Мамандық тілі бойынша бір деңгейді таңдап алып,мысалы, / фонетикалық, морфологиялық,лексикалық деңгей/ сол деңгей бойынша қазақ тілімен салғастырып, изоморфизм, алломорфизм, доминантты белгіні саралау
Мамандық тілі бойынша бір деңгейді таңдап алып,мысалы, / фонетикалық, морфологиялық,лексикалық деңгей/ сол деңгей бойынша қазақ тілімен салғастырып, изоморфизм, алломорфизм, доминантты белгіні саралау.
Фонетика - тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Морфология-дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Бұл тәсіл cөздің мағынасы мен қызметін айқындауға көмектеседі. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.
Лексика-Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.
Изоморфизм- Көлемі мен масштабы әртүрлі жүйелердің ұқсастығын немесе үйлесімдігін табу типология үшін аса маңызды. Тіл құрылымының жекелеген буындарының, оны құрайтын жекелеген микро- немесе макро-құрылымдардың мұндай ұқсастығы немесе параллелизмі изоморфизм атауын алды.
«Изоморфизм» терминін поляк тіл маманы Е. Курилович сандардың екі жүйесінің ішкі құрылымының ұқсастығын, бара – барлығын білдіретін математикадан лингвистикалық айналымға кіргізген.
Алломорфизм- В.Д. Аракиннің пікірінше, түрлі тілдердің изоморфизмін табу, яғни бірқатар тілдердің микрожүйелерінің ғана емес, сол сияқты шағын жүйелері мен тұтас жүйелерінің үйлесімділігін немесе ұқсастығын анықтау тілді типологиялық сипаттау мақсаттарының бірі болып есептелуі керек.
Сол деңгейді құрайтын тілдік бірліктер құрылымының түрлі типін көрсететін алломорфизм изоморфизмге қарама қайшы.
Доминантты белгі- семантикалық тұрғыда неғұрлым қарапайым, стилистикалық тұрғыда бейтарап, синтагматикалық жағынан орнықты, ұқсас немесе жақын мағыналас синоним сөздерді өз айналасына топтайтын сөз.