106. Жарақаттың қандай сипаты политравмалардың аралас түріне сәйкес келеді: екі этиологиялық әр текті зақымданудың бір мезгілде болуы +
бір жүйедегі екі немесе одан да көп ішкі ағзалардың зақымдануы
тірек-қимыл жүйесінің екі және одан да көп анатомиялық-функционалдық түзілімдеріндегі жарақаттар
әртүрлі жүйедегі ішкі ағзалардың зақымдануы, тірек және қозғалыс органдарының бірлескен жарақаты
екі ішкі мүшелердің, магистральдық тамырлар мен нервтердің бір мезгілде зақымдануы
107. Ер адам көктайғақта тайып кетіп, оң жақ бүйірімен құлап қалған. Оң иық сүйегінің ортаңғы үштен бірінде айқын ісіну, деформация, сынықтардың крепитациясы анықталады. 1 саусақты жазу және бүгу қиындық туғызады, тері сезімталдығының бұзылуы орын алады. Рентгенограммада иық сүйектің ортаңғы үштен бір бөлігінің қиғаш сынуы көрінеді. Бұл жағдайда жарақаттың түрі қандай: оқшауланған полифокалды
109. Оң жақтағы жамбастың жабық сынуы, мидың жабық жарақаты, көкбауырдың зақымдануы – бұл оқшауланған жарақат
көптеген жарақат
бірлескен жарақат+
аралас жарақат
бірнеше күрделі жарақат
110. Биіктіктен құлаған кезде қандай зақымданулар жиі кездеседі? жұлынның зақымдануы + аяқ-қолдардың сынуы
іштің зақымдануы + аяқ-қолдардың сынуы
омыртқаның зақымдануы + аяқтың сынуы
Бас-ми жарақаты + аяқ-қолдардың сынуы
жамбас жарақаты + аяқ-қолдардың сынуы+
111. Травматология бөліміне жеткізілген жамбастың Мальгени типті сынығы бар науқаста 1 сағаттан соң қуықтың іш пердесі ішінен жарақаттану белгілері анықталды. ІІ – ІІІ дәрежелі шок. Ұсынылған шұғыл арнайы көмектің қайсысы науқас үшін тиімді болады? шокқа қарсы шаралар, лапаротомия, қуық жарасын тігу, сынықты түзеу+
лапаратомия, қуық жарасын тігу, шокқа қарсы шаралар, сынықты түзеу
сынықты түзеу, лапаротомия, шокқа қарсы шаралар
шокқа қарсы шаралар, сынықты түзеу, қуық жарасын тігу
қуық жарасын тігу, лапаротомия, сынықты түзеу, шокқа қарсы шаралар.
112. Кезекші травматологиялық бөлімшеге құрылғы астында (станокта) қол басы қысылған науқас келіп түсті. Жарақаттан кейін 1 сағат өткен. Қол басы қатты ісінген, саусақтардың сезімталдығы жоғалған, кәрі жілік артериясының соғысы төмендеген. Төменгі емшаралардың қайсысын орындау тиімді ? суық басу, қол басын иммобилизациялау, жоғары қалыпта ұстау, ауырғанды басу
эндотоксикоздың алдын алу мақсатында сорбциялық детоксикация жасау, жергілікті - суық басу, қол басын жоғары қалыпта ұстау, ауырғанды басу, фасциотомия жасау кері көрсеткіш
ауырғанды басу, жедел хиругиялық араласу: ашық фасциотомия жасау, карпальді және гийонов өзектерді тілу (сөгу)+
ауырғанды басу, жабық фасциотомия жасау, алақан жалғамаларының ажырату (тілу), жергілікті суық басу, жоғары қаратқан қалыпта ұстау, консервативті еммен ишемиялық невриттің алдын алу
қол басына ампутация жасау
113. Басып қалған шахтадан шығарылған шахтер көппрофильді стационарға жеткізілді. 8 сағат бойы көмір астында санның ортаңғы үштен бір бөлігі жаншылған. Сынық белгілері анықталған жоқ. Госпитальді кезеңде жарақат аймағы қатты бекітіліп, транспортты шендеуіш (шина) қойылып, мұздатылған. Наркотиктер егілген. Науқас тасымалдауды жақсы көтерді, бірақ жағдайы өте ауыр. Анурия. Науқасқа арнайы көмек көрсету үшін, оны қай жерда емдеу тиімді? хирургиялық емдеу үшін травматологиялық бөлімшеде
эфферентті терапия жүргізу үшін қарқынды терапия палатасында+
шокка қарсы емдеу палатасында
гемодиализ бөлімшесінде
114. 30 жастағы науқасты автокөлік қағып кеткен. Иммобилизациясыз жеткізілді. Жағдайы ауыр, пульс минутына 160 рет соғады, әлсіз, АҚ 85/60 мм.сын.бағ. Санның жоғарғы үштен бір бөлігінде жараның көлемі 3х1,5 см, қансырамайды. Аяғы деформацияланған, оның варусты қисаюы анықталады. Табан қозғалысы мен табан артериясының пульсациясы сақталған. Науқасқа көрсетілген шаралардың қайсысы бірінші кезекте жасалу керек?
сынық сипатын анықтау мақсатында санға рентгенография .
сан жарасына алғашқы хирургиялық өңдеуді.
полиглюкинді тамыр ішіне енгізуді.
сүйектен тартуды.
сынған жерге новокаинды блокада жасауды
115. Автокөлік жол апатынан кейін науқаста екі сирақ сүйектерінің де, шап сүйек сынығы, бас сүйек-ми жарақаты,мас күйінде, орта дәрежелі шок жағдайы анықталған. Барлық зейін шокты емдеуге, сирақ сүйектерінің сынықтары мен шығуын иммобилизациялауға бағытталды. Емнің нәтижесінде науқастың жағдайы тез жақсарды. Алайда ауруханадағы екінші тәуліктің ортасына қарай жағдайы нашарлай бастады, тахикардия жоғарлады, АҚ көтерілді, тілі құрғай бастады. Қанды зерттеу барысында лейкоцитоз, таяқша ядролы нейтрофильдер көп мөлшерде анықталды. Катетеризация арқылы алынған зәр анализінде (1800 мл көлемінде зәр бөлінді) ақуыз көп мөлшерде анықталды. Науқастың жағдайын нашарлатқан асқынуды атаңыз:
Қант диабетінің өршуі.
Жарақаттан кейінгі қантты емес диабет.
Қуықтың құрсақ ішілік жыртылуы.
Уретраның жыртылуы.
Бүйректің соғылуы
116. Науқаста қатаң төсек тәртібін қажет ететін ауыр бас сүйек-ми жарақаты. Бұдан басқа бұғананың ортаңғы үштен бір бөлігінде сүйек бөліктерінің типті ығысуымен болған сынығы анықталды, сондай-ақ бірнеше қабырғалары сынған. Бұл науқасқа қандай ем әдісін қолданар едіңіз:
төсектің шетіне қолын салбыратып қою (Куто әдісін).