Юкстагломерулярлы аппарат (ЮГА) – бүйректің шумақ қантамырларына ренин деген белсенді затты бөледі. Ал ренин өз кезегінде қан тамырларының диаметрін тарылтып, гипертензия тудыратын ангиотензин синтезін жүзеге асырады. Сонымен қатар, ренин бүйрекүсті безінің альдестерон атты гормоны және гипоталамустың вазопрессин деген гормондар синтезін белсендіреді. Эритропоэтин сентезін қалыптастырып, юкстагломерулярлы және юкставаскулярлы жасушалар, тығыз дақ сияқты құрылымдардан тұрады. Оларға жеке тоқталсам:
Юкстагломерулярлы жасушалар – қанды нефрондардың шумағына әкеліп, әкететін артеориолалардың эндотелийі астында орналасады.
Тығыз дақ - қанды нефрондардың шумағына әкеліп, әкететін артеориолалардың арасында орналасатын нефронның дистальді бөлігінің қабырғасының бір аймағы.
Юкставаскулярлы жасушалары немесе Гурмагтиг жасушалары - қанды нефрондардың шумағына әкеліп, әкететін артеориолалар мен тығыз дақ арасындағы үш бұрышты кеңістікте орнаасады.
Простагландинді аппарат интерстициалді жасушалар және несепті жиятын түтікшелердің қабырғасындағы нефроцит жасушалардан тұрады. Интерстициалді жасушалар бүйректің боз затында орналасатын өсінділі мезенхимадан дамиды. Олар проглатинді синтездеп, антигипертензинді , яғни қан қысымын төмендететін қызмет атқарады.
Калликреин-кининді аппарат бүйректегі қан тамырларының қабырғаларының диаметрін кеңейтіп, натрицурез бен диурезді сияқты процесстерді күшейтеді.
49. Несеп шығару жолдары. Бүйрек тостағаншалары, бүйрек түбегі қабырғасының құрылысы. Несепағар, қуық, несеп шығару түтігінің морфофункциялық сипаттамасы. Бүйректтің иннервациясы. Несеп жүйесінің мүшелері несеп түзетін бүйрек және несеп шығару жолдарынан тұрады, яғни оған бүйрек тостағаншасы, бүйрек түбегі, несепағар, қуық және несеп шығаратын каналдан жатады. Бұл мүшелерге жеке тоқталатын болсам:
Бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегінің қабырғаларының құрылысына тоқталатын болсам, бұл мүшелердің қабырғалары кілігейлі қабық, кілегейасты негізі, бұлшықетті және сыртқы адвентициялы қабықтардан тұрады. Ал кілегейлі қабықтың өзінің негізін ауыспалы эпителий тіні құрап, ол меншікті пластинкаға бекініп, біртіндеп кілегей асты негізінің дәнекер тініне ұласады. Бұлшықетті қабық болса, өз кезегінде спираль тәрізді миоциттерден тұрады. Алайда, бұлшықет миоциттері бүйрек пирамидаларының бүртіктерінде айналмалы түрде орналасады. Адвентициялы сыртқы қабат болса бүйректің қантамырларын қоршайтын дәнекер тінді қабық болып табылады.