Жазылым тапсырмасы. ҚБ
Оқушылар сынып болып сұрақтарға жауап береді. Оқушы жауаптарын жетелеу сұрақтары арқылы толықтырып отыру керек.
Еске түсірейік!
Аннотация деген не? Ол қалай жазылады?
Тезис деген не? Ол қалай жазылады?
Аннотация мен тезистің айырмашылығы неде ұқсастығы неде?
Оқушылар аннотация және тезис туралы ақпаратты еске түсіріп болған соң, жазылым тапсырмасын жеке орындайды. Екі тапсырманың бірін таңдап жазады.
Тапсырма.1
«Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақаланың жанрын, стилін анықтаңыз.
Публицистикалық стильге тән сөздерді анықтап, астын сызыңыз.
« Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақала үзіндісінің аннотациясын жазыңыз. Жазу барысында асты сызылған сөздерді орынды қолданып жазыңыз.
Мәтіннің жанры....,себебі......
Мәтіннің стилі...., себебі.....
«Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақала үзіндісінің аннотациясы.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма2
«Күн жүйесі» тақырыбында жазылған баяндаманың жанрын, стилін анықтаңыз.
Ғылыми стильге тән сөздерді анықтап, астын сызыңыз.
«Күн жүйесі» тақырыбында жазылған баяндаманың тезисін жазыңыз. Жазу барысында асты сызылған сөздерді орынды қолданып жазыңыз.