4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Мишық. Мишықтың құрылысы мен қызметі. Мишықтың сұр затының нейрондық құрамы. Афферентті және эфферентті талшықтары. Нейронаралық байланыстар. Мишық глиоциттері



бет9/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

5.Мишық. Мишықтың құрылысы мен қызметі. Мишықтың сұр затының нейрондық құрамы. Афферентті және эфферентті талшықтары. Нейронаралық байланыстар. Мишық глиоциттері.
Мишық сыртқы мидың сұр затымен тысталып қыртыс түзеді.Мишық қыртысының құрамында көптеген сайлар және жүлгелер болғандықтан,қыртыстың жалпы көлемі ересек адамдарда 975-1500см2.Мишық 3 жұп аяқшаларының көмегімен бас миының бөліктерімен байланысады.Мишықтың ақ қатындағы ұш жұп ядролары мидың сұр затынан түзіледі.Олар шатра,аралық және тіс ядролары. Мишықтың сүр затының көп бөлігі оның беткейінде қыртыс түзеді, ал кішкене бөлігі ақ затта нерв ядролар түрінде орналасады
Мишық қызметі.
1)тепе-тендікті, қозғалыстардың координациясын, бұлшықеттердің тонусын, сүйемелдейді, 2)күрделі ж/е автоматты түрінде орындалатын қозғалыстарды бақылап отырады.Мишық жұлыннан берілетін барлық хабарды,вестибулярлық ядроларды,ретикулярлы формацияны реттейді.Тірек-қозғалыс аппараттан мишыққа сигнал әртүрлі жолдармен келеді.Бұл жолдар-жұлын-мишық,нерв-бұлшықет және нерв сіңір байламдары,оливтік-мишықтың бұлшықет рецепторлары.Мишықтан шығатын негізгі сигналдар рубо-жұлын жолы арқылы жұлындағы мото нейрондарға келеді де,олардың белсенділігін реттейді.
Мишықтың қыртысы 3 қабаттан тұрады:
1) Молекулярлы қабат;
2) Алмұрт пішіндес нейрондары бар-ганглионарлы қабат;
3) Дәнді қабат
Сыртқы молекулярлы қабатта 2 түрлі ассоциативті тежеуші нейрондар болады: 1) себет тәрізді; 2) жұлдызша. Аксондары Пуркинье жасушалардың дендриттерімен тежеуші синапс құрады. Дендриттері молекулярлы қабаттың жоғарғы аймағында параллельді орналасқан нерв талшықтарымен байланыстарды құрады.
Ортанғы ганглионарлы қабатта мишық қыртысының аса ірі нейрондары (алмұрт тәрізді, Пуркинье жасушалары) орналасады. Денесінің диаметрі 60х35 мкм. Денелері ганглионарлы қабатта, ал дендриттері молекулярлы қабатқа көтеріледі. Дендриттерде қоздырғыш ж/е тежегіш синапстардың аймақтары болады.
Ал ішкі қабаты дәнді жасушалар,Гольджи жасушалары,мишықтың шумақтарынан тұрады.Дәнді жасушалардың қызметі мұқ тәрізді талшықтардан қоздырғыш импульстарды қабылдап, Пуркинье жасушалардың дендриттеріне өткізіп отырады.
Ал Гольджи жасушалары мұқ тәрізді талшықтармен дәнді жасушалардың аралығында қоздырғыш импульстардың өтуін тежейді.
Мишықтың шұмақтары (күрделі синапс) 1)мұқ тәрізді аферентті талшығы 2)дәнді қоздырғыш жасушаның дендриті 3) Үлкен Гольджи тежегіш жасушаның аксонынан тұрады.
Мишық қыртысының афференті талшықтары (мишыққа қоздырғыш импульстарды алып келетін) 1) мұқ тәрізді жұлын ж/е көпір-мишық жолдар арқылы келіп дәнді жасушаларға қоздырғыш импульстарды өткізеді 2) өрмелеуші жұлын-мишық ж/е вестибуло- мишық жолдары арқылы мишық қыртысына келеді. Дәнді қабаттан өтіп, Пуркинье жасушалардың дендриттерінде қоздырғыш синапспен аяқталады.
Мишық глиоциттері.
  • Талшықты астроциттер-бұлар көбінесе мишықтың ақ затында,ал сұр затында протоплазмалық астроциттер болады.


  • Мантийлі олигодендроглиоциттер мен леммоциттер.


  • Микроглия


  • Эпителиальді Гольджи жасушалары-бұлар глиальді шектеушілік мембрана түзуге қатысатын жасушалар тобына жатады.


  • Мидың 2 және 4 қабаттарындағы пирамидалды нейрондардың көлемі тез өседі.Ал дән тәрізді жасушалар мен кіші пирамидалы нейрондардың өсу жылдамдығы баяу.Синапстық байланыстардың қатынастары да өседі.


  • Жаңа туған балалардың маңдай бөлігінің жүлгесіндегі нейрондарында базофильді заттары мүлдем болмайды.Ал 3-6 айда бұл зат көбейе бастайды.Ал 2 жаста ересектермен бірдей мөлшерде болады.Ересек адамдарда ми қыртысынде нейрондар азая бастайды.Бұл жағдай нейрондардың жойылуына,нейроглияға,жүйке талшықтарының өсуіне байланысты.


  • Ал қарт адамдарда үлкен жарты шарларда нейрон өлуіне байланысты саны азаяды,көлемі кішірейеді,базофильді заттары жойылады.





6. Үлкен ми жарты шарларының қыртысы. Цитоархитектоникасы және миелоархитектоникасы. Нейрондық құрамы. Ми қыртысының қабаттары.Нейрон аралық байланыстар.Глиоциттер. Гематоэнцефалдық тосқауыл, оның құрылысы мен маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет