ландшафттар типі болып табылады. Ландшафттар типтерін айырудың негізгі көрсеткіші жылу мен ылғалмен қамтамасыз етілу айырмашылықтары, олардың гидротермикалық ерекшеліктері. Нақтылы классификациялық белгі болар көрсеткіштер: радиациялық баланс, белсенді температура жиынтығы Н.И.Ивановтың континентальдық коэффициенті. Сонымен қатар ауа температурасының орташа және экстремальды көрсеткіштерін, жауын-шашын мөлшерін, булану шамасын да есепке алған дұрыс. Бір типке жататын ландшафттардың ортақ қасиеттері су балансынан, қазіргі геоморфологиялық және геохимиялық үрдістерден, органикалық заттардың өмір сүру қабілеттерінен, құрамынан, өнімділігінен, биомасса қорынан, биологиялық зат айналымынан және топырақ түзілу ерекшеліктерінен көрінеді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территриялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі.
2. Ландшафттар типіне сипаттама
Достарыңызбен бөлісу: |