Құмырсқа:Шегіртке, досым! Сенімен ойнап жүруге уақытым жоқ! Мен уақытты бекер өткізбей, еңбек етемін. Жұмыстарым өте көп!
Құмырсқа мен ара ән айтады
Құмырсқа: Мен – кішкентай құмырсқа
Үйір болдым жұмысқа
Еңбек етіп күнде мен
Шаршамаймын жұмыстан
Қайырмасы: Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Гүл отырғызсаң терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Еңбекті сүй, құрметте,
Жақын болшы еңбекке.
Қайырмасы:Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Гүл отырғызсаң терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Еңбекті сүй, құрметте,
Жақын болшы еңбекке.
Шегіртке: Осындай тамаша, керемет күнде қалай жұмыс істей бересіңдер! Қарандаршы қандай әсем гүлдер, жаздыгүнгі жапырақтың бірінде тамақ, бірінде үй. Жаз – тамаша! Жазды сүйемін! Жүріндер, ән айтамыз, би билейміз!
Ара: Шырылдауық шегіртке бізге кедергі келтірме, бізді жұмысымыздан қалдырма.
Құмырсқа: Біздің жұмысымыз өте көп. Ән айтып, билеп жүре бергеннен не пайда? Жаз тез өтіп кетеді, ал қыста қайда барасын? Одан да бізбен бірге жұмыс істе. Мен үй салып жатырмын, Ара бал жинап жүр.
Шегіртке: Қыс қайдаааа! Жұмыс ешқайда қашпайды! Бұл ештене емес! Келіңдер бірге көңіл көтерейік. Онда мен бар дауысыммен ән салып, таңға дейін би билеймін. Ла-ла-ла-ла-ла
Шегіртке әнің айтады
Жер жайды түрлі кілемдерді
Көңілді жаз,тамаша,
Барамын жасыл жайлауға.
Асыр сап көкте ойнауға.
Жаз да келді
Құшағыма гүл сыйлаған.
Аспанда күні жайнаған
Жаз да келді
Жаз көңілді
жарқылдаған бұл бір шағым,
Әніммен қарсы аламын
Әрбір күнді
Жазым келді жарқырап,
Жидек пісіп толады
Көкке қызыл –жасылды
Кемпір қосақ асылды.
Найзағай мен жаңбырдың фонограммасы. Сахнаға қолдарына күзгі жапырақтарды ұстап қыздар шығады. Күзгі жапырақтар биі
Әже: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.