Ауа жолдарына: мұрын қуысы, мұрынның жұтқыншақтық бөлігі, кеңірдек және бронхтар жатады.
Функциясы: жұтылған ауаны респираторлы бөлімге өткізеді.
Кондиционерлік қызметі: ауаны жылытады, дымқылдатып тазалайды
Қорғаныс-сүзгілік қызмет: ауадан келген микроорганизмдердің астыңғы қабатқа өтпеуіне септігін тигізеді
Секреторлы қызметі: ауа жолдарын тыстайтын кілегейлі қабық эпителийінің құрамында шырыш бөлетін – бокал тәрізді жасушалар бар. Бөлінген шырыштың құрамында иммудық қызмет атқаратын антиденелер мен лизоцим бар. Эпителий қабатының құрамындағы эндокринді жасушалардан біраз гормондар бөледі.
Жалпы тыныс алу жүйесінің шығу тегі алдыңғы ішектің вентральді қабырғасындағы прехордальді пластинка болып саналады. Эмбриогенездің 3-аптасында бұл пластинкадан екі өсінді пайда болады, олар екі жақ өкпе бастамасын береді. Өкпенің дамуы үш кезеңнен тұрады.
1 кезең. Эмбриогенездің 5-ші аптасынан 4 айға дейін жүретін секреторлы кезең. Бұл кезеңде ауа жолдары мен бронхиалды жолдар, тронх тармақтары дамиды. Өкпе тек түтікше түрінде болады.
2 кезең. Эмбриогенездің 4-6 айында жүретін канакулярлық кезең. Бронхиалды жолдар мен респираторлы бронхиолалар түзіле бастайды.
3 кезең. Эмбриогенездің 6 айдан бастап туғанға дейін жүретін альвеолярлық кезең. Мұнда альвеолярлы жолдар мен қапшықтар қалыптасады.
Өкпенің респираторлы бөлігі – бұл өкпе ацинусы.Ацинус – ӨРБ құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі болып табылады. Ацинус респираторлы бронхиоланың қабырғасында орналасқан альвеолалардан, альвеола жолдары мен альвеола қапшығынан тұрады.
Альвеолалар өкпенің басым бөлігін қалыптастыратын қапшыққа ұқсаған арнайы құрылымдар болып келеді. Олар өкпенің негізгі функциясын –оттегі және көмірқышқыл газдың ауа мен қанның аралығында алмасуын – қамтамасыз ететін басты аймақтары.
Респираторлы бронхиолалар бірқабатты кубты эпителиймен жабылған, бұлшықетті пластинкасы жұқарған, адвентицияның дәнекер тін талшықтары интерстициалды тінге өтеді. Альвеолярлы жолдар мен қапшықтардың қабырғасында бірнеше ондық альвеолалар орналасады. Ересек адамда олардың жалпы саны орташа алғанда 300-400 млн. Альвеолалар жұқа дәнекертінді қабаттармен бөлініп тұрады, олардың құрамында капиллярлар, ретикулярлы және өкпенің эластикалық каркасын түзетін эластикалық талшықтар болады.Терен демді шығарған кезінде де өкпелердің эластикалық керілуіне байланысты альвеолалар түспей тұрады. Альвеолалар аралығында оларды қосып тұратын Кона саңылаулары табылған. Бұл саңылаулар бір альвеоладан басқа альвеолаға ауаның өтуіне мүмкіндік береді және патологиялық процесстер жағдайында альвеолярлы қапшықтардың өзіндік ауа өткізетін жолдары жабылып қалғанда газдардын алмасуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ претерминалды бронхиолаларды альвеолярлы қапшықтармен байланыстыратын Ламперт каналдары болады. Бұл каналдар ауаның коллатералды жолын қамтамасыз етеді және өкпе фиброзы жағдайында ауаөткізу жолдардың бөлігі жабылған кезінде маңызды рөл атқарады.