4 Дәріс Тақырыбы: Химиялық байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Мақсаты



бет9/11
Дата17.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#117059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1011 (7)

Сутектік байланыс
Сутектік байланыс полюсті молекулалар құрамында сутек (Н) атомдары және атом немесе радикал (Х) бар молекулалар арасында электростатикалық күштер әсерінен сутектік байланыс түзіледі. Х-тің ролін полюсті молекулаларда, мысалы HF, H2O, NH3 т.б. атомдар атқара алады. Мысалы,

Сонымен қатар Х-тің ролін спирттердің, фенолдардың, органикалық қышқылдардың радикалдары атқару мүмкңн. Мысалы,

Молекулалар арасында сутектік байланыстың түзілуі қосылыстардың физикалық және физико-химиялық қасиеттеріне әсер етеді. Мысалы, HF, H2O, NH3 қайнау температуралары теориялық есептеулерге қарағанда жоғары болады. t қайн.(H2O) = 100ºС; tқайн.(HF) = 19,5ºС; tқайн.(NH3) = -33ºС. Қайнау температурасының жоғарылауы мына жағдайлармен түсіндіріледі: 1) заттың молекулярлық массасынның жоғарлауымен; 2) оң және теріс зарядталған бөлшекттердің өзара тартылу нәтижесінде атомдардың ядро арақашықтары төмендейді. Байланыс энергиясы физикалық (ван-дер-ваальс күштері) және химиялық (донорлы-акцепторлық) байланыстар аралығында болады. Оның мәні 20-30 кДж/моль тең болады. Мысалы, су үшін 25,5 кДж/моль, HF - 34 кДж/моль. Сутектік байланыстың беріктігінің дәлелі су буында (H2O)2 бөлшектер болатындығы аңықталған, ал (HF)4 ассоциаттары анықтталған. Сутектік байланыс заттар молекулаларының конденсирленген күйде өзара оранласуын анықтайды. Сондықтан сутектік байланыс түзуін қосылыстар құрылысы әр түрлі ассоциаттар түзеді. Мысалы, HF - сызықты құрылысы бар, ал судың үш өлшемдік құрылысы бар:

Ал, судың үш өлшемдік құрылысы бар:



Сутектік молекула бір молекула ішінде де болуы мүмкін. Ол үшін молекула құрамында полюстілігі жоғары екі атомдық топ болуы керек, біреуінде сутек атомы, ал екіншісінде электртерістігі жооғары атом. Мысалы, салицил альдегиді

Немесе ақуыз молекулалар ішіндегі пептидті топтарында:



Сутектік байланыс түзілуі заттың құрылысын күрделендіреді, осының әсерінен оның физикалық және физика-химиялық қасиеттері де өзгереді, мысалы, полимерлердің, ақуыздардың және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет