4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйым



бет33/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар: заңда көрсетілген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудитті жүргізу мүмкін еместігі туралы хабарлауға; аудиттелетін субъектіден алынған, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу процесінде жасалған құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етуге; аудиттелетін субъектіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға құжаттардың сәйкессіздігі анықталғаны туралы хабарлауға; экологиялық аудит нәтижелерінің құпиялылығын, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу кезінде алынған мәліметтердің және мәні болатын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндетті экологиялық аудиттің нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға; экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға кұқылы.

Өз кезегінде аудиттелетін субъект: экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды тандау туралы шешімді конкурс не өзге да ішкі рәсім негізінде дербес қабылдауға; экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға; экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымының ескертпелері мен қорытындыларына негізделген нормативтік құқықтық актілермен танысуға; экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасының заңнамасына экологиялық есептіліктің және өзге де құжаттамалардың сәйкессіздігі анықталғаны туралы ұсыныстар, ақпарат алуға; экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт талаптарын бұзу жағдайында олардың экологиялық қызмет көрсетулерінен бас тартуға құқылы.

Сонымен бірге аудиттелетін субъект: міндетті экологиялық аудитті жүргізуді ұйымдастыруға; экологиялық аудиторға және экологиялық аудиторлық ұйымға экологиялық аудитті дер кезінде және сапалы жүргізуге жағдайлар жасауға; экологиялық аудитті жүргізу үшін экологиялық аудиторға және экологиялық аудиторлық ұйымға қажетті толық және дұрыс құжаттама мен өзге де ақпарат, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірме беруге; қоршаған ортаға ықпал ету туралы дұрыс есептілік және экологиялық аудитті жүргізу үшін қажетті өзге де құжаттарды беруге; егер экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шартта өзгеше көзделмейтін болса, экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның қызметін шектемеуге; экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін өзінің атынан үшінші адамның атына жазбаша сұрау салу жіберуге; экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтеріне төлемақыны қамтамасыз етуге; экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт бойынша міңдеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орыңдауға міңдетті.

Экологиялық аудиторлар және экологиялық аудиторлық ұйымдар ерікті негізде Экологиялық аудиторлар палатасына біріге алады, ол экологиялық аудиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін құрылған коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады. Экологиялық аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғы негізінде іс-қимыл жасайды, сондай-ақ мына қызметтермен айналысады:

1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және өз мүшелерінің қызметін үйлестіреді;

  1. экологиялық аудитті жүргізудің үлгі нысанын бекітеді;

  2. мемлекеттік оргаңдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өкілдік
    етеді және өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, оларға экологиялық аудиторлық қызметін дамытуда көмектесіп, жәрдемдеседі;

  3. қоршаған ортаны қорғау саласыңдағы уәкілетті органға өзінің
    азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан экологиялық аудиторлардың жалтаруы жағдайлары және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өзге бұзушылықтары туралы хабарлайды;

  4. экологиялық аудиторларын аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссияларын құруға және экологиялық аудиторларын аттестациялауды жүргізуге қатысады;

  5. экологиялық аудиторлардың тағылымдамадан өтуін және оларды оқытып-үйретуін ұйымдастырады, экологиялық аудиторлар үшін оқу бағдарламаларын белгілеуге қатысады;

  6. экологиялық аудиторлардың заңсыз іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарайды;

  7. экологиялық аудиторларын аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиялары алдына экологиялық аудиторлардың лицензиядан бас тартуы туралы өтініш жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет