Тақырыбы:“Абай білім арнасы – ақыл ойдыңайнасы” (сыныптан тыс іс - шара)
Мақсаты: -Білім алушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Білімге деген құштарлығын арттыру.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Қатысқандар:ББ-41, НО-42, ПО-21 топ студенттері
Көрнекілігі буклеттер, кітап көрмесі, баннер, портрет.
Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор.
Күтілетін нәтиже: Тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Мұғалім сөзі: "Ұлы Абайдың данышпандығы өз алдына бөлек әңгіме. Бүгінгі іс-шарада колледж студенттері көпшілікке Абай өлеңдерін оқып, Абай туралы ойларын ортаға салмақ.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.