4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет52/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Менструальді кезең. Эндометрийдің қанмен жабдықталуының өзгерістері байқалады.Менструацияға дейінгі кезеңде (3) сары дене прогестерон бөледі. Осының әсерінен жатыр қабырғасында спираль тәрізді және тік артериялардың қалың тобы пайда болады. Жыныстық циклге дейінгі кезеңнің соңына қарай аналық бездегі сары дене сорыла бастайды да (кері дамиды), прогестеронның бөліуі тоқталады, соның әсерінен спираль тәрізді артериялардың қабырғасы тарылып, эндометрийге қанның құйылуы (бөлінуі) едәуір азаяды. Мұны ишемия фазасы деп атайды. Гипоксия процесі дамиды.Содан қан тамырларының ішінде ұйыған қан пайда болады. Тамырлардың қабырғалары иілгіштігін жоғалтып, сынғыш-жарылғыш келеді.Эндометрийдің функционалды қабатындағы ишемияның салдарынан некроздық өзгерістер басталып, қан тамырларында тромбалар пайда болады. Ұзақ уақыт қан тамырларының қабырғасының тарылуынан кейін спираль тәрізді артериялар қайтадан кеңейіп эндометрийге қанның құйылуы ұлғаяды. Осы қан тамырлар нәзік болғандықан, көптеген жерлері жарылып эндометрия стромасында қан құйылу басталады. Овариальді - менструальді цикл басталады.
Менструальді циклден кейінгі кезеңі. Бұл кезең менструальді цикл аяқталған сәттен басталады.Жатырэндометрийітек базальдіқабаты
мен онда қалған жатыр бездерінің дистальді бөліктері түрінде болады. Фукционалды қабаттың регенерациясы басталады, бұл кезеңді
пролиферативті кезең деп атауға болады. Бұл кезең 5-11күндері өте активті түрде жүзеге асады, кейінірек баяулап жатырдың қалыпты тыныштық кезеңіне ауысады(11-14). Жатыр бездері тез өседі, бірақ тар,
түзу,секретбөлмейді.Эндометрийдіңөсуі антральді фолликулдар өндіретін эстрогендермен ынталандырылады. Ал 14 тәулікте аналық бездің құрамында пісіп жетілген үшіншілік немесе көпіршікті овоциттің кезекті толық дамуы басталады.
Менструальді циклға дейінгі немесе алдындағы кезеңі
Менструальді циклден кейінгі кезеңнің соңында аналық безде овуляция басталады. Пісіп жетілген фолликул жарылғаннан кейін орнына прогестерон бөлетін сары дене түзіледі. Бұл гормон жатыр бездерін белсендендіреді, бездер сөл бөле бастайды. Олардың өлшедері ұлғайып, бұралып, тармақталады. Жасушалар ісініп, без өзектері секретке толады. Без жасушаларының цитоплазмасында біраз гликоген мен гликопротеидтердің түйіршіктері жиналады. Осының әсерінен без жасушалары биік призма түрінде пішінге ие болады да, эндометрий қалыңдайды.Көптеген безді жасушалары жатырдың децидуальді жасушаларына айналады.Егер ұрықтану процесі жүзеге асса, жатыр эндометрийі плацентаға айналады, бұл процесс өтпесе эндометрийдің функционалды қабаты сыпырылып түседі де, кезекті менструация кезеңі басталады.
Қынап. Дамуы: ұрықтың немесе нәрестенің сол және оң жақ парамезонефральді өзектерінің дистальді бөлігінің байланысқан жерінде дамиды. Қынаптың төменгі бөлігі зәр шығару синусынан қалыпттасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет