Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға: аңшылық және балық шаруашылығын жүргізукезіңде- биологиялық-экономикалық тексерудің, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жопарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру кезеңіне қарай он жылдан қырықтоғыз жылға дейінгі; қалған түрлеріне — бір жылдан аспайтын мерзімдер белгіленеді.