4. Академиялық жазылым үдерісі



бет3/6
Дата28.09.2022
өлшемі29,62 Kb.
#40575
1   2   3   4   5   6
Материал табу: қатысты дәрістер мен оқулықтарды қайта оқып шығу арқылы тың идея туындауы мүмкін;

  • Ойшақырту: Жалпылама тақырыпты алып, карта жасау және оның ішінен өзі жаза алатын тақырып таңдап алуға болады;

  • Жаналықтар: Хабар, Қазақстан арнасы, Экономика т.б. газет, жур- налдар арқылы өзі қызықтыратын жаңа тақырыптар табуға болады;

  • Интернет: Интернеттен тақырып бойынша көп материал табуға болады, тек оларды орынды қолдана білудің жолдарын білу қажет.

    Тақырыпты таңдаған соң оның қаншалықты дұрыс құрылғанын немесе дұрыс таңдалғанын мына сұрақтарға жауап беру арқылы айқындауға болады:

    • Неліктен бұл тақырыпты таңдадыңыз? Бұл тақырып сізді не үшін қызықтырды? Бұл тақырып туралы пікіріңіз қандай?

    • Бұл туралы кім жазған? Кімдер мақала немесе зерттеу жұмысын жариялаған? Бұл тақырыпқа қатысы бар ұйымдар мен кәсіпорындарды білесіз бе?

    • Тақырыптың негізгі сұрағы кандай? Тақырып туралы талқыланатын мәселе бар ма? Бұл туралы қарастыратын пікірлер мен ойлар бар ма?

    • Тақырып қайда және қай деңгейде (жергілікті, ұлттық немесе халықаралық) қажет болуы мүмкін? Тақырыптың пайда келтіретін арнайы орны немесе саласы бар ма?

    • Такырып қашан маңызды болды немесе қашан маңызды болады? Бұл казіргі уақытта орын алып отырған жайт па, әлде тарихи окиға ма? Та- қырыбыңызды қазіргі кезде өзекті деп санайсыз ба?

    Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Тақырып дегеніміз не?

    2. Эссе тақырыбының мақсаты қандай?

    3. Зерттеу жұмысының сәтті шығуы неліктен такырыпқа тікелей бай- ланысты?

    4. Такырыптың кұрылымына мән беру қажет пе? Неліктен?

    5. Тақырыш таңдау барысында қандай қателіктер орын алуы мүмкін?

    6. Тақырыптың құрылымын жазу барысында қандай қарапайым шарт- тарды білген дұрыс?

    7. Таңдалған тақырыптын дұрыс немесс бұрыс тандалғанын қалай тексеруге болады?




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет