4- сынып білім алушыларының білім жетістіктерінің мониторингісіне дайындықҚа арналған тапсырмалар «ОҚу сауаттылығЫ»



бет1/4
Дата19.12.2022
өлшемі0,93 Mb.
#58282
  1   2   3   4

4- СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІСІНЕ ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
Білім алушының аты: ------------------------------------ 3- нұсқа
1-мәтін
Нұсқаулық: мәтінді мұқият оқып шығыңыз және берілген тапсырмаларды дұрыс орындаңыз
Балқаш - сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында 1967 жылы Балқаш ауданында құрылған мемлекеттік зоологиялық қорықша. Жер көлемі 503 мың га. Іле өзені мен Тауқұм шөлінің айналасы тоғайлы, қамысты, шалғынды, құмды жерді қамтиды. Қорықшаның жері жануарлар үшін өте қолайлы. Су құстарының 200-ден астам, балықтың 30-ға жуық түрі бар. Сүтқоректілерден қабан, ондатра; құстардан қырғауыл және бауырымен жорғалаушылардан күзен, кесіртке және т.б. кездеседі. Балқаш қорықшасындағы бірқатар аң-құстар мен өсімдіктер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Балқаш қорықшасы - ... .
А) ұлттық саябақ
Ә) зоологиялық саябақ
Б) мемлекеттік қорықша+
В) жойылып бара жатқан қорықша
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Балқаш қорықшасы 1967 жылы құрылды.
Ә) Балқаш қорықшасында есіртке кездеседі.
Б) Балқаш қорықшасы Балқаш ауданында құрылған.
В) Балқаш қорықшасында су құстарының екі түрі бар.+
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.
А) мемлекет, қабан, кітап
Ә) аудан, қамыс, қорықша
Б) Балқаш, қорықша, жануар+
В) кесіртке, жануар, өсімдік
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Күзен «Қызыл кітапқа» енгізілді.
Ә) Қорықшада балықтың 200-ге жуық түрі бар.
Б) Балқаш - сүтқоректілерге ыңғайсыз мекен.
В) Іле өзенінің маңы құмды, тоғайлы болып келеді.+
2-мәтін
Нұсқаулық: мәтінді мұқият оқып шығыңыз және берілген тапсырмаларды дұрыс орындаңыз
Айжан анасына көйлек алу үшін киім дүкеніне келді. Дүкен бөлімдері көп, үлкен екен. Сатушы Айжанға әйелдерге арналған бөлімді көрсетті. Бұл бөлімде ұлттық киімдер, сәнді киімдер, кешкі киімдер, жаздық, қыстық киімдер бөлімдері бар екен. Ол киім дүкенін аралап шықты. Сатушы Айжанға сәнді көйлек алуға кеңес берді. Айжан анасына жібек матадан тігілген көк түсті, қысқа жеңді , сәнді көйлек сатып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет