Кіші Алматы ӛзені үш ландшафтық аймақта орналасқан: таулы, қыратты және
тегіс. Ӛзеннің таулы аймақтағы бӛлігі анағұрлым иректелген. Ӛзеннің ені 3-13 м;
теререңдігі 0,15-0,5 м; ӛзеннің орташа кӛпжылдық жылдық су шығыны 0,32 м/с
құрайды.
Кіші Алматы ӛзені шатқалдан шыға берісте Есентай (Весновка), Жарбұлақ
(Казачка) және Кіші Алматы ӛзендеріне тармақталады. Кіші Алматы ӛзені қаланың
оң жақ шығыс бӛлігімен ағады. Ӛзеннің бассейінінде 46 кӛлдер, су қоймалары бар,
олардың жалпы кӛлемі 2,5 шқ
2
.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
149
Ӛзен қалаға кіргеннен кейін шамамен Абай даңғылынан бастап жер асты
құбырымен ағады. Бұл ӛзен суының 2013-2014 жылдардағы жалпы тазалығы 2
кестеде келтірілген. 2 кестеде кӛрсетілгендей, Кіші Алматы ӛзен суының
ластануының индексі (СЛИ) 2013 жылы – 1,68 (3 кл.), ал 2014 жылы 1,47-ге тең. Бұл
су сапасының сипаттамасы бойынша тиесілінше «Орташа ластанған» деңгейді
кӛрсетеді.
2 кесте – Кіші Алматы суының 2013-2014 жылдардағы ластану деңгейі
Су
нысаны-
ның
атауы
Су ластануының индексі (СЛИ)
– су сапасының сипаттамасы
ШЖК мӛлшерін жоғарылатушы ластаушы
заттардың құрамы, 2014 жылға арналған
2013 ж.
2014 ж.
Қоспалар
Орташа
шоғырлану,
мг/л
ШЖК
кӛтерілуінің
еселігі
Кіші
Алматы
ӛзені
1,68
(3 кл.)
Орташа
ластанған
1,47
(3 кл.)
Орташа
ластанған
Мыс
Фторидтер
Нитриттік
азот
0,0043
0,92
0,021
4,3
1,2
1,1
2014 жылға арналған ШЖК мӛлшерін жоғарылатушы ластаушы заттардың
құрамы бойынша қоспалардың орташа шоғырлану кӛрсеткіші бойынша ең жоғарғы
орын фторитке (0,92 мг/л), содан кейін нитритік азотқа (0,21 мг/л), ең аз мӛлшері
мысқа (0,0043 мг/л) тиесілі.
Келесі зерттеу нысанымыз Есентай (Весновка) – Іле алабындағы ӛзен, Кіші
Алматы ӛзенінің сол жақ саласы. Бастауын Іле Алатауының солтүстік баурайынан
алып Алматы қаласы арқылы ағып ӛтеді. Ұзындығы 43 шқ. Жылдық орташа су
ағымы 0,06 м
3
/с. Жалпы ұзындығы 19 шқ болатын 8 саласы бар. Ӛзен бойында 7
тоған салынған. Мамыр – маусым айларында суы тасиды. Қар, жауын-шашын
суларымен толығады. Қала ішіндегі жағалауы бетонмен қапталған. Алматы
қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз етеді.
Үлкен және Кiшi Алматы ӛзен сулары әлi күнге шейiн тау бӛктерiндегi су
тартқыштар арқылы Алматы қаласын сумен қамтамасыз етiп келедi. Бұл сулар ауыз
су талаптарына сәйкес келеді. Бiрақ, ӛзендердiң сулары таулы аудандардан
шығысымен-ақ бiрден сапасын тӛмендетедi. Соңғы жылдары жеке құрылыстар
салудың нәтижесiнде ӛзен арналары топырақпен кӛмiлiп, олардың арнасы
табиғи бұзылуда. Күнделiктi пайдаланып жүрген ауыз суымызға жұмыр басты
пенделер де әсер етiп, техногендiк апат туғызып отыр.
3 кесте – Есентай өзен суының 2013-2014 жылдардағы ластану деңгейі
Су
нысаны-
ның
атауы
Су ластануының индексі (СЛИ)
– су сапасының сипаттамасы
ШЖК мӛлшерін жоғарылатушы ластаушы
заттардың құрамы, 2014 жылға арналған
2013 ж.
2014 ж.
Қоспалар
Орташа
шоғырлану,
мг/л
ШЖК
кӛтерілуінің
еселігі
Есентай
ӛзені
1,58
(3 кл.)
Орташа
ластанған
1,56
(3 кл.)
Ластан
ған
Мыс
0,0051
5,1
Аталған ӛзендерде 2010-2014 жылдар аралығында ауыр металдардың (Cd, Pb,
Cu, Zn) болу динамикасы мен жиналу деңгейі зерттеліп, үшеуінде де бар екендігі
анықталған. Мысалы: мыс – барлық жылда ШЖК-дан 11-ден 12-ге дейін артқан.
Қорғасынмен ластану байқалған Кіші Алматы ӛзенінде (1,1 ШЖК), Үлкен Алматыда
(1,9 ШЖК). Қалған ауыр металдардың мӛлшері ШЖК-дан тӛмен болған.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
150
2014 жылғы есептеулер бойынша Кіші Алматы, Үлкен Алматы және Есентай
кӛлдерінің сулары сапасы жағынан «Орташа ластанған» деп есептелінеді (3 класс,
ИЗВ – 1,47-1,56). Барлық кӛлдерде мыстың мүмкіншілік мӛлшері қадағаланды,
шамамен 4,3-5,1 ШЖК. Кіші Алматы кӛлінде 1 ШЖК-дан асатын фторид және
нитридтік азот мӛлшерлері бақылауға алынды, Үлкен Алматы кӛлінде 1,1 ШЖК,
темір мӛлшері (Кіші Алматы кӛлінде ластану индексі – 1,68, Есентай – 1,58, Үлкен
Алматы – 1,43).
Соңғы деректер бойынша Алматы ӛзендерiнiң суын қорғау аймағына 1252
нысан орналасыпты. Олардың iшiнде 1090-ы – тұрғын үй, 3-уі – АЖБ, 11-і – ТЖО,
27-сі – кафе, 20-сы – дүкен, 5-уі – жел үрлеу бекеттерi, 45-і – гараж, 26-сы –
кәсiпорын мен ұйымдар және т.б. бар екен. Осыдан келiп Алматы ӛзендерiнiң
бактериологиялық ластану деңгейi жоғары деңгейге жеткен. Мысалы, Үлкен Алматы
мен Есентай ӛзендерiнде мыс бойынша рұқсат етiлетiн шектi жоғары шоғырлану
мӛлшерi (РШМ) – 3 есе, Кiшi Алматы ӛзенiнде мыс РШМ – 2,5 есе, фенол РШМ – 2
еседен асып түсетiн дәрежеге жетiптi. Санамалай берсек, бұдан да сорақы жайлар
кездеседi.
2014 жылдың 1 жартысында Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай
ӛзендерінің су сапасы алдыңғысымен салыстырғанда тӛмендеп кеткен. Су
нысандарының жағдайын және сумен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту үшін
«Бастау» және «Су желісі» мемлекеттік кәсіпорындары құрылғыларды жаңарту,
апатты жағдайдағы құбырларды ауыстыру сияқты іс-шараларды ӛткізуде.
Қаланың орталық және оңтүстік аудандарындағы кіші ӛзендердің бойларын
кӛркейту бағытында ерекше кӛңіл бӛлініп отырғаны рас, керісінше, тӛменгі
аумақтардағы су бойларында техногендік қауіп ұлғайып келеді. Ӛзен бойларында
қоқыстар, судың кейбір бӛліктері қоршалып қалған, су сапасы күн сайын тӛмендеп
барады, ең бастысы, судың тӛменгі ағыс бойлары қаланың жер үстіндегі кір
суларымен қосылып, лайлануда.
Осыған орай, су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-
қарарлар қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды
құжаттардың бірі – ол 2003 жылы қабылданған «Су кодексі». Мұндағы кӛрсетілген
Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері – халықтың, экономика
салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын
ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау
және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары
саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Су кодексінде жағалау учаскелерін пайдаланудың
ерекше шараларын жасау қарастырылған. Мұндай учаскелер құқықтық реттелетін,
адамның шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылатын ерекше зоналарға жатады.
Су нысандарының және су шаруашылық қондырғыларының санитарлық-
эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай болуы үшін ластану мен қоқыс
тастаудан, жануарлар мен ӛсімдіктер дүниесін сақтау мақсатында су қорғау
аймақтары құрылады.
Ӛзендердің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақ табиғат қорғау
қоғамы, «Қазэкология» мекемесі тарапынан Алматы қаласының ӛзендерінің
бойларын тазалауға байланысты экологиялық акция жиі ұйымдастырылып отырса.
Осы акцияларға экология, қоршаған орта және денсаулық пәнін оқитын студенттер
қатысса, олардың сабақта ӛткізілетін тақырыптарында дағдыларын арттыратын
қосымша материал болар еді.
Алматы қаласының кіші ӛзендері мен жақын аймақтарын тазалау жобасының
мақсаты – қала ӛзендерінің экологиялық жағдайын бақылау арқылы жақсарту. Оның
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
151
басты бағыты жастарға экологиялық тәрбие беру және қалалықтардың қоршаған
ортаға аса жауапкершілікпен назарын аудартуды қалыптастыру. Су байлықтарын
сақтау – бүкілхалықтық іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су – бірінші
қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз.
Әдебиеттер
1 Мынбаева Б.Н. Мониторинг загрязнения рек г. Алматы тяжелыми металлами
// Вода: химия и экология. – 2011. – №6. – С. 20-24.
2
Информационно-аналитический
отчет
по
контрольной
и
правоприменительной деятельности экологической инспекции по г. Алматы за I
полугодие 2011 года.
3 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – 2007.
4 Қазақстан Республикасының Су кодексі. – 2003.
5 Акбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология.
ХАЛЫҚОВА Ақмарал Болатқызы,
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АБИЛМАЕВ Мухтар Рахимбердиевич,
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі «География» пәнінің мҧғалімі,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ
МҤМКІНДІКТЕРІ
Кіріспе. Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және
валюталық түсімдердің тиімді кӛзі болып табылады. Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында: «Біз бәсекеге
қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті
экономика үлгісін таңдадық, сӛйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың
бастамасын кӛтердік», - деп кӛрсетілген.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет
салаларына туризм де жатады. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз
жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет
экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік
сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет
кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне
негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет
кӛрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе
жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және ӛзінің капитал сыйымдылығына
қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жӛнінен тиімді салалардың бірі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша
маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды Орталық Азиялық ӛңірдегі туризм
орталығына айналдыру.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
152
Қазақстандағы туризмдік кластерді дамытуда Шығыс Қазақстанның орны
ерекше.
Зерттеу жобасының мақсаты: Қазақстан Республикасының туризмін дамыту
барысында Шығыс Қазақстан облысының қазақстандық кластерлер жүйесін
дамытудағы рӛлін анықтау. Шығыс Қазақстан аймағының туристік рекреациялық
ресурстарына баға бере отырып, олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Зерттеу жҧмысының міндеттері:
1. Шығыс Қазақстанның кӛрікті жерлерінің туристік мүмкіншіліктерін
анықтау;
2. Ӛскемен қаласындағы ӛнеркәсіп алпауыттарының туристік клaстерге
қосатын үлесін зерттеу;
3. Туризм саласындағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеу жҧмыстарының ӛзектілігі. Туризм индустриясының мемлекеттік
бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске кӛмегі, тауар мен
қызмет кӛрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы ӛте
зор. Қазақстанды Орталық Азиялық ӛңірдегі туризм орталығына айналдыруда
аймақтардың, ӛндіріс орындарының қосар үлесі үлкен.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің демалуына жағдай
жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын кӛтеру – ӛзекті
мәселелердiң бiрi. Еліміздің бүгінгі туристік ахуалын жан-жақты зерттей отырып,
бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс
Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу қажет.
Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру, мәдени демалыс, спорттық туризм
түрлерін және экскурсиялық қызмет пен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау
болып табылады. Туристік ресурстар мен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін
маңыздылығы мен мазмұнын қарастырады.
Зерттеу әдістері: дерек кӛздерімен жұмыс; Шығыс Қазақстан облысының,
оның ішінде облыс орталығы Ӛскемен қаласының әсем жерлерін кӛріп, танысу;
ӛнеркәсіп алпауыттарының үлесін анықтау мақсатында кәсіппорындардың
жұмысымен танысу; тақырыпқа байланысты орындарға барып, материалдар
жинақтау; тарихи орындардың маңыздылығын тарихшы мамандар мен
экскурсоводтардан білу; статистикалық мәліметтер мен тұрғындардың ой-
пікірлерімен жұмыс жасау.
Шығыс Қазақстандағы туристік кластерді дамытудағы мҥмкіндіктер мен
оларға сипатттама. Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды ӛлкесi, қатпар-қатпар құз
тастары, мұнар басқан таулары, мың бұратылған ӛзен-суы, жасыл желектi ну тоғайы,
аңы мен малы қатар ӛрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты
мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей.
Халқымыз – елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан,
ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаrан, ұл мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл
жерде халқымыздың үш кемеңгер cypeткepi дүниеге келiп, ӛздерiнiң ӛлмес
жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сӛз ӛнерін әлемдік
биiгiне кӛтерген үш алыппен бiрге осы ӛңірде Шоқан Уәлиханов, Федор
Достоевский, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев,
Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалар мен ақын-жазушы, әншілер ӛмірлерінің талай
айлары мен күндерін кешкен бұл ӛңір – Қазақстан Республикасының солтүстік-
шығысындағы әкімшілік-аумақтық бӛлігі болып табылады [1].
1932 жылдың 10 наурызында құрылған бұл облыс құрамына қазіргі таңда 15
аудан, 10 қала, 24 кент, 826 ауыл кіреді. Әкімшілік орталығы Ӛскемен қаласы ел
аумағындағы ӛнеркәсіптің қарқынды дамыған орталығы болып табылады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
153
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бӛлігін түгел қамтиды. Бұл
ӛңір солтүстігінде – Ресей Федерациясының Алтай ӛлкесімен, солтүстік-батысында
– Павлодар облысымен, оңтүстігінде – Алматы облысымен, шығысында және
оңтүстік-шығысында – Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгелімен Батыс Алтай
сілемдері қамтиды. Бұл таулы ӛңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай және
Оңтүстік Алтай массивтеріне ажырайды. Шығыс Қазақстан аумағынан гидроэнергия
кӛзіне аса бай – Ертіс ӛзені оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай кесіп ӛтеді
де, оны Батыс Сібірдің мұнайлы жерімен байланыстырады.
Бұл ӛзеннің бойында республикамыздағы ең ірі Бұқтырма бӛгені, Ӛскемен
бӛгені салынған. Облыс гидроэнергия қорына ӛте бай. Республикадағы гидроэнергия
қорының 38,5% осында. Сонымен қатар бұл ӛңір орман қоры мен ағаш дайындау
жӛнінен Қазақстанда монополиялық орын алып отыр десек те болады. Табиғаты
тамылжыған бұл ӛңірде «Қызыл кітапқа» енгізілген кӛптеген ӛсімдіктер мен
жануарлар мекен етеді [2].
Кенді Алтайдың аса ірі ӛнеркәсіп және кӛлік жол торабы – Ӛскеменнің
кӛрікті жерлері. Кенді Алтайдың аса ірі ӛнеркәсіп және кӛлік жол торабы Ӛскемен
– Қазақстанның ең байырғы қалаларының бірі. «Ӛскемен» сӛзінің мәнін «тас
тауларының жотасындағы саға» деп түсінуге болады, қазақша атауы «Ӛскемен» деп
айтылады.
Екі жарым ғасырдан артық тарихы бар қаланың іргетасы 1720 жылы Үлбі
ӛзенінің Ертіспен қосылған жерінде Ӛскемен бекінісі ретінде пайда болған. Қазіргі
таңда бұл жерге жаңадан кӛп қабатты үйлер және Ұлы Отан соғысына қатысқан осы
ӛңірдің тумаларына арнап мәңгілік алау ескерткіші және есімдер жазылған
тақташалар орнатылған.
Ӛзендер бойынан серуендеуге арналған керемет саябақтар ашылған. Бұл жерге
келген адам керемет әсер алмай қайтпайды. Сонымен қоса, Республикамыздағы ең
биік, табиғи су бұрқақ та осы жерде, Ертіс ӛзенінің аңғарында орналасқан.
Ертіс пен Үлбі ӛзенінің тоғысқан жерін жергілікті тұрғындар әуеден
қарағандағы кӛрінісіне байланысты «Стрелка» шағын ауданы деп атап кеткен. Бұл
жердегі тағы бір сәулет ӛнерінің керемет ескерткіштерінің бірі – 200 жылдық тарихы
бар «Әулие-Троицк» шіркеуі. Бұл шіркеудің тағы бір ерекшелігі ол – бұрынғы
бекіністің орнына тұрғызылғандығы.
Бұлардан басқа Ӛскемен қаласында кӛрікті жерлер ӛте кӛп. Солардың бірі [3]:
Республика алаңындағы мешіт; Андреев Кафедралдық соборы («Стрелкадағы»
шіркеу); Абай, Пушкин, Киров, Потанин және Ушановқа арналған ескерткіштер;
Спорт Сарайы; Халықтар достығының үйі; Орталық Мәдениет Үйі; Металлургтер
мәдениет сарайы; Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан драма театры Халық үйінің
ғимаратында орналасқан (1902). Кӛптеген ойын сауық орталықтары: «Юбилейный»
кинотеатры; «Эхо» кинотеатры; «Hollywood» кинотеатры.
Мені тағы бір таңқалдырған нәрсе ол – Ӛскемендегі және жалпы Шығыстағы
мұражайлардың кӛптігі. Солардың бірі: облыстың тарихи мұрағатының мақтанышы
шынында бірегей экспонаттары бар оның үш мұражайы: Шығыс Қазақстан ӛлкетану
мұражайы; Шығыс Қазақстан ӛнер мұражайы; Шығыс Қазақстан Этнографиялық
мұражайы үш сыныпты қалалық училищенің және бір қабатты Мариинск
училищесінің ғимаратында орналасқан.
Ӛскемен қаласының тағы бір заманауи назар аударарлық орындарының бірі –
теңіз деңгейінен биіктігі 522 метрдегі Аблакетка тауында үлкен әріптермен тӛселген
«Қазақстан» сӛзі болып табылады. Жазу Калифорния белестеріндегі «Голливуд»
әріптерін еске түсіреді. Алайда, сол әріптердің биіктігі 10 метрді құрайды, ал
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
154
Ӛскемен жазуындағы әріптер біраз орташа, ол алты метрді құрайды! Жазудың
қасында қомақты кӛлемдегі – 12-ге 6 метр Қазақстандық ту орналасқан. Түнгі
уақытта металдық әріптер жарқырай түседі. Бұл таудың басына шыққан кезде адам
ерекше сезімге бӛленіп, адамға қанат біткендей сезімде болады екенсіз.
Ӛскемен қаласындағы этноауыл. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
ұлтаралық татулық пен этносаралық келісімге құрылған қамтымды саясаты шығыс
ӛңірінде жан-жақты жүзеге асырылып келеді. Кӛп ұлтты еліміздің шығысында
тағдыр талайы тоқайластырған түрлі ұлттар мен ұлыстар молынан шоғырланған.
Олар ӛңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамның
барлық саласында еңбек етуде. 105 ұлт пен ұлыстың ӛкілдері мекен етіп жатқан
шығыс ӛңірінде достықтың туы әрдайым биік. Бір атаның балаларындай ортақ
шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешкен шығысқазақстандықтардың бойындағы
толеранттылық – тарихтың ӛзі қалыптастырған тамырлы қасиет.
Мемлекет тарапынан ұлыстардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамытуға
қолайлы жағдай жасалып отыр. Ӛскемендегі этноауыл осынау қоғамдық үйлесімнің
шағын моделі сияқты. Қаланың қақ ортасынан, Ертіс ӛзенінің сол жағалауынан орын
тепкен этноауыл соңғы жылдары облыс орталығының тұрғындары мен меймандары
қыдырыстайтын мәдени демалыс орнына, халықаралық, республикалық және
облыстық игілікті іс-шаралардың орталығына айналды [4].
Этноауыл – Қазақстанда тұңғыш рет жүзеге асырылған бірегей жобалардың
санатында. 1992 жылы Елбасының қатысуымен еліміздегі алғашқы Достық үйі
Ӛскеменде ашылған болатын. Бұл тәжірибе оң нәтиже берген соң барлық ӛңірлерде
Достық үйлері құрылды. Сол сияқты этноауыл жобасы да алғаш рет осыдан бес жыл
бұрын шығыста салынды. Қазіргі кезде жап-жасыл ландшафтты, гүлзарлары мен
бау-бағы, ӛткен ғасырлардан ғибратты сыр шертетін ғимараттары кӛздің жауын
алатын этносаябаққа табан тигізіп тұрып, оған дейін бұл аумақтың қандай мақсатта
пайдаланғанын елестете де алмайсыз.
Иә, бұл саябақ бірден бос алаңқайға тұрғызыла салған жоқ. Этносаябаққа
келген кез келген мейман алып аркалы қақпадан кіреберісте саябақтың құрылыс
барысындағы тарихымен фотошежіре арқылы таныса алады. Осыдан бес жыл бұрын
бұл аумақ тұрмыстық және құрылыс қалдықтары мен темір-бетон үйінділері
шашылып жататын үлкен қоқыс алаңы болды дегенге кӛңіл шіркін сенбейді [4].
Осылайша, қысқа мерзім аралығында ауқымды жұмыс жүргізіліп,
Қазақстандағы бірегей этноауыл салынды. Оның кӛшесінде ұлтаралық және
дінаралық келісім мен түрлі ұлыстар арасындағы достық пен бейбітшіліктің
ғасырлар бойы қалыптасқан берік жібі жарасымдылықпен кӛрініс тапты. Айталық,
бұл кӛшеде қазақ, орыс, украин, ұйғыр, корей, татар, белорус, еврей, неміс, поляк,
әзербайжан, чешен және армян ұлттарының қонысжайлары орналасқан. Үш үй
кірпіштен, ағаш пен тастан қаланып, қазақ және орыс қонысжайлары шаруашылық
бӛлігімен бірге бой кӛтерсе, қалған этностардың әрқайсысына екі үйден арналды.
Жеті гектар аумақты қамтитын этноауылдағы әр қоныстар түрлі тарихи
уақытты қамтыды. Мәселен, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы отырықшы қазақ
қонысы, кӛне ғасырлардағы Дәндібай және Ұлан ауданының Күнгей қонысындағы
тас үйлердің кӛшірмесі, ХІХ ғасырдың соңындағы орыс кеншілерінің үйі, ХХ
ғасырдың бірінші жартысындағы поляк, ұйғыр қоныстары мен сол ғасырдың орта
шеніндегі татар, ӛзбек, армяндардың дәстүрлі үй-жайларының үлгісі ӛз заманымен
бірге кӛшіп келіп, этноауылға орнай қалғандай болды. Қазақ қонысының Абайдың
соңғы он жыл ӛмірін ӛткізген Жидебайдағы үйіне ӛте ұқсайтынын да байқау қиын
емес [4].
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
155
Мұндай этноауыл еліміздің бірде-бір қаласы мен елді мекенінде әзірге салына
қойған жоқ. Қазіргі уақытта онда грузин қонысының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта ӛзбек және қырғыз халқының дәстүрлі үйлерін салу жоспарланған.
Бұл ауылда барлық қоныстар мен ондағы заттар тарихи шындыққа сәйкес
келеді. Ғимарат, аула, материалдар, тұрмыстық жабдықтар, тіпті сол ұлттың киіміне
дейін әбден сараланып, тура ӛмірдегідей орналастырылды. Басым бӛлігі – біз ӛмір
сүріп отырған кезеңге дейін жеткен шынайы жәдігерлер. Тіпті, кейбір жәдігерлерге
бір ғасыр, кейбіріне одан да артық уақыт болған. Бұл жәдігерлермен тарихқа,
мәдениетке, дәстүрге қызығушылық білдіретін жергілікті тұрғындар мен шығыс
ӛңіріне келген меймандар жете таныса алады.
Бұл этноауыл кӛңіл кӛтеретін ойын-сауықтық бағытта емес, адамның жан
дүниесін байытатын рухани орталық ретінде салынған. Этноауылға бүгінде алыс-
жақын шетелдерден делегациялар, мәртебелі меймандар жиі келеді. Келеді де,
мұндағы ашық та мейірімді, достық бейілді білдіретін құрылымға қайран қалады.
Әлбетте, олардың барлығы осынау ұлтаралық келісімнің бірегей моделін жоғары
бағалайды. Осы ауылды аралау барысында кӛптеген қызықты нәрселер мен ӛзге
ұлттардың тұрмыс тіршілігімен жете танысып, керемет әсер алдым [4].
Этностық ауылдың ӛз алаңқайы бар. Оның ортасында қазақтың ақ шаңқан киіз
үйі іспетті жасалған мәжіліс залы орналасқан. Ортақ шаңырақтың символына
айналған осы ғимаратта маңызды жиындар, келелі басқосулар ӛтіп тұрады. Соңдай-
ақ, мұнда кӛрме залы, ӛткен ғасырдың ескерткіштері аллеясы, қайық стансасы,
балаларға арналған ертегі әлемі, хайуанаттар бағы орналасқан. Саябақ аумағы
әжептәуір ауқымды болғандықтан, қонақтар мен келушілерді доңғалақты пойыз
тасымалдайды [4].
Ең бастысы, этноауыл – жасыл табиғатқа мүлгіп тұрған ғажайып мүйіс. Мұнда
ӛсімдіктің 500-ден астам түрі ӛсіріледі. Оның ішінде 300-ге жуығы сирек кездесетін
ӛсімдіктерге жатады екен. Этноауылда қалалықтардың ӛзі байқай бермейтін опунция
кактусы кӛктеп, орман құстары құйқылжытып ән салады. Осынау ұлт пен нәсілі
үшін бӛле-жармайтын шекарасыз аумаққа, табиғат пен адамзат арасындағы айрықша
үйлесімге толы этноауылға жұртшылық та толассыз ағылады. Оларды саябақ
жолдары бейбітшілік пен келісім мекеніне, достық кӛшесіне жетелей жӛнеледі [4].
Достарыңызбен бөлісу: |