4. Академиялық жазылым үдерісі



бет5/6
Дата28.09.2022
өлшемі29,62 Kb.
#40575
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 дәріс

4.2. Ақпарат іздеу
Қазіргі таңда кез келген тақырыпқа қатысты ақпаратты кітапханадан, интернеттен еш қиындықсыз табуға болады. Дегенмен олардың ішінен студент өзіне қажетті ақпаратты дұрыс таба білуі және оны колдана білуі өте маңызды. Бұл студенттің уақытын үнемдеп қана коймай, жұмысты сәтті жазып шығуына түрткі болады.
Ақпараттарды тауып, жинақтамас бұрын тақырып бойынша осы кезеңге дейін білетін мәліметтер туралы ойлану қажет. Еске түскен немесе ойға келген идеяларды қағазға жазып отырудың пайдасы көп. Сондай-ақ пәнге қатысты оқытылатын тақырыптарды карастыруға болады. Таңдалған тақырып осы пәнде оқылатын тақырыптарға сәйкес келген жағдайда, тақырып бойынша оқуға берілген әдебиеттерді қарастыру керек. Сонымен қатар тақырыпқа қатысы бар кітаптар мен мақалалардың қолданылған әдебиеттерінің ішінен кажетті мәліметтерін таңдап алуға болады.
Зерттеу жұмысына қажетті материалдарды жинау оңай шаруа емес. Тақырыпқа қатысты материалдарды іздегенде интернет көздерін пайдаланған жөн. Мысалы, Google арқылы Wikipedia сайтына кіріп көп мәлімет табуға болады (есркерту: Wikipedia-ны колданылған әдебиет ретінде пайдаланбаған дұрыс, себебі мұндағы мәліметтер өзгеріске ұшырап жатады. Сондықтан көп оқытушылар бұл сайтқа сілтеме жасаған студенттердің бағасын кемітуі мүмкін). Дегенмен олардың сенімділігіне көз жеткізу керек. Әдетте, жақсы материалдарды жинау үшін манадай жайттарды ескеру кажет:
Бірінші, зерттеу үшін тақырыпқа қатысты сөздердің немесеминдердің алған жөн. материалдарды рысында тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен термин сөздер кез- дессе, оларды жазып алып отыру қажет. Бұл зерттеу жұмысының мәселелерін тез түсінуге сеп болады.
Екінші, тапсырма және зерттеу сұрағы бойынша талап етілетін жайттар туралы ойлану қажет. Көп сайттар рецензияланған мақа- лалар ұсынады, зерттеу жұмысына осындай сенімді мәліметтерді тана колдануға тырысу қажет.
Үшінші, зерттеу жұмысының қолданылған әдебиеттері құнды болғанын ескерген жөн. Google Scholar сияқты академиялық материал іздеу сайттары «сілтеме жасалынған» («cited by») деп, қаншаадамның материалдарды қолданғанын көрсетеді. Жұмысқа сілтеменің көп жасалуы, оның құндылығы мен сенімділігінің жоғары екенін байқатады.
Зерттеу материалдарын жинау да зерттеу жұмысы болып саналады. Материалдарды жинау барысында әркім өзі қалыптастырған әдістерді қолдануы мүмкін. Ең бастысы, материалдарды жылдам жинап, оны алдағы зерттеу жұмысына қалай қолдану жағын ойлас- тырған жөн. Дегенмен кейбір мақалалардағы мәліметтер ескі бо- луы мүмкін. Сондықтан мәліметтің қашан жарияланғаны жөнінде білу маңызды. Негізінен, аталған жайттың барлығы нені зерттеуім қажет деген сұрақтың жауабын білуге тікелей байланысты.
Сонымен, «нені зерттеу қажет?». Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсаттарының бірі - белгілі бір тақырып бойынша көбірек білу және осы тақырыпты жетілдіру жолдарын айқындау. Зерттеу жұмысы әдетте қандай да бір мәселені анықтап, оны шешу жолын қарастырады.
Зерттеу жұмысы зерттеу әдісін қолдану арқылы сауалдың жауа- бын табу және оны дәлелдеумен тығыз байланысты. Зерттеу - белгілі бір мәселе жөнінде кеңінен іздестіру жұмысын жүргізу. Ал зерттеу әдісі - жекелей немесе топ болып мәселені анықтау және оның шешілу жолдарын анықтау. Дәлел - зерттеу арқылы фактілер мен дәйектер жинау.
Зерттеу сұрағын қалай анықтап алуға болады деген сұрақ көп студенттерге қиындық тудырады. Дегенмен оны анықтау аса қиындық тудырмайды. Мәселен, студент күнделікті өмірде өзіне қатысты бір мәселені немесе университеттегі (мектептегі) өзі оқитын топқа байланысты көптеген жағдайдың бірін зерттеу сұрағы етіп алуына болады. Зерттеу сұрағы көзге түскен зат немесе ойға келген идея (мәселен: қайта өңделмей қоқысқа кетіп жатқан қағаз, жолдағы кездейсоқ жағдай, көлік кептелісі, осы кезеңге дейін оқыған зерттеу жұмысы, жеке тәжірибе, кәсіби немесе саяси толғаныс т.б.) болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының ең негізгі үдерісінің бірі - қызығушылык тудырған саланы ықшамдай алу. Қызығушылығына қарай, автор мәселені нақты әрі түсінікті етіп зерттей алатындай сұрақты табуы тиіс. Зерттеу сұрағы анық болған сайын оған жауап беру мен оны зерттеу үдерісі түсінікті бола түседі. Зерттеу сұрағын құру үшін мынадай қарапайым үдерісті жүзеге асырған дұрыс:
Бірінші, зерттеусаласы: ғылым сан-салалы. Автор өзін қызыктыратын саланы анықтау үшін мынадай қарапайым екі сұрақты қоя алады: 1) Мені не қызықтырады? Бұл сала мені не үшін қызықты- рады? Мәселен, Мені Қазақстан экономикасы қызықтырады.
Екінші, зерттеу бағыты: салалардың ішінен қай бағыт қызықтыратынын анықтап алу қажет. Мәселен, Мені Қазақстанның Кеден одағына қосылғаннан кейінгі экономикалық жағдайы қызықтырады.
Үшінші, зерттеу сұрағы: жазба жұмысының негізгі зерттеу сұрағын анықтап алу керек. Мүмкіндік пен уақытты ескере отырып зерттеу сұрағын таңдау қажет. Кейде бір немесе бірнеше, тіпті шағын сұрақтар туындауы мүмкін. Мәселен, Қазақстан экономика- сына Кеден одағы қандай пайда әкелді? Кеден одағы экономикамыздың қай саласының дамуына ықпал етті?
Тақырыпқа қатысты ақпараттарды табу зерттеу сұрағы мен зерттеу тақырыбын таңдауға және зерттеу жоспарын құрып, оны жүзеге асыру үдерісіне көшуге мүмкіндік береді. Ақпараттардың сенімділігіне көз жеткізіп болған соң, оларды синтез немесе анализ жасау арқылы қолдану жолдарын қарастыруға болады. Ақпараттарды дереккөз ретінде пайдалану және қолданылғын әдебиеттер тізімінде дұрыс безендіру үшін қай жерден алынғанын арнайы жеке қағазға мұқият жазып отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет