Әдебиеттер
1 Толанский С. Оптические иллюзии. – М., 1967.
2 Иллюзии зрительного восприятия // Журнал «В мире науки». – 2004. – №6.
3 Энциклопедический словарь юного физика. – М.: Педагогика, 1984.
4 Перельман Я.И. Занимательная механика // Тезис. – Екатеринбург, 1994.
5 Қазақ энциклопедиясы. – 8 том.
МЕЙРАМБЕК Акерке Бақытжанқызы,
№253 жалпы орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: КОЖАХМЕТОВА Жанар Сергеевна,
№253 жалпы орта мектебінің мҧғалімі, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ ЖЕРІН УЛАҒАН ГЕПТИЛ
Егесіз болса ел жетім,
Елсіз болса жер жетім.
Халық даналығы
Байқоңыр космодромы – қазақ жеріндегі ең үлкен және ӛте күрделі инженерлік
құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес.
Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды,
зымыран тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең кӛлемде
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, осында тұратын халыққа
зардабы да мол.
Зымырандардың әуе кеңістігіне ұшуына бірден-бір себепші симметриясыз
диметилгидрозин (гиптил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық
токсинді қосылыс. Гептил адам ағзасына ғана емес, ӛсімдік, жануар тіпті, ауа мен
суда да еркін, тез қосылысқа түседі. «Протон» зымыран тасығышының бір рет
ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. 1956 жылдан бері «Протон»
зымыранының 260-тан астамы ұшырылған. Әр зымыраннан орта есеппен 2 тоннадай
гептил жер бетіне түседі. Ал гептилдің 1 грамы 2 км
3
ауаны улайды, 1 тамшысы 10
литр суды, осы суды ішсе 100 адамды тірі қалдырмайтын, 1 тамшысы тиген қарағаш
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
132
жапырақтары сол сәтте бүрісіп, семіп, ал ол тӛгілген жер 300-400 жылға дейін ӛз
қалпына келе алмайтындай күшке ие.
1997 жылы Жапон елі қысқы олимпиада ӛткізерде зымыран ұшыруда гептилге
қосылатын күміс иондарын пайдаланып, бұлт жасап, қар жаумайтын жерде қар
жауғызып, соңы апатты жағдайға апарады. 2001 жылы Ресейдің Архангельск
облысында орналасқан Плесецк космодромынан ұшырылған «Протонның» біреуінен
40
0
С аяз болған.
Байқоңыр айлағынан ӛте улы радиоактивті отынмен ұшатын 8-РН «Союз», 8-
РН «Протон», 2-РН «Циклон», 1-РН «Зенит» зымырандары. Оларды ұшыруға гептил
отынын пайдаланғанда, озон қабаты адам айтқысыз болып бұзылатынын ғалымдар
тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Озон қабатын бұзатын гептил қосылыстарының
құрамындағы болатын хлор.
АҚШ-та жасалған «СПЕЙС-Шатл» зымыраны ұшқанда 180 тонна хлор,
сонымен қоса метоболиттер бӛледі. Метоболиттер стратосфера қабатын бұзып
жатыр. Қуатты ғарыш ұшу апараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына
жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды
кұм суырып, жел болып, температураның (0-60
0
С) тӛмендеу процесі жиі
байқалатыны белгілі. Шығыс Қазақстан мен Моңғолиядағы, жалпы ғаламдағы
сұмдық аяздар мен су тасқындары осы «Протондардың» әсерінен болып жатыр.
Алматы қаласындағы Медеу шатқалындағы қылқан жапырықтылар да
зымырандардың құрбаны болды.
Гептил адам ағзасына әр түрлі жолдармен енеді. Ауа, су арқылы кӛп таралады.
Ол – еркін ыдырауға беріле қоймайтын органикалық зат. Ауада ыдырағанда
формальдегид, нитрат, нитрит секілді түзілістерге ыдырайды. Нитрат пен нитрит –
кәдімгі тыңайтқыш. Оны әрине, ӛсімдіктерді тыңайтуға пайдаланамыз. Сол
ӛсімдіктер арқылы біз ӛз ағзамызды улаймыз.
Ең алдымен қан құрамындағы бірден-бір ауа тасымалдағыш гемоглобиннің
құрамы ӛзгеріп, «метгемоглобин» деген түзіліс пайда болады. Бұл түзілісті қазіргі
заманғы медициналық құрылғылар анықтай алмайды. Оны анықтау үшін арнайы
жасалған сезімтал құрылғылар керек.
Гептилдің адам ағзасына тигізетін тағы бір зияны – жүйке жүйесін
зақымдайды. Адам миынан күнделікті тірлігімізде істеген ісімізден, кӛргенімізден,
қанағаттану сезімімен, ләззат алу күйін қалыптайтын серотонин атты гармон бар,
сол гармонның бӛлінуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде адам күйзеліске ұшырағыш,
шаршауық, ашушаң, жалқау болып келеді. Ӛз ісінен рахат ала алмаған адам
күйгелек, енжар, суицидке – ӛзіне-ӛзі қол салуға дайын тұрады.
Бір жылдары неміс халқының арасында рак ауруы жиілеп кетіп еді. Бұны
ғалымдар олардың кӛкӛністерді кӛп жейтіндіктерімен түсіндірген болатын.
Ал қазақтардың негізгі тағам түрі – ет. Тыңайтқышпен уланған ӛсімдікті жеген
жануарлар мен тӛрт түлік мал да уланып, бұл у соңы қазақ халқының жаппай
ауруына себепші болмай ма?
«Рак» деп аталатын бұл ауру түрі қазақ халқын да айналып ӛтпеді. Қызылорда
қаласындағы облыстық медициналық орталықтың онкологиялық аурулар бӛлімінің
бас дәрігері К. Тӛлеутайұлының зерттеуі бойынша, 2009 жылы онкологиялық
аурумен ауратындар саны Қызылорда облысы бойынша 4398 адам, бұл кӛрсеткіш
2010 жылы 4640 адамға жеткен. Гептилге қатысты қаншама шу кӛтеріліп, әңгіме
болғанымен, елдің денсаулығын тексеру жүргізілгенімен, үлкен нәтиже шығарды
деп айта алмаймыз.
Байқоңыр мен Қызылорда халқының арасында ауру түрлері кӛбеюде. Жүрек-
кан тамырлары мен тыныс алу, жылу реттеу жүйесінің бұзылуы, протеинурия,
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
133
глюкозурия, лейкоцитоз бен жалғанатын лейкопения, тромбоцитопения, анемияға
бейімділік, бүйрек жұмысының нашарлауы, миокарттың жұмысының бұзылуы
секілді ауруларға ұшырап жатыр. Гептилдің әсерінен адам ағзасында обыр
жасушалары да анықталып жатыр. Обыр ауруында негізгі нысана ретінде бауыр мен
бүйрек танылады.
Міне, табиғат пен адам ағзасын да улап жатыр. Ресейліктердің жылына беретін
115 миллион АҚШ доллары қазақ халқының мықты денсаулығын, керемет
табиғатын қайтаруға жетпес те еді. Ресейліктерге жалға берілген жеріміз тек 2018
жылы ғана Қазақстанға қайтарылады. Осы күнге дейін істен шыққан зымыран
тасығыштары қазақ кӛгіне кӛтеріле беретіні анық. «Байқоңырдан» коммерциялық
ұшырулар арқылы 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда кӛру керек болса, ол
артығымен орындалды. 46 жылда 550000 тонна гептил тӛгілген қазақ даласының
келешегі барша Қазақстанды алаңдатуы керек.
Әдебиеттер
1 Шайкенов Б. Табиғаттағы биологиялық тепе-теңдік.
2 Байхонов С. Табиғатым – тағдырым.
3 Сәтімбеков Р. Биология оқулығы. 11 сынып.
4 Биология анықтамалығы. Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық
журнал.
5 Қосымша интернет қорлар.
Резюме
В данной статье говорится о гептиле и его использовании для летающих
аппаратов на космодрома «Байконур», а также про угрозу гептила для Казахстана и
ее населения.
Summary
This article is about heptyl and its use for flying equipments on the spaceport of
«Baikonur» and also it is about threat of heptyl for Kazakhstan and its population.
НАРМАХАН Маржан Сҧлтанханқызы,
№189 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы, Белкӛл кенті,
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
АРАБ ЕЛІНДЕГІ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АРАБ САНДАРЫ
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика», - деп М.В. Ломоносов
айтқандай, математика араб елдерінде дамыған. Орта ғасырдағы Орта Шығыс,
Солтүстік Африка және Испания сынды мұсылмандар тұратын мемлекеттерінде араб
жазуы арқылы жазылған математикалық шығармалар табылған.
Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, сүриянилер, т.б.
үлес қосты. Бұл шығармалар қолжазба түрінде осы күнге жеткен, олар әлемнің әр
түкпіріндегі кітапханаларда сақтаулы тұр. Араб математикасы орта ғасырдағы араб
мәдениетімен бірге дамыды. Оның дамуын үш кезеңге бӛліп қарауға болады: VIII
ғасырдан бастап IX ғасырдың ортасына дейін әл-Мансұр халиф Бағдатта ішінде
телескоп пен кітапханасы бар «Даналық үйін» (арабша: تي ب ةمكحلا Bait al-Hikma)
ашып, оған сол кездегі Сүрия, Үндістан т.б. мемлекеттерден ғалымдарды жинайды.
Бұл кезең негізінен басқа тілдегі математикалық шығармаларды аударып, оны
үйрету кезеңі деп айтуға болады.
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
134
Ең алдымен Евклидтің «Геометрияның бастамалары», одан кейін үнді
математигі Брахмагупта еңбегі араб тіліне аударылады. Содан бастап Архимед,
Аполлониус, Диофант, Птолемей сынды ертедегі гректің ұлы математиктерінің
шығармалары іркес-тіркес араб тіліне аударылады.
Бұл дәуірдегі атақты математик әл-Хорезми болды. Ол тек аудармамен
айналысып қана қоймаймаған. Сонымен бірге «Хорезми арифметикасы» (кӛптеген
кітаптарда «Liber Algoritmi» деп аталынып жүр), «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» т.б. атты
атақты кітаптары бар. Қазіргі кездегі математиканың маңызды бір саласы болып
табылатын алгебраны осы әл-Хорезми енгізген.
IX ғасырдың ортасынан XIII ғасырға дейін гүлдену дәуірі деп қарауға болады.
Осы кезеңде Бағдадта, Бұхара, Қаһира және Испанияның Кордова және Толедо
қалаларында кӛптеген ғылыми-зерттеу орталықтары пайда болды. Бұл дәуірдегі
атақты математиктерден Батани, Әбу-Уафа, Карачи, әл-Бируни, Омар Хайям,
Насыреддин Туси, Банналарды атауға болады.
XIV ғасырдан соң XV ғасырдағы Әмір Темірдің Самарқандтағы телескопымен
сонда зерттеумен айналысқан әл-Кашиды айтпағанда, бүкіл араб математикасының
құлдыраған кезеңі болып табылады.
Араб математикасының негізгі жетістіктерінен, арифметика жағында: ондық
санау жүйесі, жазбаша есеп (бұл екеуіне Үндістанның тигізген әсері бар), дәрежеге
кӛтеру, біріз қатарлардың қосындысын табу формуласы, т.б. Ал алгебра жағында:
бірінші және екінші дәрежелі теңдеулерді шешу, үшінші дәрежелі теңдеудің
геометриялық шешу әдісі, екі мүшеліктің жіктелуіндегі коэфициенттері т.б;
геометрия жағынан: Евклидтің «Геометрияның алғашқы кітабының» аудармасы,
параллельдік туралы аксиоманың тереңдей зеріттелуі, π санының мәні (әл-Каши 16-
орынға дейін дұрыс есептеген) т.б. Тригонометрия саласы да ертедегі грек пен
үндіге қарағанда анағұрлым толық зерттелген.
XII ғасырдан бастап араб математикасы Солтүстік Африкадағы Жерорта теңізі
жағалау арқылы ӛтетін мәдени жолдары арқылы Испания мен Еуропаға тараған.
Әсіресе ондық санау жүйесі мен жазбаша есеп, Евклидтің «Геометрия бастамалары»
кітабының аударма нұсқасы т.б. бұлар бүкіл Еуропаның, тіпті дүние жүзінің
математикасының дамуына орасан зор ықпал еткен.
Бірақ араб математикасының керемет туындылары латын тіліне аударылып,
Еуропаға тарамаған. Тек XIX ғасырдан кейін араб математикасы реттеліп, бір
жүйеге келтіріле бастаған. Араб математикасы ертедегі гректің, Үндістанның,
Қытайдың, Шығыс пен Батыстың математикалық жетістіктерін пайдаланып және
оларды бір қалыпқа түсіріп, Еуропаға таратқандықтан мәдениеттің қайта гүлденуі
кезеңінде математика керемет дамыды. Сондықтан да араб математикасы әлемдік
математика тарихында ойып тұрып орын алады.
Күнделікті пайдаланатын 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Олар
ондық санау жүйесі бойынша сан жазудың негізі. Араб сандарын үнділер тапқан,
кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12-ші ғасырдың басында Италия ғалымы
Фибоначчи (LeonardoFibonacci, 1170-1250 жж.) латын тілінде жазылған «Есепшот»
деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл
сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен.
Цифрдың таңбасы ғана емес, атының ӛзі арабтан шыққан деген пікірлер бар.
Арабша «сыфр» деген сӛз бос орын деген мағынаны білдіреді. Демек, сандар «бос
орындарды» толтыру үшін керек болғаны ғой. Алайда, негізгі халықаралық
тілдердің арасында сандарды орыстың «цифр» дегеніне ұқсатып атайтын
француздар («шифре») мен испандар («сифра») ғана. Қалғандары сандарды мүлде
басқаша атайды. Мысалы, ағылшындар «фигурас», немістер «захи» және т.б.
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
135
Сондықтан таңбасы болмаса сандардың атауы да арабтардан шықты деуге толық
негіз жоқ.
Араб цифрларында 0-мен қоса есептегенде 10 таңба ғана бар. Оны ғылым
«Араб цифрларының жүйесі» деп атайды. Осы 10 таңба мен жүз мың, миллион,
миллиард және одан да кӛп сандарды оңай жазып шыға аламыз. Ал кӛбінесе кӛркем
шығармалардың бӛлімдері мен ғасырларды белгілейтін Рим цифрларымен миллион
санын кӛрсету үшін ӛте кӛп таңба жазуға тура келер еді. Ал миллиардты жазып
шығуға кӛбіміздің біліміміз де жетпейді.
Үлкен сандар түгілі екі-ақ таңбамен белгіленетін 48-дің ӛзін «ХХХХVIII» деп
Римнің 8 таңбасымен жазуға тура келер еді. Ал араб цифрларымен жүзге дейінгі
сандардың бәрін екі жүзден мыңға дейінгі сандарды үш мыңнан он мыңға
дейінгілерді тӛрт-ақ таңбамен жазуға болады. Сӛйтіп, жазуға оңай, жеңіл
болғандығы үшін араб цифрлары Еуропада бұрын қолданылып келген Рим
таңбаларын мүлде ығыстырып тастаған.
Ғылымда араб цифрлары V ғасырда Үндістаннан шыққан деген түсінік
қалыптасқан. Ендеше, оны неге үнді цифрлары демей, араб цифрлары дегенге
айтылатын уәждің түбі араб ғалымы әл-Хорезмиге тіреледі. Алгебра («китабәл-
жебр») оқулығын жазып шыққан осы ғалым үнді цифрларын кеңінен қолданған. Ал
авторы араб болған соң және ол барлық араб халифатына және оның Еуропада
орналасқандарына да кеңінен тарағандықтан, араб цифрлары деген атау алып кеткен.
VІІ ғасырда Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) құрған халифат мұсылман әлемін түгелге
жуық қамтығанын білеміз. Артынан оны халифтар басқарды.
Сондай халифаттың бірі қазіргі Испания мен Португалия елдерімен шектескен
Батыс Еуропадағы Кордова да болды. Осы Кордова халифаты арқылы араб
цифрлары Еуропаға Х ғасырда келген. Араб цифрларын қазіргі түрге қарай ӛзгертуді
бастаған кім екен деген сауалға математика тарихын зерттеушілер әлі күнге нақты
жауап бере алған жоқ.
Соның ішінде оның бұрыштық негізде жазудан пайда болған деген ақылға
қонатын сияқты. Мысалы, бесте – бес бұрыш, алтыда – алты бұрыш, жетіде – жеті
бұрыш, сегізде – сегіз бұрыш, тоғызда – тоғыз бұрыш, бірде – бір бұрыш, екіде – екі
бұрыш, үште – үш бұрыш, тӛртте – тӛрт бұрыш. Ал 0-де бұрыш жоқ, ол тек дӛңгелек
болған. Мағынасы бойынша бос кеңістік деген сӛз.
Уақыт ӛте келе бұрыштар үшкірленбей жазылып, қазіргі қолданыстағы
формасына келген. Әрине, бұл араб цифрларының қазіргі түрге ену жолын кӛрсеткен
болжамдардың бірі ғана. Бірақ қисынға салсаң, дұрыс шешім осы сияқты. 0-ден 9-ға
дейінгі араб цифрларын басқаша таңбалайтын Араб елдері халықтарынан басқа да
халықтар бар. Мәселен, бенгал, тамил, тай және т.б.
Қорыта айтқанда, арабтардың ӛз цифрларын қолданбайды деуіміз қате пікір
екен. Керісінше, арабтар ӛз цифрларын қолданады. Бірақ еуропалықтар ӛзгерткен
күйде емес, алғашқы формасында қолданады. Сонымен бірге, барлық араб
таңбалары оңнан солға қарай жазылатындықтан, сандарды да олар оңнан солға қарай
жазады. Мысалы, 75-ті олар ٥٧ түрінде жазады. Яғни, біздіңше оқығанда алдымен 5,
сосын 7 жазылады.
Сандардың ондық жүйесін үндістер VІ ғасырда игерді. ІХ ғасырға келгенде
математик Махавира нӛлді бір сан деп қарайды. Содан бастап ондық жүйе одан ары
кемелдене түседі. Қазіргі күнде бүкіл дүние жүзі қолданатын арғы түп тӛркіні
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
136
Үндістан екендігі математика тарихынан аз да болса хабары бар адамға белгілі болса
керек.
Сан ұғымының тарихи даму процесі мұнымен аяқталмайды. Алайда сан
ұғымының ұлғаюына әрдайым алғашқы түрткі болып табылған жағдай адамдардың
тек практикалық қажеттері ғана емес еді. Математиканың ӛз міндет-мақсаттары сан
ұғымының ұлғаюын талап еткен жағдайлар да болған. Теріс сандардың пайда болуы
дәл осылайша болған.
Теріс ұғымы алгебралық теңдеулерді шешу практикасында пайда болды.
Натурал сандар жиынын бӛлшек сандарға жеткізе ұлғайтқаннан кейін кез келген
бүтін санды басқа бүтін санға бӛлуге мүмкін болды. Ал азайтқыш азайғыштан артық
болып келген жағдайда бүтін санды басқа бір бүтіннен азайту кӛпке дейін мүмкін
емес болып кӛрінді. Алайда теңдеулерді шешкенде аз саннан кӛп санды азайтуға
тура келетін жағдай жиі кездесетін, сондықтан теріс сан ұғымына тап болуға тура
келетін.
Әдебиеттер
1 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6 том. Бас редакторы Бүркітбай Аяған.
2 Липман Берс. Математически анализ. – М.: Высшая школа, 1975.
3 Зайцев В.В., Рыжков В.В. Элементарная математика. – М.: Издательство
«Наука», 1974.
4 Бельтянский В.Т., Сидоров Ю.В., Лиабунин М.М. Лекции и задачи по
элементарной математике. – М.: Издательство «Наука», 1974.
Резюме
В данной статье говорится о том, как развивалась арабская математика и
сколько этапов она пережила. В том числе указаны работы арабских ученых о
математике, и как оно распространялось в дальние страны зарубежья, а так же
имеется информация про арабские цифры.
Summary
This article is about the development of Arabic mathematics and how many stages
does it have. There are pointed the mathematical works of Arabic scientists and its
dissemination to abroad. There are also some information about Arabic numerals.
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
137
РАХМЕТАЛИЕВА Арна Болатқызы,
Қҧлан орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Қҧлан ауылы,
Т. Рысқҧлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ТАТИБЕКОВА Гҥлдана Қойшықызы,
Қҧлан орта мектебі «Биология» пәнінің мҧғалімі, Қҧлан ауылы,
Т. Рысқҧлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘРІЛІК ӚСІМДІКТЕРДІҢ САН АЛУАНДЫЛЫҒЫ
ЖӘНЕ АДАМ АҒЗАСЫНА КЕЛТІРЕТІН ПАЙДАСЫ
Кіріспе. Қазіргі кезде адамдардың жан-жақты білімді және кез келген
проблеманы шеше білуінің маңызы зор. Нағыз білім, ол – ӛз бетіңмен алған білім, ӛз
бетіңше іздену, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген білім. Ӛзіндік ізденіс, ӛзіндік
бақылау және зерттеу нәтижесіндегі білім ғана берік болады. Бүгінгі жедел ақпарат
алу заманында айналаңды танып білуге, ізденуге, зерттеуге жол ашық.
Зерттеуге үйрену үшін алдымен ойлана білуің тиіс. Сұрақ қойып, жауап
іздеуге, болжамыңды ұсынуға, бақылау жасауға, сынақ жүргізуге, қорытынды
шығаруға, дәлелдеуге және ӛзіңнің пікіріңді қорғауға үйренгенің жӛн.
Мен зерттеу жүргізуде ең маңыздысы – мәселені түсіне білуім керек. Олар
түрлі жағдайда туындауы мүмкін. Оның мән-жайын анықтау мәселеге қатысты іс-
шаралар ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан, ӛзіңді қызықтырған құбылыстар
мен жағдайларды анықтау үшін сұрақтар қойып үйренгенің жӛн.
Жҧмыстың мақсаты. Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып, ондағы
фактілік мәліметтерді жинақтай келе, ғылыми жұмысты жазуда зерттеу мақсаты алға
қойылады.
Зерттеудің жаңалығы. Бұл жұмыста дәрілік ӛсімдіктердің сан алуандылығы
және дәрілік ӛсімдіктердің адам ағзсына зор пайда келтіретіні нақтыланды.
№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
138
Зерттеудің
ғылыми-практикалық
мәнділігі.
Ғылыми
жұмыстың
материалдары мен мәліметтері арқылы дәрілік ӛсімдіктердің биологиялық
ерекшеліктерімен таныстым. Бүгінгі таңда саналы, білімді, денсаулығы мықты,
жасыл желек ортасында ӛмір сүріп, еліміздің ертеңіне жауап берер ұрпақ
болғандықтан, дәрілік ӛсімдіктерді аялауды үйренуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |