4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Бульбоуретралды немесе Куперов бездері



бет48/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Бульбоуретралды немесе Куперов бездері – несеп шығаратын каналға өзектері арқылы ашылатын бездер. Бульбоуретралды без бөлшектенген және паренхиматозды альвеолярлы-түтікшелі болып табылады. Сырты тығыз талшықты дәнекер тінді капсуламен қоршалып, оның ішінен көптеген перделер тарап бездің паренхимасын бөлшектейді. Бездің функциясы - бөлетін секрет құрамындағы сиалопротеиндер және аминосахаридтер арқылы сперматозоидтарды қоректендіреді.
52. Аналық жыныс жүйесі. Аналық жыныс безінің генеративті және эндокриндік қызметі. Құрылысы және қызметі. Овогенез. Сары дене. Атрезиялық фолликулдар, ақ дене.
Аналық жыныс жүйесі – аталық жыныс жүйесінен құрылысының күрделілігімен ерешеленеді. Себебі, аналық жыныс жүйесі ұрпақтың дамуы мен қоректеніуін қамтамасыз етеді. Аналық жыныс жүйесіне жыныс бездері, жатыр, жатыр түтіктері, қынап және сүт бездері жатады.
Аналық жыныс жүйесінің дамуына тоқталатын болсақ, ол екі кезеңнен тұрады:

  1. Индифференттік сатысы – эмбриондық дамудың 4-ші аптасында аналық жыныс безі мезонефроностың жоғарғы жағындағы целомдық эпителийдің қалыңдауынан бастау алады.

  2. Дифференциялану сатысы – эмбриондық дамудың 7-8 аптасында аналық жыныс безінің целомдық эпителийі көп мөлшерде жыныс бауларын түзіп, мезонефростың түбіне дейін көшуге қабілетті болады. Жыныс баулары кейін мезенхимадан ажырап, эпителий жасушаларының арасында гонадобласттардың жиналуы жүреді. Бұл жиынтықтан «Пфлюгердің жұмыртқалық шарлары» деген құрылымдар пайда болып, олар эмбриогенездің 3-ші айында овогонийлерге, ал айдың соңында 1 реттік овоциттерді қалыптастырады. Даму барысында гонадобласттар, овогониялар және овоциттер, яғни жыныс жасушалары өздерін қоршап жатқан эпителиоциттермен байланысып жатады. Бұл эпителиоциттер фолликулярлық жасушалар деп аталады және олар аналық жыныс бездерінің қыртысты заттарын қалыптастырады. Нәресте туғанға дейін фолликулдардың саны 2 млн-дай болса, олар кейін атрезияға ұшырап, олардың дамуы жыныстық жетілуге дейін тоқтаса да, атрезиясы жалғаса береді, демек нәтижесінде 500-1000 фолликул ғана қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет