4. Ареалдың құрылымы мен типтері. Ареалдар шекарасы



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі32,03 Kb.
#116671
1   2   3   4
Байланысты:
432812517339 №4 Лекция Ареалдың құрылымы мен типтері

Дизъюнкция түрлері. Оларды түрлерге бөліп, жіктеп қарастыруға болады. Туыстарды, тұқымдастарды ажыратудың бірнеше мысалдары төмендегідей жіктеледі:
Еуразия-Солтүстік американдық туыстардың ажырауы – қарағай, үйеңкі, самырсын, боз арша, қайың, тал, қарақат, жаңғақ ағашы жəне т.б. Дизъюнкцияның шығуы əртүрлі (Беринг бұғазы, Атлантида аралдары тізбегінің төмендеуі, оқшауланудың ұзақтығынан бастапқы түрлердің ажырауы, жылдам көшулер жəне т.б.). Мұндай ажыраудың түріне сары қарағай, қаршыға тұқымдас жапалақ жəне көптеген түрлер ареалдарының солтүстікатлантикалық дизъюнкциясы қызмет етуі мүмкін.
Пантропикалық ажыраулар – барлық континенттер мен архипелагтар тропикасында жататын ареал бөліктері (симфониялы, бегониялы, ризофоралы, мимозалы, мирталы, диптер-карпалы пальмалар, маймылдар, тоты құстар, көкектер жəне т.б., барлығы бірнеше жүздеген өсімдіктер мен ондаған жануарлар таксондары). Бұл жағдайда жоғарғы дəрежелі таксондар – тұқымдастар, туыстар, отрядтарға ажырағанын ескеру керек.
Солтүстік-Тынықмұхиттық ажыраулар – қызғалдақты ағаш ареалы, оның бөліктері Қытайда (Янцзы) жəне Солтүстік Америкада жатыр; аллигаторлар ареалы жəне т.б.
Оңтүстік-Атлантикалық ажыраулар – Мадагаскардағы жəне Орталық Америка тропикасындағы Ravenala жолаушылар ағашы.
Гондвандық ажыраулар – көне Гондвананың «сынықтар» түріндегі құрлықтардағы ареалдар бөлігі: баобаб туысы (Adansonia), кесірткелердің, тар танаулы маймылдардың кейбір түрлері.
Биполярлық ажыраулар – ареал бөліктері Солтүстік жəне Оңтүстік жартышардың полярлық аудандарында жатыр: арктикалық жəне антарктикалық қоңырбас, бөдене шөп, сардина жəне т.б. Өсімдіктер үшін мұндай дизъюнкция Кордильер-Анд тау жүйесі бойымен, ал балықтар үшін – Американың қос жағалауы маңындағы салқын ағыстар бойымен жылыстауынан мүмкін болды.
Оңтүстік Тынықмұхиттық ажыраулар – ареал бөліктері Тынық мұхиты мен Оңтүстік Америка аралдарында жатыр: жалған бук, араукариялар, кейбір бөдене шөптер, Perietta басқа өсімдіктер, қалталы жануарлар, ысқырғыш құрбақалар (Аустралия жəне Оңтүстік Америка).
Азиялық-Аустралиялық ажыраулар (Аустралия мен ОңтүстікШығыс тропикалық Азия) – жеміс қоректі көгершіндер ареалдары, кейбір бал жегіш-құстар, эквалипттер жəне т.б. Дизъюнкцияның бұл тобын Зонд жəне Малакка аралдары арқылы өтетін бұғаз- дар байланыстырады. XX ғасырдағы осы бұғаздардың ажырауы Уоллес сызығы түсінігінің пайда болуына əкелді.
Аркмонтандық (Арктоальпілік) ажыраулар, мұнда ареал бөліктері Арктикада жəне оңтүстік ендіктердің биік тауларында жатады. Ареалдың ажыраған бөліктері арасында мыңдаған шақырым кеңістіктер жатыр, онда аркмонтандық өсімдіктер кездеспейді. Биік таулар мен жазықтар арасындағы оңтүстікте осы түрдің кездеспейтін биіктік белдеулерінің жиынтығы бар. Мысалы, тасжарған, альпі маралоты, масақты жалтыршөп жəне көптеген басқалары.
Ареал бөліктерінің бір-бірінен толық оқшаулану жүріп жатқан процесс. Мұздану дəуірінде өсімдіктердің оңтүстікке жылыстауы тек қана жазықтарда ғана емес, Сібір мен Орал тауларында микротермдер үшін қолайлы мекендер бойынша жүзеге асқандығы анықталды.
Арктиканың оңтүстік биік таулы мекендерінде өсімдіктер мен жануарлардың тек жай түрлері ғана емес, олармен байланысты экожүйелер қалыптасқан, ал олардың біріге жылыстауы мүмкін емес.
2000 жылы қыркүйек айында Швейцарияда өткен (РигиКальтбад) таулы биоалуантүрлілік бойынша БҰҰ Халықаралық симпозиумында арктоальпілік топтардың альпі жəне арктикалық түрлері арасында генетикалық айырмашылықтар туындаған туралы мəлімделді. Жануарлардың аркмонтандық ажыраулары да орын алған. Осыған мысал ретінде, ақтамақты сайрауық, кейбір өрмекшілер жəне т.б. жатады.
Жерортатеңіздік ажыраулар. Жерортатеңіздік ареал бөліктері теңіздің батысы мен шығысында, Еуропаның оңтүстігінде жəне Африканың солтүстік бөліктерінде, Жерорта теңізінің аралдарында жəне т.б. аймақтарда таралған. Мұздану дəуірінде Жерорта теңізі деңгейінің төмендеуінен, ондағы аралдар көшу көпірінің бөліктеріне айналды. Мұндай дизъюнкцияларға үйеңкі, тұт ағашы, орхидея, емен, скарабей қоңыздары, кене, көптеген көбелектер жəне т.б. жатады.
Сəйкес ендіктердің шегіндегі ажырауларда Солтүстік Мұзды мұхиты жағалауын толық жəне бөлікті мекендейтін (ақ түлкі, поляр жапалағы, тапал тал, ақ аю, көптеген жалпақ табандылар) циркумполярлы ареалдар тобын жекешелеуге болады. Сонымен қатар циркумбореальды ареалдар – бұғы, қаршыға тұқымдас жапалақ, қоңыр аю, қасқыр, шырша, қайың жəне т.б. бөліп көрсетуге болады.
Түрге бөлуде шартты-космополитті ареалдар: қиқоңыз, убиквист-өсімдіктер (бұл космополитизм синонимі, əртүрлі, бірақ бір-біріне ұқсамайтын жерлерде тіршілік етуге қабілетті өсімдіктерді осылай атайды): қамыс (Phragmites communis), кəдімгі қайың (Pinus sylvestris), əртүрлі антропохорлар – шоңайналар (Arctium), қышабас (Barbaria vulgaris), қалақай (Urtica dioica) жəне көптеген басқалары құрлықтың төрттен бірін қамтиды. Сонымен бірге, ілеспе ареалдарды атап өту керек. Бұған өзгерген ареалдар- мен тығыз байланысты, мысалы: қоректену көзіне байланысты ағзалар жатады. Осыған мысал ретінде аустралиялық коала аюын жатқызуға болады, əрбір популяция «өзінің» эквалипт ағашының жапырағына байланысты көшіп отырады. Көлік құралы ретінде жылқылардың жойылуына байланысты ат қиын шоқитын торғай популяциясының қысқаруын мысалға алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет