4 (30) 2015 (шілде-тамыз) 4



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата09.03.2017
өлшемі6,83 Mb.
#8535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.

2 Жаңа форматта білім беру үлгілері (білім алушылардың іс-тәжірибесінен), – Алма­

ты, 2013ж.



47

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ 37.373.3



М.Б. Шамбулова 

Алматы қаласы,

Жалпы білім беретін №141 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

Мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларын  ойын  арқылы  оқыту,  оқушылардың 

қызығушылығын  арттыру  мәселесі  қарастырылған.  Сонымен  қатар,  ойын  түрлеріне, 

қызығушылық ұғымдарына анықтама беріліп, олардың өзара байланысы арқылы жететін 

нәтижелер туралы айтылған. Ойын мәні мен оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы 

мүмкіндіктері  туралы  сөз  қозғалған  оқушылардың  білімге  қызығушылығын  арттыратын 

бірнеше ұсыныстар берілген. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің 

жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондай-

ақ ойынның теориялық негіздері арқылы білім алады, балаларды жан-жақты дамытудағы 

ойынның  мәнін  түсінеді,  бастауыш  сынып  оқушыларының  ой-өрісінің  дамуына  сай 

ойынның  түп  мәніндегі  өзгерістерді  танып  біледі.  Ойынның  көмегімен  оқыту  мектепке 

дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қажетті жағдай жасайды, ойынға тиімді қатынасу 

әрбір баланың ойын дамытуға ықпал етеді.

Түйінді сөздер: Ойын, мектеп, оқушылар, әдіс, тәрбие.

В  статье  рассматривается  обучение  начальных  классов  через  игровых  методов.  Для 

успешного обучения детей необходимо на первых же порах пробудить их интерес к учебным 

занятиям, увлечь, активизировать их деятельность. Для развития познавательного интереса 

к  уроком  нужно  использовать  разнообразные  методы  и  приёмы  обучения,  привлекая 

красочный наглядный и раздаточный материал, технические средства обучения. Одним из 

наиболее эффективных средств пробуждения живого интереса к учебному предмету является 

игра. Благодаря использованию игр на уроках в начальных классах можно добиться более 

прочных и осознанных знаний, умений и навыков. Игра будит детское воображение, создаёт 

приподнятое настроение, так как она доступна и понятна ребёнку. Положительные эмоции, 

возникающие  во  время  игры,  активизируют  его  деятельность,  обеспечивают  развитие 

произвольного внимания, памяти, ассоциативной деятельности, способности сравнивать

сопоставлять,  делать  выводы  и  обобщать.  Игры  позволяют  индивидуализировать  работу 

на  уроке,  давать  задания,  посильные  каждому  ребёнку,  позволяя  максимально  развивать 

способности каждого. В играх, особенно коллективных, формируются и качества личности 

детей.  Они  учатся  учитывать  интересы  своих  товарищей,  сдерживать  свои  желания, 

развивается чувство ответственности, воспитываются воля и характер.

Ключевые слова: Игра, школа, учащихся, методы, воспитание.

The article rasmatroivaetsya training primary school through games. For the successful education 

of children is necessary at the outset to awaken their interest in the training sessions, to captivate, 

to intensify their activities. For the development of informative interest to a lesson you need to 

use a variety of methods and techniques of training, attracting a colorful visual and handouts, 

training aids. One of the most effective means of awakening a lively interest in academic subject 

is a game. Through the use of games in the classroom in primary schools can achieve stronger 

and  more  conscious  of  knowledge,  skills  and  abilities.  Game  awakens  children’s  imagination, 

creates high spirits because it is accessible and understandable to the child. Positive emotions that 


48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

arise during the game, stepping up its activities, ensure the development of voluntary attention, 

memory, associative activities, the ability to compare, compare, draw conclusions and generalize. 

Games allow to individualize the work in the classroom, give assignments within the powers of 

each child, allowing the maximum to develop the abilities of each. In the games, especially the 

collective, formed and the quality of the individual children. They learn to take into account the 

interests of their friends, to restrain their desires, develop a sense of responsibility, commitment 

and character are brought up.



Keywords: game, school, students, methods, educators.

Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын 

қоғамның  діни,  әлеуметтік-экономикалық 

жә не мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен 

демалысты  өткізу  мәселесінен  туындаған. 

Ер те  заманда  ойын  қоғамдық  өмірдің  бір 

бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. 

Ерте  гректер  ойынды  Құдайлар  қолдаған 

де се,  Қытайда  мерекелік  ойындарды  им пе-

ратор  ашып,  өзі  де  қатысқан  екен.  Са бақ-

та  тиімді  қолданылған  ойын  түрлері-мұ-

ға лімнің  түсіндіріп  отырған  материалын 

оқу шылардың  аса  зор  ілтипатпен  тыңдап, 

же місті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші 

бо ла алады. Себебі, кіші жастағы оқушылар 

жас  ерекшеліктеріне  байланысты  ойынға 

өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тап-

сыр маларды  тез,  әрі  қызығып  орындайтын 

болады.  Ойын  балалардың  оқуға,  еңбекке 

деген  белсенділігін,  қызығушылығын  арт-

ты рудағы  басты  құрал.  Ойын  барысында 

ба лалардың  белсенділігі,  шығармашылығы 

да миды. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды 

ойынға


  өз 

қызығушылығымен,  ынтасымен 

қа тысуын  қамтамасыз  ету.  Сол  себептен, 

«Се гіз қырлы, бір сырлы» деп бір сабақтың 

тү рін ойын ретінде өткізуді жөн көрдім.

Тақырыбы: «Сегіз қырлы , бір сырлы».

Мақсаты:  Танымдық  қызығушылықтар-

ын арттыру.

Міндеттері:  Көп  білуге,  ізденуге  ұм тыл-

дыру. Оқушылардың білімдерін жан жақты 

да мыту; ұшқыр ойлауға баулу.

Түрі: Ойын сабақ .

Құралдары:  Тапсырма  жазылған  карточ-

ка лар. 


Барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:  кіріспе  әңгіме,  са-

бақ тың өту барысын, мақсатын хабарлау.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз «Сегіз қыр-

лы, бір сырлы» деп аталады. Бұл ұғым біз дің 

халқымызда адамның қасиетіне бай ланысты 

айтылады. Сонымен «Сегіз қыр лы, бір сыр-

лы» адам деген қандай адам? Оқу шы лар дың 

жауаптары тыңдалады.

-  Алдымен  бүгінгі  сайыстың  шартымен 

таныс тырайын.  Сынып  оқушылары  өзде рі-

нің  қабілеттері  мен  білімділіктеріне  қарай 

төрт  топқа  бөлінеді.  Әр  топтың  өздерінің 

ерек шеліктеріне қарай ұрандары бар.

1. «Алғырлар» тобы:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды 

Қабылдаңыз шын жүрекпен,

Сәлем сізге жалынады.

2. «Тапқырлар» тобы:

Толағайдың тасындай 

Ұланнан тұрамыз 

Сөзге жүйрік баламыз

Тапқырлар тобы осындай

«Ойшылдар» тобы:

Сәлем бердік баршаға 

Оқушылыр сіздерге

Ойшылдар атты тобымыз

Таныстырдық бәріңе.

«Шеңбер» тобы:

Шеңберге біз тұрамыз,

Шаттық тілеп достарға.

Ақыл - ойды тәртіпке,

Келтіреміз шеңберде.

Әр ойында өз шарты болады. Осы ойын 

са бағында ойының шарты бар:

Жауаптарын дайын болғанда қолдарынды 

көтеру


Оқушы жауап бергенше бөлмейміз

Дұрыс және толық жауап бергендерге ұп-

ай қосылады.

Ендеше, өз арамыздан білімі жағынан осы 

атауға  лайықы  оқушы  анықтауға  кірісейік. 


49

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Біздің сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады. 

Қазір сабаққа тез кірігіп кету үшін ой қозғап 

алайық.


Ой қозғау:

Мектептегі минут қалай аталады? (сабақ)

Шарты мен сұрағы бар шағын әңгіме не? 

(есеп)


Қарға жаңбыр жауып тұрған кезде қандай 

ағашта отырады? (су)

Айнұр 12 жаста, 7 інісі жаста. Екеуі неше 

жыл бірге тұрады? (7)

Ауаның қозғалысы (жел)

Ұшақтың дөңгелікері (шасси)

Бокс болатын алаңқай (ринг)

Кепкен жүзім (мейіз)

Өрмекшінің неше аяғы бар? (6) 

10 күннен кейін аптаның қай күні болады? 

(жұма)

Негізгі бөлім: І кезең «Ойна да ойла»



1.  «Төртінші  артық»  ойыны.  Сағат,  ми-

нут,  бейсенбі,  жыл,  Тлендиев,  Кастеев, 

Хамиди, Қалдаяқов, аққу, тауық, үйрек, қаз, 

қар, жаңбыр, найзағай, бұршақ, емен, қа йың, 

шыр ша, терек, қатаң, ұяң, жуан, үнді, шар-

шы, шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш. 

2. «Есіңе сақта, ретімен жаз» Сөздер оқы-

ла ды.  Оқушылар  сөздерді  мұқият  тыңдап 

ес ке  сақтауға  тырысу  керек.  Үстел,  пальто, 

шаң  сорғыш,  сызғыш,  банан,  торғай,  Марс, 

Павлодар, қызғалдақ, арыстан.

Енді естіген сөздерін мынадай ретпен жа-

зу ұсынылады: 

1.  Киім  2.  Аң  3.  Үй  жиһазы  4.  Гүл  5. 

Планета 6. Тұрмыстық техника 7. Құс 8. Оқу 

құралы 9. Қала 10. Жеміс.

Бойыңа мақтанба, ойыңа мақтан.

Математика  пәні  бойынша  логикалық 

тап сырмалар беріледі. Қай топ тез және дұ-

рыс жауап берсе, сол топқа ұпай беріледі.

ІІ кезең Математика

Екі қорапта 15 кәмпит бар. Біреуінде екін-

ші сіне қарағанда 3 кәмпит кем. Әр қорапта 

не ше кәмпиттен бар (6 және 9).

Азаматтың  үйінен  құдыққа  дейін  30м. 

Оның бір ғана шелегі бар. Ол үйіне 2 шелек 

су әкелу үшін неше метр жүруі керек? (120м.)

Ұлжанның  1  бүтін,  2  жарты,  4  ширек 

алмасы  бар.  Оның  барлығы  неше  алмасы 

бар? (3)


12 адам екі қайыққа сыйды. Бірақ бірінші 

қа йықта екінші қайыққа қарағанда 2 есе көп 

адам бар. Әр қайықта қанша адам бар? (4 жә-

не 8)


Айгүлдің жасы екі жыл бұрын 5-те болған. 

Ол 7 жылдан кейін неше жаста болады? (14 

те) 

Азайғышы 23-ке тең, ал айырмасы 17-ге 



тең болса, азайтқыш қанша болмақ? (6)

Шешесі  41-ге  толғанда,  қызы  11-ге 

толады.  Ал  қазір  шешесі  33  жаста.  Сонда 

қы зы нешеде? (3 жаста)

Бірде  Қожанасыр  базарға  бір  себет  алма 

әке ле жатады. Жолда кездескен бір топ бала 

одан  қанша  алма  әкеле  жатқаның  сұрайды. 

Сон да Қожанасыр: Осы алмаларды себетке 

екі-екіден салғанда 1-уі ауысып қалды. Үш-

үш тен  салғанда  да,  алты-алтыдан  салғанда 

да  1-уі  ауысып  қалды.  Жеті-жетіден  салып 

едім ешқандай алма ауысқан жоқ. Сонда се-

бет те  қанша  алма  барып  өздерің  табындар. 

Қан ша алма? (49?)

Сурет жұмбақ шешу (сағат, ондық, санды 

өр нек, үшбұрыш)

«Танграм» ойыны. Он см шаршыдан бір-

не ше фигуралардан пішін құрастыру.

ІІІ кезең. Дүниетану.

1. Қар мен тон несімен ұқсайды?

1. Түсімен 2. Ауа бар 3. Жылытады

2. Неліктен арам шөптерді гүлдемей тұр-

ған да жұлу керек? 1. Топырақ тозады 2. Гүл-

де рі  әдемі  емес  3.  Тұқымы  пайда  болмау 

үшін 

3. Ересек атану үшін үш рет туатын не? 1. 



Құс 2. Көбелек 3. Бақа

4. Жабайы құстың ұясындағы жұмыртқа-

ны қолмен ұстауға болмайды. Неге? 1. Жұ-

мырт қа жарылады 2. Құс ұясын тастап кетеді 

3. Құс қорқады 

5.  Қарлығаштар  жаңбыр  жауар  алдында, 

дым қыл ауада жерге жақын ұшады. Неге? 1. 

Жаң бырдан қорқады 2. Дым ауада қанаттары 

ауырлайды 3. Көрек аулайды .

6. Қайсы құс емес? 1. Сұңқар 2. Пингвин 

3. Жарқанат

7. Ең үлкен жануарды ата. 1. Көк кит 2. 

Піл 3. Қабылан


50

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

8. Сөзжұмбақ «өсімдік»

Жыл мезгілі (көктем)

Көкжиек туысы (солтүстік)

Жаңбырдан соң байқалатын әдемі көрініс 

(кем пірқосақ) 

Өсімдіктің  топырақ  астындағы  мүшесі 

(тамыр)


Тірі табиғат (адам)

Көктем айы (сәуір)

Жер бетіне жылу неден тарайды (күн)

9.  «Ұшты  ұшты»  ойыны:  Ұшты,  ұшты 

кеп тер  ұшты;  ұшты,  ұшты  дәптер  ұшты. 

Қар ға ..., арба... шағала ... балға ... үйрек ... 

бүй рек ... сұңқар ... тұлпар. Қателескен бала 

тақ пақ немесе ән айтады

ІҮ кезең Қазақ тілі

1. Қазақ тілінде неше әріп 1) 45; 2) 43; 3) 

42; 4) 15

2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетеді 

1) а, е, ә; 2) ң, н, м; 3) т, с, қ; 4) з, ж, д;

3. Түбір сөзді тап 1) аңшы 2) орындық 3) 

кі тап 4) көрме

4. Жалқы есімді көрсет 1) ауыл 2) аудан 3) 

өзен 4) Ақмола

5. Көптік жалғаулы сөзді көрсет 1) бөлме 

2) етіктер 3) қоржын 4) халық

6. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша 

1) жалғау 2) жұрнақ 3) сызықша 4) шылау

7. Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем 

түрі 1) хабарлы 2) сұраулы 3) лепті 

8. Буындарға бөлінген мақалды құ рас ты-

рып оқу, мағынасын түсіндіру

Қанша шебер жиналса, сонша түрлі өнер 

көр сетіледі.

Өнер  ағып  жатқан  бұлақ,  білім  жанып 

жат қан шырақ.

Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеп-

тен.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады 



Бәрекелді, балалар!

Бәріңе жақсы баға бар,

Азамат боп өсіндер,

Ел қадірін бағалар.

Қорытынды: ұпай санау, бағалау.

Сонымен  қорыта  келгенде,  сабақтарда 

қ ол  данатын ойын элементтері оқушылардың 

бел сенділігін арттырып, оларды ынта лан ды -

рады, теориялық білімдерін практикада қол-

дануға  үйретеді.  Кез  келген  ойын  элементі 

са бақта екі түрлі мақсатқа бағытталады: оқу-

шының  сабаққа  қызығушылығын,  ынтасын 

арт тыру, тілін дамыту және оқушыларды тап-

қырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін 

арт тыру.

Ойын  технологиясын  пайдалану  арқы -

лы  оқушы  құзыреттілігі  дамиды.  Құ зы-

реттілік-оқу  нәтижесінде  өзгермелі  жағ-

дайда меңгерген білім, дағдыны тә жірибе де 

қолдана білу, проблеманы шешу, да йын дық 

сапасының  құрылымдық  сипатын  анық тай-

тын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты 

назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқу-

шының  құзыреттіліктер  жиынтығы  білім 

нәтижелері  ретінде  игеруіне  бағдарланған. 

Тиімді  қолданылған  кез  келген  технология 

білім сапасын арттыратыны ақиқат.

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Құр.  Г.Қайбулдаева,  М.Жаздықбаева,  С.Әлімбекова.  Ойын  технологиясы.  Түркістан, 

2007.

2 «Бастауыш мектеп» журналы, №9-2009



51

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ 37. 373. 3



К.А. Жургенова 

Алматы қаласы,

Жалпы білім беретін №141 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУ

Мақаланың  өзектілігі  бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қабілетін 

да мыту,  бастауыш  саты  –  бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын 

құнды,  қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан  бастауыш  мектеп  –  оқушыны  тұлға  етіп 

қалыптастырудың  алғашқы  баспалдағы.  Қазіргі  мектеп  жағдайындағы  білім  берудің 

ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық 

педагогикалық  технологияны  игерген,  психологиялық-педагогикалық  диагностиканы 

қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, 

шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім 

стандарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық  технологияны 

ендіруді  міндеттейді.  Ғылыми  мақалада,  оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңа  инновациялық  әдіс  - 

тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз 

бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу, бағыт-бағдары зерделенеді.

Түйін сөздер: бастауыш сынып, тәрбие, қабілет, мұғалім, оқушы.

Актуальность проблематики данной статьи обусловлена тем, что в существующей сегодня 

системе  образования  недостаточно  уделяется  внимание  целому  пласту  человеческого 

опыта  –  творческой  деятельности.  Особенно  негативно  такая  тенденция  в  образовании 

отражается на учащихся начальной школы. Младший школьный возраст считается самым 

благоприятным и значимым периодом для выявления и развития творческого потенциала 

человека.  В  этом  возрасте  закладываются  основы  творческого  и  образовательного  путей 

развития,  формируются  нравственные  ценности,  качества,  способности,  потребности 

личности.  Именно  все  это  определяет  успешность  дальнейшего  обучения,  воспитания  и 

социализации  личности.  Стратегическим  направлением  активизации  обучения  должно 

стать не увеличение объема передаваемой информации, числа контрольных мероприятий, 

а  создание  дидактических  и  психологических  условий  осмысленности  обучения, 

поиск  педагогических  средств,  направленных  на  включение  учащихся  в  творческий 

образовательный процесс на уровне творческой активности.



Ключевые слова: начальная школа, воспитание, способность, учитель, ученик.

The relevance of this article due to the fact that the existing system of education is not enough 

attention is paid to the whole stratum of human experience - creative activity. Especially such a 

negative trend in education is reflected in the primary school students. Primary school age is the 

most favorable and important period for the identification and development of human creativity. 

At this age, the foundations of creative and educational ways of development, formed the moral 

values, qualities, abilities, needs of the individual. That’s all that determines the success of further 

training and socialization. The strategic direction of activization of training should be no increase 

in the volume of information transmitted, the number of control measures and the creation of 

didactic and psychological conditions of meaningful learning, search of pedagogical tools aimed 

at the inclusion of students in a creative educational process at the level of creative activity.

Keywords: elementary school, education, faculty, teacher, student.


52

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Қазіргі  таңда  еліміздің  болашақ  ұр пақ-

тарын  тәрбиелеу  бағытындағы  білім  бе ру 

мәселесі-мемлекетіміздің  басты  ұста ным-

дарының  бірі.  Осы  ұстанымға  жетудің  бір-

ден  –  бір  жолы:  әлемдік  білім  кеңістігінен 

орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына 

қо сылу  болып  табылады.  Оқытудың  ин но-

вациялық технологияларын пайдалана оты-

рып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани 

жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ 

тәрбиелеу осы ұстанымдардан туып отырған 

өзекті  мәселелердің  бірі.  Бүгінгі  таңда  бі-

лім  саласының  алдында  дайын  білімді, 

дағ дыларды  меңгеретін,  қайталайтын  ғана 

емес, шығармашылық бағытта жұмыс іс тей-

тін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ой лау 

қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға  қа-

лыптастыру  міндеті  тұр.  «Оқушының  шы-

ғар машылық  іс-әрекетіне  жағдай  тудыру 

де геніміз  –  оқушыны  ойлай  білуге  үйрету 

еке ні  сөзсіз.  Бүгінгі  таңдағы  жаңаша  білім 

бе ру міндеттерін негізі үш мақсат қана ше-

ше алады. Олар-дүниетанымдылық, шы ғар-

ма шылық және терең білімділік» [1].

«Мұғалім  әрдайым  ізденісте  болса  ғана 

шә кірт  жанына  нұр  құя  алады»  деп  Ахмет 

Байтұрсынұлы  айтқандай  мұғалімнің  із де-

нісі  жан-жақтылығы,  құзіреттілігі  арқы-

лы  айқындалса,  сол  құзіреттілік  оқушы 

шы    ғармашылығы  арқылы  көрінеді.  Мек -

теп  қабырғасында  оқытылатын  пән дер  бо-

йын ша  дарындылық  танытқан  оқу шы лар-

дың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  өз 

ісіне  жауапкершілікпен  қарайтын  мұ ға лім-

нен  педагогикалық-психологиялық  кө рі-

ніс ті  талап  етеді.  «Шығармашылық»  ұғы-

мы  ның  жалпы  теориясын  зерттеген  С.Л. 

Рубинштейн  «оқушы  шығармашылығының 

ерек шелігі  оның  сапалы  түрде  мақсатты 

әре кет  жасауымен  анықталады»  [2]  –  де-

ген,  «шығармашылық,  шешімінің  нә ти же-

сі  баланың  өзі  үшін  жаңалық  болса  жет-

кі  лікті»  екендігін  айтады,  яғни  баланың 

шы  ғармашылық  өнімді  еңбегі  оның  жеке 

тә  жірибесімен салыстырылады. Мектеп мұ-

ға лімдері  шығармашылық  жұмыспен  ай на-

лы  суға  даяр  болуы  тиіс,  нәтижеге  жетуге 

ұм  тылу қажет.

Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан 

халқына  арналған  Жолдауында  «Біздің  бо-

лашақтағы  жоғары  технологиялық  жә не 

ғылыми  қарымды  өндірістері  үшін  кад-

рлар  қорын  жасақтауымыз  қажет»  [3]  де-

ген.  Демек,  оқушылардың  ғылыми  зерт теу 

жұмыстарына  қызығушылығын  қалып тас-

ты ру,  шығармашылық  қабілетін  дамыту, 

қазіргі  техниканы  тиімді  пайдалану  мә де-

ниетіне тәрбиелеу – мектептің басты ба ғыт-

та рының бірі. 

Жас  жеткіншектің  бойындағы  табиғат 

бер ген  ерекше  қабілетті,  дарындылықты 

та ни  білу,  оның  басқаға  ұқсамайтын  қа бі-

ле  тін  ашу  ерекше  қиын  іс.  «Бұлақ  көрсең 

кө зін  аш»  дегендей,  әр  баланың  жеке  қа бі-

летін  анықтап,  шығармашылығын  арт ты-

ру  ұстаздың  парызы.  Оқушылардың  бел-

сенділігі  мен  танымдық  іс-әрекеттері  ар-

қы лы  шығармашылығын  дамыту,  қажетті 

жағ дайда айрықша шешім қабылдай алатын 

жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқы ту-

ды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында 

тұр ған үлкен міндет. 

Шығармашылық  –  ойлау  қабілетінің  ең 

жоғарғы  қасиеті.  Шығармашылық  арқылы 

оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген 

сенімі,  көзқарасы  өзгереді.  Ұзақ  жылдар 

бо йы  шығармашылық  барлық  адамның  қо-

лынан келе бермейді деп қарастырылып кел-

се,  қазіргі  ғылым  жетістіктері  негізінде  қа-

білеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарт-

тар орындалған жағдайда кез келген баланы 

шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп 

айтылуда.  Адамның  шығармашылыққа  ын-

та сы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іс-

ке асыруға жол ашады. 

Бастауыш  сынып  оқушылары жалпы  ал-

ғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, 

нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұ-

ғалімнің  жетегіне  тез  ілескіш,  үлкендердің 

ой-пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан ба ла-

ның шығармашылығын дамытуда ұстаз көп 

еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет 

әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біз-

дің міндетіміз – оқушыға оның бойында жа-

сырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көр­

се ту.


53

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Әрбір  оқушыны  оқытып,  тәрбиелеуге 

бай ланысты  мәселелерді  өздігімен  және 

шы ғармашылық  ынтамен  шешуге  қабілетті 

жаңашыл  мұғалім  керек.  Оқушының  білім 

сапасын  көтеру  негізгі  мақсат.  Біз  соңғы 

нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі 

үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

қоршаған  ортаны  сезе  білу,  құбылыс  се-

беп терін іздене білу;

ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қа бі-

леттерін арттыру;

алдына мақсат қоя білу және жетуге ұм-

тылу;

өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай бі лу-



ді меңгеру;

басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасай 

білу, осы заманға сай технологияларды пай-

да лана білу (интернет, электронды пошта);

қоршаған ортада өз орныңды, жеке рө лің-

ді анықтай білу;

Оқушылардың шығармашылық қабілетін 

арттырып,  ынталандыру  үшін  сабақтарды 

мы надай жолдармен өткізуге болады:

Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды 

пайдалану;

Сабақты түрлендіріп өткізу;

Сабақта оқушылар өздері жасаған су рет-

тер, схемаларды пайдалану;

Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Сабаққа  қатысты  бейнетаспаларды, 

фильм дерді көрсету.

О. Бальзактың «ұдай еңбек ету өнердің де, 

өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың 

шығармашылық  қабілеті  мен  белсенділігін 

артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты 

еңбек етуді талап етеді.

Білім  негізі  мектепте  қаланатын  бол ған-

дық тан, оқушының жеке тұлғалық күшін да-

мы ту,  оның  шығармашылық  мүмкіндігінің 

да муы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, 

қазіргі  ұстаздар  қауымының  алдындағы 

үлкен  мақсат:  өмірдің  барлық  саласындағы 

бел сенді, шығармашылық іс-әрекетіне қа бі-

летті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға 

тәрбиелеу.

Бұл  мақсатқа  жетуде  ұстаздар  терең  бі-

лім ді,  әдістемелік  жағынан  толық  қа ру -

ланған  және жоғары мәдени  деңгейі бо луы 

тиіс.  Себебі,  қазақ  тілі  пәні  мұғалімі  оқу-

шы лардың  оқуға  ынтасын  оятып,  олардың 

қабілеттерінің  дамуына  жол  ашады.  Мұ-

ға лім  алғашқы  сабақтан  бастап  әрбір  оқу-

шының  жеке  ерекшеліктерін,  ынтасы  мен 

бе йімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын 

ес кере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген ел-

дің  келешегі  жоқ  десек,  сол  ұрпақты  тәр-

биелеудегі  ұстаз  еңбегі  –  ұлы  еңбек.  «Ұс-

та зын  сыйламаған  елдің  ұрпағы  азады»,  – 

дей ді халық даналығы. Осыған байланысты 

шы ғармашылық,  ізденіс  деген  әр  ұстаздың 

ал дында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.

Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір 

шын дығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. 

Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой 

түйіп,  өздігінен  сапалы,  дәлелді  шешімдер 

қа былдай  білуге  үйренуі  қажет.  Адам  бо-

йын дағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың 

өмір ден  өз  орнын  табуға  көмектеседі. 

Шы ғармашылық  жұмыста,  әсіресе,  бала 

қи ялының  орны  ерекше.  Бұл  жөнінде 

М.Жұмабаевтың  айтқан  тамаша  пікірі  бар: 

«Жаратылыстың  құшағында,  меруерт  се-

біл ген  көк  шатырдың  астында,  хош  иісті 

жа сыл  кілем  үстінде,  күнмен  бірге  күліп, 

түн мен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, 

ал дындағы малымен бірге өріп, сары сайран 

далада  тұрып  өсетін  қазақ  баласының  қия-

лы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «Ба-

ла ның  атаға  тартуы  рас  болса,  сиқырлы 

даланың  баласы  –  қазақ  баласы  қиял  құ-

мар  болуға  тисті».  М.  Жұмабаевтың  сө зі-

мен  айтқанда,  «қазақ  баласының  жа ра ты-

лысы  соны  тілейді»  [4].  Сабақтарды  түр-

лендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұн дай 

сабақтардың  тиімділігін  атап  өтсек:  са бақ 

құрылымының ұйымдастырылуы, сы нып та-

ғы  оқушылардың  іс-әрекетін  бақылауға  қо-

лай лылық,  оқу-танымдық  тапсырмаларды 

орын даудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің 

жү зеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.

Шығармашылық  сипаттағы  сабақтар 

түр лерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқу-

шылардың  танымдық  белсенділігі  қа лып-



54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

та сып,  ұстазы  берген  ақпаратты,  іс-әрекет 

тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын 

қоғамдық  және  ұжымдық  тәжірибе  та ғы-

лымдарын игеріп қана қоймай, оқушы бар-

лық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұста-

нады, қабілет білігін ұштай түседі.

Оқушыларды  шығармашылыққа  баулу-

дың,  өзіндік  іс-әрекетін  ұйымдастырудың 

түр лері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру 

ар қылы  әңгіме  құрастыру,  өлең  құрастыру, 

мы салдарды, ертегілерді сахналау, шығарма 

жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. 

Мысалы, 2-сыныпта ана тілі сабағында ба-

ла ның  шығармашылық  қабілетін  дамытуда 

пай даланған жұмыс түрлері.

Өлең құрастыру.

Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйым дас-

тыруға болады.

а)  Дайын  өлең  жолдарын  ұсынып,  оқу-

шыларға соны аяқтауды тапсыруға болады. 

Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» 

өлеңінде қайталанып тұрған:

«Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы – менің туған өлкем» деген жолдар 

бар.


Оқушыларға  осы  дайын  өлең  жолдары 

ұсы нылып, оны ары қарай жалғастыру тап-

сырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, 

ең  алдымен,  оқушылар  құрастыруға  тиіс ті. 

Оқушылардың  шығармашылық  бел сен ді-

лігін қалыптастыруда өлеңнің сызбасы тү сі-

ріледі:

«Неткен сұлу, неткен көркем,



Осы – менің туған өлкем», – ұсынылған 

жол дар.


«Ұлан-байтақ  жерлері  бар.  Өз  өлкемді 

мақ тан  етем»,  –  оқушының  аяқтауы,  яғни 

бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және 

бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, 

төртін ші жолдары ұйқасуға тиіс.

ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, 

«Күз»  тақырыбына  арнайы  төмендегідей 

ұйқас бойынша өлең құрастыру тап сы ры ла-

ды:

… байлық


… алдық

… құс біткен

… қалдық.

Оқушының тапсырманы орындауы:

Күз – береке, күз – байлық,

Күзде астық мол алдық

Жылы жаққа құс біткен

Кеткен ұшып, біз қалдық.

Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді 

десек,  ұстаз  еңбегінің  күрделілігі  –  әрбір 

оқу шы  жүрегіне  жол  таба  білуінде.  Әрбір 

ба ланың бойындағы қабілетті дамыту ар қы-

лы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам 

ал дындағы  жауапкершілік  қасиеттерін  се-

зін діре білуінде жатыр.

Оқушы  бойында  шығармашылықты  да-

мы туда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алу-

ға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күн-

ге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бо-

йында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа 

көшкен  сайын  оқушының  ішкі  дүниесі, 

сырт қы  ортамен  байланысы  дамып,  оқушы 

дү ниетанымы  арта  түсері  анық.  Заман  та-

ла бына  сай  білім  бере  отырып,  оқушы  бо-

йын да  танымдық  қабілетін  дамыту  бүгінгі 

таңда  ұстаз  үшін  үлкен  жауапкершілік  іс 

болып  табылады.  Бұл  туралы  Елбасы  Н.Ә. 

Назарбаев:  «Ғасырлар  мақсаты  –  қо ғам-

ның  нарықтық  қарым-қатынасқа  көшу  ке-

зін де  саяси-экономикалық  және  рухани 

дағ дарыстарды  жеңіп  шыға  алатын,  із гі-

ленген  ХХІ  ғасырды  құрушы,  іскер,  өмір-

ге  икемделген,  жан-жақты  мәдениетті  же ке 

тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжы рым-

да масында ашып көрсеткен [5].

Қоғамның  осындай  дарынды  адамдарға 

де ген  қажеттілігін  қанағаттандыру  талабы 

бі лім беру жүйесінің алдына баланың жеке 

қа білеті  мен  әлеуметтік  белсенділігінің  да-

муы на  жол  ашу,  шығармашылық  қабілеті 

зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қо-

йып  отыр.  Бұл  жердегі  мұғалімнің  міндеті: 

әр  оқушының  бойындағы  бейімділікті  дер 

ке зінде көре біліп, оны дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабі ле  тін 

дамытудың  өзектілігі  төменде  көр се тіл ген-

дей:

1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағ ды-



ланады.

2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.

3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.


55

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.

5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үй-

ре неді.


6. Шығармашылдық белсенділік артады.

Осылардың  нәтижесінде  дарынды,  қа бі-

летті жеке тұлға қалыптасады.

Мен істеймін – өзінің пәнге деген қы зы-

ғу шылық  тетігін  табуы.  Мен  үшін  керек  – 

пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, 

талаптануы, оқуы, ізденуі. Мен істей аламын 

– өз біліміне деген сенімділігі.

Сондықтан  ұстаз  ретінде  менің  алдыма 

қой ған  мәселенің  өзектілігі:  жеке  тұлғаны 

табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шы-

ғармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін 

дамыту кезінде оған кері әсер ететін ке дер-

гілердің де бар:

1.  Оқушының  әлеуметтік  жағдайының 

бол мауы.

2.  Психологиялық  жағынан  ойлау,  қиял-

дың  төмен  болуы.  Өз  күшіне  сенбеуі,  жал-

қау лығы.

3. Денсаулығының нашарлығы.

Сондықтан  мұғалім  өз  пәнін  үйрету  ба-

ры сында әр оқушыны зерттеп, олардың өмі-

ріндегі осындай кемшіліктері болса, оны ал-

дын-ала анықтау керек.

Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін 

әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арт-

тыруға болады. Олар мынадай:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

Арнаулы бір тақырыпта пікірталас ту ды-

ру;

Логикалық  ойлауын  дамытатын  ойын-



дар мен берілген тапсырмаларды шешу (ана-

грамма,  сөзжұмбақ,  ребус,  құрастырмалы 

ойын дар, т.б)

Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөлік-

терге бөлу, ат қойғызу;

Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бө-

ліп оқыту;

Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;

Ой шапшаңдығын, сөз байлығын да мы ту-

да өлең шумақтарын құрастыру;

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Осындай  әдіс-тәсілдерді  үнемі  жүргізу 

оқу шыларды  шығармашылыққа  баулуға, 

шә  кірт  бойындағы  қабілет  көзін  ашып,  ті-

лін  байытуға,  қиялын  ұштауға,  өз  бетінше 

із  денуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы 

қа білетті  ашу  –  оқушыны  шығармашылық 

ба ғытта дамуына жете мән беруі болып та-

былады.

Қорыта  келгенде,  бастауыш  сыныптың  



қай  пәнінде  болсын оқушылардың таным-

дық шы  ғармашылық қабілетін дамыта оқы-

ту олар дың сабаққа деген қызығушылығын 

оя  тып,  ойын,  ынтасын,  дамыта  түседі.  Мұ-

ға лім өз сабағын шығармашылықпен өткізе 

ал са,  өзінің  білімін  сарқып  жұмсаса,  үнемі 

із деніс үстінде болса, шәкірттерді анасындай 

ай малап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша 

бі лудің  қорытындысы  -  бағбанның  жақсы 

ағаш тан  жиған  сапалы  жемісі  іспеттес.  Бү-

гінгі  күннің  мұғалімі  –  шығармашылық 

адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа 

сон шалықты  сапалы  білім  бермек.  Ендеше 

мұ ғалім күш - қуатын көңіл - күйін әрдайым 

жо ғары көтере білсе, сонда сабақ беру са па-

сы арта түсіп, еңбегі жанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет