4. Академиялық жазылым үдерісі 4.1. Тақырып таңдау Көп жағдайда эссе немесе зерттеу тақырыбын тандау еркі студенттің өзіне беріледі. Бұл өз кезегінде студенттің өз еркімен жұмыс жасауына және қызықтырған тақырыбын тереңірек танып бідуіне жол ашады.
Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып саналады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау қарапайым болып көрінгенімен, біршама ойлануды талап етеді. Сондықтан оған үстірт қарауға болмайды. Себебі оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғанын түсінеді. Осы жайттарды ескере отырып, жазба жұмысы тақырыбының қаншалықты маңызды екенін және оны қанша адам оқитынын аңғаруға болады.
Академиялық жазылым барасында тақырыпты түсінуге Блум таксономиясының теориясы үлкен септігін тигізеді. Таксономия алты деңгейден тұрады. Білім алушы қарапайым «білім» (есте сақтау, жаттау, еске түсіру, ақпаратты танып білу)деңгейінен соңғы «бағалау» (шешімге келу) деңгейіне дейін түсіндіре алу, білгенін қолдану, оларды талдау мен жинақтау деңгейлерінен өтеді. Таксономияны толық түсіну жазылым бойынша берілген тапсырма немесе тақырып жөнінде жазуға бағыт-бағдар береді. Мысалы:
Деңгейі
Мағынасы
М ы с а л : «Фейсбук әлеуметтік желісі» туралы берілетін тақырыптар (тапсырмалар)
Берілген тақырып бойынша қарастырылуға тиіс ақпарат
Сондай-ақ жазба жұмысы белгілі бір пәнге қатысты зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсаты мен міндетін айқындап алумен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты мынадай қарапайым негіздерден тұрады:
Студенттер өз зерттеу жұмысына көп уақыт жұмсауы мүмкін. Зерттеу жұмысының сәтті әрі жылдам жазылуы таңдалған тақырыпқа тікелей байланысты. Сол себепті, алдымен тақырыпты мұқият таңдап алған дұрыс. Тақырып таңдау барысында ең басты ескеретін жайт таңдалатын тақырып оқылып жатқан пәнге қатысты болуы қажет. Өйткені эссені жазудағы негізгі мақсат – осы пәнге қатысты қандай да бір тақырыпты терең білу және осы тақырып туралы ізденісті білдіру.
Тақырыпты таңдау барысында ескеретін жайттар:
Тақырып адамныңжеке өміріне қатысты болмауы керек;