ӘДЕБИЕТТЕР
1 Большая энциклопедия Кирилла и Мефодия 2012, бас редактор:Т.Г.Музрукова, Москва, 2012.
2 Rene Descartes, Meditations on First Philosophy, trans. John Cottingham (Cambridge University Press,
1986), p. 49.
3 Jean-Jacque Rousseau, The Social Contract, trans. Maurice Cranston (London: Penguin Boo0ks, 1968),
p. 186.
4 State and Secularism. Perspectives from Asia. Edited by: Michael, Siam-Heng Heng (National University
of Singapore, Singapore), Chin Liew Ten (National University of Singapore, Singapore). Feb 2010, 376 p.
ӘОЖ 82-1.82-14
Шолтай Сәуле
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
педагогика ғылымдарының магистрі
ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Мақалада қазақтың ұлы ағартушы-педагогтары XX ғасырдың басында-ақ өз халқының
болашағын ойлап, ұлттық мектеп жүйесін қалыптастыру, жас ұрпаққа тыңғылықты да
сапалы ұлттық негіздегі тәрбие беру үшін ең алдымен мұғалімдер мен оқытушы корпусын
даярлау және қалыптастыру екендігін айтып өткен. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық,
халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық
игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай
отырып тәрбиелеу. Мақалада осы тақырыптағы мәселелер кеңінен талқыланады.
Түйін сөздер: педагог, ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, білім,
салт-дәстүр.
Казахская национальная интеллигенция еще в начале 20-го века уделяли большое
внимание та то, что только квалицированные кадры в системе образования могут служить
гарантами для подготовки интеллектуально развитых и обученных в своих сферах
преподавателей. Поэтому нужно воспитовать будущее поколение в национальном духе. Если
так, то главной целью является-воспитовать молодое поколение сохраняя национальный
коларит, человекческие ценности и духовно-культурное наследие. В данной статье сделана
попытка к системному подходу по теме образования и обучения педагогических кадров.
Ключевые слова: педагог, национальная школа, национальная образование, обычаи и
традиций.
Kazakh national intelligentsia in the early 20th century, has paid great attention to the fact
that only qualified staff in the education system can serve as guarantors for the preparation of
intellectual development and training of teachers in their fields. We must bring up our gereration in
national spirit. The main objective-bring up our young generation in retaining human qualitie and
national spirit. This article attempts to the system approach on education and training of teaching
staff.
Keywords: teacher, national school, national education, customs and traditions.
40
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стра те-
гия сында қойып отырған мақсат-мiндеттер
елі міздегі тәрбие беру жүйесiн ұлттық құн-
ды лықтар негізінде жасау қажеттiлiгiн та-
ғы да дәлелдеп отыр. Жалпы «ұлттық» де-
ген сөздiң астарында елге-жерге, тілім, ді-
ні мізге деген құрмет жатыр. Жалпы тәрбие
жү йесінде жас ұрпаққа адамгершілік тәр-
бие берудің мазмұнын, құралдарын, тәр-
бие берудің жолдарын ұйымдастыру тұрғы-
сындағы әдістемелік іс-шаралардың мәнін
анық тау мәселелері жөнінде осы уақытқа
де йінгі көрнекті педагогтар, педагог ға лым-
дар еңбектерінде көтерілген болатын. Бұ дан
ұрпақ тәрбиесі қашан да өзектілігін жой ма-
ған, алдыңғы орындағы ең негізгі мәселе
екен дігіне көз жеткіземіз. Мәселен, ежелгі
ой алыптарының бірі Аристотель: «Баланы
жүр геннен бастап жақсы қасиеттерге баулуға
бо лады және бала жеті жасқа дейін өзінің
от басында тәрбиеленуі керек, ең бастысы,
кіш кентайлар үшін олардың дене мүшелерін
дұ рыс жетілдіру, дұрыс тамақтандыру, шы-
нық тыру керек» [1] – дейді. Аристотельдің
өзі ұстаз санаған Платон баланың ішкі жан-
дү ниесінің көрінісі – сезімталдыққа ерекше
мән беріпті. Ол балаларға аңыз-әңгімелер,
қис са-жырлар оқып беруді, ән салып, би би-
леу ді, түрлі ойындар үйретуді тәрбие құралы
ретінде аса бағалаған.
Ал, біздің қазақ ғылымында «Ұлттық тәр-
бие» атауын алғаш әдеби-педагогикалық
оқу лықтарға енгізген Мағжан Жұмабаев
бол ды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден
бас тау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика»
ат ты еңбегiнде былай дейді: «Ұлт тәрбиесi
бая ғыдан бері сыналып, көп буын қолданып
ке ле жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр
ұлт тың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты
үшiн қызмет ететін болғандықтан, әрбiр тәр-
бие шi баланы сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие
қы луға міндетті» [2]. Сондықтан келешек ұр-
пақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу
қа жет. Олай болса, басты мақсат – жас ұр-
пақ ты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құн-
дылықтар, рухани-мәдени мұралар са бақтас-
тығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие ұлттық мектептерде жү зе-
ге асырылатыны дүниежүзілік алдыңғы қа-
тар лы елдерде дәлелденген.
«Қазақ ұлттық мектебі қандай болу керек,
он да ұлттық тәрбие қалай жүргізілу керек?»
– де ген проблемаларға нақты жауапты қазақ
хал қының ұлы ағартушы-педагогтар А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж.
Аймауытов, Х. Досмұхамедов еңбектерінен
та буға болады. Олардың еңбектерінде қа-
зақтың ұлттық мектебінің мақсаты, мін дет-
те рі, ұлттық мектепте білім беру мазмұны,
ұлт тық тәрбиенің нәтижесі, мұғалімге қо-
йы латын талаптар анықталған. Мысалы, М.
Дулатов қазақ ұлттық мектебінің мақсаты:
«...жалғыз құрғақ білім үйрету емес, бі лім-
мен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» Ж.
Аймауытов: «Тәрбиенің негізгі мақсаты мі-
незді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал
еңбек ете білуге тәрбиелеу»; қазақтың ұлт-
тық мектебінің міндеттерін М. Дулатов: «...
балқыған жас баланың ойны, қанына, сү-
йе гіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп
шы ғару»; М. Дулатов: «...оқу кітаптары ана
тілімен, өз ұлтының тұрмысынан һәм та-
биғаттан жазылу»; ұлттық тәрбиенің нә-
тижесінен деп жазды. Ал мұғалімнің ұлт-
жанды және білімді болуы туралы М.
Жұмабаев: «...әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт
тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Әрбір ұлт тың
баласы өз ұлтының арасында, өз ұл ты үшін
қызмет қылатын болғандықтан, тәр бие ші
баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға
міндетті»; А. Байтұрсынов: «...ең әуелі
мектепке керегі – білімді, педагогика, ме-
то дикадан хабардар оқыта білетін мұғалім»
де се, ал Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу
үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы
ке рек» деген ескерту айтты [3].
Қазақтың ұлы ағартушы-педагогтары со-
нау XX ғасырдың басында өз халқының бо-
лашағын ойлай отырып, ұлттық мектеп жа-
сау, онда жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру,
ол үшін білім беру мазмұнын халықтың ұлт-
тық мәнімен, оның ұлттық рухымен бай ла-
ныстыру, ұлттық тәрбие беруге болашақ мұ-
ғалімдерді даярлау қажеттігін дәлелдеп көр-
41
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
сеткен болатын. Ендігі мақсат озық елдер
қа тарынан орын алуға талпынып отырған
Қазақстанда ұлттық мектеп жүйесін жасау
үшін ағартушы-педагогтар ой-пікірлерін ті-
ке лей басшылыққа алу қажет.
Еліміз егемендік алуымен қоғамның мек-
теп ке қатынасы өзгеріп, қазақтың ұлттық
мектебін жасау туралы педагогикалық ақ-
па рат беттерінде құнды түрлі ой-пікірлер
ай тыла басталды. Мысалы, республиканың
ға лым-педагогтары Қ. Жарықбаев, А.
Сейтешов, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, М.
Балтабаев, Ә.Табылдиев, Қ. Бөлеев, З.
Әбілова, Ж. Наурызбаев, К. Қожахметова
т.б. қа зақтың ұлттық мектебін жасау, онда
ұлт тық тәрбие беру проблемаларын жан-
жақ ты зерттеп, монография еңбектерін, оқу-
лық тарын, оқу және әдістемелік құралдарын
жа рыққа шығарды.
Ұлттық мектеп жасауға, онда ұлттық
тәр бие беруге мемлекет тарапынан бір не-
ше тұжырымдамалар мен құжаттар шыға-
рыл ды. Олар: «Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»,
«Қазақстан Республикасында жалпы ор та
білім беретін мектептерінің тұ жы рым да -
масы», «Мектепке дейінгі жә не мек теп жа-
сын дағы балалардың тәр бие тұ жы рым да-
ма сы», «Тәлім-тәр бие тұ жы рым дамасы»,
Қазақстан Республика сы ның «Білім туралы
за ңы», Қазақстан Республика сының «Жо-
ға ры білім туралы за ңы», Қазақстан Респу-
бли касының «Тіл туралы заңы», «Қазақстан
Республика сындағы этникалық-мәдени бі-
лім тұжырым да масы» т.б.
Қ. Жарықбаевтың, М.Құдайқұловтың,
А.Нысанбаевтың, Р.Башаровтың дайын -
дауымен жасалған «Қазақстан Республика-
сында жалпы орта білім беретін мектептері-
нің тұжырымдамасында» бастауыш мек-
теп тің ерекшелігі – ұлттық бағытта болуы,
ал екінші және үшінші басқыштарда бі лім
беру мазмұнының ұлттық-кешенді ком по-
ненті «Қазақстан тарихы», «Қазақстан гео-
гра фиясы», «Әдеп және этномәдениет» т.б.
курс тар арқылы берілу ұсынылды.
Ж. Наурызбайдың басқаруымен ғалымдар
тобы «Қазақстан Республикасындағы мәде-
ни-этникалық білім беру тұжырымдамасын»
жасады. Онда этникалық білім берудің негізгі
міндеттері былай көрсетілген: жан-жақты
мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу; тұлғаның
өзіндік төл мәдениетіне сай болуына және
өзге мәдениеттерді игеруіне жағдай жасау,
мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі
байытуына бағдар беру; ана тілінде еркін
ұғынысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.
Н.Н. Нұрахметовтың басқаруымен Қазақ-
тың Ы.Алтынсарин атындағы кәсіптік бі-
лім беру институтының авторлық ұжымы
«Қазақстан Республикасында жалпы білім
бе ретін мектептің даму тұжырымдамасын»
жа сап шығарды [3].
Ал республиканың педагогтік жоғары
оқу орындарында болашақ мұғалімдерді
ұлт тық тәрбие беруге дайындау жұмысы
да біршама жүргізілді. Оларда «Қазақ
эт но педагогикасы»
(Авторлары:
Қ.
Жарықбаев, С. Қалиев, З. Әбілова), «Қа-
зақ тәлім-тәрбие тарихы» (Авторлары: Қ.
Жарықбаев пен С. Қалиев), «Қазақ хал қы-
ның этнопедагогикасы» (Авторы: Қ. Бөлеев)
бағ дарламалары бойынша болашақ мұ ғалім-
дерді ұлттық тәрбиеге дайындауда нақ ты іс-
тәжірибелер мен ғылыми ізденістер өз нә-
тижелерін беруде.
Бұл тұжырымдаманың мақсаты – мектеп-
те ұлт тілін, ұлт тарихын, ұлт мәдениетін,
ұлт тық салт-дәстүрлерді жүйелі оқыту ар-
қы лы оқушылардың ұлттық санасын дамыту
жә не қалыптастыру [4].
Сонымен, ұлттық тәрбие – ұлттық са-
на-сезiмi жоғары болашақ маман жас тар-
ды тәрбиелеуге негiзделген бiлiм бе ру
жүйесiнiң құрамдас бөлiгi. Оның мақса -
ты – ұлттық сана-сезiмi қалыптасқан,
ұлт тық мүдденiң өркендеуiне үлес қо са
алатын ұлттық құндылықтар мен жал пы -
адамзаттық құндылықтарды өзара ұш тасты-
ра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбие леу.
Ал мiндетi – мәдени-әлеуметтiк өзгер ме-
лi жағ дайдағы ұлттық тәрбиенiң дiңгегi
– ана тiлi болып қалатынын негiздеу, қа-
зақ тiлi мен тарихын, мәдениетi мен дi лiн,
салт-дәстүрi мен дiнiн құрметтеуде жас тар-
42
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
дың ұлттық интеллектуалдық мiнез-құл-
қын қалыптастыру, бүгiнгi қазақ елiнiң ин-
дустриалдық-инновациялық жүйесiнiң да-
му ын қамтамасыз ететiн парасатты, ұлттық
си паттағы белсендi iс-әрекетке тәрбиелеу,
бi лiм және мәдени-рухани тұрғыда басқа
өр кениеттермен бәсекеге қабiлеттi болуын
қам тамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен
та биғат қарым-қатынасының өркениеттiлiк
са на-сезiмiн ұлттық рухта қалыптастыру.
Тәр биенiң басты нысаны – елдiк сананы қа-
лыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық пат-
рио тизмдi негiздеу, ұлтсыздықпен күресу
бол са керек [5].
Қорыта келгенде, халқымыздың маңда-
йы на бiткен ұлттық құндылықтарымызды,
со нау өткен ғасырлардан өшпес мұра бо-
лып қалыптасып келе жатқан дархан халқы-
мыздың таратқан үлгi-насихаты асыл мұ ра-
ларымызды студенттердiң бойына сiңiрiп,
ұлт тық мәдениетiмiздi сақтай бiлейiк!
Жастардың бойына ұлттық құндылықты
қалай сіңіреміз? Болашақ жастардың ұлттық
санасын ояту, өз ұлтының ана тілін, дінін,
мә дени мұраларын меңгерту. Бала бойына
жа нашырлық, сенімділік, шыдамдылық, на-
мысшылдық тәрізді ұлттық мінезді қа лып-
тас тыру.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Оқушылар-
ды қазақстандық патриотизмге шығарма-
шы лық жағынан жеке тұлға ретінде тәр-
бие леу қажет, бүгіннен бастап ұлттық мі-
нез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, бі-
лімділік, ұлттық намыс қасиеттерін қа лып-
тастыруымыз керек» [6] – деп үндеу тастаған
бо латын.
Демек, ұлттық тәрбиеміздің негізгі көз де-
рі-әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ұлттық әде-
биетіміз. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің
ұлттық ерекшеліктері, жеті ата туралы тү сі-
нік, туыстық қарым-қатынас атаулары, ата-
ана мен перзент алдындағы парыз бен қарыз,
ұлт тық намыс. Міне, осыларды жастар са-
на сына сіңіріп, бойына дарыта білу-ұрпақ
тәр биесіндегі ең басты қағидамыз болып са-
налмақ.
Халқымыз қандай да бір білім мен өне-
ге ні балаға қолма-қол көрсету, көрсете оты-
рып үйретуді басшылық еткен. Мысалы,
ең бек дағдысын игерту үшін ең әуелі өзі
істеп көрсетіп, ең соңында балаға өз бетінше
істеткен. Үлкенді сыйлау, құрметтеу,
қонақ күту оны аттандыру сияқты әдеп
тәрбиелерін ұқтырып, үйретіп отырған.
Қазақ үйретіп, көрсетіп, ұқтырумен ғана
шектелмеген. Қандай да бір әдеп, әдет
дағдыларының шынайы мәнін түсіндіріп,
ойға тоқытып отырған. Тәрбиелеудің ұлттық
үрдісінде баланың қандай да бір ұнасымды
қылығын мадақтап отырған. Өйткені, бала
қашанда үлкендердің өзіне ыстық ықылас,
ізгі ниет көрсеткенін күтеді. Сол үшін
де баланы ынталандыру үшін мадақтау
арқылы психикасына ықпал етудің үлгісін
қалыптастырған. Ынталандыруды баланың
жас ерекшелігіне сай ұтымды пайдалан
білген.
Осылайша, қазақ ұрпақ тәрбиелеудің
талай тамаша жолдарын тағайындап,
оны жүзеге асырудың амал-тәсілдерін
айқындаған. Педагог М. Жұмабаев: «Әрбір
ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе
жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі,
бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп
буын қолданып келе жатқан тақтақ жол
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт
тәрбиесімен жетелеуге міндетті», – деп
ұлттық тәрбиенің, халықтық педагогиканың
ұлағаттылығын дөп басып айтқан.
Қорыта келегенде, ата-ананы сыйлау,
үлкеннің сөзін тыңдау, – қай уақытта да
қазақ тәрбиесінің басты ерекшелігі еді.
Жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру
барысында «Ұстазы жақсының – ұстанымы
жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын
тапса білім қонар» деген нақыл сөзді үнемі
есте ұстаған жөн. Қалай болғанда да ұлттық
тәрбие мен ұлттық идеология бірінші сатыда
тұруы тиіс. Бұл, әсіресе, болашақ жас
ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстаным болуы
тиіс.
43
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы:
Рауан, 1998.
2 Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары, А., 1992.
3 Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы:
Ғылым, 1998.
4 Ұзақбаева С., Қожахметова К. Использование материалов этнопедагогики при изучении
педагогических дисциплин. – Алматы: Өнер, 1998.
5 Бахтиярова Г.Р. Халық-тағылымы тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002.
6 Н.Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»// «Егемен Қазақстан» 31
мамыр 2000.
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет
Шоқан Уәлиханов.
44
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 39. 398
Т.Ә. Үмбетова
Алматы облысы, Бірлік ауылындағы №35 мектеп-гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
КҮЛКІ КӨҢІЛ СЕРГІТЕДІ
Мақалада күлкі күнін атап өту, оқушылардың таным өнерін, тіл байлығын, сөздік қарым-
қатынастарын дамытып, түрлі сатиралық шығармаларды орындауда шеберлікке баулу жайы
қарастырылған. Сонымен қатар, «адамды танығың келсе, күлкісіне қара, күлкісі сүйкімді
адамның өзі де жақсы болады» деген ұлағатты сөздерді мысалға келтіре, жақсы мінез жайлы
сөз қозғаған.
Түйін сөздер: күлкі күні, жақсы мінез, сатира, халық, тіл байлық, оқушы.
Одно из отличий человека от животных, даже разумных, состоит в том, что только
человек способен шутить и смеяться. Можно сколько угодно спорить о роли смеха в жизни
человека, но одно неоспоримо: юмор служит важным и полезным целям.
Юмор позволяет не зацикливаться на негативе и настроиться на позитив, способен
подбодрить не только других, но и себя. Настоящий юмор - это искусство. Люди смеются
по разным причинам. Это может быть анекдот, веселая история из жизни и т.д. Все это
приносит радость, пока шутки не переходят в разряд насмешек.
Ключевые слова: день смеха, мягкий характер, сатира, народ, богатство языка, ученик.
One of the differences between man and animals, even intelligent, is that once a person is able
to joke and laugh. One may argue about the role of laughter in life, but one thing is indisputable:
the humor is an important and useful purposes. Humor allows us not to dwell on the negative and
tune in to a positive, able to cheer not only others but also themselves. This sense of humor - it is
art. People laugh for different reasons. It can be an anecdote, a funny story from the life, etc. All
of this brings joy as jokes do not go into the category of ridicule.
Keywords: day laughing, gentle nature, satire, people, richness of language, student.
Ашулы жұдырық жымиған жүзге соқ-
тық пайды. Әрдайым жадырап-жайнап, кү-
ліп-ойнап жүргенге не жетсін. Жүзімізде
үйі рілген әдемі күлкі – біздегі тамаша кө-
ңіл күйдің бір көрсеткіші ғана емес, өмір
жасымыздың ұзақтығының да бір ке пілі
деседі зерттеушілер. Олай болса оқу шы лар-
мен күлкі күніне орай өткізген ашық сабақты
ұсынбақпын.
Мақсаты: 1-сәуір күлкі күнін атап өту,
оқу шылардың таным өнерін, тіл байлығын,
сөз дік қарым-қатынастарын дамытып, түр лі
стиралық шығармаларды орындауда ше бер-
лікке баулу.
1-жүргізуші: Міне, күлкі күні де келіп
қал ды. Күлкі адам жүзіндегі қысты қуады
демекші көңілді көктеммен бірге келген
күлкі күні мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші: Күлкі – ем, күлкі – көңіл
кү йінің реттеуші барометрі. Оны дәлелдеп
жатудың қажеті жоқ. Ал қалжың күлкі ту ды-
рады, көңіл күйді көтереді. «Әзілің жарасса,
әкеңмен ойна» деп мақалдатқан қазақта қал-
жыңның неше атасы бар.
1-жүргізуші: Нағашы мен жиен, жезде
мен балдыз, жеңге мен қайны, құрдастар
ара сындағы қалжыңдар қалжыңның қазақ
ара сындағы кең тараған «сорттары».
2-жүргізуші: Иә, әлемде қазақтай қал-
жың қой халық жоқ шығар, ендеше күлкі ке-
ші не қош келдіңіздер.
Күй: «Көңіл толқындары»
Күлейікші бір. (скетч). (Сахнада Анау
мен Мынау)
Анау: Ассалаумағалейкум! Әй, ме ре кең-
мен!
45
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
Мынау: Е, қайдағы мереке?
Анау: Бүгін күлкі күні ғой.
Мынау: Күлкі күні болса қайтейін. Қазір
күлетін заман ба? Анау жоқ, мынау жоқ, ақша
жоқ, басқа жоқ. Неменеңе жетісіп күлесің?
Анау: «Күлкі адамның өмірін ұзартады»
дейді ғой. Тым болмаса өміріміз ұзарсын.
Шек-сілеміз қата бір күлейікші.
Мынау: Абайла өзің аш құрсақ жүргенде
ішегің үзіліп кетпесін.
Анау: Әрине, абайлап күлеміз ғой. Бізге
де жан керек.
Мынау: Айт ендеше күлкілі әңгімеңді.
Анау: Айтсам Әпен тоққа түсіп өліп қала
жаздапты. Сол үшін оған РЭС пәленбай мың
тең ге айыппұл салыпты.
Мынау: Әй, мынауың адам күлетін емес,
жылайтын оқиға ғой. Өзі өлім аузынан қалған
адамға айыппұл салғанның несі күлкілі?
Анау: Тыңда қызығы бар.
Мынау: Е, айта бер.
Анау: Әпеннің жұмыссыз жүргенін біле-
сің. Әйелі базарда анау-мынау сатып, нан
пұл тауып жүр.
Мынау: Сонда сен екеумізді саудалап жүр
ме?
Анау: Жоға, оны-мұны, көди-сөди сатып
дегенім ғой.
Мынау: Бәсе солай десеңші. Әйтпесе сен
екеу міз кімге керекпіз? Содан?
Анау: Содан әйелі «Еркек емес езсің менің
базарда әркімнің бетіне өтірік күліп қарап
тап қан наныма ортақтасқанша, бір әрекет
жа самайсың ба? Ақыры үйде отырсың ғой
ома лып», – деп намысына тиген соң, Әпен
әре кетке көшіп, ток бөлетін КТП-дан мыс
ұр лауға аттанады түнделетіп.
Мынау: О, соры қайнаған сорлы! «Ажалды
бала молаға қарай жүгіреді» деген, одан гөрі
базарға барып арба итермей ме. Тым болмаса
кәрістерге пиязға жалдансын.
Анау: Түнделетіп КТП-ның қасына келген
Әпен шешіне бастайды.
Мынау: Қой-ей, қой!
Анау: Әпеннің әпенделеу екенін білесің
ғой. Ауылда жарық жоқ, КТП-да тоқ жоқ деп
ойлаған ғой. Сонда да болса сақтанып, ше-
шін гені-дағы. Мектепте физиканы оқыған
қу емес пе, «ток бола қалса денем арқылы
жер ге өтіп кетсін» дегені де. Адамның денесі
ток өткізетінін оқыдық емес пе?
Мынау: Айтшы енді сағызша соза бермей.
Анау: Айтсам, трансформатордың қақ па-
ғын бұзып ашып, ішіндегі мысты ұстай бер-
ге ні сол екен, қолы жабысыпты да қалыпты.
Мынау: О, сорлы күлі де қалмай жанып
ке тетін болды-ау!
Анау: Қайдағы жанған, жаңа айттым ғой
үстінде киімі жоқ деп. Ток Әпеннің денесі
арқылы жерге кетіп жатыпты.
Мынау: Содан?
Анау: Содан, қанша айтқанмен құдай қос-
қан қосағы емес пе, әйелі «Қой жаңағы ме-
нің сөзіме намыстанып асылып өліп қалып
жү рер. Ақша таппаса да үйдегі үш күшікке
бас-көз болып отырса болғаны», деп артынан
із деп шыққан екен,үй артындағы КТП-
ға жабысып тұрған Әпеннің беліне арқан
тас тап тартып, тоқтан ажыратып алыпты.
Абырой болғанда ай жарық екен.
Мынау: Ал, бұл жерде айыппұлдың қа ты-
сы қанша?
Анау: Осы оқиғаны ұзынқұлақтан естіген
РЭС-тің қызметкерлері «Өз денесі арқылы
жерге ток өткізіп, пәленбай мың киловат
электр қуатын шығын қылды», деп елдің тө-
лемей жүрген бәленбай мың ақшасын Әпен-
нің мойнына салыпты.
Мынау: Е, мынауың күлмесе де, езу тар-
ту ға тұратын әңгіме екен.
Анау: Ал, Сүргіштің басынан кешкені
қар қылдап болмасада, еңкілдеп күлуге тұ ра-
тын дай оқиға.
Мынау: Қой, оны келесі кедескенде ай-
тар сың.
(Сахнаға кыз бен жігіт шығады)
Қыз: Қалжыңды қадірлейтіннің бірі мен-
мін. Аузында қалжыңы жоқтың қалтасында
қанжары болады. Демекші қалжыңды қа дір-
лейтін өзіңмен қалжыңдассам қалай болар
екен?
Ұл: Қалжыңымыз жараспай жатса, ашу-
лан ған қыздар шыбықпен осып-осып жі бе-
ре тін, бұл күнде ол елес болып қалды ғой.
Қал жыңдаймын деп, ұтылып қалар жайым
жоқ. Одан да екеуміз ән салып қайтайық.
46
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Коммерциялық кеңес.
Жаз айларында тер сасыған аяғыңызға
фран цуз иіс суын сеуіп жатпасаңыз, ажа лы-
ңыз дан бұрын тұншығып өлуіңіз ық ти мал.
Ата-анаң ұрса бастаса, құлағыңа мақта
ты ғып ал, Ал егер олардың түр-әлпетін көр-
гі ңіз келмесе сваркаға қараңыз.
Картоп, пияз, укроп, тұз, ине-жіп, сіріңке,
са бын-парашок секілді ұсақ-түйек заттарды
ба зардан сатып алғаннан гөрі, көршіден сұ-
рай салғаныңыз тиімді.
Наныңыз қатып қалмасын десеңіз, түгел
та уысып жеп қойыңыз.
Өтпей қалған қытай тауарларын құ да-
лыққа киіт ретінде кәдеге жаратып жіберіңіз.
Бір литр сүтке жарты литр су қоссаңыз
сү тіңіз к-ө-өп болады.
Өлген тауықты жесеңіз ушынып қаласыз.
Сондықтан, тірідей жеуге тырысыңыз.
1-жүргізуші: Ертеде бір данышпан
«Адам ды танығың келсе, күлкісіне қара.
Күл кісі сүйкімді адамның өзі де жақсы бо-
ла ды» деген екен. Шынымен-ақ, күлкі адам-
ның еркінен тыс дүние. Кейде қалай күл-
ге ніңді өзің білмей қаласың. Бір күлгенде
тоқтауың да қиын. Сондықтан психологияда
күл кіні зерттейтін арнайы сала бар. Ол ге-
лоскопия («гело» грекше «күлу») деп ата-
ла ды. Гелоскопия бойынша күлкісіне қарап
адам ның мінез-құлқын анықтауға болады
екен.
2-жүргізуші: Сондай-ақ психологтар аз
күлу адам бойындағы ерік-жігердің, кері сін-
ше көп күлу ашық-жарқын мінездің көрінісі
деп есептейді. Қалай десек те, күлкінің жақ-
сы жағы басым. Жадырап, жайнап жүрген
адамның денсаулығы мықты, жасы ұзақ бо-
ла ды. Тек «Ойын-күлкі орнымен» дегенді
ұмыт пайық.
Үмбетбай ағамыздың саралауынша
күлкі нің де түрі қыруар екен.
-Мысқыл күлкі,
- Жын ойнақ күлкі.
- Мыстан күлкі,
- «Күнкөріс күлкі» яғни анаған да, мы на-
ған да жалпақтайтын күлкі.
- Таба күлкі,
- Қошемет күлкі.
- Сайқал күлкі.
- Тарқылдаған дарақы күлкі.
- Пәтуасыз - парықсыз ит ыржың күлкі.
- Көңілге түрлі ой салар тырқ-тырқ күлкі.
- Ауыздағы алтын тістердің орналасуына
қарай болатын сәндік күлкі.
- Залым күлкі.
- Жарым күлкі.
- Арсалаңдаған адал да, аңғал адамдар
мен балаларда болатын ақжүрек күлкі.
Көңіл ашар, көңілді күлкі.
Күлкі! Күлкі
Ән: «Жеңешемнің мінезі-ай»
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса ол ұғына түседі
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады әр күнін.
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін,
Сәл қуанса шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
1-жүргізуші: Күліп жүрем, күлуге себеп
ке рек. Жылатуға тағдырда себептер көп -
деп Толымбек Әлімбек ағамыз айтқандай
кү ліп жүрейік, күлуге себеп көп болсын!
2-жүргізуші: Күлкінің де пайдасы бар екен
олай болса, езулеріңізден күлкі кетпесін, кү-
ліп жүргенге не жетсін ағайын.
Қорыта келе сабақтың мақсаты ұлтжанды,
тәр биелі, мінезі көркем ұрпақ тәрбиелеу.
Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек
тәр биенің күшімен ғана ақылға келтіруге бо-
лады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші
жетекшілікті беру керек деп түйіндейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |