Байланысты: 4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org
Аналық жыныс безі – жұп мүше.
Функциясы: генеративті-аналық жыныс жасушаларын, яғни жұмыртқа жасушаларын қалыптастырады, эндокриндік- жыныс гормондарын, демек экстрогенді синтездейді.
Аналық жыныс безінің құрылысына тоқталатын болсам:
Бездің үстіңгі қабаты мезотелиймен тысталған, тығыз дәнекер тіннен тұратын ақ (белокты) қабықпен қоршалған.Бұл қабықтың астында бездің қыртысты заты, ал одан тереңірек боз заты орналасқан. Қыртысты заттың дәнекер тінінде пісіп жетілудің әр түрлі деңгейіндегі фолликулдары орын алған. Шеткі немесе примордиальді фолликулдар- бездің шетіне қарай капсула астында сырты бір қабатты эпителиймен және базальді мембранамен қоршаған овоцитте Овоциттер өскен сайын олардың цитолеммасының айналасында гликозаминогликандардан тұратын жасушалық емес мөлдір қабық пайда болады. Сыртында базальды мембранада призмалық немесе куб тәрізді фолликулярлы эпителиоциттер қабаты орналасады.
Овогенез - сперматогенезден біраз айырмашылықтары немесе ерекшеліктері бар. Мысалы, бірінші сатысы - овогоннйлердің көбею кезеңі - құрсақ ішіндегі нәрестенің даму кезеңінде басталады. Екінші сатысы - ёсу кезеңі туғаннан кейінгі даму барысындағы аналық безде өтеді де, мұнда алғашқы фолликулдардын І-ші реттік овоцитке айналуы байқалады. Үшінші саты - пісіп-жетілу кезеңі, II-ші реттік овоциттердің пайда болуымен пісіп- жетілген жұмыртқа жасушасының овуляцня нәтижесінде аналық безден жарылып шығуымен аяқталады. Пісіп-жетілу кезеңі екі сатыдан тұрады және біріншісі екіншісіне интеркинезсіз ұласады. Бұл хромосомалар санының екі есе азаюына алып келеді, осыдан олардың жиынтығы гаплоидты болады (биология пәнінде әтіледі). Төртінші-қалыптасу сатысы аналық безінде болмайды. Аталық безіндегідей, аналық жыныс жасушалары да овоциттердің метаболизмі үшін қолайлы жағдай туғызатын гематофолликулярлы сүзгінің микроқоршауымен белгілі бір дөрежеде бөлектенген. Бұл сүзгі (барьер) дәнекер тіннен текадан, микроайналымдық арнаның тамырларынан, оның базальді мембранасынан, фолиикулярлық эпителиден және мөлдір қабықтан тұрады.