3. Экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг пен кадастрларды жүзеге асырудың тәртібі. Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі белгілі бір басшылық бастаулары негізінде жүзеге асырылады, соған сәйкес мемлекеттің экологиялық саясаты калыптасады. Бұл басшылық идеялары, олар жиынтығында белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттің мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігін білдіруі мемлекеттік басқарудың принциптері деп аталады. Мемлекеттік басқарудың принциптері белгілі бір қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік заңдарымен анықталады. Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың принциптері жүйесін анықтауға болады: адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы; халықтың өмірі үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру; табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік; мемлекет бақылайтын жерге жеке меншік; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу кезінде қоғам дамуының экологиялық міңдеттерін теңгерімді шешу; экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы басқарудың экономикалық әдістерін қолдану; экономикалық проблемаларды шешуге азаматтарды, халықты, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кеңінен тарту және белсенді түрде қатысу. Бұл экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқарудың неғұрлым айрықша принциптері. Алайда мынаны ескеру керек: табиғат пайдалану саласында басқарудың жалпы принциптері де: заңдылық, жоспарлылық, бағыныштылық және т.б. қолданылады.
Экологиялық тәжірибеде мемлекеттік санкциялау әдісі кеңінен таралған, бұл әдіс жағдайында мемлекеттік емес органның шешімі оны мемлекет бекіткеннен кейін заңдық күшіне ие болады. Мұның мысалы ретінде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын атауға болады, ол оны мемлекет бекіткеннен кейін міндетті сипатқа ие болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік емес орган дербес болған жағдайда қолданылады. Барлығы үшін міндетті шешім өздерінің "ішкі" субъектілері үшін қабылданады. Әрбір қызметті жүзеге асыру экологиялық заңды қолдану негізінде мүмкін болады. Экологияны мемлекеттік басқарудың қызметтері элемент болып табылады, ол басқару қызметінің мазмұнын басқарудың мемлекеттік оргаңдары жүйесімен байланыстырады.
Экология саласындағы мемлекеттік басқару қызметінің мына қызметтерін бөліп көрсетуге болады:
Қоршаған табиғат ортасының нормаланған сапасы;
Экологиялық мониторингті жүзеге асыру;
Экологиялық және табиғат пайдалану кадастрларын жүргізу;
Экологиялық сараптаманы жүргізу;
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру;
Экологиялық төлемдер мен салықтарды алу;
Экология саласында мемлекеттік органдардың бұзушылықтары үшін жазалау шараларын қолдану .