3D – модельдеудің ең алғашқы кезеңі және ең негізгісі, бұл барлық фигураларды нақтылау (детализация). SketchUp



Дата08.04.2022
өлшемі16,61 Kb.
#30385
түріПрограмма

3D – модельдеудің ең алғашқы кезеңі және ең негізгісі, бұл барлық фигураларды нақтылау (детализация).

SketchUp – америкалық @Last Software фирмасының 1999 жылы жасап шығарған компьютерлік өнімі. 2006 жылға дейін бұл программаның 2 нұсқасы жасалды. 2007 жылы SketchUp программасын Google корпорациясы сатып алды. Оны әрі қарай дамыта отырып, SketchUp 6 нұсқасын жасап шықты. SketchUp (sketch – эскиз, up – жоғары) – меңгеруге оңай, интерфейсі басқа программаларға қарағанда әлдеқайда жеңіл графиктік программа.

3D РЕДАКТОРЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

Выбор (Таңдау) қызметі арқылы керекті құралды немесе объектіні таңдайды. Бірнеше объектіні бірден таңдау үшін Shift пернесін басамыз.

Компонент – таңдалған объектіге компоненттер таңдайды.

Палитра – құрастырылған объектіні бояйды.

Ластик (Өшіргіш) – құрастырылған объектінің қажетсіз сызықтарын өшіреді.

Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) – тіктөртбұрыш сызады.

Линия (Сызық) – объектілердің бастапқы схемасын сызуға пайдаланылатын құрал.Окружность (Шеңбер) – шеңбер сызуға арналған құрал.

Дуга (Доға) – объектіні құрастыру кезінде доғаларды салуға қолданылады.

Многоугольник (Көпбұрыш) – объектіге көпбұрыштар кірістіруге арналған құрал.

Қолмен сызу – объектіні қаламның көмегімен сызуға мүмкіндік береді.

Перемещение (Жылжыту) – кез келген объектінің орнын ауыстыруға пайдаланылады. Егер Ctrl пернесін басып тұрып жылжытсақ, онда объектінің өзі орнында қалып, көшірмесін жылжытады.

«Тяни/Толкай» (Тарту⁄Итеру) – объектілерге үшөлшем беретін құрал. Таңдаған екіөлшемді фигураны тартқанда, созылып биіктікте пайда болады. Вращение (Айналдыру) – объектіні толықтай немесе оның белгілі бір бөлігін айналдырады.

Следуй за мной (Соңымнан ер) – «Тяни/Толкай» сайманының жетілген түрі десек те болады. Объектіні белгілі бір бағыттарға бұрады.



Масштабирование (Масштабтау) – объектінің өлшемдерін немесе пропорцияларын өзгертуге арналған.

Контур (Контур) – үшөлшемді объектілерге бастапқы контурларды сала отырып, белгіленген аймақты не ішке, не сыртқа тартады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет