Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
2-тапсырма
Оқылым.
Мәтін бойынша негізгі ойды анықтайды. Көтерілген мәселеге баға береді.
Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.
Айқындауыш — анықтауыштың ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі.
Қосалқы айқындауыш — зат есімдердің (көбінесе кісі аттарының) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.
Қосарлы айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нақтылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-ұшқыш. Кейде, жазуда арасына дефис белгісі қойылады.
Оңашаланғн айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтеріңкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нақтылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.
|
Тапсырманы орындау барысында оқушының оқылым қабілеті дамиды.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Мәтінді оқиды.
- Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар дайындайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|