4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Сезімтал нерв түйіні. Құрылысы, нейроциттері, глиоциттері. Рефлекторлы доғалар, олардың сезімтал, қозғалтқыш және ассоциативті тізбектері



бет7/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Сезімтал нерв түйіні. Құрылысы, нейроциттері, глиоциттері. Рефлекторлы доғалар, олардың сезімтал, қозғалтқыш және ассоциативті тізбектері.

Нерв түйіндері немесе ганглийлері сезімтал(сенсорлы) және автономды немесе вегетативті деп бөлінеді.Сенсорлы түйіндерге жұлын түйіндері мен бас миының 5,7,8,9,10 нервтерінің бойындағы түйіндерін жатқызуға болады.Бұл түйіндер негізін нейробласттар мен глиобласттардан алып жатыр.Жұлын және сезімтал түйіндер құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.Жұлын түйінін дәнекер тінді капсула қаптаған.Капсуладан ішке қарай БТҚДТ перделер тарап жатыр.Осы перде арқылы капсуладан түйінге көптеген невтер,қан тамырлары,лимфа тамырлары тарап жатыр.Жұлын түйініндегі нейрондар псевдоуниполярлы,ал қызметі бойынша сезімтал нейрон тобына жатады.Олар түйін шетінде жинақталса,ал талшықтары түйіннің ортасында жатады.Түйін нейрондары ірі ашық және ұсақ күңгірт түсті болады.Ірі ашық түсті нейрондар соматикалық,ал ұсақ күңгірт түсті нейрондар вегетативті рефлекторлық доғаның сенсорлы жасушалары болып табылады.Жұлын түйініндегі псевдоуниполярлы нейрондардың ұзын және қысқа өсінделері болады.Яғни аксон мен дендрит. аксондары жұлынның артқы түбіршегі арқылы жұлынға бағытталып,сұр заттарығы нейрондармен синапс түзеді.Ал қалғандарының құрамында «Р»заты мен медиаторлар болады.Олар ішкі мүшелерден,теріден келген нерв импульсін жүргізеді.аксондардың біразы жұлынды бас миымен байланыстырушы болып табылады.Нейрондардың денесін глиальді жасушалар қоршап тұрады.Аталған жасушалар қабаты дәнекер тінді қабықпен тысталған.Бұл қабықты мантийлы қабық дейміз. Жұлын түйінінің глиоциттері иммунды-қорғаныс қызметін атқарады.Мантийлы глиоциттерге нейроглияның олигодендроглиоциттері жатады.


Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі- рефлекс. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған францу философы Рене Декарт 1664 ж. Оған ғылыми сипаттама берген шех ғалымы Прохаска 1817ж. Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып,рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И. М. Сеченов, И. П. Павлов,П. К. Анохин.Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын күрделі жауабы немесе организмнің тітіркендіргішке реакциясы.. Қарапайым мысал - тізе рефлексі, оны жиі невропатолог тексереді, бұл рефлекторлық доға элементтерінің қауіпсіздігі туралы тез қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Рефлекстің морфологиялық негізі - рефлекстік доға,яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін жол.Рефлекторлы доғаның қарапайым(екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) түрі бар.Жай түрі жұлын арқылы тұйықталады.Ал күрделі түрі жұлын және мидың қатысуымен жүзеге асады.Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрылымы - эффектордан тұрады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Рефлекс доғасын 3 буынға бөлуге болады:
Сезімтал (афферентті, центрге тартылған)
Ол сезімтал нейронның рецепторынан (теріде, ішкі органдарда, тамырларда орналасуы мүмкін) және жұлынға артқы мүйіз арқылы енетін осы нейроннан шығатын сенсорлық талшықтан тұрады.
Ассоциативті
Кірістіру нейроны рефлекторлық доғаның сенсорлық және моторлы байланысы арасындағы байланысты жүзеге асырады. Интеркальярлық нейрондар орталық жүйке жүйесінің басқа бөліктерімен байланыс жасай алады.Аралық нейрондардың денелері жұлынның артқы мүйізінде орналасқан.
Қозғалтқыш (эфферентті, центрифугалық)
Ол моторлы нейронмен ұсынылған (эфферентті, атқарушы, моторлы нейрон), одан жүйке талшықтары жұмыс органына (эффектор, атқарушы орган) түседі.Эффектор - бұлшықет, без - оған жүйке импульсі келгенде, оның жұмысы белсендіріледі: бұлшықет жиырыла бастайды, без – секрет шығарады.Қозғалтқыш нейрондар жұлынның алдыңғы мүйізінде жатыр.
3.Жұлын. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Сұр және ақ заттарының құрылысы. Нейрондық құрамы, глиоциттер. Ядролар, олардың құрылысы мен функциялық сипаттамасы. Рефлекторлық доға туралы түсінік.
Жұлын Омыртқаның каналында орналасады. 2 симметриялық жартылардан құралған. Жұлынның: алдынғы жағында жартылардың аралығында алдынғы орта саңылауы болады. артқы жағында жартылар артқы орта сала арқылы қосылып тұрады.Даму туралы айта кетсем.Жүйке жүйесінің негізі нерв түтігі мен нерв қырқашығынан басталады.Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі мен ганглиозды пластинкадан бас миы мен нерв түйіндері,ал нерв түтігінің каудальді бөлігінен жұлын дамиды.Нерв қырқашығы немесе ганглиозды пластинкадан вегетативтік жүйке жүйесінің нйрондары,жұлын түйіндерінің нейроглиясы мен нерв түйіндері дамиды.Жұлынның қызметі:
1-өткізгіштік(жұлынды бас миымен,бас миын жұлынмен байланыстыратын өткізгіш жолдар)
2-эндокринді
3-рефлекторлы(меншікті рефлекторлық қызметі сегменттік моносинаптикалық доға арқылы жүзеге асады.)
Жұлынның құрылысына тоқталып кетсем. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат жұлынның ортасында, ал ақ зат − шетінде, сұр затты қоршап орналасады. Сұр затта нейрондардың денелері, миелинсіз, жіңішке миелинді нерв талшықтары ж/е нейроглия орналасады. Ақ зат ұзыннан орналасқан миелинді нерв талшықтарынан тұрады.
Жұлын сегменттерге бөлінеді. Әрбір сегментте алдынғы (вентральді), артқы (дорсальді) бүйір (латеральді) мүйіздерді ажыратады. Арқаншалар нерв талшықтардың шоғырларынан тұрады. Ақ заттың миелинді нерв талшықтары нерв жүйенің әрі бөлімдерінің аралығында байланыстарды қамтамасыз етеді. Талшықтар жоғары көтерілетін ж/е төмен түсетін өткізу жолдарды қалыптастырады.Жұлынның нейроциттеріне түбірлі жасушалар,ішкі жасушалар мен шоғырлы жасушаларды ажыратамыз. Түбірлі жасушалардың Аксондары алдынғы заттың мүйіздердің бойымен жұлыннан шығып, шеткі ағзаларға өтеді.Ал ішкі жасушалары өсінділері сұр заттың ішінде синапспен аяқталады. Шоғырлы жасушалар болса, аксондары ақ затқа шығып, шоғырларды түзеді. Олар жұлынның басқа сегменттеріне және бас мидың сәйкес бөлімдеріне импульстарды өткізеді.Жұлынның сұр затында көлемі,кұрылысы ж/е функциясы бойынша ұқсас жасушалар шоғырланып, нерв ядроларын құрады.Жұлынның артқы мүйізінде екі ірі нерв ядролары орналасады. Көкірек ядро/Кларк Ядросының Аксондары жұлынның ақ затына шығып, мишыққа көтеріледі. Өзіндік ядроның аксондары жұлынның ақ затына шығып, мишық пен көру төмпешігіне көтеріледі. Кларк ядроның нейрондары бұлшықеттердің, сіңірлердің және буындардың рецепторларынан ақпаратты қабылдап, импульстарды мишыққа өткізеді (жұлынмишық жолдары арқылы). Бүйір мүйіздерінде екі ядро орналасады: медиальді және латеральді аралық нерв ядролары. Бұл нерв ядролары симпатикалық рефлекторлы доғаның ассоциативті нейрондарынан тұрады. Аксондары алдынғы мүйіздердің бойымен жұлыннан шығып симпатикалық бағаналарды құрады және түбірлі нейрондарға жатады. Алдынғы мүйіздерде 2 нерв ядролары орналасады:моторлы медиальді нерв ядросы -дененің бұлшықеттерін нервтендіреді, Жұлынның бойында жақсы дамыған, және екінші ядро,моторлы латеральді нерв ядросы.Ол аяқ-қол бұлшықеттерін нервтендіреді. Мойын ж/е бел сегменттерінде жақсы дамыған. Аксондары аралас жұлын нервтердің құрамында шетке өтіп, қанқа бұлшықеттерінде қозғалтқыш ұштармен аяқталады.
Рефлекстің морфологиялық негізі - рефлекстік доға,яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін жол.Рефлекторлы доғаның қарапайым(екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) түрі бар.Жай түрі жұлын арқылы тұйықталады.Ал күрделі түрі жұлын және мидың қатысуымен жүзеге асады.Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрылымы - эффектордан тұрады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады.
Енді нейрондарының құрамы туралы айта өтсем.
1)түбірлі жасушалар.Олар аксондары алдыңғы мүйіздердің бойымен жұлыннан шығып,шеткі ағзаларға өтеді.
2) Ішкі жасушалар. Өсінділері сұр заттың ішінде синапс пен аяқталады
Келесі жасуша түрі 3) Шоғырлы жасушалар. Аксондары ақ затқа шығып, шоғырларды түзеді. Олар жұлынның басқа сегменттеріне ж/е бас мидың сәйкес бөлімдеріне импульстарды өткізу қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет