№3(79)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата18.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#2183
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37

телей 


исло  Доля  Число Доля
0 0 0 0 
0 0 0 0 
0 0 0 0 
 
еих  фокус-группах  нет 
еста  не  превышает 5. 
ителей  (представители 
ы  набирают 4 положи-
пе риска. Следует отме-
проявили беспокойство 
ия. 
енее  всего  подвержены 
вержены те респонден-
на него утвердительно 
одые  родители  в  этом 
вопрос, что свидетель-
установить определен-
довольно высокую сте-

Некоторые вопросы интернет-зависимости… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
143 
Т а б л и ц а   2  
Распределение положительных ответов 
№ вопроса 
Вопросы 
Распределение положительных  
ответов (в %) 
1-я фокус-группа 2-я фокус-группа

Чувствуете ли Вы себя озабоченным Интернетом (думаете 
ли Вы о предыдущих онлайн сеансах и предвкушаете ли 
последующие)? 
0,0 1,9 
II 
Ощущаете ли Вы потребность в увеличении времени, про-
веденного в Сети? 
2,3 12,9 
III 
Были ли у Вас безуспешные попытки контролировать, ог-
раничить или прекратить использование Интернета? 
12,4 29,8 
IV 
Чувствуете ли Вы себя усталым, угнетенным или раздра-
женным при попытках ограничить или прекратить пользо-
вание Интернетом? 
3,8 13,6 

Находитесь ли Вы онлайн больше, чем предполагали? 1,2  56,3 
VI 
Были ли у Вас случаи, когда Вы рисковали получить про-
блемы в работе, учебе или в личной жизни из-за Интерне-
та? 
0,0 7,8 
VII 
Случалось ли Вам лгать членам семьи, врачам или другим 
людям чтобы скрыть время пребывания в Сети? 
1,6 39,1 
VIII 
Используете ли Вы Интернет для того, чтобы уйти от про-
блем или от дурного настроения (например, от чувства 
беспомощности, виновности, раздраженности или депрес-
сии)? 
17,9 66,3 
 
В конце интервью родителям было предложено следующее сообщение: «Николас Карр, извест-
ный американский ученый-публицист, эксперт в области процессов управления и передачи информа-
ции совместно с созданной им группой исследователей-психологов пришел к неутешительным выво-
дам — быстрое и регулярное просматривание сайтов ведет к тому, что мозг человека утрачивает спо-
собность  к  углубленному  аналитическому  мышлению,  превращая  постоянных  пользователей  сети 
в импульсивных  и  не  способных  к  интеллектуальной  работе  людей» [3]. В  результате  обсуждения 
данного тезиса все участники фокус-групп выразили твердое намерение отслеживать своих детей и 
внуков на предмет потенциальной интернет-зависимости. 
На основе проведенного нами исследования сделаны выводы. Мы полагаем: необходимо во всех 
учебных заведениях проводить среди родителей и самих обучающихся для начала просветительскую 
работу,  это  во-первых.  Во-вторых,  педагогам  следует  регулярно  проводить  мониторинг  на  предмет 
выявления  степени  интернет-зависимости  школьников.  И  на  основе  анализа  данных  мониторинга 
осуществлять  целенаправленную  работу  по  ее  предупреждению  среди  детей.  Но  при  этом  следует 
четко себе представлять, что Интернет несет огромную пользу. И не следует быть категоричным, го-
воря об опасности Сети для человека. Исходной позицией для педагогов и родителей должно явиться 
следующее правило: воспитывать культуру интернет-пользования. 
 
 
Список литературы 
1  Рунова 
Н.Б. 
Тренинг 
оптимистического 
мышления 
у 
подростков. — [ЭР]. 
Режим 
доступа: 
http://nsportal.ru/shkola/psikhologiya/library/2015/03/03/trening-optimisticheskogo-myshleniya-u-podrostkov. 
2  Кимберли  С.  Янг.  Диагноз — интернет-зависимость. — [ЭР].  Режим  доступа: http://www.narcom.ru/ideas/common/ 
15.html. 
3  Интернет-зависимость:  понятия,  виды,  симптомы,  стадии  и  причины  развития,  лечения  и  профилактики. — [ЭР]. 
Режим доступа: http://constructorus.ru/zdorovie/internet-zavisimost.html 
 
 

Л.А.Шкутина, Э.М
.
Батырбаева 
144 
Вестник Карагандинского университета 
Л.А.Шкутина, Э.М
.
Батырбаева  
Позитивті ойлау аясында интернет  
тəуелділігінің кейбір мəселелері 
Мақалада  тұлғаның  интернет  тəуелділігі  мен  екі  типті  ойлау  қабілеті  арасында  түзету  мүмкіндігі 
ұсынылған.  Зерттеулерді  талдау  барысында  тұлғаның  интернет  тəуелділігі  адамның  өзіндік 
қасиеттерін  дамытуда  кері  əсерін  тигізеді  деген  пікір  айтылды.  Эксперимент  топтарында  өткізілген 
интервью  кері  əсер  тигізуді  болдырмауда  алдын  алу  жұмыстарын  жүргізу  қажет  екенін  айқындады. 
Бұл  бағытта  халықпен,  əсіресе  ата-аналармен  насихаттау  алдын  алу  жұмыстың  негізгі  формасы  деп 
есептелді.  Интервью  нəтижесі  бойынша  интернет  тəуелділіктің  алдын  алу  жұмыстарын    жас  ата-
аналар арасында өткізу қажеттігі дəлелденді. 
 
L.A.Shkutina, E.M.Batyrbaeva  
Some questions of Internet dependence  
in the context of positive thinking 
In the current  study the authors made an attempt to establish correlation between Internet dependence and 
two types of thinking. Studying of specialized  literature and the express research allow to approve obvious 
tendency of Internet dependence to negative approach in personal qualities development. The interview con-
ducted in two focus groups testifies to need of scheduled maintenance for prevention of potentially negative 
consequences of Internet dependence. Thus, the  authors consider the main form of prevention is educational 
promotion among the general population and,  first of all, among the parents. Results of interview showed 
that it is necessary to increase motivation of prevention of Internet dependence at young parents. 
 
 
References 
1  Renova N.B. Training optimistic thinking in adolescents, [ER]. Access mode: http://nsportal.ru/shkola/psikhologiya/library/ 
2015/03/03/trening-optimisticheskogo-myshleniya-u-podrostkov. 
2  Kimberly S. Young. The diagnosis of Internet addiction, [ER]. Access mode: http://www.narcom.ru/ideas/common/15.html. 
3  Internet addiction: definition, types, symptoms, stages and causes of development, treatment and prevention, [ER]. Access 
mode: http://constructorus.ru/zdorovie/internet-zavisimost.html 
 
 
 

Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
145 
ƏОЖ 378 
Қ.А.Сарбасова, Ж.Е.Алшынбаева  
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана 
(E-mail: Zhuldyz_eldosovna@mail.ru) 
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің инновациялық  
жүйесін құрудың əдіснамалық негіздері 
Мақалада  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  жүйесін  реформалаудың  жəне  модернизациялау 
процесіне  байланысты  өзекті  мəселелер  қарастырылған.  Авторлар  Қазақстан  экономикасының 
индустриялық-инновациялық  даму,  техникалық  жəне  кəсіптік  оқыту  мамандарын  даярлауда  жаңа 
сапалы оқытудың талаптарына байланысты сұрақтарды талдады. Кəсіптік оқытуды ұйымдастырумен 
тиімді модельдеуді қамтамасыз етудің бастапқы жағдайы анықталды жəне қалыптастырылды. Еңбек 
нарығының  қажеттіліктеріне  сəйкес  білім  беру  жəне  кəсіби  біліктілікті  интеграциялау — негізгі 
мақсатына жету үшін кəсіптік оқытудың нақты инновациялық жолдарының тиімділігі жоғары екендігі 
дəлелденді. 
Кілт сөздер: техникалық жəне кəсіптік білім беру, білім парадигмасы, кəсіби құзыреттілік, инновация, 
дуалды оқыту жүйесі, білім беру жүйесі, кəсіптік оқыту, модель. 
 
Елбасы  Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан – 2050» жаңа  бағытын  ескере  отырып,  Үкіметке «2013 ж. 
бастап  халықаралық  үлгідегі  куəліктер  беру  арқылы  инженерлік  білім  беруді  жəне  заманауи 
техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кəсіби-техникалық жəне 
жоғары  білім  ең  бірінші  кезекте  ұлттық  экономиканың  мамандарға  деген  қазіргі  жəне  келешектегі 
сұранысын  барынша  өтеуге  бағдар  ұстауы  керек.  Көп  жағынан  бұл  халықты  еңбекпен  қамту 
мəселесін шешіп береді», — деп атап көрсетті [1]. 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  мақсаты — еңбек  нарығында  бəсекеге  қабілетті, 
құзыретті,  өз  жұмысын  жақсы  білетін,  жан-жағына  бағыт-бағдармен  қарайтын,  əлемдік  стандарт 
деңгейінде  нəтижелі  жұмысқа,  кəсіби  өсуге,  əлеуметтік-саяси  оңтайлы  тез  əрекет  жасауға,  болып 
жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды 
шешуге  лайық,  өз  қалауы  мен  қоғам  талабына  сай  өзін  көрсете  білуге  бейім,  өз  ойын  еркін  айта 
алатын,  жоғары  білімді,  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  жəне  əлемдік  мəдениетті 
бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кəсіби маман дайындау. 
Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  мақсаты — қоғамның  жəне  экономиканың 
индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарына  сəйкес  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
жүйесін  жаңғырту,  əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кірігу,  педагог  мамандығының  беделін  көтеру, 
білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру. 
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, 
қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен 
ақпаратты  іздеп,  талдайтын  жəне  оны  дамытуға  қабілетті, кəсіби  құзыретті,  функционалды  сауатты 
жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. 
Мемлекетіміздің  тек  саясат  пен  экономика  емес,  білім  беру  жүйесіне  де  үнемі  назар  аударуы 
еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Қай қоғамда болмасын 
шешуші фактор адам жəне жеке тұлға болып қала бермек. 
Еліміздегі  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  өзгерістер,  республиканың  əлемдік  деңгейде 
білім  беру  жүйесіне  жетуде  жасаған  қадамдары  осы  кезге  дейін  педагогика  теориясы  мен 
практикасында  бекітілген  білім  беру  парадигмаларын,  жүйелерін,  əдістерін,  формаларын  жетілдіру 
талабын  қойды.  Білім  берудегі  жаңашылдықтар — ізгіліктік  педагогика,  студенттердің  тұлғалық 
əлеуетін  анықтау  жəне  дамыту,  əлеуметтік  үдерістер  мен  тұлғааралық  қарым-қатынастарды 
ұйымдастырудың  ерекше  формасы  ретінде  танылатын  оқыту  үдерісінің  тиімділігін  арттыру  болып 
отыр. 
Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тəрбие жұмыстарының талапқа 
сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кəсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. 

Қ.А.Сарбасова, Ж.Е.Алшынбаева 
146 
Вестник Карагандинского университета 
Қазіргі  таңда  білікті  маман  даярлаушы  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  жүйесінде  бəсекеге 
қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен, маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек 
деген əр түрлі пікірлер жиі айтылуда. 
Осыған  орай,  болашақ  кəсіби  құзыретті  маман  осы  ақпараттық  қоғамнан  тыс  қалмай,  жедел 
ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті,  нақты  бағыт-бағдар 
беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның басты талабы [2]. 
Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беруде  оқу  орындары  мен  əлеуметтік  серіктестіктердің 
байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғаруға болады. 
Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беруге  қазіргі  таңда  ел  көлемінде  айрықша  мəн  беріліп  отыр. 
Кəсіптік-техникалық  білімнің  бəсекеге  лайық  ілгерілеп  дамуы  мемлекет,  бизнес  құрылымдарының 
жəне азаматтардың əлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Елдің экономикалық қуаты да 
осы  аталып  отырған  сала  мамандарына  тəуелді  екені  ақиқат.  Жалпы  бұл  сала  мамандарына  біздің 
өңірімізде  де  сұраныс  жоғары.  Үкіметтің  арнайы  қаулысымен  бекітілген  тұжырымдамасында 
жастардың халықаралық стандарттарға сəйкес келетін отандық кəсіптік білім алуына жағдай жасау, 
жастарды  жұмыспен  қамту  жəне  жұмысқа  орналастыру  деңгейін  арттыру  мəселелері  де 
қарастырылған.  Ал  оны  іске  асыру  ортақ  мүдде  болғандықтан,  сала  мамандарының  əріптестік 
жұмысы оң нəтижелерге қолжеткізетіні анық. 
Кəсіптік  білім  жастарымыздың  мамандық  таңдауы  үшін  қажетті  өрісті  қамтамасыз  етуге,  ал 
ересектер  үшін  олардың  жаңа  жоспарлы  іспен  айналысуына,  кəсіби  шеберлігін  жетілдіруіне 
бейімделген. Осының негізінде қазіргі жастардың кəсіптік білімге деген қызығушылықтарының арта 
бастағанын байқауға болады. 
Теориялық  білім  тəжірибемен  ұштасқанда  ғана  маман  кəсібіне  төселіп,  көш  ілгері  жұмыс 
атқаруға қабілеті артады. Осыған байланысты, өндірістік тəжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл 
бөлініп  отырғанын  байқаймыз.  Қазіргі  таңда  жұмыс  берушілер  кадрларды  мақсатты  даярлауға 
көптеген қаражат бөліп отыр. 
Бұл  негізде  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  инновациялық  жүйесіне  білім  жүйесін 
жаңғырту  аясында  дуальды  кəсіби  білім  беруді  дамыту,  жұмысшы  кадрларының  зəрулігін  еңсеру 
үшін  қолданбалы  мамандықтардың  заманауи  орталықтарын  құру  міндеттері  қойылды.  Дуальды 
жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кəсіптік-техникалық білім 
берудегі  басты  проблема — оқу  орнындағы  теория  мен  заманауи  өндіріс  практикасы  арасындағы 
алшақтықты  жоюға  мүмкіндік  береді.  Дуальды  оқытуда  теория  мен  практиканың  өзара  байланысы 
принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кəсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті 
біліктілікке  ие  болуға  көмектеседі.  Мұндай  оқыту  өндірістің  нақты  сұраныстарына  барынша 
жақындатады  да  жұмыс  берушілер  дайын  мамандарға  ие  болады.  Бүгінгі  таңда  еңбек  нарығында 
жоғары  білікті  мамандар  тапшылығы  орын  алуда.  Қалыптасқан  жағдайдың  негізгі  себепшісі  білім 
беру  үрдісін  ұйымдастыру,  яғни,  жас  маманның  бойынан  табылуға  тиісті  тəжірибелік  дағды,  білім 
мен тəжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі 
болып  табылады.  Қалыптасқан  жағдайда  теория  мен  практиканың  арасында  алшақтықты  жою 
мəселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету — бұл 
жетістікке қол жеткізудің кепілі. 
Дуальды  оқыту  жүйесі  дегеніміз — теорияны  өндіріспен  ұштастыра  оқыту  технологиясы.  Ол 
алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуальды оқыту жүйесінің кəсіби мамандар даярлауда 
тиімділігі  мен  нəтижелілігі  зор  екендігі  тəжірибеде  дəлелденген.  Дуальды  оқыту  жүйесі  қазіргі 
дүниежүзілік  тəжірибеде  бар  дүние.  Оған  мысал  ретінде  Германиядағы  кəсіптік-техникалық  білім 
берудегі  даярлаудың  дуальдық  жүйесін  алуға  болады.  Мұнда  оқушылар  уақытының  үштен  екі 
бөлігінде  еңбек  ете  жүріп  өндірістен  қол  үзбей  оқиды,  тек  уақытының  үшінші  бөлігін  теориялық 
оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. 
Дуальды  оқыту  жүйесінің  негізгі  мақсаты — техникалық-кəсіптік  оқу  орындарының  жұмыс 
беруші  жеке  сектордағы  өндіріс,  шаруашылық  мекемелерімен  серіктестік  ретінде  бірлесе  отырып, 
нарық  заманында  бəсекелестікке  төтеп  бере  алатын,  жаңа  инновациялық-технологиялық 
бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. 
Қазіргі кезде əлемде оқытудың дуальды жүйесі-техникалық жəне кəсіптік мамандар даярлаудың 
ең тиімді жолдарының бірі болып отыр. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында 
дағды  мен  білімді  тікелей  игеруге  бағытталған,  практикалық  сағаттардың  оқыту  бағдарламасына 

Техникалық жəне кəсіптік… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
147 
барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі таңда білім берудің дуальды 
жүйесі деген атпен белгілі [3]. 
Дуальды оқыту жүйесі — теориямен қоса практиканы пайдалану деген сөз. Түлектер теориялық 
жағынан емес, практикалық жағынан да сауатты болмақ.  
Қазақстанның əлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кəсіптік білім беретін оқу 
орындарында бəсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға əр түрлі өндірістік салаларға даярлау 
деңгейі  білім  беру  жағдайларымен  анықталады.  Қазіргі  кезде  жан-жақты  маман  даярлау  олардың 
əлеуметтік, кəсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі əлеуметтік 
сала  экономикасын  дамытудың  болашақ  мамандардан  төмендегідей  шарттардың орындалуын  талап 
етеді: 
 жүйелі ойлауды; 
 құқықтық ақпараттық мəдениетті; 
 кəсіпкерлік мəдениетті; 
 өзін-өзі тануды; 
 басқаларға ұсынуды; 
 өз қызметін білімді талдауды; 
 жаңа білімді; 
 нанотехнологияларды меңгеруді; 
 кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды; 
 бəсекелестікті жəне өмір талаптарына сай қызмет етуді; 
 əр іске жауапкершілікпен қарауды; 
 нəтижеге бағытталған істерді жасауды. 
Білім ордасында студенттер арнайы пəннің өздеріне керек жəне маңызды екенін сезінуі қажет. 
Мамандықтар бойынша арнайы пəндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде 
құрылған  типтік  жұмыстар  бағдарламалары,  оның  негізінде  дайындалған  оқу,  жұмыс 
бағдарламалары,  тақырыптық-күнтізбелік  жоспарлар,  оқу-əдістемелік  кешендер,  электрондық 
оқулықтар, жаңа ақпараттық технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия əдістері 
қолданылады.  Бұлардың  барлығы  маман  моделінің  нарықтық  экономикада  қажеттілігін  туғызуға 
бағыттауды  негіздейді.  Себебі  соңғы  кезде  білім  саласында  біліктілік  моделінің  құзыреттілік 
моделіне  ауытқуы  көп  қарастырылып  келе  жатқан  мəселе,  яғни  жұмыс  берушіні  көбіне  біліктілік 
емес,  құқық,  ақпарат,  əлеуметтік  сала  жағынан  құзыретті  мамандар  қызықтырады.  Осыған  орай 
біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі əрі сапалы болады. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстанның  əлеуметтік  жаңартылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 
Қоғамына  қарай 20 қадам»  атты  мақаласында: «Дуальды  кəсіптік  білім  беруді  дамытудың  маңызы 
зор.  Бұқаралық  маман  кадрларының  жетіспеушілігін  еңсеруге  мүмкіндік  беретін  заманауи 
қолданбалы  біліктілік  орталықтары  қажет», — деді [4]. Мемлекет  басшысы  колледждерде  дуальды 
оқыту əдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының XIX-шы 
сессиясында «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кəсіпорындар тізімін белгілеп, дуальды модельді 
бірте-бірте енгізудің жоспарын əзірлеуді тапсырған болатын. 
Дуальды жүйенің негізі — оқушыны оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальды оқыту əдісі 
əлемнің  көптеген  елдерінде,  мысалы,  Германия,  Австрия,  Дания,  Нидерланды,  Швеция,  Англия, 
Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде. 
Бастысы,  түлектердің  жұмысқа  орналасу  көрсеткіші  жоғары  деңгейде  болатындығында.  Бір 
сөзбен айтқанда, дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды.  
Дуальды  оқыту  əдісінің  келесі  бір  ерекшелігі — еңбек  нарығына  қажетті  жас  мамандарды 
даярлауға  тек  білім  мекемелерінің  ғана  емес,  сонымен  қоса  жұмыс  беруші  мекемелердің  де 
жауапкершілігін арттырады. 
Дуальды  оқыту  жүйесіндегі  ерекшеліктердің  бірі  оқу  орындары  өздеріне  əлеуметтік  серіктес 
табуы  керек.  Яғни  оқушылар  тəжірибе  сабақтарын  өткізуі  үшін  өздерінде  даярланатын 
мамандықтарға сəйкес келетін кəсіпорындармен келісім-шартқа отыруы тиіс. 
Əлемдік  тəжірибеге  сүйенсек,  білім  берудің  дуальды  оқыту  жүйесі  мамандардың  кəсіби 
дайындығын  жоғарылатуға  ықпал  етеді.  Еңбек  өнімділігі  артады,  халықтың  көшіп-қонуы  азаяды, 
əлеуметтік шиеленіске жол берілмейтіндігі жайлы мəселелер өз шешімін табады. 

Қ.А.Сарбасова, Ж.Е.Алшынбаева 
148 
Вестник Карагандинского университета 
Іс  жүзінде  дуальды  оқыту  үлгісі  бизнестің,  болашақ  маман  мен  мемлекеттің  мүдделерінің 
бірлестігі болып саналады.  
Дуальды  жүйе  оған  қатысып  тұрған  барлық  жақтардың,  яғни  кəсіпорынның,  жұмыскерлердің, 
мемлекеттің,  талабына  жауап  бере  алады.  Кəсіпорын  үшін — бұл  өзіне  кадр  дайындау, 
жұмыскерлерді іздеп табуға, оларды қайта даярлауға жəне бейімдетуге кететін шығындары азайтуға 
мүмкіндік беретін оң жақтары да бар. Жастар үшін дуальды жүйе ерте кезден бастап дербестік алуға 
жəне ересек өмірге оңайырақ бейімделуге болатындай зор мүмкіндік береді. Оқу барысында олар өз 
еңбектері  үшін  мекемеде  ақшалай  сыйақы,  ал  оны  бітірген  соң  жақсы  дайындалған  жұмысқа  ие 
болады.  Германияда  мектептен  кейін    шамамен  жастардың  жартысы  дуальды  жүйе  арқасында  
мемлекетпен ресми түрде мойындалған 350 мамандық ішінен бір мамандық иесі бола алады. Кəсіпке 
үйрену  көптеген  елдерге  тəн  таза  мектептегі  кəсіптік  оқытудан  айырмашылығы  бар.  Мекемеде 
аптасына 3–4 күн практикалық сабақ болса, ал кəсіптік мектепте мамандық теориясы аптасына 1–2 
күн оқытылады.  Оқытудың мерзімі — 2 жылдан бастап 3,5 жылға дейін. Оқушылар орнының 80 %-ын 
орта  жəне  кіші  фирмалар  береді.  Дуальды  жүйе  болуының  арқасында  Германияда  кəсібі  жоқ  жас 
адамдардың  біршама  үлесі  салыстырмалы  түрде  аз:  барлығы 15–19 жас  арасында — 4,2 %. 
Германиядағы жұмыссыздық мəселесі болса, онда орта есеппен жұмыссыз саны — 7,8 %. Егер 25 жас 
аралығындағы  жастардың  жұмыссыздық  мəселесі  туралы  айтсақ,  онда  Германияда  ол — 7 %, 
Грецияда — 45, Испанияда — 43, Словакияда — 33, Францияда — 30 %. Осылайша,  сандар  неміс 
дуальды  жүйесінің  артықшылығын  айқын  көрсетіп  тұр.  Теория  мен  практиканың  үйлесімі  жоғары 
мамандырылған жұмыскерлер мен қолөнершілердің бар болуына кепілдік берген [5].  
Кəсіптік  оқыту — бұл  əрі  қарай  білім  алу  кезінде  ұста,  яғни  шебер,  болуға  мүмкіндік  беретін 
мансаптың басы. Дуальды білім берудің талассыз артықшылығына төмендегілерді жатқызуға болады: 
• Біріншіден, жұмыс берушінің талабына толығымен сай келгені үшін жас түлектерді жұмыспен 
қамсыздандырудың  үлкен  пайызы  пайда  болады.  Білім  беру  өндірістің  сұранысына  максималды 
түрде жақындатылған.  
• Екіншіден,  білім  алудың  жоғарғы  талпынысы  пайда  болады.  Болашақ  жұмыскердің  жаңа 
психологиясы  құрылады.  Студенттер,  алдымен,  кəсіпорында,  мүмкін,  жұмыскер  ретінде  көрініп, 
басқаша,  сезініп  жəне  қызығып  оқиды.  Оқу  ақпаратының  пассивті  тұтынышысының  позициясы 
өндірісте  шешім  қабылдайтын  жəне  олар  үшін  жауапты  болатын  маманның  ынталы  позициясымен 
ауысады.  Студент  ұжымдағы  өндірістік  қарым-қатынасқа  ерте  бейімделеді,  əлеуметтік  іс-əрекетке 
үйренеді.  
• Үшіншіден, «практикадан  теорияға»  ұстанымы  іске  асады,  студент  енді  текстпен  жəне  белгі 
жүйесімен жұмыс істемейді, ол өндірістік жағдайлармен жұмыс істейді. Қиын теорияларды практика 
жəне нағыз кəсіби мəселені шешу арқылы меңгеру оңайырақ. 
• Төртіншіден, мамандарды даярлау сапасын бағалау жұмыс берушілердің өздерімен іске асады. 
Алғашқы күннен бастап оқушы уақыттын көп бөлігін жұмыс орнында өткізеді, өзінің дағдысын жəне 
талпынысын көрсетеді. Жұмыс  берушілер  өндірістік  жағдайларда болашақ  мамандардың  дайындық 
деңгейін бағалай алу мүмкіндігіне ие бола алады.  
• Бесіншіден, ұстаздар тек жақсы теориялық білім иегері емес, сонымен қатар өндірістегі барлық 
жаңалықтарды меңгеру қажет. 
• Алтыншыдан,  бюджетке  жүктеме  азаяды.  Кəсіптік  оқыту  бойынша  шығындардың  бөлігін 
мекеме өзіне алады [6].  
Əлемдік тəжірибеден алынған оқыту жүйесінің тиімді жақтарының к
өп  екендігін байқауымызға 
болады.  Оған  басты  себеп,  ел  экономикасын  к
өтеруде  техникалық  мамандықтағы  жоғары 
инновациялық  технологияны  меңгерген  мамандар  азшылық  етуде,  сондай-ақ  қоғамдағы 
жұмыссыздық  мəселесінің  шешуде  де  алар  орны  ерекше.  Білімді  де,  білікті  маман  қалыптастыру 
талабы  білім  берудің  мазмұнын 
өзгертуді,  білімді  тасымалдау  негізінде  беруді  емес,  білім  алу 
жолдарын игертудің маңыздылығын алға тартып отыр. Яғни, əр адам қоғамнан 
өз орнын бағдарлай 
алуы, 
өзіне қажетті білім алатын ортаны, білім мазмұны мен қажет пəндерді таңдай білуі тиіс.  
Осы  негізде,  оқытудың  сипаты  да 
өзгеріп,  оның  негізінен  білім  алушылардың  өздерін 
ұйымдастыруға бағыттау қажеттігі туындайды. 
Жастардың табысты еңбек етуі т
өмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, қазіргі 
таңдағы білім алу к
өзі кеңейіп, өз бетімен білім алушыларға мол мүмкіндік  туып  отыр;  екіншіден,  
білім  əлемінде 
өз  жолын  тауып,  өздігінен  білім  алуға  ұмтылыс  жасау;  үшіншіден,  адамның өзіндік  

Техникалық жəне кəсіптік… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
149 
қызығушылығы,  түрлі  мотивтері  болуы;  т
өртіншіден,  жұмыс  істейтін  орында  оның  үнемі  даму 
үстінде болуына жағдай жасалуы мен шет елдермен тəжірибе алмасу. 
Қорыта  айтқанда,  Н.Ə.  Назарбаев: «Мен  с
өзімді,  əсіресе,  жастарымызға  арнағым  келеді.  Бүгін 
мен  жариялаған  жаңа  саяси  жəне  экономикалық  бағыт  сіздерге  жақсы  білім  беруді,  яғни  бұдан  да 
лайықтырақ  болашақ  сыйлауды,  к
өздейді.  Мен  сіздерге — жаңа  буын  қазақстандықтарға  сенім 
артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер... Сендердің азат ойларың мен 
кемел  білімдерің — елімізді  қазір  бізге  к
өз  жетпес  алыста,  қол  жетпес  қиянда  көрінетін  тың 
мақсаттарға  апаратын  құдіретті  күш» [1], — деп  жастарға  зор  үміт  артып,  қазіргі  замандағы  білім 
алудағы  басты  мақсат  қандай  дегенге  тоқталар  болсақ:  жастардың 
өз  елінің  нағыз  патриоты  бола 
отырып, 
өз елінің дамып, əлемдік елдер арасында өз орнын  айқындайтындай мемлекетке айналуына 
септілігін  тигізетін,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  инновациялық  жүйесін  құруды 
меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу.  
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Назарбаев  Н.Ə. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы — қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты // Егемен 
Қазақстан. — 2012. — № 106 (28143). — 14 желт. — 6, 7-б. 
2  Азгальдов  Г.Г.,  Костин  А.В.  Интеллектуальная  собственность,  инновации  и  квалиметрия // Экономические 
стратегии. — 2008. — № 2 (60). — С. 162–164. 
3  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 2011–2020  жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
— Алматы, 2010. — 52–54-б.  
4  Назарбаев  Н.Ə.  Қазақстанның    əлеуметтік    жаңартылуы:  Жалпыға    Ортақ    Еңбек    Қоғамына  қарай 20 қадам // 
Егемен Қазақстан. — 2012. — № 97 (28456). — 10 шілде. — 6, 7-б. 
5  Базылқызы  Г.  Əлемдік  тəжірибе:  дуальды  оқыту  əдісі. — [ЭР].  Қолжетімділік  тəртібі: http://i-
news.kz/news/2013/02/21/6895375.html. 06.03.2013. — 4, 5-б. 
6  Унайбаев  Б.Ж.  Дуальная  модель  профессионально-технического  образования. — [ЭР].  Режим  доступа: 
http://forum.eitiedu.kz/index.php/2012/01/04/dualnaya-model-p-t-obrazovaniya/ 10.03.2013. — С. 5, 6. 
 
 
К.А.Сарбасова, Ж.Е.Алшынбаева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет