4-апта. 4-дәріс: Болмыс онтология және метафизика



бет5/7
Дата16.03.2023
өлшемі242,67 Kb.
#74731
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4-àïòà. 4-ä?ð³ñ Áîëìûñ îíòîëîãèÿ æ?íå ìåòàôèçèêà

Тіл - болмыстың үйі
1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіне назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы — "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі.
Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек.
Хайдеггер: «Болмыс және уақыт»
Кітапта екі тарауға бөлінген: "Болмысқа негіздік талдау жасау" және "Болмыс және уақыттылық".
Болмыс
"Болмыс (Being) — болушының (Beings) болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория.
«Болмыс және уақыт» кітабының мақсаты:"нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау. Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты (Being) тануды нақты болушыны (нәрсе, Beings) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. "Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі." Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins) де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды.[6] Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық.[7] Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым[8], толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.

Осыболмыс

Құмсағат — Уақыт
“Осыболмыс” (dasein) Хайдеггер бойынша адамды және адамның өмір сүру, бар болу үлгісін көрсететін арнайы философиялық категория. Хайдеггер өзі құрастырып жасаған бұл ұғымның тіке мағынасы "осында бар болушы", "мұнда өмір сүруші". Хайдеггер бұл сөзді тіке адамға қаратып қолданған. Оның адам болмысын осы ұғым арқылы айқындауы адам болмысының дүниедегі басқа болмыстардан айқын өзгешелігі себебінен болды. "Осыболмыс – болмыстың өзі үшін болатын болмыс". Хайдеггер тағы былай дейді: "Осыболмыстың мәні оның ғұмырында. Субстанция бойында көрнекіленген түрлі қасиеттер субстанцияның қалыптасуын іске асырған қасиеттер емес. Бұл субстанция қарамаққа әу бастан орындалып қойылғандай көрінгенімен, бұл қасиеттер түрлі жағдайда болмыстың түрлі мүмкіндіктерін іске асыра береді. Сондықтан, біз Осыболмысты оның не нәрсе екенін айқындау үшін емес, қайта оның бар екендікті білдіруі үшін қолданамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет