Сонымен қатар тақырыптың құрылымын жазу барысында мынадай қарапайым шарттарды білген жөн: 1) Түсінікті, шағын және қызықты етіп жазу. Тақырыптың негізгі мақсаты - жазба жұмысы жөнінде қысқаша, нақты қорытынды беру. Сол себепті, тақырып шағын және түсінуге жеңіл болып жазылуы керек. Тақырыптың кұрылымын жазу барысында күр- делі сөз тіркестері немесе мағынасыз создерді қолданбаған жөн. Тақырып күрделі болса, оқырман үшін түсініксіздеу болып кетуі мүмкін. Мысалы: «Теңгенің девальвацияға ұшырауы Қазақстан халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне едәуір әсерін тигізді». Бұл тақырып түсінікті, дегенмен бұл тақырыпты жинақы етіп бы- лай жазуғы болады: «Девальвацияның қазақстандықтардың тұрмысына әсері».
2) Мағыналы сөздерді қолдану. Тақырыпта жазба жұмысы- ның түйін сөздері мен зерттеу табиғатын ашатын мағынадағы сөздер қолданылу керек. Жұмыс жазылатын салада қолданатын тер- миндер туралы ойланып, оларды тақырыпта қолдануға тырысу қажет. Мысалы: «Теңгенің девальвацияға ұшырауы барысындағы Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне едәуір әсері». Бұл тақырыптағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне деген тіркесті, «экономикасына» деген бір ғана сөзбен алмастырып, ықшамдалған түрде былайша жазуға болады: «Девальвацияның Қазақстан экономикасына әсері».
3) Қысқарған сөздер мен жаргондарды қолданбау. Тақырып кұрылымын жазу барысында көпшілікке белгілі БҰҮ, ҚР сияқты қысқарған сөздерді қолдануға болады. Дегенмен жалпыға бірдей таныс емес арнайы салада қолданылатын қысқараған сөздерді қолданбаған абзал. Сонымен қатар жаргондар қолданылмағаны дұрыс, себебі бұл сөздер ғылыми стильге тән емес және оқырманға түсініксіз болуы мүмкін.
Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Компьютер арқылы тез алуға мүмкіндік беретіндей түйін сөздер қолданылады;
Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды (тақырыбын қайталамайды).
Зерттеу жұмысын бастамас тақырыптың бағыты қы- зықты екенін айқындап алу керек. Мысалы, «Интернеттің адам- дардың қарым-қатынасына тигізетін әсері» деген тақырыпты қа- растыралық. Бұл жақсы тақырып, дегенмен тақырып әлі ауқымды. Бұл тақырыпты ықшамдаудың бірден-бір жолы негізгі сөздерді анықтап алып, оларға қатысты кілт сөздердің тізімдерін жасап шығу. Мәселен:
Қарым-қатынас бетпе-бет немесе онлайн сөйлесу, әлеуметтік желілердегі достық қатынас.
Интернет - онлайн ойындар, әлеуметтік желілер, ақпараттарға кол жеткізу.
Адамдар - балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар, ересек- тер, интернетте сағаттан артық уақытын өткізетіндер.
Кілт сөздердің тізімін жасап шығу аталған тақырыпты былайша ыкшамдауға сеп болды:
«Жастардың достық қарым-қатынасына әлеуметтік желілер- дің әсері».
немесе
«Студенттердің ақпаратқа қол жеткізудегі онлайн қарым-қатынасы». Тақырыпты ықшамдау тым шағын етіп таңдамау қажет. Тақырып өте шағын болып кетсе, ол жөнінде материалдар табу қиынға соғуы мүмкін.
Тақырып таңдау барысында кейбір студенттер қателіктерге де жиі ұшырасады. Студенттердің тақырып таңдауда жиі жасайтын қателіктері мыналар:
Зерттеу жұмысының сәтті шығуы және одан жоғары баға алу тақырыпка қатысты екені белгілі, сол үшін келген студент өз та- қырыбын дұрыс тандауға бар күш-жігерін жұмсайды. Студент үшін тақырып туралы қалай ойлануға болады және ол туралы идеяны қайдан табуға болады деген сауал туындауы заңдылық. Сондықтан тақырыпты іздестіру барысында мынадай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізуі мүмкін: