4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты



бет29/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

Табиғи ресурстар кадастры деген үғымнан нені түсінуге болады?

Табиғи ресурстар кадастры табиғат объектісінің табиғи және шаруашылық жағдайы, оның мөлшерлік және сапалық сипаттамалары туралы, есеп пен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер туралы мағлұматтар жүйесі болып табылады (әр түрлі объектілерге қатысты олар әр алуан болуы мүмкін — шақырымдар, тонналар, жыныстар және т.т.).



Табиғи ресурстар кадастрларын жүргізу кезінде бірқатар ерекше сәттерді атап көрсетуге болады:

  1. біріншіден, кадастр табиғат объектілері туралы тек кана мағлұматтар жиынтығы емес, керісінше мағлұматтар жүйесі болып табылады, ол кадастр есебінің әр алуан нысандар мен әдістерін пайдалана отырып, табиғат объектісінің толық және объективті "көрінісін" жасауға мүмкіндік береді.

  2. екіншіден, кадастр процесі белгілі бір рәсім болып табылады, оған белгілі бір құқыққа ие болған мемлекеттік органдар, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар тартылады, оларға кадастр деректерін беру жөніндегі бірқатар міндеттер жүктеледі.

  3. үшіншіден, табиғат пайдалану саласындағы кез келген басқарушылық шешім (табиғат объектісін беру немесе алып қою, салықтың немесе айыппұлдың мөлшері ставкасын белгілеу, жеңілдіктер беру) кадастр есебінің деректеріне негізделеді.

Қолданыстағы заңнамада табиғат кадастрларының бірыңғай тізбесі жоқ, соған қарамастан мыналарды бөліп көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының жер кадастры; Қазақстан Республикасының су кадастры; Қазақстан Республикасының орман кадастры; кеніштер мен пайдалы қазындылардың пайда болуының мемлекеттік кадастры; жер қойнауына зиянды радиоактивтік қалдықгар көмбелері мен сарқынды су тастандыларының мемлекеттік кадастры; техногендік минералдық түзілістердің мемлекеттік кадастры; жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры; қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры.
Мынаны атап көрсету керек: көрсетілген табиғи ресурстар кадастрларының барлығы дерлік Үкіметтің арнайы қаулыларымен
реттелмеген. Қазіргі күнде олар кодекстер мен заңдардағы баптармен реттелген.

Жер кадастры Қазақстан Республикасының жер ресурстарының жай-күйі, оларды пайдалану мен қорғау, жер учаскелерінің мөлшерлері мен шекаралары, олардың сапалық сипаттамалары, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы мәліметтерінің, белгілі бір жағдайларда жер пайдаланудың мәліметтері туралы мағлұматтар жүйесі болып табылады. Жер кадастрын жүргізу шарттары, оның мазмұны, мемлекеттік арнайы уәкілетті органдардың заңдылығы, рәсімі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібін бекіту туралы" қаулысымен баянды етілген. Осы қаулыға сәйкес "мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер қатынастарының субъектілеріне бекітіліп берілетін жер учаскесі болып табылады. Әрбір жер учаскесінің кадастрында оны кеңістікте бірдей бөлуге, көлемі мен орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін физикалық сипаттамасы, сондай-ақ құндық бағасы (жердің бағасына шамалас) белгіленеді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер-кадастр карталарымен арақатыста болады, оларда осы учаскеге бекітілген нөмірі, орналасқан жері, шекаралары мен мәтіндік сипаттамасы көрініс табады". Мемлекеттік жер кадастрын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік жүргізеді. Жер кадастры енгізген кезде бірқатар негізді құжаттар ресімделеді, оларда жер учаскелері туралы мәліметтер тіркеледі және оларда болатын өзгерістер көрініс табады. Мұндай құжаттарға:

  • жер учаскесінің жер-кадастр ісі (кадастр ісі);

  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жер-кадастры кітабы;

• жер-кадастр картасы (кадастр картасы) жатады.

Үкіметтің аталған қаулысында осы құжаттарға сипаттама беріледі.

Кадастр ісі — жаңа жер учаскесін ресімдеу және қазіргі жер учаскесін қайта ұйымдастыру туралы іс, онда жер учаскесі туралы қрсаттар орналастырылады.

Мемлекеттік жер - кадастр кітабы жер учаскелері ескерілетін құжат, онда жердің кеңістіктегі, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы дұрыс мәліметтер мазмұндалады.



Жердің кадастр картасы жер учаскелерінің мөлшерлері мен шекараларының көрнекті бейнеленуі, біріктіру мен бөлу кезінде олардың өзгерістерін есепке алу мақсатында құрылып, жүргізіледі.

Жердің әрбір картасы Жер кадастрында бейнеленеді, оған кадастр нөмірі беріледі, оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі органдары тіркейді. Жер кадастрын жүргізудің жалпы сипаттамасы Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 60-бабында баянды етілген. Осы бапқа сәйкес "мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимі, оны орман иеленушілер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйі, мемлекеттік орман қоры санаттары бойынша бөлу туралы мәліметтер жүйесін және орман қорының орман шаруашылығын жүргізу мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін қажетті басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректерді қамтиды". Мемлекеттік орман кадастрының деректері мемлекеттік орман қорының жерлерін беру немесе жерлерді алып қою процесінде, сондай-ақ орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшерін анықтаған және орман пайдаланушылар мен орман иеленушілердің шаруашылық қызметін бағалаған жағдайларда орманды басқару жүйесінде қолданылады. Мемлекеттік орман кадастры мен мемлекеттік орман қорын есепке алу орман орналастыру материалдарының, түгендеу мен зерттеулердің негізінде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органдары жүргізеді. Мемлекеттік орман кадастры мен мемлекеттік орман қорын есепке алу құжаттамаларын орман қорының учаскелерін иеленушілердің барлығы жүргізеді. Жер қойнауы кадастрын жүргізуді ұйымдастырудың бірнеше түрі бар. Бұл кеніштердің кадастры, зиянды қалдықтар көмбесінің кадастры, техногендік минералдық түзілістердің кадастры. Кадастрлардың осы түрлерінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығының 59, 60, 61-баптарында берілген. Осы баптарға сәйкес кеніштер мен пайдалы қазындылардың пайда болуының кадастрына негізгі және сонымен бірге жатқан пайдалы қазындылардың, оның құрамындағы компоненттердің саны мен сапасын сипаттайтын әрбір кеніш бойынша мәліметтер кеніштерді игерудің кентехникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да шарттары мен оның геологиялық-экономикалық бағалануы, сондай-ақ пайдалы қазындылардың пайда болуының анықталуы бойынша мәліметтер жатады. Зиянды заттар көмбелерінің, радиоактивті қалдықтар мен жер қойнауына сарқынды су тастандыларының мемлекеттік кадастры құрамында көмілген заттардың және сарқынды суларының тастандыларының саңдық және сапалық көрсеткіштерін, көмбелер мен қашыртқы сулардың кентехникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады. Техногендік минералдық түзілістердің мемлекеттік кадастрының құрамында сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштерін, кен-техникалық, экологиялық шарттарын көрсете отырып, техногендік минералдық түзілістердің үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады. Мемлекеттік кадастрдың бұл түрлерін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүргізеді. Жануарлар дүниесін қорғау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін жануарлардың мемлекеттік есебі жүргізіледі және жануарлардың географиялық таралуы туралы, олардың жай-күйі, мен саны, олардың мекен жерінің сипаттамасы, жануарларды шаруашылық мақсатында пайдалану туралы мәліметтер жиынтығы және басқа да деректер болады (Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 54-бабы). Жануарлар дүниесінің кадастры Қазақстан. Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мен ұтымды пайдалану Басқармасы бекіткен арнай әдістемелер бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 71,72-баптары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастрын жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін реттейді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебіне осы аймақтардың мәртебесі туралы, олардың географиялық жағдайы мен шекаралары, аймақтарға бөлу, осы аумақтарды қорғау мен пайдалану режимдері, мемлекеттік табиғат- қорық қорының олардағы объектілерінің сандық және сапалық өзгерістері мәліметтерін жинау жатады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры ресми құжат болып табылады, онда осы аумақтар туралы әрдайым жаңартылып отыратын мәліметтер мазмұндалады. Ол ақпаратты сақтаудың бір ізге түсірілген нысандарын пайдалана және табиғи ресурстардың кадастрларымен салыстыру принциптерін сақтай отырып, бірыңғай ережелер бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет