4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет44/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Аталық жыныс жүйесі – организмде жыныстық жасушалардың толық қанды дамуы, олардың пісіп жетілуі , түрленіп шығуы және аталық жыныстық гормондардың синтезі сияқты маңызды процесстерді жүзеге асыратын күрделі жүйе. Ол атқаратын қызметтеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеледі:

  1. Аталық жыныс безі немесе ен

  2. Ұрықты сақтайтын және бөліп шығаратын мүшелер – ен қосалқысы

  3. Қосымша жыныс мүшелері – ұрық көіршігі, қуық асты безі

Аталық жыныс жүйесінің дамуына тоқталатын болсам:
Адам ағзасында аталық және аналық жыныс жүйелері несеп шығару жүйесімен бірге эмбриогенездің төртінші аптасында басталады. Ол бірнеше сатыда жүреді:
Бірінші сатысы - мезонефростың ішкі бетіндегі целомдық эпителийдің біршама қалыңдап, индифференттік жыныс бездерінің бастамасын түзуі.
Екінші сатысы – эмбриогенездің алтыншы аптасында мезонефростың жоғарғы шетіндегі мезинхима жасушаларының өсіп шығып, аталық бездің сыртын қаптайтын ақ қабықты түзуі. Осы алғашқы пайда болған аталық жыныс безінің бастамасынан біртіндеп ұрық түтікшелерінің жеке түрлері, яғни иректелген ,тік және тор типті ұрық түтікшелері түзіледі. Иректелген ұрық түтікшелері даму барысында сперматогонияға айналса. Тік және тор типті ұрық түтікшелері ұрық шығару жолдарына айналады.
Аталық жыныс безі – эмбриогенездің-ші аптасында мезонефростың ішкі бетіндегі целомдық эпителийдің біршама қалыңдап, индифференттік жыныс бездерінің бастамасын түзуі арқылы дамиды.
Аталық жыныс бездері екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Генеративті қызмет – аталық жыныс бездерінің аталық жыныс жасушалары, яғни сперматозоидтарды түзуімен сипатталады;

  2. Эндокринді қызмет – аталық жыныс безінің жеке без ретінде қанға тестестерон және андроген атты гормондарды бөлуімен түсіндіріледі.

Аталық жыныс безінің құрылысы:
Аталық жыныс безі – паренхималы және бөлшектенген ағза болып табылады.Оның эндокринді қызметінің негізінде күрделі түтікше түрінде осы бездерге тән құрылысты болады. Аталық жыныс безінің эндокринді бөлігі – андроген және тестестерон гормондарын қанға бөлсе, экзокринді бөлігі – ұрық сұйығы сперманы түзеді.
Аталық жыныс безінің стромасы – сірлі қабықтың астында орналасатын белокты қабық пен оның ішінде тарайтын переделер және трабекуалардан тұрады. Аталып кеткен белокты қабық пен трабкулалардың арасында интерстициалді БТДТ орналасады. Белокты қабықтың сыртқы қабырғасын қалың талшықты дәнекер тінінен түзіліп, құрамындағы миоциттермен ерекшеленеді. Ішкі қабырғасы болса, БТДТ-дан тұрады және мол қантамырлар торының болуымен айқындалады. Аталық жыныс безінің ортаңғы аймағында белокты қабат тығыздалып, қалыңдайды. Осынын салдарынан Гайморово денешігі түзіліп, одан трабекулалар мен перделер тарайды.
Аталық жыныс безінің паренхимасы - ұрық түтікшелерінің жеке түрлері, яғни иректелген ,тік және тор типті ұрық түтікшелерінен түзіледі. Әр аталық жыныс безінің бөліктерінің жалпы саны 200 шамасында, осы әр бөлік иректелген ұрық түтікшелерінің 80см болатын 1-4 дарасынан тұрады. Сонымен қатар, осы ұрық түтікшелері біртіндеп бір-біріне айналып отырады. Демек, иректелген тұтікшелер түзу түтікшелерге айналса, ол түтікшелер өз кезегінде торлы түтікшелерге түрленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет