4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Сіңір мен байламдардың гистологиялық құрылысы



бет6/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

54. Сіңір мен байламдардың гистологиялық құрылысы.
55. Шеміршек ағза ретінде. Шеміршек қабы. Оның шеміршектің трофикасы, өсуі және регенерациясындағы маңызы.
56. Сүйек ағза ретінде. Сүйек тіндерінің регенерациясы. Тікелей және тікелей емес остеогенез. Жасқа байланысты өзгерістер. Сүйектердің қосылыстары, буындар және олардың құрылысы мен тіндік құрамы.
57. Қаңқа бұлшықеті ағза ретінде. Қаңқа бұлшықетінің регенерациясы.


  1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы.

Жүйке жүйесі 2 бөлімнен тұрады.Орталық және шеткі.Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.Ал шеткі немесе перефериялық нерв жүйесіне нервтер,нерв ұштары және нерв түйіндері жатады.Нерв түйіндері немесе ганглийлері сезімтал(сенсорлы) және автономды немесе вегетативті деп бөлінеді.Сенсорлы түйіндерге жұлын түйіндері мен бас миының 5,7,8,9,10 нервтерінің бойындағы түйіндерін жатқызуға болады.Бұл түйіндер негізін нейробласттар мен глиобласттардан алып жатыр.Жұлын және сезімтал түйіндер құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.Жұлын түйінін дәнекер тінді капсула қаптаған.Капсуладан ішке қарай БТҚДТ перделер тарап жатыр.Осы перде арқылы капсуладан түйінге көптеген невтер,қан тамырлары,лимфа тамырлары тарап жатыр.Жұлын түйініндегі нейрондар псевдоуниполярлы,ал қызметі бойынша сезімтал нейрон тобына жатады.Олар түйін шетінде жинақталса,ал талшықтары түйіннің ортасында жатады.Түйін нейрондары ірі ашық және ұсақ күңгірт түсті болады.Ірі ашық түсті нейрондар соматикалық,ал ұсақ күңгірт түсті нейрондар вегетативті рефлекторлық доғаның сенсорлы жасушалары болып табылады.Жұлын түйініндегі псевдоуниполярлы нейрондардың ұзын және қысқа өсінделері болады.Яғни аксон мен дендрит. Аксондары жұлынның артқы түбіршегі арқылы жұлынға бағытталып,сұр заттағы нейрондармен синапс түзеді.


Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан
Вегетативті нерв жүйесі организмнің висцеральді функцияларын бақылайды.Сонымен қатар:
1)Ішкі ағзалардың моторикасын ж/е секрециясын; 2) қан қысымын, 3) тердің бөлініп шығуын; 4) дененің температурасын; 5) зат алмасу процестерді ж/е, т.б. қатысады. Вегетативті ганглий дәнекерлі капсуламен жабылып тұрады. Ағзаның бойында диффузды немесе шоғырланған мультиполярлы нейрондар, миелинсіз, миелинді нерв талшықтары, эндоневрий болады. Нейрондардың денелерін глиоциттер қоршап тұрады.Вегетативті жүйке жүйесі физиологиялық ерекшеліктер бойынша симпатикалық және парасимпатикалық болып жіктеледі. ВЖЖ орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.Орталыққа бас миы мен жұлында орналасқан ядролар ,ал шеткі бөліміне ядролардан тараған нерв талшықтары,түйіндері,ұштары жатады. Шеткі нервтер миелинді және миелинсіз нерв талшықтарынан тұрады.Қызметіне байланысты сезімтал-афферантті-әкелуші және қозғалтқыш-эфферентті-әкетуші,аралас болып бөлінеді.
Ал вегетативті жүйке жүйісінің парасимпатикалық бөлімінің ганглилері нервтейтін мүшелер жынанда немесе интрамуральді жүйке өрімдерінде орналасады.Бұндай өрімдер қуықта,жүректе,асқорыту мүшелерінде кездеседі.Нервтердің құрылысына тоқтала кетсем. 1) нерв талшықтары 2) дәнекертінді қабықшалары (эндоневрий, периневрий, эпиневрий) кіреді.3 қабаттан тұрады.
Эндоневрий-жұқа борпылдақ ташықты дәнекер тіннен тұратын қабыршақ қабық. Эндоневрий -жеке нерв талшықты қоршап, талшықтарды шоғырға біріктіреді
Эпиневрий тығыз талшықты дәнекер тіннен тұрып,нерв талшықтарының сыртын қоршайды.Сонымен бұл қабаты нерв талшықтарына және қан тамырларға өте бай.
Периневрий құрамында 5-6 қабат фибриллалар мен тін аралық сұйықтыққа толы периневральді кеңістіктен тұрады.Осы периневралді кеңістік арқылы әртүрлі аурулар,токсиндер,инфекциялар таралуы мүмкін. Периневрий - нерв талшықтардың шоғырларын қоршап, оларды нерв бағанаға біріктіреді.
Шеткі жүйке жүйесінің регенерациясы оның құрамына кіретін жүйкелік талшықтардың,строманың қалпына келу қабілетімен және олардың арақатынасымен анықталады. Бастапқы кезеңде адамдарда аксондардың регенерациясы тәулігіне шамамен 1 мм жылдамдықпен жүреді; алайда уақыт өте келе нейрондардың регенеративті қабілеті мен дистальды денервацияланған Шванн жасушаларының тірек қызметі төмендейді. Мысалы, егер бұлшықет моторлы нейронының соңғы пластинкасының иннервациясын қалпына келтіру 12 ай ішінде болмаса, бұл құрылымның функциясының қалпына келуі екіталай. Сонымен қатар, функцияны қалпына келтірудің болжамы жүйке тұтастығының толық бұзылуына қарағанда тіндердің жаншылып,ұсақталуы,бөлшектенуі қолайлы, өйткені эндоневрий бөлшектелген жағдайда өзгеріссіз қалады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет