4-дәріс. Өндіріс теориясы Өндіріс пен технология. Өндірістік функция


Технологиялық ауысу нормасы (MRTS



бет3/6
Дата21.04.2022
өлшемі86,99 Kb.
#31770
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4-дәріс

Технологиялық ауысу нормасы (MRTSLK) – басқа факторлардың өзгерістеріне байланысты бір фактордың қажет сандық өзгерістерін көрсететін шама (тұрақты шығару көлемінде) (marginal rate of technical substitution):

MRTSLK = ­­– ΔК/ ΔL Q = const шартында.

Технологиялық ауысудың шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерімен тікелей байланысты – норма олардың кері өзара қатынасына тең.

MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK), мұнда

МРL – еңбектің шекті өнімі (marginal product), еңбекті пайдаланудың бірлікке өзгеруінің нәтижесінде жиынтық өнімнің өзгеруі:

МРK капиталдың шекті өнімі – капиталды пайдаланудың бірлікке өзгеру нәтижесінде фирма жиынтық өнімінің өзгеруі. Бұл капиталдың еңбекпен ауысу барысында шекті өнімінің өсіп, ал еңбектің шекті өнімі түсетінін, яғни капитал бірлігінің қайтарымы өсіп, еңбек бірлігінің қайтарымы түсетінін білдіреді. Демек, MRTSLK шамасы төмендейді де, изокванта түзеледі. Сәйкес ахуал капиталды еңбекпен ауыстырғанда пайда болады. Бұл құбылысты классикалық мысалдың көмегімен көрсетуге болады: өнімнің белгіленген көлемін өндіру үшін еңбек бірліктерінің біршама саны және капитал бірліктерінің біршама саны қолданады. Капиталды еңбекпен ауыстырғанда (станоктар санын көбейтіп, жұмыскерлер санын қысқартқанда), капитал бірліктерінің өнімділігі (қайтарымы) азаяды, ал еңбек бірліктерінің (жұмыскерлердің) өнімділігі өседі және керісінше. MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK) теңдігінен шығатын екінші маңызды түйін: изоквантаның кез келген нүктесінде бір фактордың екіншісімен ауысуының шекті нормасы осы нүктедегі изоквантаға жанаманың еңкіштігіне тең. MRTSLK маңызына байланысты өндірістік функциялардың әр түрлерін айырады:

1. Егер өндіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылатын, яғни бірі екіншісін толық ауыстырса (мысалы, балмұздақты сатушы немесе автомат арқылы сату), MRTSLK маңызы = 1 және де изоквантаның барлық нүктелерінде тұрақты түрде изокванта тура сызық түрде болады.

2. Егер өнідіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылмайтын болса, MRTSLK маңызы = 0, изокванта 2 перпендикуляр кесіндіден тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет