«№4 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «бекітемін» №4 балалар үйінің директоры



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#72847
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
мюзикл шегіртке мен құмырсқа

Шегіртке: 
Мен шырылдауық шегіртке,
Ұшып жүріп ән салып,
Көгалды қуып гөлайттап
Жаз өткенін білмеппін.

Жапырақ кетті, жаз кетті


Күз болған соң кетті күй. 

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ.


Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тонған қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда? 


Шегіртке: -Менің достарым қайда екен? Аражан, құмырсқа қайдасындар? 


Қыстың әуені істіледі. Сахнаға ұлпақарлар шығады.


Әже:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,


Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,


Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуен жүріп тұрады. Шегіртке құмырсқаны тауып, алдына жығылады


Шегіртке: Құмырсқа, құмырсқа, құтқар мені!
Маған көмек бер,
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!


Құмырсқа: Мұның жаным сөз емес,
Жаз өтерін білмеппе ең?
Жаның үшін не шаруа,
Ала жаздай қылмап пе ең? 


Шегіртке: Мен өзіндей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?


Құмырсқа: Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!


Құмырсқа мен Ара (бірге): Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей


Әжесі: Міне қызым, осы «Шегіртке мен құмырсқа» атты И.А.Крыловтың мысалын қазақ тіліне аударған ұлы ақын Абай атамыз болады.


Немересі: Білем, әже! Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары. Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Биыл тек қазақ елі емес, бүкіл әлем Абай атамыздың 175 жылдығын тойлауда.


Әжесі: Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Құмырсқа: Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.
Шегіртке: Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Әжесі: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!


«Биікке» әні











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет