4-апта. 4-дәріс: Болмыс онтология және метафизика



бет4/7
Дата16.03.2023
өлшемі242,67 Kb.
#74731
1   2   3   4   5   6   7
Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger, 1889-1976) — неміс ойшылы, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол ұлы құрлық философиясы (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.
Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың (Being) мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс.
Хайдеггер батыс философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.

Хайдеггер технология туралы
Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технологиядан қарсы тұру қиын, жойқын қатерді көрді. Өнер техниканың қарсы жағы есептелді. Жалаң технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды.

Болмыстың мәні
Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен аулақ, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология – дәл "Болмыстың мәні".



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет