флоренский, А.Карсавин,
С.Булгаков жəне Н.Бердяев өз еңбектерінде оның адам ойлауын бір сарынды етіп, толыққанды
дамуына шектеу қоятынын ашып көрсетті [3].
«Білім ол — күш» деген ұранды басшылыққа алған технократ-оқытушы дайын білімді оқушы
бойына қалыптастыруға тырысады, оқушы тарапынан айтылған сын, ұсынылған жаңа бастама, идея
технократия парадигмасында қолдау таппайды, өйткені бұл парадигманың саясаты əміршілдік
стильде жүзеге асырылады. Жəне бұл парадигмада қалыптасқан жолдан ауытқуға немесе қателесуге
болмайды, себебі техникаға негізделген идеяда қысқа уақытта сандық мақсатқа жету керек, қатенің
себебін анықтап жəне салдарын жоюға, сапаға мəн беруге уақыт мүмкіндік бермейді. Əміршілдік
жүйе өз бағдарламасын ұсынатындықтан, адамның рухани дамуына, өмірдің мəнін ұғынып,
табиғатпен үйлесімді өмір сүруіне де əсер етеді. Дайын сүрлеумен жүруді көздейтін бұл парадигма
үшін адамның діни нанымдары, эстетикалық талғамы, құлықтылық қасиеттері, ата-бабадан келе
жатқан салт-дəстүрлері мен мəдениеті маңызды емес, тіпті дінді жоққа шығарып, қалыптасқан
ұлттық дəстүрді жойып, өз əмірін орындатқыза алады, сөйтіп, адамды автоматтанған іс-əрекеттің
құлына айналдырады. Билік жəне заң үшін қоластындағылардың бір бағытта жүргені, берілген
бұйрықтардың уақытылы орындалғаны, ұсынылған модельге сəйкес болуы өте ыңғайлы. Табиғи
үйлесімділіктен, сұлулықтан, рухани байлықтан, діни нанымнан айырылған адамда, əлем туралы, өзі
туралы бұрмаланған түсініктің қалыптасуына əкеледі.
Адамзатты қалыптасқан осындай жүйенің құрсауынан азат ету бойынша ғалымдардың ой
пікірлері өз ұлтының тарихи даму кезеңдеріне байланысты: мысалы, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген неміс
философтары И.Гете жəне Ф.Шиллер технократия жағдайында адам тұтастығын қалпына келтіріп,
индивидті тұйықталудан құтқарудың түрлі тəсілдерін қарастырды. Ф.Шиллер «əр адам еркіндікте
өмір сүруге құқылы, жəне оған қол жеткізудің бір жолы — рухани сұлулық», — деп санады [4].
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген кеңес философтары П.Флоренский,
В.Соловьев, Л.Карсавин жəне Ж.Маритен адам тұтастығын сақтауда əмбебап, кіріктілген
тұжырымдама ұсынды. Ол дінге негізделген, əлем тарихындағы барлық құндылықтарды біріктіруге
қабілетті «интегралды гуманизм» жүйесі болды.
Қайта өрлеу дəуіріндегі гуманистік ойлар: «гуманизм» терминін (лат. humanitas — адамшылық)
қолданды, яғни humanitos — адамның тəрбиесі жəне білімі, оның жоғарғы дəрежеге жетуіне
мүмкіндік туғызу деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қайта өркендеу дəуірінде дін мен феодализм
құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен əлеуметтік қозғалыс. Гуманизм
адамзат жəне барлық басқа болмыс бастауларынан адамзаттың жоғары тұратындығын білдіреді.
Дамушы мемлекет ретінде бізде технократизмді басшылыққа алған саясатты бастан өткердік,
демократиялы елде өмір сүріп жатқандықтан, оқытушылардың əміршілдік принципін басшылыққа
алуы тəрбиеленушілермен қарым-қатынаста қарама-қайшылық тудырып, қақтығысты жағдайлардың
туындауына мүмкіндік береді. Сондықтан гуманистік парадигманы жүзеге асыруға психологиялық
тұрғыда дайын болу үшін А.Маслоудың «Гуманистік психология» теориясымен танысып көрелік.
Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге …
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014
157
«Гуманистік психология» теориясы психологиялық дені сау, өз дамуының шегіне жететін, өзін
өзектендіре алатын үйлесімді тұлғаның қалыптасуын көздейді жəне оның негізгі ұстанымы əр
адамды біріккен, əмбебап, ұйымдасқан тұтастық ретінде қарау. Гуманизм теориясы бойынша, «адам
тағдырына деген жауапкершілікті өз қолына алып, ұсынылған мүмкіндіктердің арасынан еркін
таңдау жасай отырып, өмір бойы өзін жетілдіруге тырысуы қажет» деп түсінген американ психологы
А.Маслоу əр адамның толысуына жəне өзін өзі жетілдіруге деген потенциалды мүмкіндіктері бар деп
көрсетеді. Адамның өзін жетілдіруінде мотивация ықпалының басым екенін айтады [5].
Мотивация — адамды əрекет жасауға итермелейтін, оның жүріс-тұрысын басқаратын,
бағыттылығы мен белсенділігін анықтайтын жəне өз қажеттілігін қанағаттандыруға деген қабілеті.
«Мотивация» ұғымының толық мазмұны ашылу үшін, оның құрылымдарының сатылап орындалуы
шарт (1-сур.).
1-сурет. Мотивация құрылымы
Мотивация құрылымының қадам бойынша іске асырылуын оқушының танымдық мотивация
бойынша түсіндіретін болсақ, баланың оқуға деген мотивациясын арттыруда, алдымен, оның сабаққа
деген қызығушылығын ояту; қызығушылық болған жағдайда баланың саналы түрде оқуға, тануға
деген өзіндік қажеттілігі пайда болады; осыдан келіп бала білім алуға байланысты өзіндік мақсатын
қояды (мақсатты бала өзі қоюы қажет); ал мотив адамды əрекет жасауға итермелейтін ішкі күші деп
түсінсек, бұл жерде баланың оқу мақсатына сəйкес өз əрекетін ұйымдастыруы жатады (үй
тапсырмасы, таңертең сабаққа тұру деген əрекеттерді ата-ананың нұсқауымен емес, өздігімен
жасауы); əрекет дегеніміз — мақсатқа жету барысында қолданылатын амалдар мен тəсілдер. Осы
тізбек ретімен орындалып шыққанда мақсатқа қол жеткізу жəне қажеттілік пен қызығушылықтың
қанағаттандырылуы жəне баланың оқу мотивациясының қалыптасқандығы туралы айта аламыз.
Қорыта айтқанда, жаңа формация педагогы үшін гуманизм принципіне сəйкес мақсат қойып, соған
қол жеткізуде ішкі мотивінің болуы өте маңызды.
Адам
қажеттілігі
иерархиялық
сипатқа
ие
болғандықтан,
төменгі
қажеттіліктер
қанағаттандырылмайынша, жоғары қажеттіліктерді өтеуге деген мотивациялардың мəні маңызды
бола бермейді. Себебі төменгі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда өз маңыздылықтарын
жояды да жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген мотивация пайда болады. Өмірдің мəнін
түсінуге тырысу арқылы адам өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып өзін дамытуға
талпынып, тұлға дамуының жоғарғы кезеңі — өзін жүзеге асыру кезеңіне өтеді.
Тұлғаның жоғарғы қажеттілігі болып табылатын өзін-өзі өзектендіруге деген қажеттілігі, яғни
адам өз табиғатынан кім бола алады сол салада өзін өзектендіруі, өзінің потенциалды
мүмкіндіктерінің жоғарғы шыңына жетуі. Қандай мамандық саласы болмасын адамның өзін
өзектендіруіне негіз бола алады, сол кəсіпті терең игеріп, сапалы орындау арқылы да жоғары
қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады. Кейде адамдар өз əлеуметін түсінбей, оны жетілдіруді
маңызды деп ойлай бермейді, себебі өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне күмəнданады, ал өзін-өзі
өзектендіру тəуекелге бел байлаумен, сыртқы күшке қарсы күресумен байланысты болғандықтан,
қауіпсіздікке деген қажеттілікті қанағаттандыруды қолайлы санайды. А.Маслоудың қажеттіліктер
пирамидасы бойынша бойымыздағы психологиялық түйінді анықтап, сонымен жұмыс жасау арқылы
дамудың келесі кезеңіне өтеміз.
МОТИВАЦИЯ
1. Қажеттілік
2. Қызығушылық
5. Əрекет
3. Мақсат
4. Себеп
М.М.Түсіпова
158
Вестник Карагандинского университета
Ал мақсат қоюға негіз болатын қажеттілік мəселесі де А.Маслоу теориясынан тыс қалмаған, ол
қажеттіліктер иерархиясын (пирамидасын) төмендегідей көрсеткен (2-сур.).
2-сурет. Қажеттіліктер иерархиясы (А.Маслоу)
Егер бұл суретті талдайтын болсақ, адамға табиғатынан берілген физиологиялық қажеттілік
(тамақтану, тыныс алу, ұйықтау, сексуалды қажеттіліктер) базалық қажеттілік ретінде бірінші кезеңге
алынады. Екінші кезеңге қорғануға деген қажеттілік (материалдық, тұрмыстық қажеттіліктер,
денсаулығын
сақтау,
өмірінің
қауіпсіздігін
қамтамасыз
ету).
Төменгі
қажеттіліктер
қанағаттандырылған жағдайда үшінші кезеңге əлеуметтік қажеттіліктер (қарым-қатынасқа түсу
арқылы отбасына, досқа, махаббатқа деген қажеттіліктер) келеді. Төртінші кезеңге өзін сыйлатуға
деген, өз ортасында белгілі бір беделге ие болуға деген қажеттіліктерді жатқызады. Бесінші кезеңге,
əрі қажеттіліктердің ең биік шыңы — адамның өзін жүзеге асыруға, өзін өзектендіруге деген
қажеттіліктерін жатқызады [6].
А.Маслоу зерттеулері бойынша өзін өзектендірген адамдар саны өте аз болып келеді екен, оның
себебін төмендегідей көрсетеді:
төменгі жəне жоғарғы мотивацияны қанағаттандыруға кедергі келтіретін əлеуметтік
жағдайдың əсері;
өз мүмкіндіктерін бағаламау, өз қабілетіне күмəндану, сəттілікке деген қорқыныш адамның
өзін жетілдіруіне кедергі келтіреді;
қауіпсіздікке деген қажеттіліктің жоғары болуы адамның өзгеруіне, өсуіне, жетілуіне кедері
келтіреді, өйткені оның салдары тəуекелге, қателесуге, қобалжуға əкелуі мүмкін [5; 72].
Жалпы жоғарғы қажеттіліктердің қанағаттандылмауын адам аңғармауы мүмкін жəне оны жүзеге
асыруға деген ниеті де саналы бола бермейді, дегенмен, адамның өсуіне кедергі келтіріп,
психологиялық денсаулығына əсер етуі мүмкін (апатия, депрессия; адамдарды, өмірді жақсы көрмеу;
бүгінгі күнмен өмір сүру; əлемде болып жатқандарға, жаңа ақпараттарға қызығушылық танытпау;
өшпенділік, жек көру, эгоизм; бір нəрсеге қол жеткізуге тырыспау; өмірдің мəнін жоғалту;
нашақорлыққа, ішімдікке əуестену).
А.Маслоу өзін өзектендірудің бірнеше жолдарын төмендегідей көрсетеді:
өзімізде жəне бізді қоршаған ортада болып жатқандарды саналы түрде аңғара білу;
түрлі мəселелерді шешкенде белгілі таныс шешімдерден гөрі, жаңа жолдарды қарастыруға
тырысу;
жағдаятқа деген өзіндік қатынасын қалыптастыру, шешім қабылдауда өзгелердің пікірі мен
көзқарасынан тəуелсіз болу;
шыншылдық жəне жауапкершілікті өз қолына алу;
өз инстинкті мен пікіріне сеніп, соған сəйкес əрекет ету (кəсіп таңдауда, өмірлік жар таңдауда,
тамақтану режимі жəне т.б.);
өз қабілеттерін өзіне ұнайтын іс-əрекет түріне бағыттау арқылы дамыту;
өзін өзектендірудегі өтпелі кезең — адам жан тəнімен берілген жағдайда тұтас əлеммен
үйлесімде болғанда, ойы айқын жəне нақты болады, əлемге деген көзқарасы өзгеріп, өзі содан
шабыт алады;
М
əнділіг
і
Тұлғалық
өс
у
Мəден
и
(ж
оғары
)
қажеттіліктер
Өзін өзектендіруге деген қажеттілік
Өзін сыйлатуға деген қажеттілік
Төмен
гі
қажеттіліктер
Əлеуметтік қажеттілік
Қауіпсіздікке деген қажеттілік
Физиологиялық қажеттіліктер
Білім берудің гуманистік парадигмасын жүзеге …
Серия «История. Философия». № 3(75)/2014
159
өзін өзектендірудегі келесі қадам — өзіндегі «психологиялық қорғаныстарды» анықтау
(проекция, рационализация, ойдан шығарып тастау, идентификация жəне т.б.) жəне оны бұзу:
өзін өзектендіру қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірдің мəнін түсіну жəне өзін жетілдірудегі
өзінің мəнін жүзеге асыру [7].
А.Маслоу бойынша, адамда бұл қажеттіліктер кезеңмен орындалуы қажет. Мысалы, төменгі
қажеттіліктер қанағаттандырылса, адамның тамағы тоқ, отбасы бар, материалдық қамтамасыз етілген
болса да бұл толық бақытқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Төменгі қажеттіліктерді адам алдымен маңызын түсініп айтарлықтай қанағаттандырған
жағдайда жоғары қажеттіліктерді өтеу үшін жүріс-тұрысында мотивация пайда болады. Сонымен
физиологиялық қажеттіліктер қанағаттандырылғанда қауіпсіздікке деген қажеттіліктер туындайды.
Осылайша төменгі қажеттіліктерді қанағаттандыру негізінде қарым-қатынасқа деген, мамандықты
игеруге, өзінің шағын ортасына деген қажеттіліктер пайда болады. А.Маслоу адамдардың өз
идеалына қол жеткізу үшін өмірлік қажеттіліктерін құрбан етуге баратындықтарында жоққа
шығармайды (аштық жариялау, өз өмірін қию), ал кейбір адамдарда махаббатқа, отбасына деген
қажеттіліктен гөрі, карьера жасау қажеттіліктерін жүзеге асыруы мүмкін. А.Маслоу бойынша, адам
орта есеппен физиологиялық қажеттілігін 85 %, қауіпсіздікке деген қажеттілігін 50 %, өзін сыйлатуға
деген қажеттілігін 40 %, ал өзін өзектендіруге деген қажеттілігін 10 % қанағаттандырады деп
болжайды [7].
Сонымен аталған парадигмаларды салыстыра отырып өз іс-əрекетімізде қандай басымдықты
ұстанып жүргенімізді саралауға болады. Яғни гуманистік парадигманы басшылыққа алуда педагог өз
бойына ізгілікті қасиеттерді қалыптастыра отырып, оқушылардың толыққанды, үйлесімді дамуына
жағдай жасайды.
Бүгінгі күннің негізгі міндеті — білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баршаға білім
беруден — таңдау бойынша білім беруге» ауысуы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы
жариялаған білім беру басымдығында, «Жалпыға білім беру» моделінен «əр адамға білім беру»
моделіне көшуге негізделген.
Ұстаз шəкіртінің білім алуға деген құштарлығын тудыра алмаса, оның ынтасы, пəнге
қызығушылығы қалыптаспайды. Білім беруде оқушы өзі ізденіп жаңа тақырыпты өз бетінше оқып,
түсініп, сыныптастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз
нəтижеге қол жеткізгені. Оқушының білім алуға, ізденуге деген жауапкершілігі артқан сайын
мұғалімнің міндеті мүлде өзгеріп, ол шəкіртімен пікірлесетін, олардың білгенін саралап, қиналған
тұстарына кеңес беретін бағыт берушіге айналуы керек. Жаңаша білім беруде педагог өз бойында
ізгілік принциптерін меңгерумен қатар, шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалыққа ұмтылып,
оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары маман бола алады.
Педагог əр сабағын мақсат көздеп, проблемалық ситуациялар бере отырып, оқушының ойлануына,
шығармашылық қабілетінің шыңдалуына жағдай жасайды. Таңдаған мамандық саласында жоғары
жетістіктерге қол жеткізіп, заман талабына сай бейімделе білу адамнан икемділікті де талап етеді. Ал
өзгерістерге тез бейімделу үшін ойлаудың шаблонды түрінен гөрі икемді болуы қажет.
Кəсіби шеберліктің жоғарғы шегі — шығармашылық жұмыс. Анықтамасына тоқталсақ,
шығармашылық — бұл теорияны практикамен шебер ұштастыру, оқу-тəрбие проблемаларын жоғары
біліктілікпен шешу, белгілі бір бақылау, зерттеу жүргізу. А.Маслоудың гуманистік психология
теориясы бойынша өзін сыйлата білу жəне өзін өзектендіре білуге деген жоғары қажеттіліктерді
қанағаттандырумен сəйкес келеді. Шығармашылық іс-əрекетке қойылатын талаптар:
мақсат көздеу, оған жетуде белгілі бір тақырыппен айналысу;
оқытудың, тəрбиелеудің жəне дамытудың технологияларын, əдіс-тəсілдерін кеңінен оқып
үйрену, меңгеру;
ғылыми ойларды, озық педагогикалық іс-тəжірибелерді, білім беру технологияларын, əдіс-
тəсілдерді мектеп практикасына, оқу-тəрбие үрдісіне кеңінен енгізуде белгілі бір зерттеуден
(эксперимент) өткізу;
кезіккен проблемаларды шешуде білім, білік, дағдыны жүзеге асыру;
жүргізілетін жұмыстардың нəтижесін талдап, мониторинг жүргізу;
алынған қорытындыны баспаға шығару, тəжірибе тарату.
Білім сапасы білім, іскерлік, дағды негіздерінен тұрады: берілетін теориялық білімнің оқушы
мүмкіндігі мен жас ерекшелігіне сəйкес жүйелі болуы, оқушының алған білімді практикада қолдану
арқылы оны дағдыға айналдыруы. Сапалы білім осы үш негізді педагогикалық ұжымдағы əрбір
М.М.Түсіпова
160
Вестник Карагандинского университета
мұғалім қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асады. Ол үшін оқушының танымдық мотивациясына
назар аударып, білімге деген қызығушылығымен, қажеттілігін қалыптастыру ең маңызды бастама
болып табылады. Берілген білімді оқушы өз əрекетінде диагностикалап, өзін-өзі бағалап, өз іс-
əрекетін мақсатқа сəйкес жоспарлап жүзеге асыру арқылы кемшіліктері мен олқылықтарын анықтап
дер кезінде түзетулер енгізсе, тиімді нəтижеге қол жеткізе алады. Нəтижеге бағыттала жұмыс
жасауда ізгілікті педагог жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін білім беру саясатының мақсатына
сəйкес, мектеп мақсатын ескере отырып, өз пəнінің мақсатын қояды. Себебі оқушылардың білім,
білік жəне дағды деңгейі, пəндердің оқытылу жағдайы үнемі бақылауда болып, оқушы біліміне
кешенді диагностика жүргізіп, алынған нəтижелерге үнемі талдау жасалған жағдайда педагогтың өз
іс-əрекетіне деген жауапкершілігі артады. Оқыту үрдісінде алынған нəтиже бастапқыдағы мақсатқа
сəйкес келсе, яғни, білімнің сапасы үнемі бағаланып, алынған нəтиже мен күтілген нəтиже өлшеніп
отыратын мониторинг жүргізіліп отырса, оқушы бойында қалыптасып жатқан білім, білік, дағдының
көзделген мақсатқа сай болуы немесе ауытқуын көре аламыз. Мониторинг қорытындысы арқылы
педагогте, оқушы да өз əрекеттеріндегі кемшіліктер түзеліп, айырымдар анықталады. Осы əрекеттер
үнемі жүргізілген жағдайда педагогтар мен оқушылардың танымдық мотивациясы артады жəне
нəтижеге бағытталған іс-əрекет жүзеге асады.
Білім берудегі гуманистік парадигманы жүзеге асырудың психологиялық аспектілерін ескере
отырып ізгілікті қасиеттерді бойына сіңірген педагогикалық ұжым, білім беру мекемесінде
гуманистік орта құру арқылы өзін жəне өзгені сыйлап, құрметтей алатын, ойын еркін жеткізе алатын,
стандарттан тыс ойлауға қабілетті, өзімен жəне қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүретін,
толыққанды тұлғаның тəрбиеленуіне ықпал етеді.
Əдебиеттер тізімі
1 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. — 2007. — 27 шілде. — № 319. // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі:
www. zakon.kz
2 Бердяев Н.А. Смысл истории. — 3-е изд. — М.: Мысль, 2000. — С. 45.
3 Гуревич П.С. Новая технократическая волна на Западе. — 3-е изд. — М.: Прогресс, 1999. — С. 109.
4 Суркова Л.В. Технократизм: социокультурный феномен. — 2-е изд. — М.: Изд-во МГОУ, 1992. — С. 15.
5 Мэмфорд Л. Миф машины // Вестн. Москов. гос. ун-та. — 2001. — Т. 7. — № 1.
6 [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://ru.wikipedia.org/wiki (дата обращения 12.11.2008).
7 [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://pro-psixology.ru/sovremennye-psixologicheskie-teorii (дата обращения 12.11.2008).
Достарыңызбен бөлісу: |