4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Гематоэнцефалдық тосқауыл, оның құрылысы мен маңызы



бет10/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Гематоэнцефалдық тосқауыл, оның құрылысы мен маңызы.
Бас миының қанмен қамтылуы ішкі ұйқы және омыртқа артерияларының бірігіп , базилярлы артерияға айналуы арқылы өтеді . Бұл артериядан тараған капиллярлар жүйесі мн қабаттарынан өтіп , мидың сұр жөне ақ затын қамтиды . Капиллярлар торы бас миының сұр затында , ақ затына қарағанда өлдеқайда көп . Мндағы капиллярлардың қабырғасын жақсы дамығай базальды мембранамен эндотелиоциттер қоршайды . Нерв тіні мен қан тамырлары арасындағы таңдамалы түрде зат алмасу процесін реттейтін осы құрылым капнллярлар қабырғасы – гематоэнцефаликалық сүзгі болып табылады . Бұл сүзгі қан мен нейрои арасында орналасады . 
Қызметіне : 1. Қаннан бөтен бөгде заттар нейронға өтпейді ( иммунді компоненті жасушалар аутоиммунді үрдіс туғызатын ) .
2. Нейрондарға коректік және негізгі регуляторлық заттар әкеледі . Бұл сүзгінің құрамында болатындары : 
— капилляр қабырғасындағы эндотелий 
– базальды мембрана сыртқы шектеушілік глиальді мембрана ( астроглия )
— Мнкроглия
— нейрондарды қоршаған мантийлі глиоциттер .

7. Автономиялық (вегетативті) нерв жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы және бөлімдері. Вегетативті нерв жүйесінің орталық бөлім ядроларының, экстра- және интрамуральді ганглийлердің құрылысы.


Вегетатитивтік жүйке жүйесі - ағзаның висцеральді функциясын реттейттін жүйке жүйесінің бір бөлімі. Бұл жүйе асқорыту жүйесіндегі мүшелердің қозғалысы мен секрет бөлу процесін, қан қысымын, дене қызуын, тер бөлінуді, зат алмасу, эндо-, экзокринді бездердің қызметін т.б реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесі морфологиялық белгілері мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық болып жіктеледі. Бұл жүйенің аталмыш түрлері ағзадағы мүшелерді нервтендіруге қатысады. ВЖЖ орталық және шеткі бөлімдерден тұрады. Орталық бөліміне бас миы мен жұлында орналасқан ядролар, ал шеткі бөліміне ядролардан тараған нерв талшықтары, нерв түйіндері, нерв ұштары жатады. ВЖЖ талшықтары көбінесе миелинді болып келеді. Электронды- микроскоптық көріністе талшықтардың терминальді ұшында (пресинапстық мембранаға ұсақ), ашық түсті синапстық көпіршіктер (40-60нм) мен ірі күңгірт түсті везикулалары (60-150нм) болады. 
Шеткі вегетативтік түйіндер мүшеден тыс жерде, сонымен қатар асқорыту мүшелерінің, жатыр, қуық, жүректің интрамуральді өрімдерінің құрамында кездеседі. Паравертебральді омыртқа жотасының екі жағында, ал превертебральді ганглий (түйін) - іш қуысы ортасының алдында, ал оның тармақтары - құрсақ өрімдерінде орналасады. Вегетативтік ганглийдің сыртын дәнекер тінді капсула қоршайды. Дәнекер тіннің перделері түйіннің паренхимасына өтеді. Түйінің пішіні мен мөлшері әр түрлі мультиполярлы нерв жасушаларынан тұрады. Дендриттері көптеген тармақтарға жіктеледі. Постганглийлік талшықтардың құрамындағы аксондар (әдетте миелинсіз) өздеріне сәйкес ішкі мүшелерге өтеді. Әрбір
нейрон өсінділері глиальді қабықпен қоршалған. Глиальді қабықтың сыртқы беті жіңішке дәнекер тінімен астарланған базальді қабықпен тысталған. Преганглийлік талшықтар өзіне сәйкес ганглийге өтерде дендриттерден немесе аксо-дендриттік, аксо-сомалық синапс нейрондарының перикариондарында аяқталады. Синапстар варикоз түрінде немесе жуандаған терминалдар түрінде айқын көрінеді.
Симпатикалық ганглий нейрондарының цитоплазмасында катехоламиндер болады. Оған дәлел - майда түйіршік пішіндес көпіршіктер, Фальк әдісі бойынша формальдегидпен шайылған препараттардағы әр түрлі деңгейдегі флюоресценциялар, олардың перикариондары мен өсінділері, постганглийлік талшықтар түрінде мүшелерге келетін аксондар. Симпатикалық ганглийлердің құрамында шағын ғана түйіршік түріндегі флюроресценцияға ұшырап отыратын жасушалары болады. Бұларды майда (МИФ- жасушалар) флюроресценциясы белсенді жасушалар (ФБЖ) дейді. ФБЖ-жасушалардың денесі глиальді қабықпен қоршалған. Бұл жасушалардың өсінділерінде холинергиялық синапстар болады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің ганглийлері нервтейтін мүшелер жанында немесе интрамуральды жүйке өрімдерінде орналасады. Интрамуральды өрімдер көбінесе асқорыту мүшелерінде, жүректе, қуықта кездеседі. Бұлар мүшелер қабырғасындағы кілегей асты негізінде (Мейснер денешігі), ет қабығында (Ауербах денешігі) түйіндер түрінде орналасады. Бұл түйіндердің негізін Догельдің 3 түрлі жасушалары түзеді. Догель жасушаларының I түрі қозғалтқыш, бұлардың ұзын аксондары постганглиярлы миелинсіз талшықтардан түзіліп, нервтейтін мүшелерге барып синапс түзеді. Нейрондардың I түрін ұзын аксонды Догель жасушалары деп атайды. Догель жасушаларының II түрін тең өсінділі нейрондар деп атайды. Бұлардан тараған тармақтарының қайсысы дендрит, қайсысы аксон екенін анықтау қиын, қызметі сезімтал. Догель жасушаларының II түрінің дендриттері мүшелерге барып рецепторлар түзеді, ал аксондары Догельдің I түрі жасушаларының денесімен синапс түзеді. Догель жасушасының III түрі қызметі жағынан ассоциативтік нейрондарға жатады. Бұлардың дендриттері I, II жасушаларын байланыстырады. Ал, аксондары көршілес түйіндерге өтіп, түйін аралық байланыстар түзеді.

8. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет