капсомерлерден құралған капсидтің симметриясы куб тәрізді;
негізгі 4 ақуыздардан (VP1, VP2, VP3, VP4) тұрады. Суперкапсиді жоқ.
ДАҚЫЛДАНДЫРУ
НАV тек маймылдар организмінде жақсы көбейеді. Вирусты макака-резус (дақыл FRhK-4) пен жасыл көк мартышкалардың (дақыл 4647) бүйрек эмбрионы жасушаларында өсіріп алды.
Вирус асқазан-ішек жолдарына ас тағам н/е су арқылы түседі, жіңішке ішек шырышты қабатарында және регионарлық лимфа түйіндерінде өсіп-өніп көбейеді, вирусемия фазасы және сарғаю кезеңі басталады.
Бұл кезде қоздырғыш (вирус) нәжіспен шыға бастайды. ЦПӘ ету нысаны негізінде гепоциттер болып табылады, вирус бауыр жасушаларының цитоплазмасында репродукцияланады да, гепатациттерді бұзылысқа ұшыратады. Гепатациттердің зақымдануы дене сарғаюының дамуына әкеліп соғады және қан сарысуында трансаминаза деңгейінің артуына әкеледі.