4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Бауыр жасушалардың, немесе гепатоциттердің құрылысы



бет38/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Бауыр жасушалардың, немесе гепатоциттердің құрылысы. Гепатоциттер бауырдың негізгі жасушалары болып келеді,оның негізгі функцияларын атқарады. Бұл ірі жасушалар (диаметрі 20-25 мкм) пішіні полигоналды немесе алтықырлы, бір немесе бірнеше ядролары болады, сонымен қатар ядролары полиплоидті болуы мүмкін. Көпядролы және полиплоидті ядролары бар гепатоциттер бауырдың бейімделу өзгерістерін көрсетеді, өйткені бұл жасушалар кәдімгі гепатоциттермен салыстырғанда өз функцияларын жоғары белсенділігімен атқарады. Гепатоциттерде көптеген органеллалар болады: грЭПТ қанға бөлінетін нәруыздарды синтездейді, агрЭПТ гликогеннің, липидтердің алмасуына жауапты, дезиинтоксикациялық функцияны атқарады, митохондриялары көп болады – бір жасушада 2 мынға дейін, ГК, лизосомалар, пероксисомалар жақсы дамыған. Гепатоцитте гликогеннің, майдың, липофусциннің қосындылары болады, олардың мөлшері зат алмасу процессіне байланысты өзгеріп тұрады.
Бауыр қызметі тәулік ритмі бойынша, күндіз өтті, ал түнде гликогенді синтездеп шығарады
Бауыр регенерациясы: Бауыр қалыпты тіннің бар болғаны 25% ғана сақталған кезде де бастапқы мөлшерін қалпына келтіруге қабілетті аз мүшелердің бірі болып табылады. Іс жүзінде регенерация болады, бірақ өте баяу, ал бауырдың өзінің бастапқы мөлшеріне тез оралуы қалған жасушалар көлемінің ұлғаюынан болады. Адамның және басқа да сүтқоректілердің жетілген бауырында төрт түрлі дің жасушалары табылған - сопақша жасушалар, кіші гепатоциттер, бауырдың эпителиалды жасушалары және мезенхимияға ұқсас жасушалар.
41. Өт қабы мен өт шығару жолдары. Дамуы, жіктелуі, қабырғасының құрылысы, регенерациясы.
Өт қабы мен өт шығару жолдары бауырдын каудальді бөлігінен бастау алады.
Өт жолдарына жататындар: бауыр ішіндегі және сыртқы өт өзектері. Бауыр ішіндегісіне бөлік аралық өт өзегі қатысса, ал сыртқысына оң және сол жақтағы өт қзектері мен жалпы өт қапшығы қатысады.
Өт қапшығы функциялары: 1) өтті жинақтайды, 2) өтті қоюландырады, 3) шырышты секрециялайды.
Құрылысы. Шырышты, бұлшықетті, сыртқы қабықшалардан тұрады.
Шырышта қабықша бірқабатты призмалы эпителийден және өзіндік пластинкадан (БТДТ) түзілген. Эпителиоциттер шырышты өндіреді және оны эпителий беткейіне бөліп тұрады. Шырыш эпителийді өттің зақым келтіретін компоненттерінен қорғап тұрады. Шырышты қабықша көптеген қатпарларды түзеді. Өтқабының шырышасты негізі болмайды . Бұлшықетті қабықшасы айқын түзілмеген екі қабатынан тұрады: ішкі –циркулярлы, сыртқы – бойлай. Сыртқы қабықшасы бауыр жағынан –адвентициалды, құрсақ қуысы жағынан –серозды.
42. Тыныс алу жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Ауа өткізу жолдары мен респираторлық бөлім. Эмбриональді дамуы мен шығу көздері.
Тыныс алу жүйесі – ағзада тыныс алумен қатар тыныс алуға қатыссыз қызмет атқаратын мүшелер тобы. Бұл жүйеге қатысатын мүшелер ауа жолдарына және респираторлық бөлім болып бөлінеді.
Тыныс алу жүйесі қанды оттегімен байытып, ағзадан СО2 газын сыртқа шығарады. Газ алмасу өкпе арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар қызметтеріне: жұтылған ауаны жылыту және ылғалдау, ауаны шаң-тозаң мен микроорганизмдерден тазалау, қан тамырлар жүйесіндегі қанды оттегімен жабдықтау, тромбопластин мен оның антогонисі немесе қарсыласы гепариннің бөлінуі арқасында қанның ұюына да қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет