4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Өкпе. Өкпешілік ауа өткізу жолдары: бронхтар мен бронхиолалар. Бронхтар мен бронхиолалардың диаметріне байланысты қабырғасының құрылысы



бет53/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

44. Өкпе. Өкпешілік ауа өткізу жолдары: бронхтар мен бронхиолалар. Бронхтар мен бронхиолалардың диаметріне байланысты қабырғасының құрылысы.
Өкпе – көкірек қуысының көп бөлігін алып жатқан, сыртын плевра қаптаған мүше. Функциялары: газалмасу, терморегуляторлы, қышқыл-сілтілі тендіктің реттеуіне қатысу, қан ұюының реттеуі, су-тұзалмасуды реттеу, эритропоэздің реттеуі, иммунологиялық, липидтердің алмасуына қатысу.
Өкпелер ауа өткізу жолдардың жүйесінен - бронхтар (бронхиалды ағашы) және тыныс алу жүйенің респираторлы бөлімін түзетін өкпе көпірішіктердің жүйесінен немесе альвеолалардан тұрады. Бронхтар оң жақ және сол жақ басты бронхтармен басталады, олар оң жақта 3, сол жақта 2 бөліктік бронхтарға бөлінеді. Бөліктік бронхтар өкпеден тыс жатқан аймақтық бронхтарға, ал ол 10 өкпе сегменттік бронхтарға ұласады. Соңғылары субсегменттік, бөлікаралық, бөлікішілік және терминалды бронхиолаларға айналады. Сонымен қатар, диаметріне байланысты ірі бронхтар 15-20мм, орташа бронхтар 2-5мм және кіші бронхтар 1-2мм деп жіктейді. Жалпы бронхтар қабырғасы төрт қабықшадан тұрады: шырышты, шырышасты, фиброзды-шеміршекті, адвентициалды. Ішкі шырышты қабықшасы 3 қабаттан тұрады: көпқатарлы кірпікшелі эпителийден, өзіндік және бұлшықетті пластинкалардан. Эпителий құрамына 7 түрлі жасушалар кіреді: кірпікшелі, бокал тәріздес, эндокринді, базалды жасушалар, бұдан басқа эпителийде секреторлы, жиекті, кірпікшесіз жасушалар болады. Секреторлы жасушаларда кірпікшелер және микробүрілер болмайды. Бұл жасушалар сурфактантты ыдырататын ферменттерді секреттейді, ауамен енген токсинды заттарды тежейді, бронхтар секретінің консистенциясын реттейтін гликозаминогликандарды бөледі. Кірпікшесіз жасушаларда гликоген және секреторлы гранулалар болады. Жиекті жасушалардың цитоплазмасында нейросекреторлы гранулалар болады (кальцитонин, бомбезин, серотонин ж/е тб). Функциясы –хеморецепция. Оларға нерв талшықтары жақындап, контакт түзеді. Шырышты қабықшаның өзіндік пластинкасы эластикалық талшықтарға бай БТДТ тұрады. Онда лимфоидті түйіншектер, тамырлар, нерв бағаншалар орналасады. Бұлшықетті пластинкасы миоциттерден түзілген. Шырышасты негізі БТДТ тұрады, онда шырыш-нәруызды бездердің шеткі бөлімдері жатады. Фиброзды-шеміршекті қабықша шеміршекті және ТТДТ тұрады. Адвентициалды қабықша БТДТ түзілген.
Басты бронхтардың қабырғасы кенірдектің қабырғасына ұқсайды , бір айырмашылықпен – фиброзды-шеміршекті қабықша толықтай шеміршекті сақиналардан тұрады. Ірі бронхтардың қабырғасында шеміршек бірнеше пластиналарды түзеді. Орташа бронхтарда шеміршек аралшық түрінде кездеседі және гиалинді шеміршек эластикалық шеміршекке ауысады. Кіші бронхтарда шеміршек болмайды. Ірі бронхтарда көпқатарлы эпителий кішкене бронхтарда екіқатарлы эпителийге ауысады. Бокалтүрлі жасшушалар азаяды. Меншіктіі пластинканың қалындығы жұқарады, ал бұлшықетті пластинкасы керісінше қалындайды. Кішкене бронхтарда бездер жойылады. Адвентициалды қабықшаның қалындығы жұқарады. Ауаөткізу жолдары терминалды бронхиолалармен аяқталады (d-0,5 мм).
45. Өкпе. Ацинус өкпенің морфо-функциялық бірлігі ретінде. Ацинустың құрылымдық компонентері. Альвеолалардың қабырғасының құрылысы. Альвеоциттердің түрлері, олардың гистофункциялық сипаттамасы. Сурфактантты-альвеолярлы комплекс. Аэро-гематикалық тосқауыл және оның газ алмасуындағы маңызы. Өкпе макрофагтары. Плевра.
Өкпе – көкірек қуысының көп бөлігін алып жатқан, сыртын плевра қаптаған мүше. Функциялары: газалмасу, терморегуляторлы, қышқыл-сілтілі тендіктің реттеуіне қатысу, қан ұюының реттеуі, су-тұзалмасуды реттеу, эритропоэздің реттеуі, иммунологиялық, липидтердің алмасуына қатысу.
Өкпелер ауа өткізу жолдардың жүйесінен - бронхтар (бронхиалды ағашы) және тыныс алу жүйенің респираторлы бөлімін түзетін өкпе көпірішіктердің жүйесінен немесе альвеолалардан тұрады. Оның құрылым-функциялық бірлігіне ацинус жатады. Ол респираторлы бронхиоланың, альвеолярлы жолдардың, альвеолярлы қапшықтардың қабырғасында орналасатын қан мен ауаның аралығында газдардың алмасуын қамтамасыз ететін альвеолалардың жүйесінен тұрады.
Респираторлы бронхиолалар бірқабатты кубты эпителиймен жабылған, бұлшықетті пластинкасы жұқарған, адвентицияның дәнекер тін талшықтары интерстициалды тінге өтеді. Альвеолярлы жолдар мен қапшықтардың қабырғасында бірнеше ондық альвеолалар орналасады. Ересек адамда олардың жалпы саны орташа алғанда 300-400 млн. Альвеолалар жұқа дәнекер тінді қабаттармен бөлініп тұрады, олардың құрамында капиллярлар, ретикулярлы және өкпенің эластикалық каркасын түзетін эластикалық талшықтар болады. Терен демді шығарған кезінде де өкпелердің эластикалық керілуіне байланысты альвеолалар түспей тұрады. Альвеолалар аралығында оларды қосып тұратын Кона саңылаулары табылған. Бұл саңылаулар бір альвеоладан басқа альвеолаға ауаның өтуіне мүмкіндік береді және патологиялық процесстер жағдайында альвеолярлы қапшықтардың өзіндік ауа өткізетін жолдары жабылып қалғанда газдардын алмасуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ претерминалды бронхиолаларды альвеолярлы қапшықтармен байланыстыратын Ламперт каналдары болады. Бұл каналдар ауаның коллатералды жолын қамтамасыз етеді және өкпе фиброзы жағдайында ауаөткізу жолдардың бөлігі жабылған кезінде маңызды рөл атқарады.
Альвеолалар ашық көпіршік түрінде болады. Ішкі беткейі екі негізгі жасушалармен жабылған: респираторлы пневмоциттер немесе І типті жасушалар және секреторлы пневмоциттер немесе ІІ типті жасушалар. Респираторлы жасушалар альвеола беткейінің шамамен 95% алып тұрады. Пішіні дұрыс емес ұзартылған. Жасушаның альвеола қуысына қарап жатқан беткейінде ауаның эпителий беткейімен шектесу аланың ұлғайтатын қысқа микробүрілер болады. Респираторлы жасушаның ядро жоқ аймақтарына жаңасып капиллярлар орналасады. Осы аймақтарда гемокапилляр эндотелийінің базалды мембранасы эпителийдін базалды мембранасына тығыз орналасып шектеседі. Осындай аймақтарда қанмен ауаның аралығында аэрогематикалық тосқауыл болады.
ІІ типті пневмоциттер немесе секреторлы жасушалардың пішіні текше тәріздес, цитоплазмасында осмиофилды гранулалалар байқалады. Олар гликолипидпротеинді зат −сурфактантты өндіреді. Сурфактант екі бөліктен тұрады:1)төменгі–гипофаза, альвеола эпителийінің беткейін тегістейді; 2) беткейлі-апофаза, фосфолипидті моноқабатты түзеді, олардың гидрофобты аймақтары альвеола қуысына қарап жатады. Сурфактанттың функциялары: альвеолалар түсуіне кедергі жасайды, тамырлардан альвеола қуысына сұйықтықтың өтуіне тосқауыл құрады, бактероцидті қасиеттері болады, иммунокомпетентті жасушаның және макрофагтардың функцияларын ынталандырады . Өкпелер резекциясы жағдайында ІІ типті пневмоциттер регенерацияға қатысуы мүмкін. Альвеола қабырғасының құрамына жиекті жасушалар мен альвеолярлы макрофагтар кіреді. Макрофагтар иммунндық реакцияларға қатысады, ескі сурфактантты ыдыратады.
Өкпе сыртынан мезотелий мен БТДТ қабатынан тұратын плеврамен жабылып тұрады. Плевра-бұл кеуде қуысын (париетальды плевра) және өкпені (висцеральды плевра) жабатын серозды қабық. Висцеральды және париетальды плевраның беті дәнекер тінінің қабатында орналасқан мезотелиймен қапталған. Соңғысы борпылдақ дәнекер тінімен ұсынылған және құрамында коллаген және серпімді талшықтар, қан және лимфа тамырлары, жүйке талшықтары бар.

46. Тері. Эпидермис және дерманың құрылысы. Бүрлі және торлы қабаттары, олардың тіндік құрамы. Тері бездері. Май бездері, тер бездері және сүт бездері. Шаштың құрылысы, дамуы, өсуі және алмасуы.
Тері − дененің сыртқы жамылғысы, организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды функцияларды атқаратын күрделі ағза болып табылады. Терінің функциялары:
1)Тосқауыл −қорғаныштық. Сыртқы ортаның шекарасында орналаса отырып, организмді физикалық, химиялық, механикалық, термиялық, биологиялық және т.б. қолайсыз факторлардан қорғайды;
2) Иммунологиялық. Теріде иммунологиялық реакцияларға қатысатын иммунокомпетентті жасушалар болады. Иммунокомпетентті жасушаларға: лимфоциттер эпидермисте және дәнекер тінде орналасатын, макрофагтар, тіндік базофилдер және гранулоциттердің әртүрлері жатады.
3)Рецепторлы.Терінің беткейінде сыртқы ортадан ақпараттын түсуін қамтамасыз ететін жылуды, суықты, тактилды және ауруды сезетін көптеген рецепторлпр бар.
4)Тынысалу. Организмнің барлық газалмасу көлемінен тері арқылы 2% мөлшерінде газалмасу жүзеге асырылады. Тері арқылы тынысалу, қоршаған ортаның температурасы жоғарылаған кезінде және физикалық жұмыс кезінде күшееді.
5) Тұз-су, сондай-ақ, жылу алмасуға қатысады. Бір тәулікте тері арқылы 500 мл су бөлінеді. Термен бірге тері арқылы сыртқа әртүрлі тұздар және зиянды заттар шығарылып отырады.
Сондай-ақ тері 1 л дейін қанды жинақтайды , ультракүлгін сәулелердің әсерінен D витаминді синтездейді және т.б функцияларды атқарады.
Тері үш бөліктен тұрады: эпидермис, дерма және гиподерма немесе теріасты-май клетчаткасы.
Эпидермис – көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителий. Жылтыр қабаты нашар дамыған. Эпидермис алақан және табанның қалын терісінде бес қабаттан (базалды, тікенекті, дәнді, жылтыр, мүйізді), шашпен жабылған жұқа теріде−жылтыр қабат болмайды, мүйізді қабаты жұқарады. Тері қабаттарында әр түрлі кератиноциттер, Лангерганс жасушалары, макрофагтар мен лимфоциттер, меланоциттер мен Меркель жасушалары бар. Кератиноциттер- ең жиі кездесетін пішіні призма тәріздес, цитоплазмасы базофильді боялатын жасушалар. Онда кератинді тонофиламенттер және меланин пигменті болады. Меланоциттер – нейроглиальді, тармақтары бар, тонофибриллалары болмайтын рибосомалар мен меланосомаларға бай пигментоциттер. Меркель жасушалары – эндокринді қызмет атқаратын, АPUD жүйесіне кіретін ағзада резистенттік қымет атқаратын жасуша. Лангерганс жасушалары – пішіні өсінділі, тармақталған, цитоплазмасында белок синтезңне қатысатын органеллалары мен секреторлы түйіршіктері бар иммундық қорғаныс қызметін атқаратын эпидермистегі макрофагтар. Енді осы эпителийдің негізгі 5 қабатына тоқталып өтсек, базальді қабат – құрамында кератиноциттер, меланоциттер, Меркель жасушалары және камбиальді жасушалары өзара гемидесмосомамен, десмосомамен және жартылай байланысатын ең төменгі қабаты. Тікенекті қабаты – Лангерганс жасушалары мен кератиноциттерден тұратын қабаты. Дәнді қабаты – негізінен кератиноциттерден тұрады. Жылтыр қабаты – жарықты жақсы өткізіп,жылтырап көрінетін ядролары мен органеллалары жойылған кератиноциттерден тұратын қабат. Мүйізді қабаты – тіршілігін жойған кератиноциттер мен корнеоциттерден тұратын мүйізделген қабыршақты қабат.
Дерма – меншікті терінің дәнекер тінді бөлігі. Ол екі қабаттан тұрады: бүртікті және торлы. Бүртікті қабат борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Осы қабаттың бүртіктері эпидермиске кіріп тұрады және әрі бір адамға тән терінің ерекше суретін қалыптастырады. Бүртікті қабат эпидермисті қоректі заттармен қамтамасыз етеді. Бүртікті қабатта сезім нерв ұштықтары орналасады.Торлы қабат тығыз қалыптаспаған дәнекер тінмен ұсынылған. Коллагенді талшықтар бір бірімен айқасып, тор түзеді. Механикалық қысымға ұшырайтын терінің бөлігінде коллагенді талшықтардың бұдалары қалын және эластикалық талшықтар аз болады. Тері керіліп созылатын жерде (бүгілетін аймақта) коллагенді талшықтар жұқа, эластикалық талшықтар көп болады. Торлы қабат терінің механикалық беріктігін қамтамасыз етеді. Гиподерма немесе тері асты май қабаты май тінінен тұрады. Ол төмен орналасқан тіндерге қарай терінің жылжымалығын қамтамасыз етеді, теріге түскен қатты механикалық әсеретулерді жұмсартады, организмде жылудын сақтауына жағдай жасайды.
Жалпы тері туындыларына түктер, терідегі бездер мен тырнақ жатады. Адам терісінде 3 түрлі бездер болады. Олар сүт, май, тер бездері. Терідегі тер және май бездері ағзадағы жылуды реттеп, теріні кеуіп ктуден сақтайды, зат алмасудан пайда болғаг қалдық өнімдерді сыртқа шығарады. Адамдағы тер бездерінің саны 2,5 млндай. Ағзадан бөлінген тердің 98% су, 2% органикалық бейорганикалық заттар. Жалпы тер бездерінің 2 түрі бар апокринді және мерокринді. Ал құрылысына байланысты қарапайым және түтікшелі деп бөлінеді. Бездердің секреторлы бөліктерінің жасушалары ашық және күңгірт түсті болып келеді. Ашық түсті жасушалар суды, металл иондарын, ал күңгірт түстісі органикалық макромолекулаларды сыртқа шығарады. Май бездері – қарапайым,алвеолярлы, тармақталған, голокринді секрециясы без. Ол бас, бет, арқа терілерінде көп кездеседі. Одан бөлінетін секрет теріні құрғап кетуден сақтап, эпидермис пен туктерді майлап тұрады.
Шаш немесе түктер – тері эпителийінің туындысы. Екі бөліктен тұарды: негізі және түбірі. Негізі тері үстінде, ал түбірі гиподермада орналасады. Түктің негізінің құрамында сыртқы қыртысты заты мен кутикуласы болады. Кутикула –шаштың сыртқы қабығы. Мүйізделген, пигменттен айырылған жасушадан тұрады. Олар шаш буылтығы жасушасынан дифференцияланады. Кутикула шаштың иілгіштігін қамтамасыз етеді, оны сыртқы ортаның зиянды ықпалдарынан қорғайды. Қыртысты зат - шаштың негізгі заты. Ол жасушалардың бірнеше қабатынан тұрады, бұылтықтың камбиалды жасушасынан дифференцияланады. Милы заты шаш түбірінің ортасында болады, шаш үнгіріне жақындаған сайын біртіндеп жойыла бастайды. Буылтықтың ортасында орналасқан жасушасынан пайда болады. Май бездердің деңгейінде жұмсақ кератинге ауысады, жасушалар толықтай судан айырылып мүйізді қабыршықтарға айналады. Түбітті шаштарда милы зат болмайды. Шаш сыртынан екі қабатты эпителиалды қынаптардан тұратын шаш қабымен немесе фолликулмен қоршалған. Оның ішкі қабаты мүйізделеді, сыртқы қабаты мүйізделмейді. Фолликул дәнекертінді шаш қабымен қоршалған. Шаш буылтығы митозға қабылетті жас-дан тұрады және шаштың матрицасы болып келеді, яғни шаштың өсуін қамтамасыз етіледі. Шаштың қоректенуі құрамында қантамырлары бар дермалды бүртікпен қамтамасыз етіледі.

47. Несеп жүйесі. Морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы мен шығу көздері. Бүйрек. Бүйректің қыртысты және милық затының құрылысы. Нефрон. Нефрондардың және жинақтаушы түтікшелердің гистофизиологиясы. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі.
Несеп шығару жүйесі – бұл организмнен зиянды заттарды шығаратын, сутұз алмасуын реттеуге қатысатын (гомеостазды қалыптастыру) жән эндокриндік қызметті (бүйректе эритропоэтин және ренин гормондары өндіріледі) атқаратын ағзалардың жүйесі болып табылады. Несеп шығару жүйесінің ағзалары құрамына: несеп түзетін жұп ағза − бүйрек және несеп шығару жолдары − тостақшалар, түбек, несепағар, қуық, несеп шығару каналы кіреді.
Эмбриондық кезеңде бүйрек мезодерманың нефротом (сегмент аяқшалары) бөлігінен дамып, үш кезеңнен өтеді:
−алғашқы бүйрек - 8–10 сегмент аяқшаларынан дамиды, несеп өндіру функциясын атқармайды кері дамуға ұшырайды;
−біріншілік бүйрек бүйрек денешігінің капсуласы мен капилляр шоғырлары қалыптасады;
−тұрақты бүйрек ұрықтық дамудың 2–ші айынан басталып нәресте дүниеге келгенше жүреді. Мезодерманың сегменттелмеген каудалды бөлігінен нефрогенді тін және мезонефральді түтік қалыптасады. Нефрогенді тіннен бүйректің өзекшелері дамиды. Мезонефральді өзектен несепағар, бүйрек қуыстары мен тостағаншалары, жинақтау түтіктері дамиды.
Бүйрек – үздіксіз несеп түзіп отыратын жұп мүше. Қызметі: несепөндіру және заттек алмасуының соңғы өнімдерін шығару, тұз – су алмасуын реттеу, қышқыл– сілтілік тепе-теңдікті тұрақтандыру, эндокринді (ренин, простогландин, эритропоэтинді бөлу).
Бүйрек жұпты ағза, сыртқы беткейінен талшықты дәнекер тінімен, ал оның беті тығыз сірлі қабықшамен жабылған . Әрбір бүйректе қыртысты және милық бөлікті ажыратамыз . Қыртыстық бөлігі қызғылт қоңыр түсті және капсула астында орналасқан . Милық бөлігі ашық түсті 8 –12 пирамидаға бөлінген . Пирамида төбелері бүйрек қуысына шығып тұрады . Даму бүйректің қыртысты заты ұлғайып барысында пирамида аралығына кіріп бүйрек бағаналарын құрады . Милы бөлік қыртысты бөлік ішіне қарай кіріп сәулелер түзеді.
Бүйрек стромасын дәнекер тіні (қантамырлар мен нервтер), ал паренхимасын (нефрондар) эпителий тіні қалыптастырады. Бүйректің структуралық– функциялық бірлігі нефрон болып саналады, әрбір бүйректе 1 млн нефрон болады.
Бүйректің қыртысты бөлігін 3 нефрондардың бүйрек денешіктері, түрлі иректі проксималды өзекшелері, иректі дисталді өзекшелері, ЮГА аппаратының компоненттері қалыптастырады. Бүйректің милық бөлігін проксимальді тік өзекшелері, жіңішке өзекшелері, дисталды тік өзекшелері, жинақтау түтіктері қалыптастырады.
Бүйректің структуралық–функциялық бірлігі болып нефрон саналады. Ол шумағының капсуласынан капиллярлар (Боумен– Шумлянский) және бүйрек өзекшелерінен тұрады. Капсуладан проксималды өзекше шығып, ол проксималды иірімді және тік өзекшеге өтіп, нефронның проксималды бөлімін түзеді. жіңішке проксималды тік өзекше нефронның өзекшесіне жалғасады, олар өз кезегінде ілмектің жіңішке төменгі және жуан жоғарғы бөліктері деп бөлінеді. Жіңішке өзекше тік және иірімді дисталды өзекшеге өтеді. Дисталды бөлім жинағыш түтікшелерге (нефрон құрамына кірмейді), ал олар пирамида тұсында ашылады.
Бүйрек денешігі қантамырлар шумағы және капсуладан (Боумен–Шумлянский) тұрады. Қантамырлар шумағы әкелуші және әкетуші артериола аралығында орналасқан фенестрленген 25–50 шақты қан капиллялар торынан тұрады. Фенестрленген қан капиллярлар қабырғасы эндотелиймен жабылған. Эндотелийде саңылаулары бар және олар 3 қабатты базалды мембранада орналасқан. Базалды мембрананың ішкі және сыртқы қабаттары ашық түсті, ал ортаңғысы тығыз күңгірт түсті. Базалды мембрана қан капилляр эндотелийі мен капсуланың ішкі эпителийіне ортақ болады. Қан капиллярлары аралығында дәнекер тінде мезангиялық жасушалары орналасқан. Шумақша капсуласының пішіні бокал тәрізді және ол ішкі және сыртқы жапырақшадан түзілген, аралығындағы қуыстан нефронның проксималды өзекшесі басталады. Капсуланың ішкі жапырақшасы подоциттермен жабылған, олар әрбір қан капиллярларын жан–жағынан қоршай жауып орналасқан. Подоциттер – пішіні дұрыс емес, эпителиалды жасушалар. Жасуша денесінен ірі біріншілік өсінділері – цитотрабекулдар, ал тарайтын ұсақ екіншілік өсінділер – цитоподиялары 3 қабатты базалды мембрананың сыртқы бетіне бекінеді. Араларындағы фильтрациялы саңылаулары сүзгі функциясын атқарады. Осы сүзгі арқылы қан плазмасы сүзіліп, 1–лік несеп түзіледі. Подоциттің функциясы: гломерулярлы базалды мембрана компоненттерін синтездеу; қан капиллярындағы қанағымын реттейтін заттек бөлу; фагоцитоз. Капсуланың сыртқы жапырақшасы жалпақ немесе текше тәрізді эпителиймен жабылған. Бұл нефронның проксималды өзекшесіне өтеді. Екі жапырақша аралығында капсула қуысы бар.
Нефронның проксималды бөлімі 2 бөлімнен: иректі (ұзын) және тік (қысқа) өзекшелерден тұрады. Өзекше қуысы бірқабатты призмалық жиектелген эпителиймен жабылған. Функциясы:реабсорбция, 1–лік несептен қанға ақуыз, глюкоза, электролит, су кері сорылады; органикалық қышқылдар секрециясы жүреді; экзогенді заттардың экскрециясы жүреді. Нефронның жіңішке өзекшесі бірқабатты жалпақ эпителиймен жабылған . Эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық түсті, органеллалары және ферменттері аз ғана мөлшерде. Жасушаның ядросы бар бөліктері өзекше қуысына қарай шығыңқы болып көрінеді. Функция – пассивті түрде 1–лік несептен судың кері сорылуы жүреді, ал жоғарлаушы бөлімдегі өзекшеде электролиттер сорылады. Нефронның бұл бөлімі жіңішке төменгі және жуан дисталды тік өзекшелерден қалыптасқан және ол нефрон ілмегі немесе Генле ілмегі деп аталады. Нефронның дисталды бөлімі 2 бөлімнен тік және иректі өзекшелерден тұрады. Қабырғасы бірқабатты төменгі цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған. Оның апикалды бөлімде жиектері болмайды, базалды бөлімде қатпарларымен сызықша түрінде орналасқан митохондриясы болады және цитоплазмасы мөлдір болады.
Жинақтау түтікшелері нефрон құрамына кірмейді. Қыртысты бөлікте жинақтау түтікшелер қабырғасы бірқабатты кубты, ал милы бөлікте бірқабатты төменгі цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған. Күңгірт түсті жасушалары тұз қышқылын секреттейді, ашық түсті жасушалары тұрақты несептен пассивті түрде суды кері сорады. Пирамида тұсында ашылатын жинақтаушы түтікшелерінен несеп шығару жолы басталады.
Бүйрек қақпасына кірген артерия бөлікаралық, доғалық, бөлікшеаралық, бөлікшеішілік артерияларға бөлінеді. Осыдан жоғарыға қыртысты нефрондарға, ал төменге милық нефрондарға әкелуші артериолдарға тарамдалады. Сондықтан бүйректе шартты түрде екі қанайналым жүйесін ажыратады: кортикалдыжәне юкстамедуллярлы. Кортикалді қанайналым жүйесінде әкелуші артериолдар бүйрек капсуласына еніп 1-лік қан капиллярлар торын түзеді. Қан капиллярлар шумағы жиналып бірігуінен әкетуші артериолаға айналады. Әкелуші артериола диаметрі әкетуші артериоладан үлкен болады, сондықтан капсулаға қан көп келіп аз шығады осының нәтижесінде қысым жоғары болуынан сүзілу жүріп, 1–лік несеп түзіледі. Әкетуші артериола капсуладан шығып екінші рет нефрон өзекшелерінде тарамдалып, перитубулярлы 2–лік қан капиллярлар торын түзеді Қысым төмен болғандықтан 1–лік несептен реабсорбция жолымен 2–лік несеп түзіледі. 2–лік қан капиллярлар торы жиналып жұлдызша тәрізді венулаға н/е бөлікшеаралық венаға, доғалық венаға, бөлікаралық венаға, бүйрек венасына құяды. 2)Юкстамедуллярлы қанайналым жүйеде әкелуші және әкетуші артериолдар диаметрі бірдей болады, сондықтан қысым да төмен. Әкетуші артериола тік тамырға өтеді, одан перитубулярлы капилляр торына, тік веналарға, доғалы венаға өтеді.Осы ерекшелігіне байланысты милы нефронда несеп түзу процесі төмен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет