Сүйек тінінің қайта құрылуының мәні - остеокластардың сүйектің ескі бөліктерін бұзуымен бір мезетте - синхроңды, остеобласттар мен остеориттердің үздіксіз жаңа сүйек табақша лар мен остеондарды жасауы. Сүйек тінінің қайта құрылуы арқасында сүйектің үздіксіз физиологиялық регенерациясы және минералдық гомеостазы қамтамасыз етіледі . Остеокластар сүйек затын бұзып , онда резорбциялық каналдар жасайды . Оның ішіне остеогенді ізашар - жасушалармен қор шалган қан капиллярлары кіре өседі . Соңғылар сүйектің жасушааралық за тын өндіретін остеобласттарға дифференцияланады . Сүйектің құрылымдық элементтерінің ориентациясы мен сүйек затының массасы физикалық жүк - салмақтың векторымен мына ретке сәйкес анықталады . Сүйекке түскен жүк - салмақ векторы бойынша онда қан тамырлары қалыптасады . Тамырлар өз ретінде остеобласттардың бұларды айнала конацентрикалық орналасуын анықтай ды Бұл жасушалар сүйек затын бірінің сыртында бірі орналасқан цилиндр пішінді сүйек табазашалар түрде секрециялайды . Сөйтіп , бұзылған ескі остеондардың орнында жаңа остеондар пайда болады , сүйектің конструкциясы түскен физикалық жүк – салмақ векторы бойынша кан тамыр калыптасады. Сүйек тінінің қайта құрылуына әсер ететін сыртқы факторларға меха никалық күш - салмақ жатады . Ол артқан жағдайда остеобласттардың бел сенділігі күшейеді , бұл өз ретінде остеондар молшерінің көбеюіне , сүйек ті нінің тығыздалуына және беріктігінің ұжаюына әкеледі . Сүйекке түскен ме ханикалық күш - салмақ әлсіреген жағдайда , остеокласттардың белсенділігі күшейеді , сондықтан олар сүйек тінін бұзып , оның тығыздығын және берік тігін төмендетеді . Сүйек тінінің қайта құрылуына тагы пьеоэлектрлік эффект - сүйекке механикалық жүктеме түскен кезде онда пайда болатын электр құбылыс тары әсерін тигізеді . Суйектің деформациясы кезін де , қысылу әсерінен сүйек табақшасының ойыс беті - теріс , ал денес сағы оң зарядталады . Сүйек табақшасының теріс зарядталған бетінде сүйек затын өндіретін остеобласттар белсенді болады , оң зарядталған жагыңда - сүйек тінін бұзатын остеокласттар күшейеді . Сүйек тінінің қайта құрылуына С , Д. А витаминдері де елеулі әсер етеді . С витамині остеобласттарды күшейтеді, коллагеннің сүйек затының мине рализациясына қатысатын сілтілі фосфатазаның синтезін және секрециясын күшейтеді . С витаминінің жетіспеушілігі бұл процестерді әлсіретеді , сол се бетті сүйектің өсуі тоқтатады , сүйек тіні жұмсарады және тығыздығы те мекем . Д витамині , дәлірек айтсақ , оның биологиялық активті түрі - кальцитри от гормоны ішекте калыцый және фосфаттардың сорылуын және олардың сүйекке шөгуін минералданудын ынталандырады . Д витаминінің жетіспеу шілігі сүйек тінінің минералдануын төмендетеді . А витамині остеобласттарды ынталандыру және остеокласттарды басу аркылы сүйек тінінің қалыптасуын және өсуін сүйемелдейді . А витаминінің жетіспеушілігі остеогенезді және сүйектің өсуін тежейді . Бұл витаминнің шектен артқандыгы метаэпифизарлық шеміршек өсу табақшаларының бітіп кетуіне әкеледі , нәтижесінде сүйектің ұрындыкка өсуі баяулатады . Сүйек тінінің қайта құрылуына жер стетін ішкі факторларға қалқанша бездің , қалқанша маңы бездің жыныс бездерінің және гипофиздің гормон дары жатады . Әсіресе , паратирин және кальцитониннің рөлі өте маңызды олардың антагонистік жері канда кальций мондары деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді .
57.Қаңқа бұлшықеті ағза ретінде. Қаңқа бұлшықетінің регенерациясы.