Қожмқ Тақырыбы: “xx ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті”



бет1/4
Дата13.12.2022
өлшемі75,56 Kb.
#56927
  1   2   3   4

ҚОЖМҚ

Тақырыбы: “XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті”

Орындаған: Искакова Айым

Тобы: 1-А1

Тексерген: Зейнегабиева Ж.М

Қарағанды 2022 жыл


Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі

Жоспары

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • 1.XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің жаңадан қалыптасуына әсер ететін жағдайлар.

    2. XX ғасыр мәдениеті

    3. XX ғасыр ─ өрлеу кезеңі

    4.Абайдан басталған қазақ мәдениеті

    5. XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы

    6. XX ғасырдағы сауатсыздықпен күрес

  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер

«Мәдениет дегеніміз не?»

Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» −қала, қалалық деген сөзінен енген. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі ─ ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832−1917) болды. Ол “мәдениет жөніндегі ғылым−реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, жалпылама анықтама берді: “Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада−білімнен, наным-сенімдерден ,өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады”.

XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің жаңадан қалыптасуына әсер еткен жағдайлар:

  • 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс.
  • Демократиялық күрестің шегінуі.
  • Таптық күрестің қайтадан өрлеуі.
  • Баспа ісінің жолға қойылуы (Ұлттық-демократиялық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің алғашқы өлеңдері 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін шыға бастады.)
  • Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыстар басталды.

XX ғасыр мәдениеті

Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет