№4 Дәріс Тақырыбы: Химиялық байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Мақсаты: Химиялық байланыстың негізгі түрлерімен танысу, заттың қасиеттерімен химиялық байланыстың түрлерінің, кристалдық тордың типінің арасындағы байланысты түсіну.
Химиялық байланыс көбіне атомдардың аяқталмаған энергетикалық дейгейлерінде орналасқан электрондардың, яғни атомдардың валенттік электрондардың қатысуы нәтижесінде түзіледі.
Химиялық әрекет нәтижесінде атомдардың энергетикалық деңгейлері аяқталуға тырысады, яғни октет түзуге ұмтылады.
s- және p- элементтерінде химиялық байланыс түзуде сыртқы энергетикалық деңгейде орналасқан электрондар қатысады, ал d- элементтерді сыртқы қабаттағы s- орбитальда орналасқан электрондармен қатар, ішкі қабатта орналасқан d- электрондар да қатысады.
Екі немесе одан да кӛп атомдар бір-біріне жақындағанда жүйенің энергиясы кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы төмендегенде химиялық байланыс түзіледі.
Молекуладегеніміз химиялық байланыс нәтижесінде екі немесе одан да көп атомдар арасында түзілетін дискретті бейтарап бөлшек.
Коваленттік байланыс - атомдардың жұптаспаған (дара) электрондарының жұптасып, ортақ электрондар жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланысты полюссіз және полюсті деп ажыратады.
Полюссіз байланыс бірдей атомдар арасында пайда болады, оны гомоядролық байланыс деп атайды. Мысалы, Н-Н, -О-О-; ≡С-С≡; Ν-Ν және т.б. атомдар арасында. Екі атомдық гомоядролық молекуланың түзілуін сутек молекуласының Н2 мысалында қарастыруға болады. Сутек атомының электрондық конфигурациясы 1s1.
Сутек атомы тұрақты толтырылған s- орбиталь түзу үшін екі мүмкіндігі бар:
1. сутектің екі атомы сутектің екінші атомының бір электронын қосып алып, 1s2 электронды конфигурациялы Н- анионын түзе алады, екінші атом Н+ катионы болады, немесе
2. екі атом электрондарын жұптастырып, сутек Н2 молекуласын түзеді.
Екі атом бір-біріне жақындағанда коваленттік байланыс түзіледі, себебі электрондардың жұптасуы энергетикалық тиімді болады. Бір-бір электронды екі сутек атомдары бір-біріне жақындағанда төрт түрлі әрекет болуы ықтимал:
1) электрондардың бір-бірінен тебісуі;
2) протондардың бір-бірінен тебісуі;
3) бір атом ішіндегі протон мен электрон арасындағы тартылыс;
4) екі атом арасындағы протон мен электрон арасындағы тартылыс;
Осы төрт әрекеттің ішінде 1, 2 пункттардағы әрекеттердің маңызы зор