4 Дәріс Тақырыбы: Химиялық байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Мақсаты


Неліктен гетероядролық молекулада валенттік бұрыш пайда болады?



бет3/11
Дата17.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#117059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1011 (7)

Неліктен гетероядролық молекулада валенттік бұрыш пайда болады?
1. Байланыс түзуге қатыспайтын электрондар байланыстыратын жұп электрондарға қарағанда жақын орналасқан жұп электронына әсер ететін тебісу күші жоғары болады.
Осы тұрғыдан қарағанда мына қатарда:
СH4 109,503 107,50 H2O 104,50 валенттік бұрыштардың өзгеруін түсіндіруге болады.
2. Байланысатын атомдардың электртерістігі жоғарылаған сайын тебісу күші төмендейді, оған мына мысалдар дәлел.
PJ3 1020 PBr3 101,50 PCl3 1000


Ковалентті байланыстың қасиеттері:
1) қаныққандығы;
2) бағытталуы;
3) полюстілігі.


Қаныққандығы деп ковалентті байланыстың санаулы сан түзу қабілетін айтады. Байланыстың қаныққандығына тәуелді молекула құрамы тұрақты болады.

Коваленттік байланыстың бағытталуы электрондық орбитальдардың кеңістікте әртүрлі бағытталып, қабысуымен анықталады. Электрондық бұлттар әрекеттесетін атомдарға белгілі бағытта орналасады. s- орбитальдар кез-келген бағытта беріктіктігі бірдей байланыстар түзе алады. р- орбитальдар кеңістікте координаттар осімен бағытталады, сондықтан олар бағытталған болады. Егер байланыс атом орталықтарын байланыстыратын сызық бойында орналасса, онда оны  - (сигма) байланысы деп атайды. Мысалы, Н2, HF, F2 молекулалары - байланыс нәтижесінде түзіледі.


Байланыс беріктігі тӛмендегі қатарда өзгереді: s-s < s-p < p-р. р- орбитальдар екі атомдар ядроларын қосатын сызықтың екі жағында да орналасуы мүмкін, мұндай байланысты - байланыс деп атайды. - байланыс р-р, р-d, d-d орбитальдарының қабысуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Дельта (δ) байланыс параллельді аудандарда орналасқан d- орбитальдардың қабысуы нәтижесінде пайда болады.


Ковалентті байланыстың полюстілігі
Молекула электртерістігі әртүрлі атомдардан түзілетін болса, онда байланыстыратын электрондық жұп электртерістігі жоғары атомға қарай ығысады. Бұл жағдайда байланыс ковалентті полюстік деп аталады. Мысалы, НСІ молекуласын қарастырса, хлордың электртерістігі сутек атомының электртерістігінен әлдеқайда жоғары. Сондықтан, НСІ молекуласында электрондық бұлт тығыздығы хлор атомына қарай ығысады. Осы құбылыстың салдарынан молекулада хлор атомында артық теріс, ал сутек атомында оң заряд пайда болады. Бұл зарядтарды эффективті деп, δ- және δ+ деп белгіленеді.
Мысалы, НСІ молекуласында δСl = -0,18, δН = +0,18. Полюсті молекулаларды электрлік зарядтары белгілі қашықтықта орналасқан диполь деп қарастыруға болады.
Теріс және оң зарядтары орталықтарының арақашықтығы диполь ұзындығы деп аталады және l-әрпімен белгіленеді.
Неғұрлым диполь ұзындығы жоғары болса, молекуланың полюс- тігі соғұрлым жоғары. Молекуланың полюстігін бағалау үшін диполь моменті (μ) деген ұғым қолданылады.
Оның шамасы электр заряды (q) мен диполь ұзындығының (l) көбейтіндісіне тең.
μ = q × l
μ = (электрлік заряд)×(зарядтар арақашықтық)
(q×e) - электрлік заряд
μ - шамасы Дебаймен өлшенеді (Д).
СИ бірлігінде 1 Д 3,336×10-30 Кл м тең.
1932 жылы Лайнус Полинг (1901 – 1994) әртүрлі атомдар арасындағы байланысты валенттік байланыс теориясы тұрғысынан түсіндіру үшін электртерістік деген ұғымды ұсынған.
Электртерістік молекула құрамындағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.
Диполь моментінің шамасын гетероядролық молекуладағы атомдардың электртерістіктерінің айырымы арқылы да бағалауға болады. Байланыстың полюстігін шамамен төмендегі теңдікпен анықтауға болады:
ΔЭОHCl = ЭОCl –ЭОН = 3,2 – 2,2 = 1эВ
ΔЭОHI = ЭОI – ЭОН = 2,7- 2,5 = 0,2
Мысалы, F Cl Br I қатарында элементтердің электртерістігі төмендейді, сол себептен бұл қатарда сутектік қосылыстардың полюстігі де төмендейді. Ең полюстігі жоғары НҒ, полюстігі төмен HI. Неғұрлым диполь моментінің шамасы жоғары, молекуланың полюстігі соғұрлым жоғары болады. Диполь моменті векторлық шама, ол оң зарядтан теріс зарядқа қарай бағытталады деп есептелінеді.
Көптеген байланыстар үшін диполь моменті эксперименттік түрде анықталған, оның шамасы 0 деп, 11 Д-ға дейін болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет